Ашық сабақ»Көгалдағы балапан»

 

Шығыс Қазақстан Облысы

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

КММ «Қ.Дамитов атындағы орта мектебі»

 

 Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:

Черьязданова Индира Касымханқызы 

Ашық сабақ

Тақырыбы: 

Жапсыру

Білім саласы: шығармашылық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: Көгалдағы балапан

Мақсаты: 1. Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.

2. Көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру.

3.Бірлесе жұмыс істеуге қызығушлығын арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Типі: дәстүрлі емес

Әдіс-тәсілдері: бояу,жапсыру,тыңдау,себу,басу.

Сөздік жұмыс: коллаж, көгал,табиғи материалдар

Үлестірмелі құралдар: қиылған балапан бейнесі, мақта,желім,бояулар

Құрал-жабдықтар: желім,бояу,тары,орамал,қылқалам

Көрнекілік: тауық, балапан,көгал,үй құстарының суреттері

Балапан, бүгін бізге көп қонақтар келді. Келгеніне қуанып, қуаныш шеңберін айтайық. «Қуаныш шеңбері»

Арайлап таң  атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң ұстазым!

Сабақ барысы: Балалар, бүгін біз коллаждан жұмыс жасаймыз, кім айтады, коллаж   деген не? (табиғи материалдардан, тұрмысқа қажетті заттардан, бояулардан, бояулар мен желімдерді қолдана отырып жасалатын жұмыс)

Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (әтеш, тауық, балапан, көрке, үйрек,қаз)

Жұмбақ жасыру: Күн бата қонақтап

Таң ата жерден жем аңдыған (тауық)

Қиқу салып бақырып

Айғайлауды тауыпты

Қыт-қыт дейтін шақырған

Кім біледі (тауықты)

— Бүгін бізге шұбар тауық қонаққа келген екен. Ол көгалда жүр.

-көгал дегеніміз не? Қане, кім айтады?

-шөбі бар, суы бар жайылым

-кім айтады, тауықтың үстінде не болады?

-жүн

-жүннен не жасаймыз?

-жастық, бөстек

 

Тауық бізге не береді?

-жұмыртқа

Тауық бізге қандай дыбыс шығарады?

Қыт-қыт

Тауықтың етін,жұмыртқасын жейміз бе?

-ия

-тауықтың жанында не жүреді?

-ол өзініңз   көгалда жоғалтып алыпты.

-балапан қандай болады?

— үлпілдеген сары мақта сияқты

-балапан қандай дыбыс шығарады?

-шип-шип

-Тауық балапанды неден қорғаймыз?

-мысық, иттен

-Тауық бізден көмек сұрай келіпті

-ол өзінің балапандарын жоғалтып алыпты

-қане, көмектесеміз бе?

Олай болса балапан жасаймыз

Ең алдымен дайын пана көрсетіледі. Балалар оны мұқият қарап шығады.

Жұмыс барысы: дайын пана үлгісіне (боялған) жапсырылады, оны көгалдағы  тауықтың маңына орналастырады. Тұмсығы көзін, аяқтарын жасайды. Жұмыс ерк        ін жүріп-тұрып атқарылады, көмек көрсетіледі.

Сергіту сәті: САНАМАҚ

Шұбар тауық аш екен оған қане балапандарға тары берейік (бояу тарыны сары бояғышпен)

 Тақпақ:    Тауық тары жинапты

Оны ешкімге қимапты

Бөтекесін толытырып

Қамбасына құймапты

Қыста тауық қақылдап

Тары іздеп жүр тақылдап

Би :     ШӨЖЕЛЕРІМ

Қорытынды: балаларға өздері жасаған әдемі коллажды көрсетіп, бағалау, мақтау, мадақтау.

Тауық ризаылығын білдіріп сендерге сиқырлы жұмыртқа сыйлайды (киндерсюрприз)

   
Пікірлер2
  1. Құралай Тұрсынбайқызы

    Индира сабағыңыз қызықты өткен сияқты. ШИП-шип деген балаларды көз алдыма елестетіп отырмын. Сәттілік сізге

  2. Нұршаш

    Индира ханым бейнелеу өнерінің жанрысен түрлерін шатастырмасаңыз. Пейзаж,Натюрморт,Портреттік,Мифолониялық,Тұрмыстық,Батальды,Маринистік,Анималистік жанрлар. Ал коллаж бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