Мектеп алды топ балаларымен тәжірибелік іс-әрекеттер

Тәжірибе – арнайы ұйымдастырылған жағдайларда өткізілетін бақылау. Тәжірибенің маңызы
Тәжірибелер баланың табиғатқа деген танымдық қызығушылығының арттырады, байқағыштығын, ойлау қабілетін дамытады. Әр тәжірибеде бақыланатын құбылыстың себептері анықталады, тұжырымдамалар мен пікірлерге тоқталады. Тәжірибелер көбіне ересек топ балаларымен өткізіледі. Кіші және ортаңғы топтарда тек ғана жеке ізденістік әрекеттер қолданылады.

Тәжірибелерді өткізу әдістемесі

Тәжірибе әрқашан балалар бақылау кезінде алған көзқарастары негізінде құралу керек. Тәрбиеші тәжірибе өткізе отырып жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірмеуі тиіс.
Балабақшада тәжірибелер тірі табиғат заттарымен, өсімдіктер, жануарлармен өткізіледі. Жеңіл тәжірибелер балалардың ойындарында қолданылуы мүмкін; олар табиғат бұрышындағы, бақшадағы еңбекпен байланысты болуы мүмкін.

Су «Су мөлдір»
Балалардың алдында екі стакан қоямыз: біреуінде су, екіншісінде сүт құйылған. Екі стаканға да таяқша немесе қасық саламы. Стакандардың қайсысынан қасық немесе таяқша көрінеді, ал қайсысында көрінбейді? Неліктен? Біздің алдымызда сүт және су. Су құйылған стаканнан таяқша көрінеді, ал сүт құйылған стаканда ол көрінбейді.
Қорытынды: су мөлдір, ал сүт мөлдір емес.

ғылыми тәжірибелік сабақ.«Судың дәмі жоқ»
Балаларға түтікше арқылы судың дәмін көруді ұсыныңыз.
Сұрақ: судың дәмі бар ма?
Көп жағдайда балалар судың өте дәмді екенін айтады. Салыстыру үшін оларға сүт немесе шырын беріңіз. Балалар үлкендерден судың дәмді екенін жиі естиді, осыған байланысты түсінік қалыптасады. Адам қатты шөлдеген кезде суды сүйсініп ішеді, сондықтан «Қандай дәмді су!» деп айтатынын түсіндіру керек. Ал теңіз суы тузды келеді оны ішу мүмкін емес.

«Судың иісі жоқ»
Балаларға суды иіскетіп, ненің иісі шығатынын айтқызыңыз. Жоғарыда айтылғандай, олар судың иісі керемет деп айтады. Судың иіссіз екеніне көздері жеткенше қайта қайта иіскетіңіз. Бірақ су құбырларынан алынған суды арнайы заттармен тазартатындықтан иісінің болуы мүмкін екенін де айтып өтіңіз.

«Бу – бұл да су»
Ыстық суы бар термос алыңыз. Балаларға буды көрсету үшін .тығынын ашыңыз. Бірақ будың су екенін дәлелдеу керек. Будың үстіне айна немесе шыны қойыңыз. Оған су тамшылары жиналады, балаларға көрсетіңіз.

«Су сұйық, ағады»
Балаларға екі стакан беріңіз: біреуіне су құйылған, екіншісі бос. Бір стаканнан екіншісіне суды құйғызыңыз. Су құйылады ма? Неліктен? Себебі ол сұйық. Су сұйық болмаса онда өзен-көлдерден, шүмектен ақпайды.

«Су жылы, суық, ыстықы болады»
Температуралары әр түрлі су құйылған стакандар беріңіз. Саусақтарымен көріп, қай стакандағы су ең суық және ең жылы екенін анықтасын.
«Судың пішіні болмайды»
Балалрға мұз кесегін қарастыруды ұсыныңыз. Мұздың пішіні қандай? Егер мұзды стакан, тарелке, алақанға салсақ оның пішіні өзгере ме? Жоқ, ол кез келген жерде ерігенше кесек болып қалады. Ал сұйық су ше? Балалар суды құмыраға, тарелкеге, үстел үстіне құйсын. Су құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды. Яғни сұйық судың пішіні болмайды.

