Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы


Қыз бала-болашақ жар,болашақ ана. Сондықтан әрбір ана өз денсаулығын күту керек. Ананың дені сау болса ,ондай анадан он екі мүшесі сау бала да дүниеге келеді. Әйтсе де, қазіргі таңда болашақ ана атанатын жас бойжеткен қыздардың өздері теріс қылықтарға, жаман әдеттерге әуестеніп келеді. Шылым шегіп,ащы судың дәмін татқан нәзік жанды адамнан қандай сәби дүниеге келмек?Сондай жат қылықтарды бойына місе тұтқаны ма?Болашақ өмірінің қалай болатынын неге ойламайды екен?
қыз бала тәрбиесіСондықтан қазірден бастап өсіп келе жатқан қыз балаларымызға ненің бұрыс ,дұрыс екенін түсіндіріп ,санасына сіңдіріп тәрбиелеу біздің,яғни ата-ананың міндеті.«Анаға қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер» дегендей,қыздарымыз бен ұлдарымызды әр түрлі өнерге баулып отырсақ ,жақсы жетістіктерден көрінетініміз анық.
Баланың қандай болуы бірінші ата-анасынан,сондықтан әр ананың денсаулығының дұрыс болуы бірінші жолда тұр.Бүгінгі жас ұрпақ біздің көз алдымызда есейіп келеді.Ана деген ардақты сөзге лайықты болу үшін қыз бала өз мінезіне сай сыпайылығын,инабаттылығын сақтау керек.Өз денсаулығына аса мән беру керек.Дұрыс тамақтанып,таза ауада серуендеп,әдеби кітаптар оқығанның адам денсаулығына пайдасы зор.Ана денсаулығының жақсы болуы әрине отағасына да байланысты.Үйде дау-жанжалдың шығуынан да аналардың жүйкесі де тозады.Олар ауырып жатып қалса ,қадірін сонда түсінеміз.Барлық жұмысымызды анамыз орындайды.Өз ортамызда анамыздың қымбат екенін түсініп,дендерінің сау болуына үлкен көмегімізді қосып отырайық.Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе ,нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!
Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы
№4 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қалай жүкті болуға болады
  • Бала бауыр етім
  • Ана денсаулығы ұлт саулығы
  • Асыл Ана
  • Армансыз адам қанатсыз құс

Пікірлер 48 Пікір қосу

  • Бибинур 14.03.2022 күні 02:01 уақытында

    4қыз тәрбиелеп отырған анамын қыз бала тәрбиесі өте нәзік және өте тың мәселе денсаулығы өз алдына үлкен бір жауапкершілік ғой әр бір адам бұл мәселеде бей жай қарамауымыз керек

    Жауап беру
  • Зине 01.03.2022 күні 09:39 уақытында

    Қыз балаларға осы тақырыптар ұнайды

    Жауап беру
  • Толғанай 15.02.2022 күні 14:23 уақытында

    Қыз тәрбиесі өте маңызды. Тәрбие тал бесіктен деп бекер айтылмаған

    Жауап беру
  • Акерке 14.02.2022 күні 08:59 уақытында

    Дені саудың, жаны сау. Болашақ аналардың өздерін күту – дені сау ұрпақ әкелудің кепілі. Мақалада көтерілген мәселе өзекті болып табылады.

    Жауап беру
  • Мадина 04.02.2022 күні 23:54 уақытында

    Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе ,нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!

    Жауап беру
  • Көркем 03.02.2022 күні 00:08 уақытында

    Қыз баланың тәрбиесі мен денсаулығы аса маңызды әрине. Жалпы қандай адам болмасын бәрінің денсаулығы аса маңызды. Бірақ қыз баласы болашақ ана, ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сол себепті қыз баласының өзің өзі күтуі аса маңызды.

    Жауап беру
  • Эльмира 17.01.2022 күні 14:08 уақытында

    Өте жақсы мақала. Менде 3 қыз бала тәрбиелеп отырмын.

    Жауап беру
  • Жауқазын 05.01.2022 күні 14:03 уақытында

    Кыз баланы саналы урпак кылып иарбиелеу ол ар ата ананын тарбиеси уйынде не корсе барган жерине соны жасайды.Сол себепти кыз балага кол котерип неме дауыхс котереу керек

    Жауап беру
  • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 күні 01:20 уақытында

    Қазақта қызға қырық үйден тиым деп бекер айтылмаған.Қыз баланы кішкентайынан дұрыс жол сілтеп, қыз қылығымен деп әрдайым есіне салып отыру керек.Қыздарымыз бен ұлдарымызға отбасында дұрыс тәрбие берілсе, қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты боларына кәміл сенемін.

    Жауап беру
  • Балжан 29.11.2021 күні 09:39 уақытында

    өте жақсы жазылған!Қызды қырық үйден тыю деген сөздің төркінін түсiнген жөн!

    Жауап беру
  • Орынкүл 18.11.2021 күні 13:45 уақытында

    Мақала өте тамаша шығыпты!Меніңде бір қызым бар жас ана болғандықтан тәрбиесін дұрыс беріп жатырмынба деп көп алаңдаймын.Солсебепті осындай мақалаларды көп оқимын!Сіздерге үлкен рахмет!

