Балабақшамен қоштасу

Балабақшамен қоштасу
(Залды мерекеге байланысты безендіру)

Фонограмма. (Радиодан сағат соғылған сигнал естіледі.Диктордың дауысы жаңалықтарды хабарлайды,тәрбиеші сырттан микрафонмен айтуға болады) «Сәлеметсіздер ме, құрметті радиотыңдаушы достар. Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» балабақшасыңда «Бұл күнді бес жыл тостық» қойылымы аяқталды. Бүгін сол қойылымға қатысқан әртістер мен әнші, бишілермен кездесу болады. Соны тамашалаңыздар.

Көңілді музыкамен екі жүргізуші кіреді.

1-ші жургізуші: Біздің қойылым – бұл балаларымыз.
Біздің қойылым – бұл бақытымыз.
Біздің қойылым – бұл біздің күн нұрымыз.

1-ші жүргізүші: Біз бұл күнге көп дайындалдық.
Болды көп-көп жеңісте,
болды кішкене реніште.
Бала бақшамен қоштасатын күн келді.
Қарсы алайық бүгінгі күн иелерін

Біздің ең үздіктеріміз
Ең білімділеріміз
Ең намысшлдарымыз
Ең салмақтыларымыз
Ең спортсмендеріміз
Ең еңбекқор балаларымыз

balabakshamen-koshtasuМузыка ( вальс ). Балалар екеуден кіреді. Залдың ортасымен жүріп, екі жаққа бөлініп тұрады. Вальстен үзінді билеп отырады.
Жүргізуші: Біздің балабақша спонсорлары және бүгінгі күннің түлек бүлдіршіндерінің ен жақсы, ең сүйіктісі – сіздер, құрметті ата-аналар! Сіздердің түсініктеріңізге, көмектеріңізге, бізбен бірге болғандарыңызға көп-көп алғыс айтып, бас иеміз.

жүргізүші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер

жүргізүші: Өсті ақыл, ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың

Ән: «Балабақша»
Алғашқы құттықтау сөзді балабақша директоры Жанна Қайратқызына береміз, сізді құрметпен ортаға шақырамыз
Құттықтау сөз

1 бала Адильжан
Бүгін балабақша кеңейді
Біз кішкене ғана көңілсізбіз
Өйткені қоштасатын күн келді
Күтіп тұр а, жол біздерді

2 бала Жания
Біз сіздерді әлі көп еске аламыз
Себебі біз мұнда балалық шақтың кішкене үзігін қалдырдық

1 бала Адильжан
Қалай ойнағанымызды, қандай ойлар келгенін
Кешкісін талай анамызың, үйіміздің, орман, ағыстарының суретін салғанымызды
Әлі талай, талай еске аламыз

2 бала Жания
Ал, қандай мерекелер болды
Біз онда әдемі киініп
би билеп, ән айттық
Мерекелерді қалай жақсы көрдік

1 бала Адильжан
Біз бәріміз үлкен толқыныс, қуаныштың үстіндеміз.
Бүгін күн біз үшін өте маңызды ерекше.
Себебі біз мейірімді балабақшамызбен қоштасамыз,
Бізді алтын ұя мектеп бірінші сыныпқа шақырады.

Жүргізуші: Әрине балалар, әдемі көрікті жарық топтарыңды, достарыңмен бірге ойнаған әр түрлі қызықты ойыншықтарыңды және осыншама жыл бірге болған балабақшадағы қызықты күндеріңді бірге өткізген құрбы- құрдастарыңды әркез еске алып жүресіңдер, бұл күндер ұмытылмайды.

Жүргізуші: Адамның жан дүниесіне, болмысына терең үңіліп, олардың бейнесіндегі маңызды қасиеттері туралы психологиялық тұжырымдамалар ой-пікір айтқан қазақ халқының ірі тұлғалары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин аталарымыз еді. Ұлы ойшыл А.Құнанбаев атамыз, адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе,өзінің 19 «қара сөзінде» .Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады деген екен.Енді кезекті балаларға берейін , бұлар не айтады екен?

