Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Балаңыз неге сөйлемейді?


Бала тілінің дамуы күрделі процесс екендігі белгілі.Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, соңғы уақытта бала тілінің кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайға мән беріп, дер кезінде мамандардан кеңес алып отыратын ата- аналар да бар, керісінше 4-5 жасқа дейін «өзі шығады » деп күтіп,баланы психикалық даму тежеулігіне жеткізетіндері де бар.

Өйткені сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердің біреуі бұзылса, оның кері әсері де басқа процестерінен көрініп отырады. Осыған байланысты сіздің балаңыздың дамуына кері ықпал ететін факторлерге тоқталғым келеді.

Ең алдымен баланың ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастарымен байланысы әсер етеді. Байқап жүргеніміздей қайсыбір ата-аналар баланың жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді, эмоциялық қарым- қатынасқа түспейді. Баланы еркелету,бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты бала үшін маңызды қажеттіліктерді ескермейді.

Жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулармен ауыру да, қан аздылық, бүйрек жұмысының бұзылысы, жүрек ақаулығы сияқты факторлер де жатырдағы нәрестеге әсер етпей қоймайды.

Ата-ананың ішімдікті беріле ішуі де аномальді баланың дүниеге келуіне себепші болады. Босану кезіндегі нәрестенің ми жарақаты, миға оттегінің жетпеуі сияқты жәйларда кері әсерін тигізеді.

balanin-soileui

Енді 3 жасқа дейін баланың уақытында тілінің шықпауы

Асфиксия: ағзада көміртегі газының молайып, қанға оттегінің жетіспеуі. Асфиксия ауыр жүктілік немесе босану кезінде пайда болады.Оған себеп жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктің оралуы, босану кезінде көп қан кету. Асфиксиямен туылған балалар бірдедауыс шығармайды.

Асфиксия ның ауыр және жеңіл түрі болады. Бірақ қай түрі де нәрестенің жүйке жүйесінің қызметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады.

Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алған балада мектепке дейін жүйке және психикалық дамуы жақсы болғанмен, мектепке барған соң , сол уақыттан бастап басы айналу, тез шаршағыштық, ашуланшақ болу, еске сақтау және зейінінің нашар болуы, мектеп бағдарламасын меңгермеу сияқты шағымдар айтылады. Бұл жағдайда баланы алдымен невропатолог дәрігерге көрсету керек.

Босану кезіндегі бас сүйектің ішкі жарақаты: мұндай жағдайда миға қанқұйылу салдарынан, мидың қанайналу жұмысы бұзылады. Жарақат көбіне әйел адамның аяғы ауыр кезінде жүктіліктің ауыр өтуі себебінен болады. Сондықтан да дәрігерлер кесарево арқылы босандыру әдісін ұсынады.

Бірақ бұл әдістің де жағымсыз жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ, әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар тәжірибемізден көріп жүргеніміздей осы кесерево арқылы дүниеге келген балалар арасынан кездеседі.

Бас сүйегі ішіндегі жарақатпен дүниеге келген нәресте арасында нерв жүйесінің, психикалық дамуының кеш дамуы, сол сияқты орталық нерв жүйесінің зақымдануының ауыр түрі – балалар сал ауруы кездеседі.

Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар балаларға « перинатальді энцефалопатия» деген сараптама (диагноз) қойып жатады.

Бұл да баланың сөйлеу функциясының дамуына кері ықпалын тигізеді. Енді қысқаша осы сараптамаға тоқталайық.

« Перинатальді энцефалопатия» – бұл жүктілік кезіндегі, босану барысында немесе туылғаннан кейін нәресте миының зақымдалуына байланысты орталық нерв жүйесінің бұзылуы. « Энцефалопатия» термині – мидың зақымдалуы мағынасын білдіреді. Ал « перинатальді » деп босануға жақын не босану барысында деген мағынаны білдіреді.

