Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Күзгі баққа саяхат (балабақшада)


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Тіл дамыту», «Жапсыру»

Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат»
Мақсаты: балаларға жылдың күз мезгілі туралы түсінік беру. Күздің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы өлең-тақпақтар, жұмбақтар жаттату.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, бақылау. Сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: «Күзгі бақ» суреті, жемістер, көкөністер, автобус, қағазға салынған ағаш суреті, жапырақтар.

Ұйымдастыру және психологиялық сәт
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.
Балалар: Әрқашан әдемі болайық!
Еліміз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз көп болсын.
kuzgi-bakka-sayahat-sabak-zhospariТәрбиеші: Отанның болашғы сіздер аман болыңыздар.
Тәрбиеші Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?!» өлеңін оқиды.
Балалар: Күзде!

Тәрбиеші: Күз айларын атаймыз!
Балалар: қыркүйек, қазан, қараша
Тәрбиеші: Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?
Балалар: Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Күзді неліктен «Жомарт Күз»- деп атаймыз?

Балалар: Себебі күзде көкөністер мен жемістер піседі, егін жинау болады.
Тәрбиеші: Балалар біздер күздің осы ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Орман алыс, сондықтан автобуспен барамыз. Автобус билеттерін аламыз Қызыл төртбұрыш, көк үшбұрыш. Орманға дейін «Туған жерді сүйемін» әнін айтамыз.
Тәрбиеші: Міне орманға да келдік. Қараңдаршы балалар қандай керемет, сап-сары алтындай. Жоғарыда құстар ұшып барады. Төменде кірпі жүгіріп жүр. Кірпі үстіне қанша алма қадаған, қане санаймыз!
Балалар: 1 – 2 – 3 – 4 – 5

Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер. (Жұмбақ шешу арқылы жеміс және көкөністермен танысу)
Түсі қызыл,
Тамсандырар бал дәмі!
Домалақ пішіні,
Қызықтырар кісіні.
(алма)
Аласа тауда, алуан алма,
Қып-қызыл болмай, аузыңа салма!
(қызанақ)
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелекге жетпейді.
(қырыққабат)

Тәрбиеші: Балалар алмада басқа қандай жемістерді білесіңдер
Балалар: алма, алмұрт, жүзім, шие, анар, алша, құлпынай.
Тәрбиеші: Қандай көкөністерді білесіңдер.
Балалар: Сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, қырыққабат, қауын, қарбыз, жуа, т.б.
Тәрбиеші: Жемістер қайда өседі?
Балалар: Ағаштың басында
Тәрбиеші: Көкөністер қайда өседі?
Балалар: Жерде өседі.
Ғажайып сәт. Осы кезде «Күз патшайымы» келеді.

Күз патшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қош келдіңіздер! Мен сіздерге «Кім көп жинайды» деген ойын ұсынамын.

Ойын мазмұны: шашылған алтын сары жапырақтарды себетке жинау. Жапырақтарды көп жинаған бала жеңімпаз. Күз патшайымы қоштасып кетіп қалады.
Тәрбиеші: Біз де бақшамызға қайтамыз.
Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Балалар осы суретке қарап алдарындағы ағашқа жапырақтар жапсырады.
Галлерияны шарлау: балалардың суреті тақтаға ілініп, жақсы жапсырғандары мадақталады. Мадақтау символы «Алтын жапырақ» естелікке беріледі.
Оқу іс-әрекеті Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін жаттаумен аяқталады.
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Қорытынды.

Дайындаған:
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы
МКҚК «Қарлығаш» балалар бақшасының
І санатты тәрбиешісі Несіпқалиева Талшын Шадьярқызы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қысқы ойындар
  • Әжемнің ауылындағы наурыз
  • «Дьенеш» блоктарын қолданып баланың логикасын дамыту
  • Қоршаған ортамен танысу(перспективтік жоспар)
  • Ойна да ойлан (сабақ жоспары)

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.