Мен және менің қалам

Мақсаты: балаларға өзінің туған жерінің тарихы, мәдениеті жөнінде білім беру. Адамгершілік патриоттық сезімдерін, танымдық және ізденушілік қызметін дамыту. Өздерінің туған қаласы Астанаға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет.Оның астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы
Тәрбиеші: Бұл жаңа астана, жаңа бас қала.Ал, балалар біз қандай қалада тұрамыз?
Балалар: Біз Астана қаласында тұрамыз
Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Балалар: Көк туымыз, Елтаңба, Әнұран.
(Тәрбиеші рәміздердің суретін іледі.) Ал,біздің президентіміз кім?
Балалар жауабы: Біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев
(Тәрбиеші президенттің суретін іледі). Ал, балалар бәріміз орнымыздан тұрып Әнұранды айтайық. Жақсы балалар.
Тәрбиеші: Қазақстан біздің Отанымыз дедік. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайсыңдар, Отан үшін еңбек етесіңдер. Отан туралы тақпақ айтып бересіңдер ме?
Балалардың жауабы: Иә, Отан туралы өлең айтып береміз

Астана жайлы ашық сабақ балабақшаға
Ақын Бүркіт Ысқақовтың «Менің Отаным» деген өлеңнің бір шумағын айтып береді.
Отан менің ата-анам, Отанымның төрінде
Отан-досым бауырым Сарыарқаның өрінде
Отан-өлкем астанам, Ту ұстаған астанам,
Отан- аудан,ауылым Әсем қалам,бас қалам
Ақын Ермек Өтетілеуовтің «Отан» деген өленің оқиды
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз

 Балалардың Астана қаласы туралы айтылған әңгімесі:
Астана ол бас қала. Астанамыз қазір үлкейіп,өркеңдеп келе жатыр.Көшелері кең онымен көп машиналар,троллейбустар,микроавтобустар жүреді
Астанада президенттің сарайы бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жерде қызмет істейді,шетел басшыларын қабылдайды. Астанада биік жаңа үйлер көп салынып жатыр.
Мен Астанада апаммен қыдырып қала орталығы,әдемі көшелерін,Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би аталардың ескерткіштерін көрдім.
Тәрбиеші:Астана туралы кім тақпақ айтып береді?
Сендер Астана қаласының қандай әдемі жерлерін білесіңдер?
Бәйтерек, Ақорда, Ханшатыр, Думан, Мега, Саябақ, Мұражай, Тәуелсіздік сарайы.
Заман жаңа, ел жаңа , Асқақтай бер, Астанам
Күлімдейді кең дала Берекеге бастаған
Өз Астанам- Ақ ордам Болашақтың есігін
Сүйенерім сен ғана! Оң қолыңмен аш маған!

III кезең. Сайыстың өткізілу барысы.

