Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Ана болудың өзі…


«Ару, бойжеткен, әйел, жар, ана, қыз, қарындас, әпке, әже» сынды сөздердің барлығы бізге, әйел затына, арналып айтылады. Алайда бұлардың ішінде ең асылы, ардақтысы, «жүрекке жылы тиіп, бойды алары» «ана» сөзі. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы үйлесіп, көрген көздің тамсануына, сүйсінуіне бөленген ару, бойжеткен болу, өмірдің ыстығына да, суығына да төзе біліп,
өмірдің соңына дейін, қажет болса, қалқан болар біреудің әйелі, жары болу, дүниеге әкелген, әлпештеп өсірген ата-ананың қадірін білген, әке-шешесін құрметтеген қыз болу, өзінен кейінгі бауырларына тірек, ақылшы болар әпке болу, ағаларын құрмет тұтқан, олардың ағалық махаббатына, еркелетуіне бөленген қарындас болу, немерелеріне ақыл айтар, өмірден тоқып білгені көп, сүйікті әже болу былай тұрсын, нағыз ана болудың өзі әйел затынан талай нәрсені, талай адами қасиеттерді талап етеді.

Ару, бойжеткен, әйел, жар, ана, қыз, қарындас, әпке, әже«Ана!», астарында қаншама маңызды, мәнді мағына жатыр десеңші.«Ана» сөзінің сиқырлығы сол, қасыңда болмаса да, «ана» десе, көңілің мен жүрегіңді бір жылулық бауырап алатын сияқты.Сол сәтте көз алдыңа ананың ыстық, мейірімді қолдарын, саған деген махаббатқа толы көздерін, күлімдеген жүзін елестетсең, бойың жазылып, шаршағаның да судай басылады.Өмірден озғанына бірнеше жыл толса да, әрбіреуіміз тасыған өмір арнасымен арпалысқан кезде, ертеңгі күнге деген сенім өшкен, үмітсіздікке салынған, еңсеміз түскен кезде анамызды еске алып, көмек, қолдау сұраймыз.Ана мен бала арасындағы мәңгі өшпес байланыстың дәлелі де осы болар.

Дүниедегі суырып салма ақынды да, он саусағынан өнер тамған шеберді де, музыка әлемінің бір қырын өзіне бағындыра білген сазгер мен әншіні де, ойы мен сырын қағаз бетіне түсірген жазушыны да, жаңалықтарға қол жеткізген зерттеуші мен ғалымды да, қарапайым жұмысшыны да өмірге әкелген – Ана.Осыдан «адам бойындағы дарын, қабілет, мінез-құлық ана сүтімен дариды» деген сөз бекер айтылмаған ғой деп ойлайсың.Адам баласы анаға арнап талай ән, жыр, өлең жазғанымен, талай сурет салғанымен, ана сүтін, ана еңбегін, аналық махаббатты ешқашан ақтай алмас.Себебі аналық махаббат Отанға, музыкаға, өнерге, құрбы-құрдас, дос-жаран, жақын көрген адамға деген махаббаттан өзгеше.Аналық махаббаттан шыдамдылықты, қайсарлықты, жылулықты, адамгершілікті, әділдікті, мейірімділікті көре аламыз.Ал ана еңбегін айтсаңызшы, ананың бала тәрбиесіндегі «жұмсаған» күшін, рухани қуатын өлшей де алмаспыз.Бұл жалғанда жан дүниеңді түсінетін, жамандықтан көзінің қарашығындай сақтап, жебейтін, жақсылыққа үндейтін, ішер асын жерге қояр, жанын қияр анадан басқа қымбатты, ыстық, жақын адам, адал, кешірімді нағыз дос жоқ шығар.

Ананың өзі де, сөзі де қастерлі, қасиетті мен үшін.Ананың тәтті сөзі бойға күш берер, жан жарасын емдер, ызалы, ашулы, ащы сөзі жүрекке оқ болып тиер.Ана бойындағы осы бір бірегей қасиеттің өзі Көктен берілген құдірет шығар.Бала сүю Алладан болса, ана бола білу – әр әйелдің өзінен болса керек…

Қазақ тілі мұғалімі Ералина Г.Х.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бала бауыр етім
  • Ана махаббаты
  • Болашақ ананың тамақтануы
  • Ана денсаулығы ұлт саулығы
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

Пікірлер 7 Пікір қосу

  • Акерке 14.02.2022 күні 10:15 уақытында

    Ана болу – үлкен жауапкершілік. Бала Алланың бізге берген аманаты, ертең оның денсаулығына қалай қарадың, өнегелі тәрбие мен пайдалы білім бере алдың ба деген сұрақтарға да жауап беретінімізді қаперімізден шығармасақ қой…

    Жауап беру
  • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 күні 00:48 уақытында

    Қыз баласы үшін ана болу бақытына ие болу Алланың берген ең үлкен сыйы.Тар құрсағын кеңейтіп, тоғыз ай құрсағында көтереді.Өмір бойы тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай өсіреді.Сондықтан аналарымыздың қадіріне жете білейік.Ақ сүтін ақтауға ұмтылайық!

    Жауап беру
  • Айнур 05.11.2021 күні 20:16 уақытында

    Ана болудын ози бир бакыт

    Жауап беру
  • Толкын 04.11.2021 күні 00:40 уақытында

    Ана атану әрбір қыздың арманы

    Жауап беру
  • Айгерим 14.01.2021 күні 16:45 уақытында

    Ана болу-үлкен бақыт,аллаға шүкір көпбалалаы аналар қатарына қосылдым!

    Жауап беру
  • Aidana Nurbaeva 31.10.2013 күні 22:04 уақытында

    Ана атану-қыз баласы үшін ең үлкен бақыт.Барлық қыздарға ана атануға асығыңыздар дегім келеді.Мен де…….

    Жауап беру
    • erjanbei 05.11.2013 күні 16:44 уақытында

      Әр нәрсе өз уақытымен болуы керек!

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.