Дарындылықтың мәні неде? Ол – туа біткен қасиет пе? Әлде мағынасы тереңде жатқан құпия ма? Дарындылық – үш түсіндірменің тоғысуы. Яғни, орта деңгейді жоғарылататын зияткерлік қаблеттердің, даралық пен табандылықтың қосындысы. Дарынды адам болмысы бөлек, өзіне ерекше назар аударуды талап ететін кербез тұлға. Оны бірегей талант иесіне айналдыру үшін қажымас қайраттылық пен ерең еңбек қажет.
Бір данышпан өз сөзінде: «Баланың тағдыры ұстазының көзқарасы мен тәжірибесінен, мектеп дәстүрі мен ата-анасының өмірлік ұстанымына байланысты» деп атап кеткен. Шын мәнінде, дарынды әрі талантты балалармен жұмыс жүргізу ұстаздың тұлғасына белгілі бір талаптарды қояды.
Олар:
— «қатып қалған» қағидаға бағынбай, қызықты жұмыс жүргізу,
— іздену белсенділігі, құштарлық;
— жасөспірімдер және дарынды балалар психологиясын жетік меңгеру;
— ұстаздың дарынды балалармен жұмыс жүргізу дайындығы.
Қазіргі заманның білім беру жүйесіндегі артықшылықтың бірі дарынды балаларды анықтау, оларға тәрбие және білім беру мәселесі болып табылады. Нәтижесінде, ол шешімнен мемлекеттің зияткерлік және экономикалық әлеуеті тәуелді болып келеді. Шығармашылықтан алыс ұстаз шығармашыл оқушыны тәрбиелей алмайды. Өмір өзгерген сайын, мектеп өзгереді. Мектеп тым тез өзгерген сайын, өмірде де жылдам әрі негізді өзгерістер көрініс табады.
Инновациялар – уақыт талабы. Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінде маңызды бағыттардың бірі болып табылатындары: «мектеп оқушыларының жобалар қызметіне, оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу»; оқу және практикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешу; өзіндік шығармашылықтарды, жобаларды, объектілердің шынайы әрі қатесіз модельдерін, процесстерді, құбылыстарды мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы құру.
Басқалай айтқанда, мектептен «жаттанды» білім емес, өмір бойы жаңа білімді игеріп және қолдана алатын, яғни, әлеуметтік мобильді болып білім алып шыққан түлектерді күтеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіне төмендегідей компоненттер енеді: • дарынды балаларды анықтау;
• сабақта шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
• сабақтан тыс жұмыста қабілеттерін дамыту (олимпиадалар, байқаулар, зерттеу жұмысы);
• дарынды балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау.
Ең алдымен, көптің ішінен ерекше қабілетке ие, дарынды балаларды анықтай білу қажет. Олар бірқатар ерекшелікке ие: ізденісте жүреді, білімге құмар, көкейіндегі сауалға жауап іздеуде әрдайым табандылық танытады, мәні терең сауалдарды жиі қояды, көбінесе қалың ой үстінде, жақсы есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді.
Осындай балаларды анықтағанннан кейін мектеп ұстаздарына оларды тереңнен ойлауға, қабілеттерін одан әрі шыңдау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға үйрету міндеті жүктеледі. Бұл тұста оқушының пәнге деген қызығушылығы алғашқы көмекші құрал болып табылады.
Баланың пәнге қызығушылығын қолдау және бойына дарыған қабілеттерін шыңдау мақсатында мен шығармашалық таспырмаларды, қызықты материалдар мен тест тапсырмаларын пайдаланамын.
Құрамына түрлі тапсырмалар, оқушылардың баяндамасы, шығармашылық пәндер кіретін практикалық бағыттағы сабақтарды жүйелі түрде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырдым. Бұл сабақтың негізгі міндеті: білім алушыларды үлкен әрі қызықты жұмысқа баулау, бұл келешекте оларға мамандық таңдауға, үлкен өмірге сенімді түрде аяқ басуға септігін тигізеді.
