Психология туралы ертегі

Мақсаты: Ертегіні тыңдай отыра психология туралы мағлұмат алып, өз көзқарастарын білдіру.
Өткізілу формасы: Ертегі терапиясы
Қажетті материалдар және көрнекіліктер: Слайдтар, ватман, музыка
Жүру барысы:
Бір ғылыми кітапханада өте ақылды кітаптардың арасында ПСИХОЛОГИЯ өмір сүріпті. Бұл кітапханаға өте ақылды, оқымысты психологтар келеді екен.
Олар ақылдыдан да өте ақылды кітаптарды оқиды екен, күрделіден де күрделі тәжірибелерді жасап, ұзақ зерттеулер жүргізіпті және де зерттеулермен бірге сауалнамалар, тест жұмыстарын орындапты.
Барлығы да жақсы еді! Бірақ, кітап сөресінде тұрған ПСИХОЛОГИЯ терезеден мынадай көріністерге тапжылмай ұзақ уақыт қарап тұратын:

Көшеде адамдар жұмысқа асығып бара жатты,сөмкелерін арқалаған оқушылар, балабақша сәбилерін серуенге алып шыққан тәрбиешілер, асықпай қыдырыстап жүрген зейнеткерлер…
Терезеден қарап тұрып, ПСИХОЛОГИЯ мынадай ойға келді: «Мен болсам мына кітап сөресінде тұрмын, ал бір жерде біреуге мен өте қажетпін, себебі мен ПСИХОЛОГИЯ – жандүниелік, нағыз сезімтал, адамгершілік нәрін адам бойына сусындататын ғылыммын ғой!
Сөйтіп, ПСИХОЛОГИЯ адамдарға көмектесу үшін, әлемді шарлауға бел буды.
Тез шешімге келіп, ПСИХОЛОГИЯ ұзақ сапарға аттанды. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, алдынан МЕКТЕП деп жазылған зәулім ғимаратты көреді.
Мектеп кіргені сол еді, жан-жағынан мектеп директоры, орынбасары, кітапханашы, тазалықшылардың қоршауында қалады.Олар да: Біз сені көп күттік, Көп сұрақтарымыз жиналып қалды. Неліктен балалар оқығысы келмейді? Сабаққа келмейді? Неге аз оқиды, көп уақытын теледидар қарауға жұмсайды? Неге оқу кезінде есте сақтауы, қабылдауы төмен? Оқушыларда жауапкершілік сезімдерін, оқуға қызығушылықтарын қалай оятамыз? – деген сұрақтарын жаудырады.
ПСИХОЛОГИЯ өз кеңестерімен бөлісті.

психология туралы түсінік
Мектептеріне ПСИХОЛОГИЯ келгенін естіген бастауыш сынып оқушылары мен ересек оқушылар: Ақылды болу үшін не істеу керек? Бізді неге ұстаздарымыз,ата-аналарымыз түсінгісі келмейді? Емтихан кезінде қобалжуымызды қалай басуға болады? Мамандықты қалай таңдаймыз? деген сұрақтарына жауап күтті. ПСИХОЛОГИЯ мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен ұзақ әңгімелесіп, сұрақтарына асықпай жауап берді.
Ол тағы жолға жиналды, мектеп директоры мен мұғалімдері, оқушылар: «Өтінеміз, кетпе, бізбен қал, саған қояр сұрақтарымыз көп!» дейді.
Ал ПСИХОЛОГИЯ: ”Жоқ мен мектепте қала алмаймын, бір жерде біреуге мен өте қажет болармын” дейді де, өзінің ψ белгісін беріп, » Керек болғанда осы белгіні қолға алсаңдар, мен дереу көмекке келемін» деп жолға шығады.
ПСИХОЛОГИЯ әрі қарай журе түсті, жақын маңда тұрған балабақшаны көрді, терезесінен қатты дауыстар шығады.
ПСИХОЛОГИЯ-ны көріп қалып, балабақша басшысы, тәрбиешілері, аспаздары, жүгіріп келді де, сұрақтың астына алды: Неге балалар ойыншықтарын жинамайды? Неге түскі асты нашар ішеді? Егер балалар бір — бірін мазақтаса, ренжітсе не қыламыз? Оларды қалай достастырамыз? Оларды мектепке қалай дайындаймыз?
ПСИХОЛОГИЯ олардың барлық сұрақтарына асықпай жауап берді.
Ол тағы жолға жиналды, тәрбиешілер мен балабакша басшысы: «Өтінеміз, кетпе, бізбен қал. Мектепке дейінгі дайындық педагогтарының саған қояр сұрақтары көп» дейді.
Ал ПСИХОЛОГИЯ: ”Жоқ мен балабақшада қала алмаймын, бір жерде біреуге мен өте қажет болармын” дейді де, өзінің ψ белгісін береді, «керек болғанда осы белгіні қолға алсаң, мен дереу көмекке келемін» деп әрі қарай сапарын жалғастырады.
Жолда жүріп келе жатып біреудің қатты жылағанын естиді. Жақындап келіп, қараса кішкене қыз еркелеп, анасын тыңдамай, бар даусымен жылауда екен. Анасы не істерін білмей шарасы таусылып тұр. ПСИХОЛОГИЯ болса қыздың анасының құлағына былай деп сыбырлапты: «Сен отырғышқа отырып, қызыңды алдыңа алып, құшағыңа қысып, құлағына оны қатты жаксы көретінің туралы жылы сөздеріңді айт» дейді.
Қыз анасы дәл солай жасады. Қыз жылауын қойып, күлімдеп,ойын ойнауға жүгіріп кетті. Ана: «Рахмет саған, ПСИХОЛОГИЯ, сен біздің үйге жүр, біздің жанұямен бірге тұр, ата-аналардың саған қояр сұрағы өте көп» дейді.
Ал ПСИХОЛОГИЯ: ”Жоқ мен сенің жанұяңда қала алмаймын. Бір жерде біреуге мен өте қажет болармын, керек болғанда осы белгіні қолға алсаң, мен дереу көмекке келемін» деп өзінің белгісін ψ береді.
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ бар адамға көмек беріп жатқаны жөніндегі хабар бар әлемге таралады…
Бұл хабарды естіген менеджерлер, заң қызметкерлері, дәрігерлер, журналистер ПСИХОЛОГИЯ-ға келіп кеңес ала бастады.
Полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, бизнесмендер, фирма директорлары, дүкеншілер, спорт тренерлері және басқа көптеген мамандық иелері келе бастады.
Міне, осылай халықта өте қажет және керек ғылым – ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пайда болды. Ол туралы жоғарғы оқу орындарында студенттерге дәріс жүргізіле бастады. Ал кітап дүкендерінде психология туралы кітаптар сатыла бастады.
Сонымен қатар, зейнеткерлер де, оларға психологиялық ғылымның көмегі қажет екенін айтты. Көп уақытқа дейін жан-жақтан сансыз сұрақтар естіліп жатты: ”Неге? Қалай болады? Не істеймін? Егер…”
ПСИХОЛОГИЯ барлығын да тыңдады, барлығына өз кеңестерін айтты, ешкімді ескерусіз қалдырған жоқ!
Адамдар оны өздеріне тоқтаусыз шақыра бастады. Ал ол өзінің ерекше белгісін ψ бере отырып: ”Кімге көмек қажет болса да, мен міндетті түрде келемін” деді.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