Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық


Erketai / Ноя.29.2013. / комментариев 12

Шығу.

Жүргізуші:     Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жаңа жылдық, жаңа жылдық ертеңгілік, балабақшада, жаңа жылдық сценарий

1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!

2 бала: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

3 бала: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

1.      Ән «Қыс»

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

Жүргізуші:   Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.

1 лақ:  Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!

3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!

4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран салайын, мә-мә!

5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә!

6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә!

7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз ата алып келсеңші!

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.

Сол кезде Ақшақарды кездестірді.

Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!

Ақшақар: Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.

  1. 2.   «Кішкентай шырша» хоровод әні.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).

Бауырсақ: Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.

Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,

балалар жиналған, кел бірге тойлайық.

Түлкі:  Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.

  1. 3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»

(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).

(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).

Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.

Жүргізуші:  Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән  айтса келіп қалар.

  1. 4.      Ән «Мысығым».

Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.

Ақшақар:  Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші:  Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).

Аяз ата:  Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,

менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды

жағып алайық, қанекей бірге…

Бәрі бірге:   «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

  1. 5.  Ән хороводы: «Аяз ата».

Жүргізуші:  Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.

  1. 6.  Тақпақтар.

Аяз ата:  Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!

Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?

1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,

Бөліспеймін балымды,

Бір өзім-ақ жеп қоямын.

2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.

Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,

Егер балды бөліспесеңдер,

Мақтаншақ деп ат қоямыз.

Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.

  1. 7.      Хоровод биі «Жаңа жыл».

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге

сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).

Ақшақар:  Ой, мынау не? Жылан ғой!

Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен.

Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.

1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,

Түзу жолда бұраңдайсың.

2 бала:  Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады  жылан жылы – жылбасы.

Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!

(Сыйлық үлестіру).

Рахмет айту.

smile

комментариев 12 Пікір қосу

  • коп рахмет озиме керекти коп андер алдым

  • Өзіме керектіні таптым СІЗДЕРГЕ РАХМЕТ!!!

  • Dersk ote keremet kop rahmet

  • көп рахмет осындай іздегенің табылып тұрса жақсы ғой,

  • коп-коп рахмет! Бырак буны калай кошыреды?

  • макала ол не?калай жибереди?коширу керек буны!!

  • рахмет маған ешкі туралы ертегі өте қажет еді

  • jaksi

  • Өте жақсы. Көптеген жұмыстыр бар екен. Көп рахмет.

  • матынды кошырып ала алмай отырмын? кайтсем болады?

  • бізге өте қатты ұнады))))))))

  • жақсы құрылған

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!