бала Өлеңі – ақыл, өзі – аңыз.
Абай біздің бабамыз!
Өсиетін сондықтан,
Санамызға жазамыз!

бала Шен-шекпенге жасыңнан
Құмар болма! – депті Абай.
Милары жоқ масылға
Сыңар болма!- депті Абай.

«Бүкіл абзал» адамның баласы бол!» — депті Абай.
Атаң менен ананның панасы бол!»» — депті Абай.
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр қалай кім?

бала Абай Құнанбаев.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан

2 жүргізуші: Біз сіздерге хабарлап айтқандай, осы жерде бүгін біздің қойлымымыз болады. Бұл кезеңдерге көп жыл дайыңдалдық. Енді сол кезеңдерге кезек берейік.

Бірінші кезең ол – ностальгиялық
Балалар ойыншықпен залға шығды.
1 бала: Сағат тілінде көкек ән айтады
Ол былай дейді: «Қоштасатын кез елді»

2 бала: Қуыршақ, аю және машиналар- бұлар бізге өте көңілсіз қарап тұрған ойыншықтар.

3 бала: портфелімде жаңа дәптер, қалам, жаңа қарындаш
Қош болыңдар аттарым, біз енді кішкентай емеспіз.

4 бала: Біздің мейірімді ойыншықтарымыз, сендер бізді ұмытпаңдар
Біз қазір ойыншықтармен билейміз
Би: «Ертегілер» /ойыншықтармен/

Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталыпта кетті. Сендерді осы қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан балалар келіп тұр. Қарсы алайық

Музыка: ( ән «Құлыным» ) апай сәби-тобының балаларымен залға кіреді. Апайы сози
бала Қош балалар сәт сапар.
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік алыңдар.

бала Үйренеміз жақсы ән біз,
Үйренеміз биді де.
Біздің балабақшамызда
Осындай шат үй, міне

бала
Бір-бірімен сыйласты
Татумыз біз баршамыз
Бал достықтың ұясы –
Біздің балабақшамыз

бала
Айтып ертек, әңгіме
Үйретеді әнді де
Беріп кәмпит, тамақта
Оқытады сабақты
Бұл балабақшада

бала
Бірге ойнап,бірге жүрген
Күндерді біз қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Кітап, қалам сыйлймыз.

бала Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз
Ұмытпасын деп әрқашан
« Балабақша » әнін саламыз.
Ән: « Балабақша » кіші топ балалары айту керек
Балалар шығып кетеді
1 жүргізуші: Міне біздің балаларымыз осындай кіп- кішкентай болды.
2 жүгізуші: Екінші кезең ол- лирикалық

Балабақшаның өмірінен үзінді тыңдаңыздар
1 бала:
Мен балабақшада ыдыстыда сындырдым
Енді олай істемеймін деп те айттым
Ойыншықтыда шаштым
Балабақша маңына лақтрдым

2 бала:
Шалбарды да кішкене жырттым
Қыздардан кітапты да тықтым
Соңы жоқ –Неге деген сұрақтың
Тостым, іздедім жауабын.

3 бала:
Біз өстік- өндік оны ата- анамыз білмейді де сезбейді
Балабақшада да қыздар мен ұлдарды махабат билейді
Бір- біріне кітап- фишка сыйлайды
Тоқашы мен ойыншықтарымен бөлісіп
бір- бірін олар қатты сағынады
Ән: «Балбөбек» Самирдің орындауында
Би: «Шляпамен»
2- жүргізуші:

Үшінші кезең ол- ойынды
1-2-3-4-5-6 бастаймыз біз ойынды
Біздің балалар осы уақытқа дейін көп қызықты нәрселерді оқып, тоқып білді, бірақ оларды көп қызықтырған, әр түрлі, қызықты ойындар болды.олай болса ойнайық
Ойын: «Сандармен» немесе «Тез орныңды тап»
Балалар музыкамен билейді, музыка тоқтағанда 1, 2, 3, 5,6. Сандары бар балалар бір- бірін тауып тұра қалады. Кім шатасты ол айыбын төлейді.
Төртінші кезең: ол- әзілді
Жүргізуші:
1 Анасы Ділназды бірінші сыныпқа шығарып салады