    Жауап беру
  • Айнур 05.11.2021 күні 20:06 уақытында

    Жаксы жазылган екен ?

    Жауап беру
  • Ақбаян 25.10.2021 күні 17:59 уақытында

    қыз бала тәрбиесі ең маңызды дүние деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Зухра 13.10.2021 күні 18:58 уақытында

    мен оқыған мақалардың ішідегі ең құндысы

    Жауап беру
  • Элмира 23.09.2021 күні 12:53 уақытында

    Мән-мағынаға толы жазба екен!

    Жауап беру
  • Гулжан 22.09.2021 күні 21:48 уақытында

    Казіргі таңда ерте жүктілік жиі кездеседі. Қыз бала тәрбиесі өте өзекті тақырыптардың бірі

    Жауап беру
  • жанар 18.09.2021 күні 07:46 уақытында

    өте керемет мақала екен, мағынасы өте терең

    Жауап беру
  • Сабина 16.09.2021 күні 10:17 уақытында

    иа оте пайдалы акпарат! казирги танда асиресе кыз бала тарбиесине катты конил болу керек

    Жауап беру
  • Маржан 03.09.2021 күні 20:55 уақытында

    Жақсы өте құнды жазылған мақала екен!

    Жауап беру
  • Динара 01.09.2021 күні 19:07 уақытында

    Қыз бала тәрбиесі туралы жақсы ойлар айтылған

    Жауап беру
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 21:14 уақытында

    Қызды қырық үйден тыю деген сөздің төркінін түсiнген жөн!

    Жауап беру
  • Алма 18.08.2021 күні 09:30 уақытында

    Қыз бала өте нәзік, сезімтал, ерке болады екен. Ал тәрбиесіне анасы көңіл бөліп, әкесі еркелетіп, керегін тауып берсе болды. Себебі, қызды жоқшылық құртады деген де сөз бар.

    Жауап беру
  • Кундызай 08.08.2021 күні 14:12 уақытында

    Қазіргі заманның өте өзекті мәселеллерінің бірі деп ойлаймын,себебеі қызбала болашақ ана. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керек.

    Жауап беру
  • Жанар 06.08.2021 күні 20:15 уақытында

    Керемет мақала екен. Шынында да қыз бала тәрбиесі қашан да өзекті мәселе ғой. Оған немқұрайлы қарауға болмайды.

    Жауап беру
  • Эльмира 21.04.2021 күні 13:54 уақытында

    Қызымның болашағы үшін мен де алаңдаймын, әрине ана болғандықтан, сондықтан осындай мақалаларды оқып, қызымның бойында жақсы қасиеттердің барлығы дарыса екен деген ниеттемін

    Жауап беру
  • Алмагул 14.02.2021 күні 14:53 уақытында

    Ерте заманнан ата-бабаларымыз сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдықты ақын – жазушылар шығармасына арқау етті емеспе?

    Жауап беру
  • Айгерим 14.01.2021 күні 16:41 уақытында

    Қыз өсіру ең жауапты іс,өзім қыздар тәрбиелеп отырғандықтан осындай мақалаларды көбірек қараймын,рахмет сіздерге!

    Жауап беру
  • Мерей 13.01.2021 күні 17:41 уақытында

    таптырмас пайдалы макала

    Жауап беру
  • Майра 13.12.2020 күні 06:41 уақытында

    Осындай жақсы мақалаларды жастарымыз оқыса нұр үстіне нұр болар еді.Кейде әттең дейтін кездеріміз кезесіп қалатын кездер боп қалып жатады өмірде.

    Жауап беру
  • Айтбуби Нусипова 09.12.2020 күні 14:29 уақытында

    Қызға қырық үйден тиым деген қазақта. Қыз бала тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі.

    Жауап беру
  • Жанылсын 02.12.2020 күні 23:31 уақытында

    Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты – болашақ жар, аяулы ана болу. Осы сөзді балиғат жасқа толғаннан бастап, олардың құлағына құя білсек, ұрпағымыздың жалғасы болары сөзсіз. Қыз баланың қылықты келіншек болуы, оның әкесіне байланысты. Отбасында әкесіне еркелеп өскен қыздан қылықты келіншек, аяулы жар, ардақты ана шығатыны сөзсіз. Балиғат жасқа толғаннан бастап, түрлі ақпараттармен таныстырып, білмегенін үйретіп, алда орын алатын түрлі жағдайларға қыздарымызды уақытында дайындау анасының борышы. Бұл мақала осы ойларды толық жеткізуге көп көмегін тигізеді.

    Жауап беру
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 күні 02:43 уақытында

    өте дұрыс айтасыздар. қыз еліміздің айнасы

    Жауап беру
  • Аяулым 06.09.2020 күні 18:04 уақытында

    Салеметсиз бе Сиздин макаладан коп зат тусиндим! Рахмет Енбегиниздин жемисин кориниз Кушти сайт ендиги узбей окуга болатын сайт! Алла разы болсын!