Егер мұғалімнің өзі оқытатын пәніне селқос қараса, онда балалардың қызығушылығын тудыру әсте де мүмкін емес. Сол себепті мен үнемі ізденіс үстінде жүремін, біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік бірлестіктер арқылы білімімді толықтырып отырамын. Әсіресе талантты оқушыларды күнделікті оқудан тыс жұмысқа тартуға үлкен мән беремін.
Менің қызмет тәжірибемде дарынды оқушылармен жұмыс істеудің анағұрлым маңызды формасы олимпиада болып табылады. Олимпиада ең қабілетті әрі дарынды балаларды анықтауға, тұлғаның білім қажеттіліктерінің қалыптасуы мен дамуына, оқушылардың жоғары білім алуға дайындалуына, түрлі ғылыми және практикалық қызмет салаларында щығармашылық еңбекке сеп болады.
Мектеп және қалалық деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жұмысын мен бүкіл оқу жылы бойы өткіземін. Сабақтан кейін дарынды балалармен қосымша жұмыс жасаймыз: қызықты тапсырмалар орындап, жоба әзірлейміз.
Тұлғаның жан-жақты жетіліп, дамуы үшін жағдай жасау ескерілетін аса маңызды жәйт деп санаймын.
Баланың ой-өрісінің дамуы оның физикалық, эмоционалдық, тұлғалық дамуына кедергі келтірмеуін де қадағалап отыруға тырысамын. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, мектептегі спорт секцияларына баруға, үйде де спортпен қосымша айналысуға үндеп отырамын.
Бақытты болашақ үшін бала алдында және өз ісіне жауап беруден тайсақтамайтын, өздігінен шешім қабылдауға дайын нағыз парасатты азамат тәрбиелеп шығару үшін мемлекет алдында жауапты екенімді өте жақсы түсінемін.
Балдырғандармен әңгімелесу барысында оларға ақыл-ой қызметін реттеу жолдарын үйретіп, өздерінің танымдық қасиеттерін анықтауға, осал және мықты тұстарын бағалауға жәрдемдесемін.
Баланы өзін-өзі жетілдіруге, яғни өз бетінше алдына міндеттер қойып, оны өздігінен шешуге үйретемін. Себебі шығармашылық белсенділікті ынталандырып, оны одан әрі дамыту тек өзін-өзі тәрбиелеудің арқасында ғана мүмкін болады. Өздігінен білім алуға ұмтылыс жасаған балаларға «әлдекімнің артынан еріп жүрсең, жүрген жолың есте қалмайды, ал өзің жүріп өткен жол еш уақытта ұмытылмайды», «Талант – бұл 1 % бойға дарыған қабілет, қалған 99%-ы еңбекпен төгілген тер» деп айтып отырамын.
Баланың санасы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, шығармашылық әлеует босқа кетпей, керісінше еселене түсуін үнемі қадағалап отырамын. Таланттты балалармен жұмыс істеу үшін, ең алдымен, өзіңді-өзің жетілдіріп отыруың шарт .
Дарынды балалармен жұмыс компонеттерін жүйелеген.
Сәлеметсіз бе!Әр бала дарынды.Мақалада соны айқындайтын біраз дүниелерді ой сүзгісінен өткізіп , әрі қарай дамыту құралы ретінде пайдалануға болады.Рахмет сіздерге!
Әр қазақ менің жалғызым, осы мақал лебімен Әр бала-өзі үшін дарынды.
Дарындылықты қабылдау әртүрлі, біреуге туа бітеді, екіншісіне ортадан қалыптасады. Бірақ дарындылар деп бөлек айтудың еш мәні жоқ себебі. мұғалім болсақ, бір оқушыдан түбі дарындылықты байқауға болады. Яғни әр адамның өзіне тән дарынды қасиеті болады.