Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Мультфильмдер

 

Бауырсақ ертегісі (мультфильм)


Бір күні Шал кемпіріне : Кемір бауырсақ жасап берші дейді. Кемпір бауырсақты қаймаққа илеп, майға пісіріп , оны терезенің алдына суытып қойады.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Бір кезде оның алдынан Қоян шығады.

Қоян бауырсаққа : Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа мен илендім, ыстық майға мен пістім, суыдым терезе алдында. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!» деп қашып кетеді.

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап келе жатса алдынан Қасқыр шығады . Ол да бауырсаққа мен сені жеймін дейді. Қасқыр сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа мен илендім, ыстық майға мен пістім, суыдым терезе алдында. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім қоянға. Ұстатпаймын Қасқыр саған да!» деп Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалап кетеді.

бауырсақ ертегісі

Бір кезде оның қарсы алдына Аю шығады: — Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол да. Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

— Ал саған, Аюжан ұстатпаймын мен мүлде! Деп домалай жөнеледі. Аю бауырсақты тек көзімен ғана шығарып салады. Бауырсақ домалап келе жатса оған Түлкі жолығады: — Бауырсақ, мен сені жеймін — дейді Бауырсақ Түлкіге сен мені жеме мен саған тамаша ән айтып беремін деп : Әнін бастайды «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа мен илендім, ыстық майға мен пістім, суыдым терезе алдында. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын сағанда!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған: — Әнің шынында да өте жақсы екен. Бірақ менің құлағым нашарлау еститін еді сол себепті оны жөнді ести алмай тұрғаным.

Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, — дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде оны Түлкі ұстап алады. Бауырсақ түлкіге — Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді . Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады дейді.

Түлкі оған келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян мен Қасқырды және Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп самса пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ пен сәбіз салынған, Қасқыр мен Түлкіге ет салынған, ал Аюға таңқурай мен бал қосылған самса тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып көңілді отырды.

Осымен ертегіміз аяқталды назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Егер сіздерге ұнап жатса лайк басып, достарыңызбен бөлісіп каналымызға жазылыңыздар.

Осы мультфильмдегі суреттерді қолданғыңыз келсе ютубтағы каналымызға жазылып, осы видеоға пікір жазып және лайк басыңыз және hat@erketai.kz почтасына суреттерді жіберу керек электронды почтаңызды жазыңыз.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тапқыр қоян ертегісі
  • Бай мен кедей
  • Жеті лақ пен қасқыр ертегісі
  • Мақта қыз бен мысық ертегісі
  • Мақтаншақ Қоян

комментария 16 Пікір қосу

  • Лаура 08.12.2021 в 00:02

    балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін ертегілердің орны ерекше.сондықтан ертегілеріңіз бастауыш сыныптары үшін өте қызықты екен

    Ответить
  • Нағима 03.11.2021 в 16:08

    Менің ұлдарымның ең сүйікті ертегісі

    Ответить
  • Ақбаян 25.10.2021 в 18:12

    Осы ертегі өзіме қатты ұнайды, балам не бары 5 айлық болсада осы ертегіні айтып беремін

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 18:28

    Осы бауырсақ ертегісін бала кезінде көп айтып беретін еді…. Балаларға арналған ең жақсы ертегі .

    Ответить
  • Айнур 20.04.2021 в 17:59

    Балабақша мен бастауыштарда осы бауырсақ ертегінің мазмұны бойынша көптеген сабақтарды ертегідей ғажайып болып өтеді

    Ответить
  • Акшолпан 12.04.2021 в 23:26

    саламатсыздарма мен Мад сыныпқа осы ертегіні қойғалы жатырмыз. видео балдарға түсінікті екен

    Ответить
  • Баян 04.04.2021 в 17:05

    бул нусканын сапасын жаксарту керек сиякты

    Ответить
  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 в 00:34

    Ашық сабақтарының көбі осы Бауырсақ ертегісінің желісімен өтеді. Тілге оңай,ойға қонымды ертегі

    Ответить
  • Гулим 16.03.2020 в 14:05

    қызықты ертегілердің бірі!Видеосын көріп те оқып та алуға болады

    Ответить
  • Шынар 30.01.2020 в 02:26

    қызықты ертегілердің бірі, видеосын көру арқылы балаларға рөлдерді сомдау өте жеңіл болды. ертегілерді қазақша нұсқада көбірек жүктей беріңіздер.

    Ответить
  • Эльмира 12.09.2019 в 17:27

    Erketai.kz сайтына көп рахмет! педагог мамандарға көп көмегі тиетін дүниелер шығарып тұрасыздар, алғыс білдірем сайтқа

    Ответить
  • Асем 11.07.2019 в 14:16

    Бала кезімнен жақсы көретін ертегім. Балаларға да сүйсіне жеткіземіз.РАХМЕТ ЕРКЕТАЙ

    Ответить
  • Айгерім 02.07.2019 в 00:08

    Бала кезден бойымызга сіңіріп өскен ең қызықты әрі магыналы ертегінің бірі.барлық бала үшін қызқты болары сөзсіз

    Ответить
  • Айдарбайқызы Ақмарал 22.06.2019 в 13:14

    Саламатсыздар ма? «Бауырсақ» ертегісін балалар өте сүйіп тыңдайды. Рөлдерін де жақсы онап шығады, қызығушылықтары бар. Ал, мына мультик балалаларға қатты ұнайтынына сенімдімін. Маған ұнады. Бұл жерде үнемі пайдалы ақпараттар аламын! Рахмет.

    Ответить
  • Айгерім 21.06.2019 в 17:25

    Осы ертегі ьала кезден естіп өскен оте кызыеты ертегіміз.ал казіргі кезде шыккан шелпек турплы ертегі бар ол маган ұнамады.кай кайдагы машинаның бауырсакты жегісі келеді дегені шындыкка жанаспайды және тіпті кызык та емңс.бұл ертегі есімізде мәңгі калган.

    Ответить
  • Гулизат 11.05.2019 в 18:27

    бауырсақ ертегісі ерте жас тобының бірінші ертегісі. Қазақша нұсқасын видеосымен балаларға түсінікті етіп шығарғандарыңызға көп рахмет.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.