Перинатальді энцефалопатия кезіндегі мидың жарақаты әр түрлі дәрежеде болады. Ол жаңа туған нәрестеде швед дәрігері В.Апгар ұсынған 10 балдық жүйемен анықталады. Энцефалопатиямен туылған нәрестеде бұл бал төмен болады. Сондықтан да невропатолог дәрігердің бақылауында болған дұрыс. 1 жастан кейін дәрігер есептен шығарып тастағанмен, баланың дамуына мән беріп , шамадан тыс талап қоюдың орнына, шыдамдылық таныту керек.

Жоғарыдағы аты аталған ауытқушылықтар шала туған балаға ерекше әсер етеді. Шала туылған бала деп 38 аптаға жетпей, 2500 грамм салмақпен туылған балалар. Уақытынан бұрын ананың босануы түрлі факторлер әсер етеді: хроникалық , эндокринді аурулығына, стресске ұшырауына байланысты .

Ата-аналар баланың даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы қашан гуілдейді, былдырлайды, ойыншыққа назар аударуы, үй- ішін тануы, басын ұстауы, отыру, жүруі, сөйлеуі т.б. Қимыл- қозғалыс, сөйлеу және психикалық дамуында баланың сәл ауытқушылық байқалса уақыт оздырмай маман- дәрігерлерден кеңес алуы керек.

Тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұядағы тынышсыздық,үлкендер тарапынан бала тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау . Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткіздіруге мүмкіндік жасамау. Ананың мейіріміне зәру бала да сөйлеуге ынтасы болмайды.

Психикалық дамуында тежеулік бар, интеллектісі төмен балаларда да тілінің дамуында кешеуілдік болады. Олардың активті сөздік қоры ғана емес, қоршаған ортаны қабылдауы төмен . Мұндай балалар өте жыбырлақ, икемсіз, өздіктерінен ойнай алмайды, ортаға бейімделмейді. Мұндай жағдайда тезірек дәрігерге көрсетіп, тиісті емдік шарасын алу керек.

Баламен үнемі сөйлесіп отыру, қимыл- қозғалысын дамытып отыруды ұсынамыз.Ұсақ моторикасын ( қолының қимыл- қозғалысы) жетілдірудің маңызы зор. Қол бұлшық етінің икемсіз болуы да сөйлеу процесін тежейді. Сондықтан да уақыт оздырмай, баланың жан- жақты дамуына көңіл бөлген жөн.

Танзиля Омарова –Атырау облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының жоғары санатты логопед- дефектологы.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ерте солған тал шыбықтар тағдыры
  • Жөтелге қарсы емдік шаралар
  • Баланың ішкі сезімдері
  • Ойынның бала өміріндегі маңызы
  • Балалардың бәрі бірдей жүрсінші!!!

Пікірлер 32 Пікір қосу

  • Баян 01.11.2022 күні 19:32 уақытында

    Өйткені сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердің біреуі бұзылса, оның кері әсері де басқа процестерінен көрініп отырады

    Жауап беру
  • Инкарим 13.02.2022 күні 12:28 уақытында

    Барлық бала бірдей емес. Сол себепті баланың бір кемшілігі болса соған баса назар аударған жөн.

    Жауап беру
  • Шұғыла 23.11.2021 күні 22:43 уақытында

    Сіздерге рақмет өте құнды ақпарат! Тәрбиеші ретінде жұмыс практикамда колданып жақсы нәтижелерге қол жеткіздім! Басқада әріптестерімен бөлістім.

    Жауап беру
  • Нұрлан 11.11.2021 күні 11:13 уақытында

    Баланың тілінің шықпауына көп нәрсе әсер ететінің байқадым. Таныс жастарға айтып қойам қызбен танысқанда үйленетін болсан бүлдірме, өзін тексеріліп емделіп ал болашақ ұрпағына әсер етеді деп. Осы мақалаға қарасам дұрыс айтқанмын.