    Жауап беру
  • Гулайша 20.08.2020 күні 04:36 уақытында

    Қыз баланың тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу – қазіргі отбасына үлкен міндет.Берген кеңесіңіз үшін алғыс білдіремін

    Жауап беру
  • Салиха 01.07.2020 күні 11:20 уақытында

    Сәлеметсіздер ме? Қыз бала- ұлттың болашағы. Ұлтымыз мықты болу үшін қыздарымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек. Ал бұл тәрбие отбасында берілу керек. Себебі. қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз босқа айтылмаған. Азаматын сыйлаған үйдің шаңырағы әрқашан мықты болады

    Жауап беру
  • Толқын Жұмабаева 10.05.2020 күні 15:53 уақытында

    Берген кеңестеріңізге көп рахмет.екі қызым бар. Алдағы уақытта инабатты сыпайы болып өсулері үшін барымды салып жатырмын.анасына қарап бой түзейді ғой қыз балалар.

    Жауап беру
  • Гүлзар 13.04.2020 күні 10:13 уақытында

    Сәлеметсіздер .Сіздер қозғап отырған тақырып өте жақсы .Өйткені қазіргі қыз кейін ана . Тәрбие отбасынан басталады.Қыз баласының тәрбиесі анасына байланысты, қазақта тегін айтпаған «анасын көріп ,қызын ал»

    Жауап беру
  • Ақерке 20.02.2020 күні 18:26 уақытында

    Қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар беретін қазақ халқымыз ғой, қыз өссе, елдің көркі

    Жауап беру
  • Айнур 17.01.2020 күні 20:03 уақытында

    Дұрыс жазыпсыз, әрине кыз бала болашақтагы Ана.

    Жауап беру
  • Бисенбаева Мирамкүл 11.12.2019 күні 11:47 уақытында

    Қыз баланың тәрбиесі әрине ол ұрпақтың тәрбиесі, Қыз тәрбилеп отырған ата-аналардың толғанысы көп болады. осы мақалада сол қыз баланың тәрбиесіне оң ықпал беретін, болашақ ана атанатын қыздарымыздың саналы болуына көп көмектеріңіз тиді деп білемін. Алғысым шексіз.

    Жауап беру
  • Гулжаухар 11.11.2019 күні 09:28 уақытында

    Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін деп бекер айтпаған ғой. Өзіміз ана болған сон ана деген атқа ие болудын кандай жауапкершілік екенін түсініп жатырмыз

    Жауап беру
  • Айжамал 14.10.2019 күні 14:26 уақытында

    Расында да кейде тіршіліктің қарбалас сәттерінде балаларымызға толыққанды көңіл бөле алмай жатамыз. Бұл жерде қыз балалар ертеңгі жаны да тәні де сау абзал ана болу үшін дұрыс тамақтанып, кітап оқып, таза ауада серуендеу керек деп дұрыс айтылған Шынында да қазір кейбір қыз балаларымыз көбіне ұялы телефонмен уақыттарын өткізіп, кітап оқымайды, таза ауада серуендемейді

    Жауап беру
  • Индира 25.09.2019 күні 13:56 уақытында

    Қыз баланың тәрбиесі ата анасы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Бүгінгі қыз ертенгі ана.

    Жауап беру
  • Гулизат 11.05.2019 күні 18:39 уақытында

    қыз баланы анасы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Тұла бойына қарап отыру керек. Қыз бала нәзік гүл емеспе.

    Жауап беру
  • Женис 03.04.2019 күні 11:56 уақытында

    Жақсы жазылған екен

    Жауап беру
  • Айжан 04.03.2019 күні 23:15 уақытында

    Қазіргі заманның өте өзекті мәселеллерінің бірі деп ойлаймын,себебеі қызбала болашақ ана.Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы одан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін

    Жауап беру
    • Erketai 04.03.2019 күні 23:49 уақытында

      Өте дұрыс айтасыз.

      Жауап беру
  • Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы 15.01.2019 күні 19:56 уақытында

    Маған бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат ханымның жазған мақаласы ұнады. Өйткені өзім де отбасымда үш қыз бала тәрбиелеп отырған анамын. Сондықтан қыз бала тәрбиесі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлемін. Мақалада қыз балаға беретін тәрбие мен оның денсаулығы туралы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Расында да кейде тіршіліктің қарбалас сәттерінде балаларымызға толыққанды көңіл бөле алмай жатамыз. Бұл жерде қыз балалар ертеңгі жаны да тәні де сау абзал ана болу үшін дұрыс тамақтанып, кітап оқып, таза ауада серуендеу керек деп дұрыс айтылған Шынында да қазір кейбір қыз балаларымыз көбіне ұялы телефонмен уақыттарын өткізіп, кітап оқымайды, таза ауада серуендемейді. Бұл жағдайлар олардың ертеңгі денсаулығына зиянын тигізері сөзсіз. Бүгінгі нәзік қыздарымыз Отанымызға сау ұрпақ әкелетін ертеңгі аяулы ана екенін, сол «ана» деген ардақты атқа әрқашанда лайықты болу керектігін Жаннат ханым жақсы тілмен, жинақы оймен жеткізе білген. Рахмет сізге Жаннат ханым!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.