Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Жол тәртібін жадыңда ұста


Өткізген: №13 «Балдырған» Ясли-бақшасының тәрбиешісі Күзембаева А
Жол тәртібін жадыңда ұста
(Балабақшада ата- аналармен өткізілетін сайыс)
Құрметті ата- аналар, тәрбиешілер және біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!

Балабақшада, өткізілетін сайыстар, балаларға жол ережесі жайлы, жолда жүру тәртібі

Бүгінгі « Жол тәртібін жадыңда ұста» деген тақырыпта ортаңғы « Ботақан» тобының ата- аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
(Ортаға бастаушы екі бала шығады)

жол ережесі, тақпақтар, балаларға,

Көрініс:  «Үш көзді дәумен кездесу».

Көшеде арлы- берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.

Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.

Бағдаршам: — Әй, тоқта! Қайда барасың?

Бала:- Сен кімсің?

Бағдаршам: — Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.

Бала:- Қалай? Қашан?

Бағдаршам:-  Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой,сенің бұның дұрыс емес.

Бала:- Енді қалай өтуім керек еді.

Бағдаршам:-   Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім  жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рүқсат, өте бер,- деген белгіні білдіремін.

Бала:— Жарайды  айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.

(Ортаға балалар шығады)

балабақша, сайыстар, балаларға

 

Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік- дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды сайлап алайық.

Жүргізуші:  Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.

Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық,

«Жол тәртібін жадыңда ұста» атты мына сайыстың.

Құрметті ата- аналар  бүгінгі сайысымыз бес бөлімнен тұрады:

1)    «Мына жол белгілері нені білдіреді?»— деген сұраққа жауап беру.

Ата- аналарға жол белгілерінің суретін көрсете отырып, оның    қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.

2)    Тест сұрақтары.

Сіздерге қолдарыңызға тест сұрақтары беріледі. Ол сұрақтарда 3 жауап берілген. Сол жауаптардың дұрыс жауабын белгілейсіздер.

3)    Жұмбақтарды шешу:

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсыз бір үзім.  (Жол)

  1.  Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам елемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөнейді.  (Трамвай)

  1. Көліктің қаншасын жонынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.  (Жол)

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.     (Бағдаршам)

Жүргізуші:  Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

  4) «Көше тәртібі»тақырыбында сурет салу, әңгімелеу.

Келесі соңғы сайысымыз балаға байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айту.

Ата- аналар кезек — кезек өздері білетін бала жайында мақал- мәтелдер айту.

  Жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік,- дей отырып әділқазыларға сөз береміз.

Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Сабақ «Қыс қызығы»
  • Компетентті қарым – қатынас арқасында жанжалдың алдын алу
  • Toys. Letter Dd
  • Тәуелсіз ел-Қазақстан
  • Ашық сабақ «Ғажайып саяхат»

комментария 27 Пікір қосу

  • Эльвира 28.10.2021 в 14:38

    Жол қозғалыс ережесін қазіргі кезде балабақшадан бастап үйрететініміз белгілі.Ең болмағанда кішкентай бүлдіршіндерімсіз бағдаршамның үш түсін білгені жөн.Сол мақсатта алынған бұл іс шараның жоспары өте керемет құрылған екен.Баланы жан жақты тапсырма арқылы үйретіп,миына тоқып,күнделікті пайдаланып оны үйреншікті дағды етуге болады.Балалар жұмбақтарды жаттап,өз отбасына достарына айтып отырсада тәрбиешілердің жемісі.Сол орайда мына іс шара жақсы екен.

    Ответить
  • Айман 05.02.2021 в 18:46

    Салеметсіздер ма .
    Балаларға керекті ең бірінші үйретілу керек дүние екен .Бала деңгейіне қарап жасалынған керемет дүние екен.
    Рахмет

    Ответить
  • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 в 16:54

    Өте керемет

    Ответить
  • Ляйла 02.09.2020 в 12:26

    Жол тәртібі балаға өте керек нәрсе, сіздерге рахмет.

    Ответить
  • Тогжан 29.05.2020 в 00:21

    Жазылған мақала ұнады өз жұмыстарымызды бөліскімкз келеді сайт салуға мүмкіндік берсеніңіздер

    Ответить
  • Лиза 22.05.2020 в 11:48

    Рахмет. Мына жоспар өте керемет. Не только садикте но и мектепте ашық сабаққа қолдануға болады!!!

