Ұстаз- ұлағатты есім (ой толғау)

Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырлырын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында өзіне де өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлщеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып аянбай еңбек ететін жандар. «Ұстаз ұлы — тұлға»- дегендей бәріміз де ұстаз алдынан өттік.
erkku12j2Ұстаздың еңбегінің арқасында әкімде, не бір өнертапқышта,  әнші, биші бәріде ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десем қателеспеймін. Таңнан  қара кешке дейін мектеп партасымен бірге барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт – бағдар бере білетін жан.
Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар.

ұстаз еңбегі

      Ел басқарған ерде, көне көз қартта ұстаздан тәлім алып, өзі де кейінгіге ұстаз болған. Осы тұрғыдан өзім айлы сөз етсем: ата –анамнан алған тәрбиемді ұстаз алдында шындай түстім. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, үлкен өмірге қадам басқанша ұстаздың бойыма сіңірген сарқылмас білімі мен білігінің арқасында шынайы өмірге шындалып өзімде сол ұстаздардың үмітін ақтау үшін шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттерімнің мен берген білім мен тәрбиенің арқасында тәуелсіз елімізге еңбегі тиер азамат қылып тәрбиелеу. «Ұстаз еңбегі өлшеусіз »- дегендей алдыма келген әрбір шәкіртті жан  -жақты зерттеп өмірге бейімділігін арттыру.

Ең алғаш еңбек жолымды ауылдағы «қара шаңырақ» аталатын мектептен бастадым. Ол мектептің тамыры тереңнен нәр алған, қаншама ел басқарған азаматтар мен азаматшалар сол алтын ұядан ұшқан. Сондықтан да мен алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар ынта- жігерімді алдыма келген шәкірттерме аудардым. Білім берумен шектелмей мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулыдым.

Өзім тілі маманы болғандықтан қазақ тілінің дамуы мен қолдану аясын кеңейту мақсатында аянбай еңбек еттім. Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің өрістеуін оқушыларыма дәріптеп келем.  Абай, Махамбет, Мағжан оқуларына оқушыларымды дайындап аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеміз.

Сонымен қатар менің шәкірттерімнің арасында өзге ұлт өкілдерінің балалары да білім алып келеді. Орыс ұлтының баласы Левченко Эльвираны орыс ұлтының баласы деп айта аламайсыз себебі қазақ тілін 4 сыныптан бастап меңгерген. Бос уақытында тілін жаттықтыру мақсатында өлеңдер оқумен бірге көркем кітаптар оқиды. Аудандық «Өзге ұлттар арасында өткен » сайыстың 1 орын иегері, облыстық байқаудың алғыс хат иегері. Қазақ жері әрқашан тарихи деректермен қилы оқиғаларға толы.

Солтүстік Қазақстан өңірінде осыдан екі ғасыр өмір сүрген, ел арасында «көріпкел», «дуалы би», «әділ би» атанған құртай би туралы 7 сынып оқушысы Жүсіпова Жібекпен бірге  1жыл бойы ғылыми жұмыс жазып аудандық «Жарқын болашақ» байқауының 1 орын иегері болып, облыстан 2 орын алып республикалық байқауға қатысып сертификатпен оралдық.

erkkuj1

Оқушыларымның жеткен жетістігі менің жемісім болса менің жеткен жетістігім менің ұстазымның жетістігі.Ұстаз еңбегі әрқашан жоғары тұрады барлығынан. Шәкіртім алған білімін өз кәдесіне жаратып, өмірде өз жолын адаспай таба білсе менің мақсатымның орындалғаны деп білем.

   Уатхан Еркегүл СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

   
Пікірлер3
  1. Ырысжан

    Ұстаз екінші анамыз,мектеп екінші үйіміз.Ұстаздан тәрбие,өнеге аламыз.Өзім де ұстаз мамандығын оқып жатырмын.Қиын мамандық екені рас,,бірақ өз мамандығыңды сүйіп оқысаң,бәрі де жақсы болады.

  2. Бахтыгуль

    Ұстаз туралы ой толғау өзіме ұнады. Рақмет.

  3. динара

    оте жаксы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