Тәрбиеші: Ал, балалар біз сендермен бүгін Отанымыз, сүйікті қаламыз туралы білімдерімізді есімізге түсіріп алдық. Ендеше біздің сендермен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз интеллектуалды сайыс ретінде өткізіледі. Ол үшін өздерің байқап тұрғандай екі топқа бөлінеміз. Ендеше екі командалар өздерін таныстырып алсын.
1. Командаларды таныстыру
І. «Астана» командасы
ІІ. «Бәйтерек»командасы
Ұрандарын айту
І команданың ұраны
Бәйтерек — Астана төріндегі
Өресі биіктің өмірдегі
Еңсесі елімнің биіктеткен
Ортаңда бойлап өскен – Бәйтерегің
ІІ команданың ұраны
Ел орда менің-Астанам
Осында-жаңа бастама
Көрікті сондай жас қала
Астана бас қала
Астана жас қала
2. Тәрбиеші сұрақтар қояды
а) Қазақстан жерінде кездесетін құстарды ата?
Бүркіт, кекілік, бөдене, ұлар, тоқылдақ, қыран, тырна, шағала, құр, аққу, қырғауыл, бірқазан т.б.
ә) Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?
Ақсүйек, бәйге, қыз қуу, көкпар, соқыртеке, күрес, арқан тартыс, теңге алу, аударыспақ, тақия тастамақ.
3. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар?
Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл.
б) Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар?
Сәукеле, шапан, бүрме көйлек, камзол, кимешек, бөрік, тымақ, тақия, айын, қалпақ, ішік, жарғақ, щалбар, мәсі, байпақ, саптама етік.
в) «Жеті қазынаны атаңдар?»
Жеті қазына: жүйрік, тазы ит,қыран бүркіт,берен мылтық,алмас қылыш,ер жігіт,сұлу жар
Қазақ хандары: Абылай хан,Тәуке хан, Жәңгір хан
г) Қазақстанның өзен-көлдерін атаңдар?
Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл,Қаратал, Іле,Талас, Шу,Тобыл, Ертіс, Шарын, Қапшағай т.б.
ғ) Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңдар?
Домбыра,қобыз,асатаяқ,дауылпаз,сыбызғы т.б.
д) Қазақтың төрт түлік малдарын және олардың төлдерін атаңдар?
Түйе ботасымен,жылқы құлынымен,сиыр бұзауымен,қой қозысымен,ешкі лағымен
е) Елтаңбаның авторларын атаңдар?
Шәкен Ниязбеков
Өткен ғасырда елімізді, жерімізді,жаудан қорғаған батырларды атаңдар?
Батырлар:Наурызбай,Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай батыр, Исатай және Махамбет.
ж) «Алтын адам» бейнесі Қазақстанның қай жерінен табылды?
«Алтын адам» бейнесі Алматы қаласының жанындағы Есік қаласында табылған
з) Қазақтың ұлттық дәстүрлерін атаңдар?
Отқа май құю, баланы қырқынан шығару, беташар, баланы бесікке салу, дастарқанға бата беру, шаңырақ көтеру.
и) Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар?
Қымыз, шұбат, бесбармақ, бауырсақ, жент, шелпек, талқан.

3. Жұмбақ жасыру

«Қош келдіңіз!» ұраны, Іші адамға толатын,
Бір сөнбейді шырағы Ұшақтар келіп қонатын
Жұрттың бәрін қарсы алып Не дейді үлкен алаңды?
Шығарып сап тұрады. (Әуежай)
(Теміржол вокзалы)

Мақал-мәтелдер айтқызу

 Туған жер және Отан туралы
1. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
2. Жері байдың — елі бай
3. Туған жердің күні де ыстық
Түні де ыстық
4. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол
5. Отан- оттан да ыстық
6. Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл
7. Отан- қуат, отбасы шуақ
Жарыс екі командаға сурет салғызу
«Бәйтерек» тобына «Астана» тобына
Бәйтерек Пирамида салғызу
Қорытынды, әділқазыларға сөз беру:
Жарайсыңдар, біліктіліктерінді көрсеттіңдер!
Бүгінгі сайыста екі топ та бір-бірінен қалыспады.
Екі топтың ойыншылары сұрақтарға толық жауап беріп, ақыл-ойларының ұшқырлығын көрсетіп, керемет суреттер салып берді. Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз!

   
Пікірлер5
  1. дана

    Рахмет. Маган унады. Командалык топтарга болип сабак оту казирги заманнын ен керек методикасы. Бала командамен жумыс жасауды уйренеди. Бул казирги когамда коп козгалып жаткан маселе.

  2. Загира

    Рахмет. Маган унады. Командалык топтарга болип сабак оту казирги заманнын ен керек методикасы. Бала командамен жумыс жасауды уйренеди. Бул казирги когамда коп козгалып жаткан маселе.

  3. Индира

    Еліміздің бас қаласы туралы өте жақсы айтылған.Бұл сайыс түрінде өткізген тиімді әдістердің бірі екен.МАД тобы балалардың тәрбиесіне ерекше рөль тигізеді.Рахмет !

  4. лайла

    салеметсіздерме сайттын бетіндегі жарнамаларды мақала арасына неге коп койылған мақала емес жарнама оқып кетеміз !!!!
    оте кедергі келтіреді

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, жақын арада жарнама санын азайтуға тырысамыз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