Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Кішкентай Маса(ертегі)


Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
— Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт!
Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды.
Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.

Маса, аю, түлкі, қоян, тышқан, ертегі
— Ал мен не жасай аламын? — деп маса өз-өзіне сұрақ қойды.
Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар екен? Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп еді — су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол әнін ағашқа айта бастады — жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады.
Сөйтіп жүргенде, масаға тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылып қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды.
— Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал ендеше! — деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды. — Ойбай! Апа! — деп тышқан шиқылдап ала жөнелді.
Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы кезде қоян көреді. Ол да қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан зыта жөнелді.
Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді.
Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей, шаңдата жүгіріп келеді.
Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере кетті:
— А-а-па-а!
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді.
Осы кезде аю құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір жаманшылықты сезінгендей болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре жө¬нелді…
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір уақытта қоян тышқаннан сұрайды:
— Сен неге апаңды шақырдың?
— Маса! Түлкі қояннан:
— Біз кімнен қашып келеміз?
— Маса! — деді қоян.
— Кім? — деп қасқыр түсінбей.
— Маса!
— Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп аю қосыла сұрайды.
— Қайдағы адам! Маса!
— М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып, аспан айналып жерге түскендей болды.
Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты. Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:
— Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?
— Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю. Ал кішкентай маса ызылдап әнін айтып қоймады.
Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап! -деп масаны жұтып қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата тиылды.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Шалқан ертегісі (мультфильм)
  • Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
  • Ертегі. Жалқаугүл мен Іскергүл
  • Арыстан, қасқыр және түлкі
  • Кішкентай Қазақстан

комментария 18 Пікір қосу

  • Akhguli Gul 03.06.2023 в 23:23

    Әлемі екен!

    Ответить
  • Молдир 11.12.2022 в 01:05

    Өте қызықты ертеги болды. Балам тыркылдап кулди.

    Ответить
  • Іңкәр 27.07.2022 в 21:17

    Зор ертегі

    Ответить
  • Еркебұлан 19.03.2022 в 22:04

    Өте қызықты ертегі екен, Камила қызыма ұнады. Рахме!

    Ответить
  • Ахсунхар 26.01.2022 в 23:18

    Керемет

    Ответить
  • Жансая 21.11.2021 в 20:13

    Кушти екен ?

    Ответить
  • Мансур 09.11.2021 в 14:39

    Күшті ертегі

    Ответить
  • Bakit 30.10.2021 в 21:40

    Балам ішегі қатып күліп, ұйқым ашылып кетті дейді. Рахмет.

    Ответить
  • Айкүміс 02.10.2021 в 21:16

    Өте қызықты ертегі екен. Өзім әбден күліп алдым балаларыммен

    Ответить
  • лайла 25.05.2021 в 11:08

    қызықты екен өзім риза болдым

    Ответить
  • Майра 23.04.2021 в 00:16

    Суретимен болса типти жаксы болар еди

    Ответить
  • Сауле 03.01.2021 в 23:30

    Кушти ертеги екен озим кудип токтай алмадым, ал балам уйыктап калды?

    Ответить
  • Айгерим 22.08.2020 в 00:55

    Мәссаған..Қазақ тіліне аударылған қызық ертегілер баршылық екен ғой?

    Ответить
  • Бану 31.01.2020 в 23:36

    Ертегі балаларға ұнады, есте сақтап өз ойларын айтуңа жеңіл, ыңғайлы болды, рахмет.

    Ответить
  • Айгерім 21.06.2019 в 17:46

    Өте кызыеты ертегі екен.масаны көз алдыма елестетіп балаларга сещіндіре окып бердім.ең аяныштысы бақаның масаны жегені.

    Ответить
  • Mika Orazova 11.02.2017 в 17:48

    ертегі тамаша

    Ответить
  • gulmariam 10.11.2014 в 22:00

    Ертегілеріңіз жақсы екен. Балаларға өте қызықты

    Ответить
  • алина 17.02.2014 в 20:59

    қызықты екен ертеги сонда бақа масаны жеп қояды яяя ,Бұл №з ертегі

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.