Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Табиғатты аялайық адамзат!


Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин

атындағы ЖОББ мектебінің

математика – информатика пәндері мұғалімі Кубашова Шынар Конарбаевна

Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

Ақ қағаз, ақ мата, аппақ қар мен ақ мақта адамды тазалыққа тартады. Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда оның жаны да дәл осындай аппақ, тап – таза болары хақ. Күндер мен жылдар алмасқан сайын, ақ беттерде қара жолақтар жиілей бастайды. Тіптен көбейіп те кетеді. Сонда осы қара жолақтар неден пайда болады? деген сұрақ туындайды.

Әр адам есею барысында ең алдымен ананы, содан соң отбасы мүшелерін танып біле бастайды. Осылайша ол қоғамға аяқ басады. Ақ қағаз ең алдымен отбасылық жағдайлардан, мұндағы келеңсіз оқиғалар салдарынан ластана бастайды. Қоршаған қоғам мүшелерінің әсерінен ақ бетте қара дақтар көбейеді. Осыдан адамдарда «қара ниет» деген ұғым пайда болады. Көп жағдайда біз оған қателік деп қараймыз. Бірақ әр кеткен қатенің артында бірнеше нашар ой, төмен көзқарастың қалыптасып жатқанына еш назар аударып жатпаймыз.

ekologya-turaliҚазіргі уақытта жер шарында проблема болып жатқан экологиялық жағдайлар да айлар, жылдар, ғасырлар өткен сайын адам қолымен жасалған жағдайлардың салдары десек қате болмайды. Яғни жан тазалығы мен қоршаған орта тазалығын да лайлайтын ол – адам.

Біз адамдар –тіршіліктің ең саналы, ең қабілетті мүшесіміз. Дегенмен қоршаған орта түгілі өз жанымыздың тазалығын сақтай алмаймыз. Ақыл мен айланы ажырата алмайтын кездер көп кездеседі. Сәбилік пәктіктің 0,1 пайызын болса да сақтап қалғымыз келсе, ең алдымен өзіміздің «Адам» екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Әр адам адамдық қасиеттің бір ғана түйірін бойында сақтап қала алса, бүгінгідей экологиялық проблемалар болмас еді.

Ең бастысы әр бала экологиялық сауатты болуы керек. Әр сәби жан тазалығына құштар болып өсуі керек. Өзге біреуден естіген әрбір қатты сөзден адам жаны қалай жараланса, әр тапталған көк шөп, әр сынған бұта, әр қанаты майысқан құстың да дәл осындай сезімде боларын түсінуі қажет.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» дегенді бәріміз білеміз. Адам да осы табиғаттың бір мүшесі болғандықтан басқа мүшелерімен тығыз байланыста болары түсінікті. Адамның он екі мүшесі сау болғаны қаншалықты маңызды болса, табиғатты да құрайтын барлық мүшенің амандығы бәріміз үшін маңызды болуы тиіс.

Құрметті достар! Әрқайсысымыз өзіміздің деніміздің саулығын, санамыздың тазалығын сақтай білейік. Дәл солай табиғатты да аялауға үйренейік. Табиғат таза болса, адамның жаны мен тәні де таза болатынына кәміл сенемін. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранды есте сақтайық достар!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қуанышты туған күн кеші (сабақ жоспары)
  • Түзету-дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат»
  • Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем
  • Қоңыраудағы көрініс
  • «Әдемі гүлдер» (тех.карта)

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Молдир 22.02.2022 күні 22:19 уақытында

    Дами бериниз автор! жаксы жазылған!

    Жауап беру
  • Молдир 06.11.2019 күні 15:42 уақытында

    Бұл жоспар маған өте қатты ұнады. Жарайсыздар

    Жауап беру
  • Ақерке 02.11.2019 күні 19:47 уақытында

    Табиғат екінші анамызғой. Өте орынды жазылған. Дами беріңіздер!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.