Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Тәуелсіз елдің ұландары


Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұландары

Мақсаты:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекілігі:Гүлдер,  шарлар, суреттер т.б.

 

Тәрбиешінің кіріспе сөзі. Құрметті ата – аналар, бүлдіршіндер және балабақша қызыметкерлері! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толғалы отыр. Жас мемлекетіміз жиырма жылдың ішінде көптеген жетістіктерге  жетті. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.Болашақтың тірегі  бүгінгі мына бүлдіршіндер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын деп тілейміз. Келе жатқан ұлық мереке құтты болсын!

тәуелсіздік туралы, ашық сабақ, отан туралы, балаларға, бастауыш сыныпқа«Шұғыла»  тобының  бүлдіршіндерімен  дайындаған  «Тәуелсіз елдің ұландары»  атты  мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық.

Әнұран орындалады.

Шара  «Тәй – тәй» бағдарламасы  негізінде орталықтарға бөлініп, сайыс түрінде өтеді.

Әділ қазылар алқасы: Әмина Борисқызы – тәрбиеші ,

Шынар Бердіқұлова – әдіскер,

Ұлболсын Исатайқызы – психолог.

 

Сайысушы топтар: «Айдын» тобы:  Қойшыбай Несібелі,

Өмірзақ Бейбарыс,

Нұрмаш Дархан,

Қожахмет Асылжан.

 

«Жарқын» тобы:    Талғатұлы Әміржан,

Әлімсәлім Ілияс,

Рахым Айкөркем,

Дәулет Айтуар.

 

«Толқын»  тобы:  Бақтыгерей Ерасыл,

Алхам Наурызбек,

Лесбай Жаңайбек,

Дүйсенбай Бибінұр.

Топ атауларының  өз сыры бар. Еліміздің  айдындай  жарқыраған ұланғайыр даласы,  өзен, көлі көз алдымызда. Бүлдіршіндеріміздің  де

білімдері теңіздей  терең, айдындай жарқырай берсін  деген ниетпен алдық.

Тәуелсіздік алғаннан бері болашағымыз жарқын. Елмен бірге бүлдіршіндеріміздің де болашағы жарқын болсын  деп тілейміз.

Кейінгі толқын мына бүлдіршіндер еліміздің болашағы.

 

  Топтар үш орталықта бақ сынасады.

І орталық – Көркем әдебиет орталығы.

Бұл орталықта  сайыскерлер  Отан, Тәуелсіздік , туған жер тақырыбындағы

өлең, тақпақтарды  мәнерлеп,  жатқа айтады.

«Айдын» тобы:   Қойшыбай Несібелі: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

 

Өмірзақ Бейбарыс:   Туған жер алтын босағам,

Аттандым сенен қияға.

Апам мен Отан қос анам

Қондырған мені ұяма.

 

                                  Нұрмаш Дархан:      Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

Қожахмет Асылжан:     Тәуелсіз елім, тірегім,

Самғауыңды тіледім.

Елу елдің ішінен,

Орын алар ұлы елім.

 

«Жарқын» тобы: Талғатұлы Әміржан: Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр- әні.

Отанымның туын көкке көтеріп,

Мен боламын ұлы елімнің ұланы.

 

 Әлімсәлім Ілияс:     Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағын.

 

 Рахым Айкөркем:Отан – менің жүрегім,

Отан – менің тірегім,

Отан – менің отбасым,

Тек соны ойлап жүремін.

 

Дәулет Айтуар:   Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр  жарқырап.

 

«Толқын»  тобы:  Бақтыгерей Ерасыл:Отан – менің ата – анам

Отан –  досым, бауырым.

Отан – өлкем, астанам,

Отан – туған ауылым.

 

Отан –тарих,  Отан – тіл,

Жасаған елім, өз халқым.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

 

               Алхам Наурызбек:   Отан – сенің ата – анаң

Отан –  досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан,  ауылың.

 

Лесбай Жаңайбек :Жаса, жаңа Астанам!

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

 

  Дүйсенбай Бибінұр:Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы.

 

ІІ. Зерде орталығы.  «Ғажайып  қоржындағы»  сұрақтарға  жауап  беру.

  1. ҚР –ның  Елбасы  (Президенті)  кім?
  2. ҚР – ның  рәміздерін ата.
  3. Еліміздің бас қаласы (Елордасы) қай қала?
  4. Тудың түсі қандай, сипаттап бер?

 

ІІІ. Тіл дамыту орталығы.

Алдын – ала берілген  тақырыпқа үйден ата- аналары сурет салады. Балалар сол суретке әңгіме құрап айтады. Кемінде 4-5 сөйлем айтуы керек. Балалардың сөз құрауы, сөздердің байланысы, жалғау, шылауларды пайдалануы және сөйлеу мәнері ескерілуі тиіс.

Ән. Әрқашан күн сөнбесін. Орындайтын балалар хоры.

 

Қорытынды:   Отан деген не?Топтастыру әдісі бойынша балалар магнитті тақтаға  суреттерді тауып жапсырады. Ауыл, отбасы, бауыр, дос, қала т.б.

 

Әділқазылардың шешімі. Марапаттау рәсімі.

Тәрбиешінің қорытынды сөзі.

Мақала авторы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы,

«Қарлығаш» балалар бақшасының  тәрбиешісі

Өтеалиева Нұрсұлу Құсайынқызы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту (тренинг)
  • Менің сүйікті кейіпкерім
  • Ойыншықтар сыры
  • Ашық сабақ «Ғажайып білім әлемі »
  • Әдемі моншақ

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • Гулнора 25.11.2020 күні 15:29 уақытында

    Өлеңдері керемет .Сайтқа сөз жоқ .Рахмет

    Жауап беру
  • Гулнора 25.11.2020 күні 15:29 уақытында

    Алла риза болсын. Жақсы өте керемет сайт екен .керекті деректер барлығы

    Жауап беру
  • Насихат 28.04.2020 күні 22:43 уақытында

    Өте күшті құрылған өлең екен маған ұнады

    Жауап беру
  • Асел 27.04.2020 күні 15:21 уақытында

    Тақырыптық сабақ мазмұнына сай құрылған, балаларды Отансүйгіштікке, патриот болуға тәрбиелейді. Рахмет

    Жауап беру
  • Гульбарам 30.03.2020 күні 18:01 уақытында

    Осы сіздің Тәуелсіз елдің ұландары» атты әзірлемеңіздің маған үлкен көмегі тиді. Өйткені құрылымы жағынан да, ішіндегі тақпақтары да ұнады. Еңбегініз жаңа берсін. Алғысым шексіз.

    Жауап беру
  • Жанар 04.03.2020 күні 14:01 уақытында

    тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарына тәуелсізідіктің мән мағынасын түсіндіруге бағалауға бағытталған мақала

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.