Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Жанартаудың атқылауы қалай жүзеге асады?


Ақтөбе қаласы №40 «Балдәурен»МДҰ-ның

I-ші санатты тәрбиешісі Ж.С. Құрманбаева.

 Тақырыбы: «Жанартаудың атқылауы қалай жүзеге асады? »

 Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-жанартаудың атқылауымен және оның пайда болу жолдарымен таныстыру. Таулардың түрлерімен таныстыру,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу арқылы бірлескен жұмыс жасау. Тәжірибе соңында балалардың өздерінің бұрыннан алған мәліметтерімен, жаңадан алған мәліметтерінен қорытынды шығаруды қалыптастыру. Танымдық- ізденушілік іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, эксперимент жұмысы.
Қолданылатын құралдар: жанартаудың атқылауы бейнеленген суреттер, слайд, картон қағаз, желім, ас содасы, сірке суы, құрғақ қызыл бояу, сабынды сұйықтық, қағаз парақтары, түрлі-түсті қарандаштар, қасықтар, тамызғыш.
Билингвальды компонент: жанартау-вулкан, лава-лава, магма-магма, кратер-кратер.

Жанартау туралы

Тәжірибе барысында балалармен бірлесе  жұмыс  жасау.

Алдын-ала жұмыстар: –Балалар энциклопедиясын оқу.
– Жанартаудың атқылауы бейнеленген иллюстрациялы суреттер қарау.
– Жанартаудың макетін дайындау.
– Жанартаудың түрлері туралы әңгімелесу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тақпақ айтады.
Тау жағалай жүреміз,
Тауға өрмелеп мінеміз.
Оң аяқпен нық басып,
Сол аяқпен нық басып,
Тау шыңына жетеміз,
Таза ауаны жұтамыз.

Барысы:
Тәрбиеші:
Балалар, сендер не туралы білгілерің келеді?
Балалар: Тау туралы қызықты мәліметтер  білгіміз келеді.
Тәрбиеші: Біздің елімізде көптеген таулар бар. Сол таулар жайлы Нұрахмет мәлімет дайындап келіпті.
Нұрахмет ортаға шығып, өзі суретін салған тауды көрсетіп, айтады.
– Таудың етегі, шыңы, басы бар. Ол жердің тастардан тұратын үлкен бөлігі. Тау бірнеше шақырымдарға созылып, жер бетіндегі жазықтардан көрініп тұрады. Таулардың бірнеше түрлері бар: биік таулар, дөңес таулар, қатпарлы таулар, жартасты таулар және жанартаулар.
Тәрбиеші: Рахмет саған, Нұрахмет.
-Балалар таудың қандай түрлері бар екен?
Балалардың жауаптары.

таулардың түрлері

Тәжірибе барысында қауіпсіздік ережелерін  назарға алу.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендер өздеріңді зерттеушілер ретінде сезінгілерің келеді ме?

Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Олай болса, алдымен жанартау туралы қызықты видео ролик көрелік.

( Видео ролик көрсетіледі)

Өте жақсы, осы таулардың бір түрі жанартаулар. Олар елімізде жоқ. Бірақ, басқа елдерде бар. Жанартаудың төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар.Жанартау көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б тау жыныстары атқылап  тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат- лава тасып төгілетін конус  формалы тау. Жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булардың атқылауынан пайда болып, оның төбесінен үнемі түтін шығып тұрады. Лава-жанартаудың атқылауынан болатын отты сұйықтық.
Тастармен ойын: « Суреттерді құрастыр»
Шарты:
Балаларға суреттердің схемасы таратылып беріледі. Осы суреттерді тастардан құрастыру ұсынылады.
Тәжірибе жұмысы.
Тәрбиеші: Жанартаудың қалай атқылайтынын көргілерің келе ме?
Балалар: Иә, көргіміз келеді.

жанартау

Міне, біздер дайындаған жанартау!

вулкан

Тәрбиеші: Ол үшін қатты картон қағаздан конус тәрізде тау жасап аламыз. Жанартаудың көмейіне іші бос пластмасса банканы орналастырамыз. Енді лаваның пайда болу жолдарын мұқият тыңдаймыз.
Банкаға 1 шай қасық ас содасын, ас бояуы мен 5 тамшы сабынды сұйықтық құйылады.Қолымдағы арнайы сұйықтық сірке суынан 5 тамшы тамызылады. Сірке суы өтті қауіпті оны үлкендер көмегімен қолдану керек, өздіктеріңнен қолдануға болмайды.
Тәрбиеші: Нені бақыладыңдар?
-Мен лаваны қандай жолдармен дайындадым?
-Осы тәжірибені сендерде жасап көргілерің келе ме?
Балаларға лаваның құрамын жасау мүмкіндіктері беріледі, бірақ сірке суын тәрбиеші өзі тамызады.
Балалар тәжірибе жұмысын жасап, қорытынды шығарады.
Қорытынды: Жанартаулар жер астындағы газдардың атқылауынан болады.

Қорытынды.
– Қандай таудың түрлерімен таныстық?
– Қандай зерттеу жұмысын жасадыңдар?
– Сендерге ұнады ма?
– Лава деген не?
– Тәжірибенің жасалу жолдарын айтып беріңдерші?
– Тәжірибе барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне назар аударуымыз керек?
-Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: таулардың түрлері мен жанартаудың ерекшеліктерін біледі.

Игеруі тиіс: жанартаудың атқылау жолдарын тәжірибе жасау барысында игеру.

Меңгеруі тиіс: сұрақтарға толық жауап беру,өз ойларын жеткізе білу, тәжірибеге белсенді қатысуды меңгеру.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ойыншықтар
  • Отбасы мен шағын орталықтың ынтымақтастығы
  • Хайуанаттар бағына саяхат
  • Дидактикалық ойындар жинағы
  • Қосу және азайту

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • Гульмира 30.05.2023 күні 09:59 уақытында

    Керемет жумыс.Сабактын курылымы, тәжірибе жүмыстары унады.Оте жаксы

    Жауап беру
  • Камалова К.Ж. 14.05.2020 күні 15:06 уақытында

    Жұмысыңыз керемет

    Жауап беру
  • Жанат Булекова 13.05.2020 күні 00:10 уақытында

    Қандай керемет шығармашыл жұмыс. Жұмысыңыз керемет

    Жауап беру
  • Куралай 10.05.2020 күні 18:23 уақытында

    Сабақтың құрылымы ұнады. Жанартау туралы түсінік қалыптастырып, балаларға ойын арқылы сабақты қызықты өткізген.

    Жауап беру
  • Жансия 21.01.2020 күні 09:44 уақытында

    Жаңартау туралы керемет түсінік берілген. Сабақ жақсы өткені көрініп ақ тұр. Балалар жаңартаудың не екенін білгені қандай керемет. Әріптестер жақсы сабақ жоспарлары үшін рахмет

    Жауап беру
  • Фатима 18.11.2019 күні 16:42 уақытында

    Жанартау туралы жақсы түсінік берілген. Әсіресе сабақты балдардың жас ернкшелігін пайдалана отырып жанартаудың атқылауын макеті арқылы тәжірибелік жұмыс түрінде түсіндіргені қатты ұнады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.