Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: Көркем әдебиет, Сурет салу

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік: Балаларға ертегіні рөлге бөліп ойнату  арқылы, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ақыл-ой белсенділіктерін арттыра отырып, достық, ынтымақтастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.

Қостілділік: Құмырсқа-муравей, тышқан-мышь, түлкі-лиса, қоян-заяц, торғай-воробей, көбелек-бабочка.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, жаттықтыру

Көрнекіліктер: кейіпкерлердің киімдері,

Технологиялық карта, ОҚУ ӘРЕКЕТІ,достық туралы, Қатынас, Шығармашылық

Іс-әрекеттер кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері    Балалардың әрекеттері
 Мотивациялық- түрткі болатын  Балалар мен сендерге қызықты ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?Аяқпенен тарсылдатып билеймізҚолды соғып басымызды изейміз

Қолымызды көтереміз

Қолымызды түсіреміз

Қолымызды ұсынамыз

Ал шығайық сайланып

Жүгірейік айналып.

Балалар көңілдерін көтерілді  ме?

Ойынға белсене қатысады.Ойын сөздеріне сәйкес қимылдарын жасайды.

 

 

 

-Көтерілді.

              Ұйымдық-іздену Таңғажайып сәт.-Есік қағылады. Қонаққа Дымбілмес кіреді.Дымбілмес:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сендер мені таныдыңдар ма?

-Иә, балалар мен Дымбілмеспін.

-Балалар мен  гүлдер әлемінде тұрамын. Мен сендерге келе жатып, бір допты көріп, қуанып қолыма алып едім, бір бала келіп бұл менің досымның добы-деп алып қойды.

-Балалар, дос деген кім?
-Дымбілмес сен жақсы келдің. Біз бүгін  «Достық» жайында  әңгімелесіп жатыр едік.

-Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай түсінесіңдер?

 

 

-Дұрыс  айтасыңдар, дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы. Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.

-Біздің балалар достық туралы көптеген тақпақтар біледі. Дымбілмес сен тыңда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Дымбілмес, біздің топтың балаларының тату-тәтті, өзара сыйластықта, достық қарым-қатынаста болатынын көгілдір экраннан көруіне болады.Ендеше экранға назар аударайық.

-Саған түсінікті болу үшін, Дымбілмес біздің балалар «Достық» ертегісін сахналап береді.

-Сен отырып тамашала.

-Балалар ертегіні сахналауға шақырамын.

Ертегі.

Автор: Бір күні Құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр. Жүгіріп барып, сол саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр.

Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып  Көбелек келеді:

Көбелек-Зарина:

-Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!

Құмырсқа-Милана:

-Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.

Көбелек-Зарина:

-Түк те етпейді! Көңіл жақын болса, жер тарлығы оқа емес!

Автор: Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді.

Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады.

Осы кезде Саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді.

Тышқан-Мерей:

-Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып.

Көбелек пен Құмырсқа:

-Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр!

Тышқан:

-Сығылысып көрейікші?!

Автор: Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды.

Ал жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келді.

Торғай-Элина:

-Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай.

Құмырсқа, Көбелек,Тышқан:

-Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?

Торғай:

-Өтінемін, жылжып көріңдерші!

-Жарайды, кіре ғой!

Автор: Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғайды да кіргізді.

Осы арада алқапқа ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды.

Қоян-Карима:

-Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай жерге тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!

Құмырсқа:

— Тағы қысылысып көрейікші, Қоян сондай аянышты болып тұр! — деді

Құмырсқа.

Қоян да тығылып үлгерді,  дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді.

Түлкі-Алуа:

-Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.

-Жоқ, көрмедік.

Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.

-Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?

-Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сыйдық!

Автор: Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды.

Осы кезде жаңбыр тоқтап, күннің жарқыраған көзі ашылды. Саңырауқұлақ астындағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты.

-Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстап: «Досы көпті жау алмайды»

Тәрбиеші: Балалар барлығымыз ертегі кейіпкерлерімен бірге бойымызды жазып, сергіп алайық.

Аяқпененен топ-топ-топ

Ал қолымен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға,бір солға

Айналайын кел мында

Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға,бір солға

Ойнайықшы, кел мында

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мында.

Тәрбиеші:

-Балалар, Дымбілместі өзіміздің «Шеберханамызға» шақырайық.

Біз бүгін Дымбілмеске естелік ретінде «Ғажайып суреттерімізді» салып, сыйға тартамыз.

-Балалар, алдарыңдағы қағаз бетінде аяқталмаған суреттерді көреміз. Сендер сол суреттерді бүгінгі кейіпкерлердің суреттеріне айналдыруларың керек.

Іске сәт.

Д/ойын:«Жақсы-жаман»
Ойын шарты: суреттерде бейнеленген жақсы-жаман қасиеттерді, достықтың жақсы-жаман әрекеттерін ажырата білу.

Балалар,бүгін біз сахналаған ертегі кейіпкерлерінің орысша тіліндегі  атауларын білесіңдер ме?

Көгілдір экраннан ертегідегі  алты кейіпкердің суреттері көрінеді.

Құмырсқа-муравей

Тышқан-мышь

Түлкі-лиса

Қоян-заяц

Торғай-воробей

Көбелек-бабочка

-Дымбілмес қонаққа келгеніне балалар қуанады.-Сәлеметсіз бе, Дымбілмес.

-Иә, таныдық. Сіз Дымбілмессіз.

-Дымбілместі зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

-достар ойыншыққа таласпайды, ұрыспайды,бір-біріне көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

Қарақат:

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да, болсада

Біз сенімді боламыз.

Карина:

Біз балалар бағында

Тұрамыз өте көңілді

Көп болсақ та достықпен

Өткіземіз өмірді.

Аделя:

Жазда барып бақшаға Гүлдерге су құямыз

Қыста теуіп сырғанақ

Ойын-сауық құрамыз.

Достықпен,достықпен өткіземіз өмірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегінің желісімен сахналауды тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дымбілмеспен бірге сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Дымбілмес жүр бізбен біздің «Шеберханамызға»

-Көгілдір экранға назар аударады.

Балалар жұмысқа кіріседі.

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

 

 

 

Тәрбиешімен бірге қайталайды.

Иә,білеміз.

 

 Рефлекстік – түзету 1. Бүгін біз не жайында әңгімелестік?2.Балалар бүгін біз қандай ертегіні сахналадық?

2. Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы?

 

 

Тәрбиеші: Барлығымыз орнымыздан тұрып, «Достық» әнін орындаймыз.

Жарайсыңдар балалар. Тәрбиеші балалардың белсенділерді мақтайды.

 

-достық жайында әңгімелестік.- «Достық» ертегісін сахналадық.- Құмырсқа,

тышқан, түлкі,

қоян, торғай,

көбелек.

«Достық» әнін орындайды.

Балалар қуанышты сезімдерімен қатысқанына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Достарын бағалауды, құрметтеуді біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Татулық, адамгершілік түсініктерін игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Суреттегі кескінді ары қарай дамыта отырып, кейіпке келтіру дағдысын меңгерді.

Тәрбиеші: Ибраева Ж.Е.

   
Пікірлер3
  1. Айткул

    keremet magan katty unady.
    erte jas tobyna barma

  2. Айгул

    Маған ұнады. I топқа арналған тех карталар да жазсаңыздар екен

  3. Камшат

    Сәлем! Маған ұнады керемет екен.2-сәбилер тобына сәйкес келеді ме?Сіз қандай топтың балаларымен өткіздіңіз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