    Жауап беру
  • Еркегул Даулетбай 08.04.2021 күні 20:10 уақытында

    өте жақсы жазылған мақала екен. өзімізге керек мәліметті тауып жатқанымызға қуаныштымын

    Жауап беру
  • Гулмира 13.02.2021 күні 08:39 уақытында

    Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүр едім. Маған өте керек мақала екен. Мен тарбиешимин. Тобымда тили дурыс шыкпаган бала бар еди. Сол баламен калай жумыс жасаймын деп киналып жур едим. Оте кажетти акпарат алдым. Рахмет??

    Жауап беру
  • Асем 11.02.2021 күні 10:46 уақытында

    Бәріміз де баламыздың тілі тез шыққанын қалаймыз, бастысы дұрыс шықсын бұйыртса

    Жауап беру
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 күні 11:19 уақытында

    Сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығы белгілі.. Осы психикалық процестердің біреуі бұзылса, оның кері әсері бала бойынан байқалып отырады. Осыған байланысты бұл жұмыста автор сіздің баланың дамуына кері әсер ететін факторлерге тоқталып, сипаттама бере алған.

    Жауап беру
  • Айман 05.02.2021 күні 18:36 уақытында

    Маған өте қажет тақырып еді .
    Құнды дүниелер алдым.
    Тәрбиешілерге керемет мәліметтер бар .Рахмет

    Жауап беру
  • Маруза 25.01.2021 күні 00:48 уақытында

    Көп кеңес алдым.Рахмет!
    Балаларымыздың денсаулығы маңызды.

    Жауап беру
  • Адеми 11.12.2020 күні 11:57 уақытында

    Қызықты әрі пайдалы кеңестер үшін рахмет. Иа қазіргі таңда баланың дамуы үлкен проблема

    Жауап беру
  • Айгерим 16.08.2020 күні 02:34 уақытында

    Салеметсизбе! Кызым 6 жаста, зппр диагнозы, даярлык сыныбына беруге болама? Али толык сойдемейди уайымдап журмин,

    Жауап беру
  • Ляззат 06.12.2019 күні 16:43 уақытында

    Баланы көпшілікке де үйретіп, адамдармен байланысқа түсуді кішкентайынан тәрбиелеу керек, жан-жағына да қарап балалар сөйлеп кетеді, қонаққа барғанда, басқа балалармен қарым-қатынас орнатып, ойнап кетеді. солай тілінің шығуына да әсер етеді.

    Жауап беру
  • Ақмарал 11.11.2019 күні 14:11 уақытында

    Баланың қандай да болмасын кемшілігін көрген, білген жағдайда мамндарға жүгінген дұрыс екен, ырымға сенгеннен бұрын. Жас аналарға өте тиімді, пайдалы мақалалар көп екен!

    Жауап беру
  • Гулжаухар 11.11.2019 күні 09:44 уақытында

    баланың дамуын, тілінің дұрыс шығуын ерте жастан қадағалап отыру қажет. Баланың денсаулығымен ойнамаңыздар

    Жауап беру
  • Айгерим 29.05.2019 күні 14:47 уақытында

    Салеметсиз бе! Менің сұрағым келгені қызым 1 жас 9 ай але сойлей алмайды. Па па па деп гана айтады. Туылғанда тили уртына сыймайтын еди. Емизген сон сал тилин нето кимылдатып калса кусатын. И еще есимин айтсан ман бермейди, карамайды. Озине керек заттарды ыммен тусиндиреди. Кулагы естимей содан карамайды дейін десем баска болмеде журип мультик басталып или реклама болса тв бар болмеге телевизор коруге асыга барады. Калай не истесем болады.

    Жауап беру
    • Айдана 07.12.2022 күні 18:18 уақытында

      Салеметсизбе! Меним балам 1 жас 5 ай есимине карамайды? Сиздики карайтын болдыма?

      Жауап беру
  • Мадина 03.12.2018 күні 06:31 уақытында

    Саламатсыздар, мына сайтта https://densaulyk.org/logopediya/tildik-damudyin-keshigui/ баланың тілінің дұрыс шығуына байланысты және баланың басқада тіл деффектерін дұрыстауға арналған көптеген құнды кеңестер берілген.

