Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Күзгі табиғат


Сабақ тақырыбы: Күзгі табиғат

Сабақ мақсаты: а) оқушылардың күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы

түсініктерін қалыптастыру;

ә) табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып,қоршаған дүниенің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту;

б) оқушыларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға,қорғауға

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру ,баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Жылдың әртүрлі мезгілдерін бейнелейтін суреттер..

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

Табиғат- біздің анамыз

Табиғатқа біз баламыз.

ІІ.Кіріспе әңгіме.

kuzgi-tabigatОқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау.Күздегі өлі табиғатта болатын өзгерістер: аспан қалпы,күннің ұзақтығы,салқындауы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді талдау.

Күзгі табиғат

Жауып жаңбыр,жер сабыр

Шөп, жапырақ солады.Бұл қай кезде болады ? А.Байтұрсынов.

 

-Сурет бойынша күзгі және жазғы көріністі салыстыр.

-Күзде табиғатта болатын өзгерістерді ата.

— Күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады ?

— Күз қандай кезеңдерден тұрады және онда табиғат қалай өзгереді ?

— Күзде қандай жауын-шашын түрлері түседі ?

— Күз айларын ата.

2.Күздің табиғаты туралы қандай өлеңдер білетінін сұрау.

3.Күзді бейнелейтін суреттермен жұмыс.

4. Сөздік жұмыс: күз,жапырақ, суытты,жауын т.б.тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.

5. Ойын «Сөзді есіңде сақта»

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

көктем – жаңбыр

жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп.

ІV.Сергіту сәті.

Дауылға да қарамай, (қолын толқындату)

Жауынға да қарамай (партаны тықылдату)

Балықшылар айдында,

Ау тартады жағалай (ауды шірене тарту)

Моторменен зырлатып,

Балық аулап түн қатып, (оңға,солға тарту)

Белуардан су кешіп,

Толқындарға жүр батып. (қол-аяқтарын қимылдату)

 

V.Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешу.Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. Жаңбыр.

Оқушылар жаңбыр жауып тұрған күз мезгілінің суретін салады.

VІ.Сергіту сәті.

Жаңбыр жауып басылды (партаны тырсылдатады)

Күннің көзі ашылды. (қолымен көрсетеді)

Көкжиекке көрікті,

Кемпірқосақ асылды . (қолымен дөңес сызық көрсету)

 

VІІ.Сабақты қорыту. Суретке қарап, оқушылар құрастырылған ертегіні оқиды.Күз туралы оқушылардың ұғымы тұжырымдалады.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Әдемі моншақ
  • Дәрумендер денсаулық кепілі
  • Кірпінің жанұясы(сабақ жоспары)
  • Ашық сабақ «Бөлме өсімдіктері»
  • Кішкентай саңырауқұлақтар

комментария 10 Пікір қосу

  • Арай 27.11.2021 в 00:03

    осы сайттағы сабақ жоспарлары жақсы,тиянақты құрылған ғой.өзім қызығып отырмын

    Ответить
  • Гулжанат 05.10.2021 в 22:22

    Керек, пайдалы ақпарат көп екен. Рақмет

    Ответить
  • Сауле 16.10.2020 в 22:09

    Сабақ жоспары жақсы құрылған.

    Ответить
  • Айгерім 02.07.2019 в 23:05

    Жогары деңгейдегі сабақ.әсіресе «сөзді есіңде сақта»ойыны катты ұнады.есте сактау кабілетін дамытуга зор ыкпалын тигізеді

    Ответить
  • Динара 19.11.2014 в 01:12

    сабақ ұнады қалай алуға болады?

    Ответить
  • кунзира 16.10.2014 в 21:24

    сайтқа қалай тіркелуге болады?

    Ответить
    • Erketai 16.10.2014 в 21:27

      Салем! Сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

      Ответить
  • Гулсана 13.10.2014 в 10:22

    сабақ жоспары ұнады көшіріп алуға болады

    Ответить
  • Гулсана 13.10.2014 в 10:21

    сабақ жоспары ұнады

    Ответить
  • жібек 26.09.2014 в 23:59

    өте жаксы сайт

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.