Ауа «Ауа»
Стаканды түбімен жоғары ұстап суы бар банкаға түсіріңіз. Стаканды тура ұстау керек. Не болды? Стакан ішіне су кіреді ме? Неліктен кірмейді? Себебі стаканда ауа бар, ол суды жібермейді

«Ауа көпіршіктері»
Стаканды суы бар банкаға түбін жоғары ұстап, бірақ біраз көлденең түсіру керек. Суда не пайда болды? Ауа көпіршіктері көренді. Олар қайдан пайда болды? Ауа стакан ішінен шығып, оның орнына су кірді.

тәжірибелік жұмыс даярлық тобында.«Жел» Жылу батареясына жіңішке жолақ қағаз немесе жеңіл мата жапсырыңыз. Желкөзді ашыңыз. Батарея үстінде қандай ауа: жылы немесе суық? Жылы ауа жоғарыға ұмтылады. Желкөзді ашып сырттан суық ауаны кіргіземіз. Желкөзден келген суық ауа төменге ұмтылады. Яғни жылы ауа мен суық ауа тоғысып, жел пайда болады. Пайда болған жел жолақтарды қозғалысқа әкеледі.

«Жел – ауаның қозғалысы» Бұл тәжірибе үшін желпуіштерді қолданыңыз. Балалар судың үстенен желпуішпен желпиді. Неліктен толқын пайда болды? Себебі, желпуіш қозғалып ауаны айдайды. Ауа да қозғала бастайды. Жел – ауаның қозғалысы.

«Суда ауа бар» Су құйылған стакан алыңыз. Түтікшенің бір жақ ұшын суға түсіріп екінші ұшынан абайлап үрлеңіз. Не байқалды? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Сіз ауаны үрледіңіз, судан ол көпіршік түрінде көрінді.

«Ауа орын алады»Орта табақ су алыңыз. Суға тығын лақтырыңыз. Қалқыған тығынды стаканмен жабыңыз. Стаканды суға батырыңыз. Тығын қалқыған су бетінің аумағы стаканмен бірге суға батады. Стакан ішіндегі ауа стаканду суға толтыруға мүмкіндік бермейді, сол себепті тығын қалқыған стакандағы су табақтағы су деңгейінен төмен түседі.

Құм«Құм қозғала алады»
Бір уыс құм алып, бір жерге төгілетіндей етіп ағызыңыз. Біртіндеп төгілген жерде биіктігі мен алатын орны үлкейетін конус пайда болады. Құмның қозғалысы ағынға ұқсас.«Дымқыл құмның қасиеті»Дымқыл құмды алақаннан ағызуға келмейді, есесіне ол кепкен уақытқа дейін қажетті пішінді қабылдайды. Құм дымқылданған кезде құм ұнтағы қырларының араларындағы ауа жоқ болады. Дымқыл қырлар бір-бірімен жабысады.

«Күмбездер мен тоннельдер»Жұқа қағзадан желімделген қарандаш диаметрінен бізар үлкен түтікше қажет. оған қарандашыт кіргіземіз. кейін қарандашы бар түтікшені кұммен жабамыз. Қарандашты алып шығамыз, ал түтікшені біраз уақытқа қалдырамыз. Кейін түтікшені алып шығамыз. Түтікшенің умаждалмай шыққанын аңғардық. Құм ұнтақтары сақтандыратын күмбездер құрайды. Құм арасына түскен жәндіктерге түк болмай шығады.

   
Пікірлер2
  1. Куралай

    Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі екенін жақсы түсіндіріп берген. Сабақтың құрылымы өте жақсы. Су туралы түсінік бере алған.

  2. Асель

    Балаларды кішкентайынан химия, физикаға қызықтыруға күшті екен. Құрған адамға үлкен рахмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