1. Анасы:аяқ киімі бар, шалбары бар, ақ көйлегі бар
Мұрын орамалыңды қалтаңа сал
Жүргізуші: кітап, қалам, қарындашын бәрін- бәрін салды

Анасы: портфельдің салмағын көтеріп көріп, мынаны көтеру үшін балаға қандай күш керек- дейді де,
балам мында күнделік, қылқалам, қалам сал
бәрін дарынды бала ғана оқып- тоқып алады.
Бала: анашым бәрі сізге таныс, бәрін білесіз, сіз барыңыз бірінші сыныпқа
Ал, мен тосайын екіншісін

2. Анасы: Кім үстелге отырады?
Баласы: Мен
Анасы: кім тосап жейді?
Баласы: Мен
Анасы: Ал, кім ыдысты жуады?
Баласы: Анашым ендігі сұраққа Амина жауап берсіші, әйтпесе мен, мен дей беремін ба!

Анасы: балам мектепте тәртібің қалай, ештеңе бүлдірген жоқсың ба?
Баласы: Анашым әрине мен ештеңе бүлдірген жоқпын. Егер мен үнемі бұрышта тұрсам не бүлдіруші едім.
3. Анасы: Қызым, айтшы маған сен мұғаліміңе ризасың ба?

Қызы: Онша емес анашым, ол өзі ештеңе білмейді- ау деймін, бәрін бізден сұрай береді, сұрай береді.

Би: «Шуточный танец»
Балалардың тақпағы

1 бала Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата- ананы
Мектепке кетіп барамыз

2 бала Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
3 бала Қуантып, әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім

4 бала Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз.

Бесінші кезең: ол- тосын кездесулер

Үш пират секіріп, жүгіріп муз. залға кіреді.

1 пират: Ой, мында қаншама адам жинаған?

2 прат: Сендер мында неге жиналып отырсыңдар?

Балалар: Балабақшамен қоштасып, мектепке баруға дайындалып жатырмыз.

3п ират: Оқуға, білімалуға, мектепке барасыңдар. Дұрыс істедіңдер, тамаша. Тез арада біздің мектепке жазылыңдар!

Балалар: Сендердің мектептерің қалай аталады, онда бәрімізге түсуге мүмкіндік барма?

1 пират: Әрине бар. Біздің мектеп «Зиян келтірушілер ғылымы» деп аталады. Онда ешқанай тест, емтихан тапсырмайсыңдар және тегін оқсыңдар.

Жүргізуші: Сіздердің мектепте не үйретеді.

2 пират: Біріншіден алдауды, ешқашан шындықты айтпауды.

3 пират: Ал, екіншіден, қыз балаларды ренжітіп, ұл балаларды төбелеске үйретеді.

1 пират: Ең бастысы сабақтан қалай қашып кетуді, кітапты жыртып, қалам, қарындашты ұмытып, кінәні біреуге жаба салуды үйретеді.

Жүргізуші: Қане, қане тоқтатыңдар, сендерге тек еркіндік бер. Мектепке осылай үйретеме екен? Тыңдаңдар мына өлең жолдаын,
Сақтақтап алыңдар әр кез естеріңе.
Барыңдар балалармен бірге мектепке.
Әліппе Менің атым — Әліппе.
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да, Мәлік те.

Математика: Біздің келер шамамыз
Бестен үшті аламыз
Төртті бөліп екіге
Жауабын тез табамыз.

