Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Жұмбақтар жауабымен


Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.

Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)

Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.

Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.

(қарындаш)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

zhumbakhtar-zhauabimen

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Алтын сақа» ертегісінен музыкалық қойылым
  • Saying goodbye. Letter Bb (Ағылшын тілі)
  • Үй жануарлары (төрт түлік мал туралы)
  • «Қолғап» ертегісі (балабақшада)
  • Өзен мен көлдер (дүниетану пәнінен)

комментария 399 Пікір қосу

  • Manar Omirserik 10.09.2024 в 21:46

    Жұмбақтар балалардың ой-өрісін дамытады. Мақала жақсы жазылған. Нағыз керек дүние

    Ответить
  • Гульмира 30.05.2023 в 09:34

    Керемет.Рахмет.оте жаксы курастырылган

    Ответить
  • Мадина 05.02.2022 в 00:19

    балаларыма жұмбақтарынызды жасырамын. рахмет

    Ответить
  • Арай 27.11.2021 в 00:05

    жұмбақ балалардыі ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады.арасында жұмбақ жасырып ойнаймыз баламызбен

    Ответить
  • Риза 13.10.2021 в 14:36

    Өзіме қажет жұмбақтарды жауабымен таптым.Рахмет

    Ответить
  • Айгерім 23.09.2021 в 07:27

    Өте жақсы жинақталған дайын дүние. Көп қажетіме жарады

    Ответить
    • елжан 16.02.2022 в 15:24

      апай

      Ответить
  • Айгерім 14.09.2021 в 09:33

    Жұмбақтарыңызға рахмет! Енді өз жұмысымда қолданатын болдым.

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 17:20

    Жұмбақтардың шешуін табу арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту тиiмдi болады. Ракмееет.

    Ответить
  • Анель 21.08.2021 в 18:19

    Өте керемет жұмыс. Мектепке әдебиет пәнінен жұмбақтар құрастырсын деген, осы сайтқа кіргеніме қуаныштымын!

    Ответить
  • Ира 03.08.2021 в 15:00

    Жұмбақтар эстетикалық талғамға сай,өте мағыналы құрастырылған.Осы жұмбақтардың авторына еңбегіңіз жемісті болсын.

    Ответить
  • Рахымғалиева Толқын 19.04.2021 в 16:45

    баланың қиялын дамытуға арналған нағыз қажетті жұмбақтар

    Ответить
  • Бөрте 09.04.2021 в 08:35

    Өзі жүзбейді, жүзетіндерге жол көрсетеді.
    Өзі жүрмейді, жүрмейтіндерге жол нұсқалайды.
    МАЯК

    Ответить
  • Баян 04.04.2021 в 16:44

    заманауи жұмбактар және өте түсінікті бала қабылдауына жақсы

    Ответить
  • Амина 17.02.2021 в 15:15

    жұмбақтар жақсы екен

    Ответить
    • Амина 17.02.2021 в 15:16

      иә

      Ответить
    • АМИНА 21.02.2021 в 14:09

      Кым билеты коркем жумбак.

      Ответить
  • Амина 17.02.2021 в 15:13

    өте керемет?

    Ответить
  • Алия 29.01.2021 в 14:55

    Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.

    Ответить
    • Риза 02.02.2022 в 09:18

      Өте керемет жинак екен!!!

      Ответить
  • Алия 29.01.2021 в 14:54

    Жұмбақтар арқылы оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілідру керек деп ойлаймын оте коп материал жазыпсыз

    Ответить
  • Мерей 13.01.2021 в 18:13

    жумбақтар жақсы екен

    Ответить
    • Lady bug 16.03.2021 в 20:08

      Неге өте оңай маған қиындау керек бұлардың бәрін білемін бұны мен балабақшада өткенмін қәзір бастауыш сыныпты бітірлемін =(((

      Ответить
  • Сагила 24.12.2020 в 09:58

    Көп керек жұмбақтарымды таптым

    Ответить
  • Сымбат 10.12.2020 в 10:05

    Оны жасаған адам оны жасағысы келмеген, Сатып алған адам оны алғысы келмеген, Осы зат керек болған адам тыныш Жұмбақтын жауабы қалай кім біледі???

    Ответить
  • Перизат 24.11.2020 в 13:13

    Жұмбақ қызық екен

    Ответить
  • Гүлфариза 22.11.2020 в 17:40

    Саламетсіз. Жұмбақттар жақсы екен. Ослай дамый берныздер. Рахмет сіздерге .

    Ответить
  • Гүлнұр 20.11.2020 в 21:15

    Бұрын бала күнімізде бір-бірімізге жұмбақ жасырып ойнайтын едік. Қазір де балам ойынан жұмбақ ойлап жасырады?

    Ответить
  • Райхан 17.11.2020 в 21:52

    Жылқы жоқ қой да бар бір суиек ол не екенін айтылмаган екен?

    Ответить
  • Гулдана 09.11.2020 в 22:59

    Балаларға жұмбақ,жаңылтпаш мақал-мәтел көп жаттатқызып, тілін де,баланың ой өрісін,есте сақтау қабілетінің де жақсартатын тәсілдің бір түрі деп санаймын

    Ответить
  • Аитжамал 03.11.2020 в 14:47

    Өте таңымды мағлұматты сайт екен. Қазіргі таңда бұндай өз тілімізде жазылған ақрараттар аз. Бұл жерде тәрбиеші ұстаз оқушылар өздеріне қажет мағұлматтарын тез тауып ала алады. Алға жылжый дами берініждер!

    Ответить
  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 в 00:15

    Тарауларға, тақырыптарға бөлінсе өте жақсы болар еді. Бала ойын дамытуда таптырмас құрал.

    Ответить
  • Бахытгул 28.10.2020 в 08:04

    Сәлеметсіздерма!Жұмбақтар өте мағналы жазылған рақмет сіздерге

    Ответить
  • Айдана 09.10.2020 в 10:02

    Cаламатсыз ба) өте керемет жұмбақтар, мағыналы. жауаптаымен болғаны өте ыңғайлы

    Ответить
  • Жансулу 09.10.2020 в 09:38

    Жұмбақтардың жиынтығы көп, әрі қызықты екен рахмет сіздерге

    Ответить
  • Лаура 08.10.2020 в 16:07

    Тіл сабақтарында пайдалануға болатын құнды материал. Жұмбақтар оқушылар жас ерекшеліктеріне сай. Рахмет!

    Ответить
  • Жақай Бақытнұр 04.10.2020 в 16:44

    Сәлеметсіз бе осы сайт дами берсін.Көптеген ұсыныстыр мен ақпараттар толы болсын

    Ответить
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 в 02:31

    Жұмбақ адамның ой өрісін өсіреді. ата бабаларымыз бәрін білген ғой

    Ответить
  • Меруерт 26.09.2020 в 18:35

    өте ұнады рахмет

    Ответить
  • Аяулым 24.09.2020 в 10:30

    Саламатсыздарма! Осындай қажетті дүниелер дайындағандарыңызға көптен көп рахмет. Өте қатты ұнады, сөз жоқ керемет. Сіздерді тауып алғаныма қуанып отырмын! Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Тек осындай сапалы дүниелермен оқырмандарыңызды қуанта беріңіздер!

    Ответить
  • Алия 23.09.2020 в 12:23

    жұмбақтар өте қызықты, балаларға да жеңіл.

    Ответить
  • Диана 22.09.2020 в 13:39

    Материал қатты ұнады, жалпы жұмбақ бала логикасы мен дидактикалық қабілеттерін жоғарылатады

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.