Би құдіреті

Әлемнің тірегі де, тілекшісі де бола білетін, батырды да, ақынды да, патшаны да өмірге әкелетін ана екені бәрімізге аян.Ана деген үш-ақ әріптен тұратын сөздің құдіреттілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Осы сөздің бір дәлеліндей болып, біздің Астана қаласындағы №47 «Ақ желкен» балабақшасында «Ана-біздің күніміз, ана біздің гүліміз» атты ертеңгіліктер өткізілді.Ертеңгіліктер өте жоғары деңгейде өтті.Әрине бұндай іс-шараларды өткізу үлкен еңбек пен ізденімпаздықты талап ететіні сөзсіз.Соның ішінде балабақша бишісі Айгүл Болатқызының ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды.Әр топтың ертеңгілігінде бір жаңа би көріп, таң-тамаша болып отырдық.
Сол кереметке ерекше бір серпін беріп, селт еткізген «Ақ қайың» ортаңғы тобының әкелері мен қыздары билеген биі болды.Әкесінің қызына деген шексіз махаббаты мен мейірімділігі көрініс тапқан үздік туынды жиналғандардың жанарына жас үйірлітті.Көрерменнің жүрек түкпіріндегі сезімін қозғап, тіпті топ тәрбиешілері біздің де алыстағы ата-анамызды есімізге салды.

ертеңгілік балабақшада
Ертеңгілік бітіп, фотоға түсу басталды.Бір кезде менің жаныма таянған жас келіншек:
-Апай, сіздердің жаңағы билеріңіз менің маңызды шешім қабылдауыма себеп болды, -деді жымиып.
Мен түсінбей аңтарыла қарап қалыппын.Ол болса, асықпай әңгімесін ары қарай жалғады.
-Менің екі балам бар,- деп бастады ол әңгімесін.Жолдасым екеуміз жараспай, ажырасуға бел буған едік.Енді мына биді көріп, ойым өзгерді.Не үшін менің балаларым әке мейірімі мен махаббатын көрмей өсуі керек.Мен ажыраспаймын,-деп бұрылды да, нық басып бірінші қабатқа түсіп кетті.Мен де іштей бақыт тілеп қала бердім.
Тілегім:балапандарымыз әкесі мен анасының ортасында толыққанды отбасында өссе екен.Шіркін, өнердің құдіреті ай…

Авторы: Акжигитова Гулнур

   
Пікірлер8
  1. Туктыбаева Ляззат

    Бұл мәтінде ана мен баланың арасындағы махаббат пен қатынасты көрсету мақсатында өткізілген «Ана-біздің күніміз, ана біздің гүліміз» атты ертеңгіліктің маңызы зор. Әсіресе, ата-аналардың қатысуымен өткен би өнері ерекше әсер қалдырды. Бұл ертеңгілік балалардың өнерін көрсету арқылы анаға, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттырып, олардың жүректеріне жылу сыйлағандай болды.

    «Ақ қайың» биінің әкелері мен қыздары билеген сахнада көрсетілген шексіз махаббат пен мейірім көрінісі — бұл ата-ананың балаларына деген адал және шынайы сезімдерінің бейнесі. Мұндай іс-шаралар тек балаларға ғана емес, көрермендерге де терең әсер ететінін көруге болады, себебі олар өз өмірлеріндегі ата-аналарына деген махаббат пен сағынышын есіне түсіреді. Балабақша тәрбиешілерінің еңбегі мен шығармашылық ізденісі осы шараның сапалы әрі әсерлі өтуіне себепші болды.

  2. Айжан

    БАЛАЛРЫМЫЗ акенин тарбиесин махаббатын колдауын кору керек , оскенде асиресе кыз балага асери оте коп к

  3. Эльмира

    Бидің құдіретті күшті. Балалар толық отбасында өсу тиіс. Би денсаулықада пайдалы.

  4. Айнур

    Жас жубайлар балага бирдей тарбие беруи керек.

  5. Гулжан

    Өте әсерлі әңгіме екен. Елімізде ажырасу %-ті жылдан жылға азаяды деген үміттеміз

  6. Улсерик

    акесиз или анасыз оскен бала жалтактап коркактап оседи сол ушин бала толыыкканды отбасыда осуы кажет

  7. Әйгерім

    Бидің құдіреті шексіз.Мен толығымен қосыламын.Балалар толық отбасында өмір сүру керек.Балалар ата-анаға қарап өседі.

  8. Айнур

    Барлық балалар толық отбасында өсуі тиіс, олар ата анасының қателіктерінен зардап шекпеу керек.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