Дәптер: Ел құрметпен бағалар
Досың бар, ол — тазалық
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық

Күнделік: Жазулы мәнде әр күннің
Бар мінезің, тәртібің
Дос болайық жарқынын
Жолдасымсың сен менің

бала Мен өзіңмен біргемін
Екеумізде намыс бар
Жаман оқып жүрмігін
Жалығуды білмейміз
Жабығуды білмейміз.
Ән: «Бүлдіршіндер әні»

Музыка онайды к/ф «Буротино» залға билеп Буротино кіреді, амандасады, пираттарға таңдана қарап, олардың не істеп жүргенін сұрап, олардың мектебінің жаман екенін айтып, оларды дұрыс, бәрн үйрететін мектепке шақырады. Ол үшін бүгінгі балабақшаны бітіріп, мектепке барайын деп отырған балалармен бірге дайындалып, менің әкелген тапсырмаларымды түгелдей дұрыс орындасаңдар, бәріңе мектепке баруға рұқсат ететінін айтады.

Буратиноның тапсырмалары
Ойындары:
Пиратардың сөзі: жарайды бізді де мектепке бірге ала кетіңдер, барайық деп үстілеріндегі киімдерін шешіп, тәртіпті балалар қатарына қосылады.
Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды-ой.

Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз

Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана

Алтыншы кезең: ол- біз басқа тілде сөйлей аламыз

Жүргізуші: біз тек қзақ тілінде ғана сөйлеп қоймай, орыс тілінде сөйлейміз, ағылшын тілінде ұстаздың көмегімен сол тілге тілімізді бейімдедік. Келесі кезеңді тамашалаңыздар
Орыс тіліндегі қойылым
Ағылшын тілінде

Би: «Лентамен»

Міне біз ақырғы кезеңге де жеттік: ол- қоштасу

1 жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.

2 жүргізуші: Сүйкімді балғын балашақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар!

Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той
Сендер үшін балақай
Шақырамын бәрінді
Вальсіне мына қоштасу.

Би: «вальс».

Жүргізуші: Міне бүгінгі қысқа да нұсқа қойылымымыз аяқталды. Біз балабақша өмірінен ең үздік, ең қызық сәттерді көрсеттік. Ал, 1 қыркүйектен бастап «Мектеп өмірі» атты фильм түсіруге болады. Ол түсіретін фильмдеріңізідің соңында осындай бақытты, көңілді, мейірімді, сүйкімді, мықты болуларыңызды шын жүрегімізден тілейміз.
Енді бізің балалардың осы балабақша ұжымы яғни балабақша қызметкерлеріне айтар алғыс, тілектері бар екен, соны тамашалаңыздар

бала Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашықта болмас арамыз.
Сіздерге келіп тұрамыз.

бала Баулап, баптап, өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өздеріңізді
Ұмытпаймыз сөздеріңізді.

бала Орын берген бақшадан
Меңгеруші апай , жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз өзіңіз басқадан.

бала Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай сізге де
Алғыс айтып барамыз.

бала Тамылжыта ән салдырып үйреткен
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер апай сізге алғыс айтамыз
Мың қайтала сәби бала жүректен.

бала Балабақша бесігім
Қайсысын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін.

бала Тобымызда болды жарық, әрі таза
Келдік біз қуанышпен балабақшамызға
Айтамыз дауыстап бәріміз
Хормен бәрі: Рахмет!
Және бас иеміз сіздерге арнап
Ән: « Қош балалар бақшасы »

Міне құрметті ата- аналар біздің сәби түлектеріміз осылайша өздерінің қимас ұялары балабақшамен қоштасты, сіздерге айтарымыз балалардың әрі қарай жақсы- жаманды айыра білуі, денсаулықтарының мықты, берік болу сіздердің қоларыңызда, әр кез баламен бірге болып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тек қуанышқа бөлене берулеріңізге және үлкен төзімділік, шыдамдылық тілейміз, ендігі сөз кезегі өздеріңізде.
1-2 ата- ана сөйлейді

Жүргізуші:
Рахмет, енді біздің түлектерімізге балабақшаны бітіргені үшін дипломдары мен венеткаларын және сыйлықтарын беруге рұсат ертіңіздер

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