Сыныбы: 1″А»
Сынып жетекшісі:Ахметкалиева С.Т.
Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай.Кім?Кімдер?сұрағына жауап беретін
сөздер.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға Ыбырай ата туралы кеңірек мағлұмат
бере отырып,кім?кімдер? сұрақтарына жауап
беретін сөздер туралы түсінік беру.
ә)Оқушылардың тыңдай білу,әңгімелей білу іскерліктерін
және тіл байлығын,оқу, сөйлеу дағдыларын дамыту.
б) Ыбырай ата өмірін үлгі ету.Білімді,ақылды,
ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:жаңа білім беру сабағы
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану
Технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік, шығармашылық жұмыс,жеке және топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Ы.Алтынсарин суреті,суреттер, тірек сызба.
Сабақты барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.
-Балалар қараңдаршы рауандап даламызға көктем келді.Енді біздер жайланып отырып,көзімізді жұмып қиялдап көрейікші:аспанда көшіп жатқан бұлттар,қиқулап ұшқан құстар,жаңа бүршік атқан ағаштар, алыстан соққан самал жел,бұтақпен жас құрақты діріл қақтырады,терең тыныс алып көзімізді ашайық.Бұл треннингті өткен сабқтағы » Көктемнің кереметі «тақырыбымен байланыстырдым.Осы тренингтен кейін оқушылар көктем мезгілінің ерекшелігімен нақыштары туралы әңгімелеп кетеді.
ІІ. Ой қозғау.Мақсаты:Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын тудыру.
Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
-Біздің мектебіміз кімнің атымен аталады?
-Ы.Алтынсарин.
-Ы.Алтынсарин кім ?
-ұстаз,жазушы,
-Біздер кімдерміз?
-Оқушылармыз.
ІІІ. Мағынаны тану. Мақсаты:Әбдіраштың Жарасқанының Ыбырай атты өлеңін мәнерлеп оқыту арқылы өлең сөзбен берілген Ыбырай сипатын анықтау.Жүйелі сөйлеуге,өз ойын анық жеткізе білуге баулу.
1.Оқулықпен жұмыс.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
2.Оқушыларға жұппен оқытамын.
2.Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар орындалады.
- Өлең кім туралы?
- Ы.Алтынсарин кім болған?
- Оның қандай өлеңдерін білесіздер?
4.“Ұлы болып кетсек те,Ұлы ұстазға шәкірітпіз! “дегенді қалай түсінесіздер ?
2.Топпен жұмыс.
Үш қатарға бөлінген балаларға алдын-ала бір шумақтан жазылған парақшаларды таратып беріп,осы өлең жолдарынан кім?кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді түртіп алуға беремін.Оқушылар түртіп алған сөздерін топ болып талдайды.
ІV.Дәптермен жұмыс.Мақсаты:қазақ тіліндегі адам туралы сөздерге- кім?кімдер?,затқа,жануарларға-не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер байланысты оқушыларға жаттығулар орындата отырып,таным белсенділіктерін арттыру .
Көркем жазу.
Ыы
Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин-ең алғашқы қазақтың ұстазы.
209-жаттығу жазбаша орындалады.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қою.
Кім? Кімдер?
ұстаз ұстаздар
сіңлі сіңлілер
дос достар
дәрігер дәрігерлер
Бұл жаттығудың тапсырмасын танымдық бағытта өзгертіп беремін. Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін орындайды.
Кім? Кімдер?
ұстаз сіңлілер
сіңлі дәрігерлер
дос ұстаздар
дәрігер достар
Сергіту жаттығулары. Оқушылар қимыл жасау арқылы бойларын жазады:
Әтеш ерте оянды,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын тарады.
Қаз қанатын жайды,
Аққу мойнын созды
Үйрек көлге келіп.
Асықпай шомылды.
-Қане, балалар, сергіп қалдық па? Олай болса, «Білім еліне» саяхатымызды жалғастырайық.
3.Ойлан,тап.210-жаттығу. Мақсаты: Жаттығуда берілген сөздерді топтастыру арқылы жалпы атауын табуға үйрету.
Төмендегі сөздірдің жалпы атауын тауып айту.
Алмұрт,шие,өрік,алма-жемістер.
Бүркіт,қыран,лашын,тауық-құстар.
Самат,Ерден,Ұлан,Аян-кісі аттары.
Лақ,бота,қозы,бұзау,құлын-төлдер.
Роза Бағланова,Ермек Серкебаев,Бибігүл Төлегенова-әншілер.
Интерактивті тақтамен тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері тексереді.
V.Сабақты қорытындылау. Тест.
Мақсаты:Оқушылардың сабақта заттың атын білдіретін сөздер және Ы.Алтынсарин туралы алған білімдерін бекіту.
Тест 10 сұрақтан тұрады.Ақ парақшаларға жазылған тесттерді үйлестіремін.Тестті орындап болғасын, интерактивті тақтадан дұрыс жауаппен салыстырып,ұпай сандарына қарай оқушылар өздерін-өздері бағалайды.»5″-10,9 ұпай,»4″-8,7 ұпай,»3″-6- дан төмен ұпай болғанда қойылады.
VІ.Үйге тапсырма.1.Өлеңді мәнерлеп оқу 134 бет .
2.»Егер мен мұғалім …»болсам деген тақырыпта әңгіме жазу.
VІІ.Бағалау.
Мақсаты: Тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин мен оның шығармашылығы,еңбегі туралы білімдерін жетілдіру.кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерге байланысты оқушыларға жаттығулар орындату .
Әбдіраштың Жарасқанының Ыбырай атты өлеңін мәнерлеп оқып беру,Өлең сөзбен берілген Ыбырайдың сипатын анықтау.Қара сөзбен берілген көп мағынаны өлең сөзбен ғана айтуға болатынын,поэзияның құдіретін түсіндіру.
Рахмет!
өте жақсы жазылған. рахмет!