    Жауап беру
  • Айнур 17.11.2018 күні 19:53 уақытында

    Менин балам басымен кулаган 1жаста. Казирги кезде 2.5ай судыргысы бар коп киналдым.. Алматыда жаксы мамандар болса бараредим. Туркестан да турамын. Отиниш сиздерден Алматыда каи жерге кандай маманга барам. Айтсаныздар. Телефон 87078054287

    Жауап беру
  • Ания 29.09.2018 күні 13:31 уақытында

    Салеметсиздерме! Менин балам 3жас 4ай р аріпіні л əріпіні тили келмейді Кызым 6 жас 2 ай онын да р жəне л аріпіні тили келмейді не истейге болады . Озим жаттыктырсам болама

    Жауап беру
  • Венера 18.11.2017 күні 00:24 уақытында

    Сəлеметсіз бе! Менің ұлым сөйлемей жатыр. Жасы 3жарымда. Али сөйлемейді. Ата апа деп біи буынды сөздерді айтады құлағы естиді. Лооопедический садикке кезекке тұрғызғанмын. Неврологка деа көрсеттім. Не істесем болады басқа?

    Жауап беру
  • Асемгуль 27.10.2017 күні 01:17 уақытында

    Салеметсизбе менин балам 1жаста 8 ай сойлемейди бирак барин тусиндиреди.алдынгыларым ерте сойлегесин коркып журмин алде еркеликпа екен.

    Жауап беру
  • Мадина 25.10.2017 күні 23:44 уақытында

    Салеметсиздер ме менин кызым 2 жас 8 ай дурыс сойлемейди. Ата АПА мама папа абап дер шамалы сойлейди. М мен тусиндиреди. Не истесе болады

    Жауап беру
    • Erketai 26.10.2017 күні 03:37 уақытында

      Саламатсыз, логопед маманына апарғаныңыз жөн.

      Жауап беру
  • жансая 19.12.2016 күні 15:51 уақытында

    саламетсиз бе?менин егиз кыздарым бар 2 жаста шала туылган 32 апта ата апа мау авв дейд баска соз сойлемейди.не истесем болады?барин тусинеди жане маган ыммен тусиндиреди.рахмет

    Жауап беру
    • Erketai 19.12.2016 күні 19:22 уақытында

      Саламатсыз, өкінішке орай біз медициналық кеңес бере алмаймыз.

      Жауап беру
  • Айдана 26.11.2016 күні 16:29 уақытында

    Танзиля апай сиздин адресинизди таба алмаи журмин мен кызымды сизге корсетин дер едим жасы 4 жас 5 аи аиып болмаса адресинизди бересизбе

    Жауап беру
  • Али 16.08.2015 күні 00:11 уақытында

    Биздин баламыз шала туылган казир бирак дамуы жаксы бир коркатинимиз 1ден 4аи асты али оздигнен тепе тендик сактап журе алмаиды жетектеп журсен журед онда да бир жагина ауип кетеди ози дизплазия болип 3аи шина киди сонин асерима жок невропатологка корсету керекпе билмеимиз не акыл бересиз ортапедтерге корсетсек аягы жаксы деиди бирак бир аягин ишине караи басады не истеуге болад.

    Жауап беру
  • танзиля 23.04.2015 күні 16:50 уақытында

    Невропатолог даригерге каратып ем алу керек тезирек

    Жауап беру
  • Айгерим 23.04.2015 күні 02:22 уақытында

    Салеметсизбе? Мен баламды шала тудым салмагы 920гр. Казыр 2 айлык 1600 гр. Бир коркатыным аяк колдары козгалтсам катты дирилдеп кетеди. Даригерлер уакыт келе кояды дейди? Дейди. Сол распа? Кимге корсету керек?

    Жауап беру
  • gulmiral 09.02.2014 күні 21:28 уақытында

    Көшіру неге болмайды?

    Жауап беру
  • Тлекші 29.12.2013 күні 20:23 уақытында

    Кеңесіңізге үлкен рахмет.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.