Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Тіл – татулық тірегі


Тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі».

Мақсаты: Балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың үш тұғырлы тілді мегеруіне бағдар беру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ айту, әңгімелесу, мақал-мәтел, тақпақтар айту.

Көрнекіліктер: Елбасының, Астананың суреті, нақыл сөздер, видеоролик

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Неге екенін білесіңдер ме? Себебі біз Тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз. Бүгінгі ашық оқу қызметімізде Тіл мерекесіне арналмақ. Олай болса қазір біз шаттық шеңберін құру арқылы, көтеріңкі көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

Шаттық шеңбер.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай, Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

— Тамаша, орындарыа жайғаса қойыңдар.

тіл туралы сценарий

— Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Сендер сол жұмбақтың жауабын табу арқылы бүгінгі Тіл мерекесіне арналған тақырыбызды аша түсетін боласыңдар. Олай болса жұмбақты мұқият тыңдаңдар.

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

— Дұрыс айтасыңдар. Мінекей көрдіңдер ме жұмбақтың жауабы да бүгінгі тақырыбымызбен тығыз байланысты екен я.

— Балалар, айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Ұлтымыз қандай?

— Біз қай тілде сөйлейміз?

— Біздің ана тіліміз қай тіл?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

— Балалар, сендер білесіңдер ме біздің «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғанын?

1989 жылы 22 ыркуйекте «Тіл туралы» Заңымыз қабылданды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл туралы көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушылырымыз өз ойларын айтып кеткен болатын. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге қысқаша құлақ асайық.

1 слайд: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2 слайд: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3 слайд: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.

Әрине, әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Тіл туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ойын тыңдап көрейік (видеоролик)

Мінекей, бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Балалар, бүгін біз Елбасымыз айтқандай 3 тұғырлы тілді тілге тиек ете отырып 3 тілде амандасып үйренеміз.

3 тілде амандасу.

Қазақ тілінде – Сәлеметсіз бе?

Орыс тілінде – Здраствуйте?

Ағылшын тілінде – Неllo?

Балалар, есік қағылған сияқты. Бізге біреулер қонаққа келген сияқты.(Балалардың назарын есікке аударады). 3елдің ұлт өкілдері кіреді де өздерін таныстырады.

Бибінұр: Менің атым – Бибінұр. Мен қазақ қызымын. Мен Қазақстанда туылғанмын. Менің отаным – Қазақстан.

Нарқыз: Меня зовут – Наркиз. Я русская. Я родился в Казахстане.

Айша: Неllo, im an English girl. My name is Aisha. My homeland from Kazakhstan

Ендеше, біздің елге қош келдіңіздер.

Қане, балалар, келген қонақтарымызбен 3 тілде амандасайықшы.

Сәлеметсіз бе?

Здраствуйте.

Неllo?

Тамаша, балалар. Ендеше қонақтар төрлетіңіздер. Бізде бүгін айтулы мерекеміз Тіл мерекемізді тойлап жатыр едік. Балаларымыздың тапқырлығын, ақылдылығын танып, сіздерде сол мерекеміздің куәсі болыңыздар.

Ал енді балалар, тіл туралы кім тақпақ біледі?

Әсемай

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Анам тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Берекет:

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Жұлдызай

Ана тілің — арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте… Айша бибі

Ана тілім бал тілім Өзің барда шалқыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым

Нұртас

Тілім барда мақтанам. Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Раяна

Ана тілді білмесем Шат-шадыман күлмес ем Жер бетінде сайраңдап Қазақ болып жүрмес ем

Жансезім

Ана тілің біліп қой Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой Мақтанышың, елдігің

— Тамаша, жарайсыңдар. Ал енді балалар орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын орындайық.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау мені басым

Бәрін өзі басқарқан.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарған

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасыңдар. Ал енді балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалған екен тіл туралы қандай мақал мәлел білетінімізді де айтсақ қалай қарайсыңдар. Қане кім мақал-мәтел біледі. Қонақтар бізге риза болып отырсын.

Айзере: Адам көңілден азады, тілден жазады

Айсұлтан: Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Жансая: Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Т. Айару: Бал тамған тілден у да тамады

Аякөз: Өнер алды – қызыл тіл.

Қорытынды.