    Ответить
  • Насихат 29.04.2020 в 00:35

    Жоғары деңгейде рахмет дайын озиме пайдалыларды алдым

    Ответить
  • лаура 26.04.2020 в 16:33

    Өте жаксы осы тарбие сағатына сәйкес корнекіліктерінің суреті болса жаксы болып кетер еді.

    Ответить
  • Гульбарам 30.03.2020 в 17:29

    Бұл сабақтан, өзіме жол ережесіне байланысты жұмбақтары ұнады. Ешқандай ауытпалық жоқ. Сабақ басынан бастап, аяғына дейін жақсы құрастырылған.Рахмет.

    Ответить
  • Мулдир 15.03.2020 в 18:55

    Жол ережесин кызыкты турде балага жеткізіп,жаттатуга таптырмас такпактар екен

    Ответить
  • Жанар 04.03.2020 в 13:39

    Өте керек маңызды мақала. Балалардың өмірі барімізге қымбат.

    Ответить
  • Инкар 25.01.2020 в 12:40

    Жақсы ,түсінікті етіп жазылған.Жолда жүру ережесін балабақшадан бастап жақсылап үйрету қажет балаларға.

    Ответить
  • Жаныл 23.01.2020 в 17:27

    Рахмет, пайдама жарады. Алдағы уақытта жоспарда ата анамен жолда жүру ережес туралы сайыс өткізуім керек еді. Рахмет сізге! Дайын, пайдалы сценарийлер көп екен.

    Ответить
  • Айман 06.12.2019 в 17:41

    жазылған сценарийіңізге көп рахмет, бізге пайдамызға жарады. дайын материалды алып өткізе қойдық көп рахмет!

    Ответить
  • Ажар 06.11.2019 в 12:49

    Өте жақсы. Өзім оқу қызметімде пайдаландым. Өсіп өрлей беріңіздер

    Ответить
  • Айнұр 13.02.2019 в 23:30

    бұл сайыс жоғарғы деңгейде жазылғанын байқап отырмын.Осы сайыстарды көбірек жіберсенз керемет болар еді. Көп рахмет

    Ответить
  • Аиша 02.12.2018 в 22:16

    осы жарияланған материал маған ұнады. осындай ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін іздестірген едім, қолдануға болатын материал екен. Бұл материалды Оқып отырып өткізу барысы да жақсы болған секілді. Әр түрлі бөлімдерді ұйымдастыру арқылы сайыстың мазмұны ашыла түскен. балалардың жолда жүру ережесін және сол жол ережесінің белгілерін сақтап жүргені дұрыс. Осы мақсатта өзім де тобымның балаларына жолда жүру ережесін, және ондағы белгілермен кем дегенде аптасына бір рет үйретіп отырамын. Осы мақалада маған қосымша ретінде қолдануыма жақсы болды. Рахмет

    Ответить
  • Булбул 05.04.2017 в 11:56

    өте жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет.Жолда жүру ережесі қазіргі өзекті мәселлердің бірі..ал бұл жерде ата-аналармен бірігіп өткізіліп тұр.Бала тәрбиесіндегі басты рөлді атқаратын ата-ананың осындай игілікті іс шараларға қатысуы өте дұрыс.жақсы маған ұнады.Қаламыңыз мұқалмасын

    Ответить
  • Кітапхана 08.07.2015 в 17:43

    Рахмет. Өте жақсы сабақ

    Ответить
  • Акерке 06.02.2015 в 23:52

    тамаша сабак

    Ответить
  • Айгуль 31.01.2015 в 21:26

    Бірінші кіші топқа арналған жолда жүру ережесіне көбірек разработкалар жіберсеніздер

    Ответить
  • Гулмира 27.10.2014 в 00:10

    Өте керемет

    Ответить
  • Мақсат 07.07.2014 в 02:18

    Өте керемет

    Ответить
  • Роза 16.05.2014 в 09:05

    керемет

    Ответить
  • данияр 03.04.2014 в 15:24

    жаксы

    Ответить
  • sveta 16.02.2014 в 18:25

    norm

    Ответить
  • Акерке 19.11.2013 в 21:49

    Маган макала унады. Алдагы уакытта осындай ата- аналармен жургизилетин жумыстар кобейсе екен. Енбегинизге табыс тилеймин.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.