Мінекей балалар, Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ертеңгі болашағымыздың иесі сендер болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі екендігін естен шығармаңдар. Тілімізді қадірлеп, қастерлей білесіңдер деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтарымызбен қоштаспай әрі қарай өз өнерлерімізді көрсететін боламыз. Сендерге рақмет балалар.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • New structure: “It`s red”. Letter G
  • Қосуға берілген есептер
  • Алға қарай еңкейіп баспен домалап түсуді үйрету
  • Алтын күз балабақшада ертеңгілік
  • Армысың Алтын күз мерекелік іс-шара

комментария 65 Пікір қосу

  • Manar Omirserik 10.09.2024 в 21:48

    Өте жақсы. Тіл туралы жақсы ақпарат берілген. Осындай сабақтар тіліміздің құрметін арттырады

    Ответить
  • Гизела 15.01.2024 в 10:46

    Портфолио керек

    Ответить
  • Гульмира 30.05.2023 в 09:38

    Сабак жүйелі курастырылган,жан- жакты ойластырылған . Өте жаксы унады

    Ответить
  • Мадина 05.02.2022 в 00:20

    Атадан бала мирас болып қалған мұра .Мұраға ие болатын өсіп келе жатқан біздің сәбилеріміз.Осындай оқу қызметі көптеп ұйымдастырылса балаларға берері мол деп ойлаймын. рахмет мақаланызға

    Ответить
  • арайлым 15.10.2021 в 13:42

    тіл алтын қазынамыз! маған ұнады

    Ответить
  • Камшат 04.10.2021 в 14:25

    Тіліміз атадан қалған алтын мұрамыз, оны балаларға жеткізу біздің міндет!!!

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 22:25

    Сабақтың мақсаты, өрбуі өте жақсы жасалған. Тiл әр елдің қазынасы деп ойлаймын.

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 17:16

    Сабақтың тақырыбы бойынша жарияланған еңбек өте жақсы өрбіген. Тақырып ашылды.

    Ответить
  • Мерей 13.01.2021 в 18:14

    материал маған ұнады

    Ответить
  • Тогаева Гулжайна Қайратқызы 21.11.2020 в 20:07

    Тіл- татулық тірегі. Қазақ тілі- бұл біздің егемендігіміз секілді. Жақында қазақ тілі — ең ірі 40 тілдің қатарына еніпті. Бұл үлкен жаңалық. Қазір тіпті,орыс, еврей, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарыда Қазақ тілінде емін-еркін сөйлей алады. Біз ағылшынша дұрыс сөйлей алмайтын шығармыз, бірақ өз тілімізді білгенімізгеде риза болуымыз керек. Жеті жұрттың тілін біл. Жеті түрлі ілім біл, деген екен атам қазақ. Тілімізді, дінімізді ақшаға сатылмайтын асыл қасиеттерімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық халайық.

    Ответить
  • Гулдана 09.11.2020 в 23:59

    Өзге тілдің бәрір біл,өз тіліңді құрметте демекші уш тұғырлы тіл туралы да жақсы айтылған,алайда төл тілімізді,салт дәстццвүімізді дәріптеуге көмекші дайын құрал,рахмет сіздерге

    Ответить
  • Аитжамал 03.11.2020 в 14:54

    сабақ жоспары жақсы құрастырылған. сұрақтар мен ойындар балалардың таным дейін арттыратын ойлау қабілеттерін жақсартатын мақсатта жасалған. Әрбір педогог маман білу керек мағұлыматтармен қамтылған

    Ответить
  • Аитжамал 03.11.2020 в 14:51

    Жақсы тақырып сабақта осыны қарастырамын. Тіл мәселесі қашан да өзекті. Осылай балаларымызды тілді қастерлеуге кұрметті бойларына сіңірулеріне таптырмас мағлұмат болып табвлалады. Осындац такврвпта сабақтарвныз кобие берсін

    Ответить
  • Айдана 09.10.2020 в 10:08

    сабақ жосары жақсы құрастырылған. сұрақтар мен сауалдар жақсы қойылған

    Ответить
  • Лаура 08.10.2020 в 16:12

    Тіл- таусылмайтын алтын қазына. Ата- бабамыздан мұра боп қалған тіліміздің құдіретін бала бойын сіңіру әр педагогтің басты мақсаты. Ал, үштілділік- заман талабы. Сабақ ұнады.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.