Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Күз. Телефон арқылы екі құрбының әңгімесі


1-ші Қаладағы қыз: Сәлем, құрбым, жағдайың қалай?

2-ші ауылдағы қыз: Сәлем, менде барлығы жақсы, өзіңде ше?

Қаладағы қыз: Жағдайым жақсы, жақында ауылға барамын, онда ауа райы қалай?

Ауылдағы қыз: Бізде күн жылы десемде болады, дегенмен кей күндері салқын болады. Қалада қалай?

Қаладағы қыз: Мұнда өте салқын, тоқтаусыз жаңбыр жауады. «Жаңбырлы, суық күз»-деп теңеу айтсам артық болмайды.

Ауылдағы қыз: Ал, мен ауылымды «Алтын күз» десемде болады. Себебі, ауламызда да, көше бойында да жеміс ағаштары өте көп. Ал, жапырақтары сап-сары болып жерге төгіліп жатыр. Жаңбыр жауып тұр, мен терезе алдында сыртқа қарап тұрмын. Жаңбырдың тамшыларынан терезе тырс-тырс етеді. Жаңбыр маған: сенде сыртқа шықшы, өзіңе суымды шашып ойнайын дегендей.

Қаладағы қыз: Иә, менде терезеден сыртқа қарап тұрмын, бірақ 4-ші қабаттамын. Жаңбыр мұнда да жауып тұр. Сіркіреген жаңбыр терезені жуып жатыр. Қала тұрғындары түрлі-түсті қолшатырларын ұстап, асығып кетіп бара жатыр.

Ауылдағы қыз: Достым, күз айынан кейін, қара суық қыс келеді, «күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды» деген сөз бар. Айтшы, қысқа дайындықтарың қалай?

Күз диалог әңгімеҚаладағы қыз: Иә,дұрыс айтасың. Қыс айына адам да, аң да, құста, жан-жануарлар да дайындалады.
Біз жемістерден тосаптар, шырындар, тұздықтар жаптық. Жаздық киімдерді сандыққа салып, жылы киімдерді шығардық.

Ауылдағы қыз: Күз молшылық мезгілі, барлық жемістердің, егіс-алқаптарының пісіп-жетілетін кезі. Біз де жылы киімдерді шығардық. Тосаптар, шырындар, тұздықтар жаптық.
Көмір-отындарымызды қазан-қараша айында дайындаймыз.

Қаладағы қыз: Құрбым, осы қыстық киімге қатысты Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабында бір әңгіме бар.

Ауылдағы қыз: Зейнеп апа Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні емес пе? айтшы, қандай әңгіме?

Қаладағы қыз: Онда тыңда: Тура қақаған қыс ортасында етігімнің сыдырмағы ажырап кетті. Әрі-бері шұқылап көріп едім, қолымнан келер емес. Амалсыздан күздік туфлиімді киіп, етігімді шеберханаға апардым. Жол-жөнекей талайлар аяғыма көз тастап өтіп жатыр. Үйге жеткенше еңсем түсіңгіреп қалды. Есіктен кіргенде атам коридорда телефонның қасында тұр екен. Жіті көзімен бас-аяғымды шолып өтті.
-Әй, балам, мынау қандай сән?-деді
-Етігімнің сыдырмағы бұзылып…
-А, сәнің бе, десем, салақтығың екен ғой, жазда күн қайнап тұрғанда қыс хабар беріп, «тоны жоққа сәлем айт, етігі жоққа өзім барам, демеп пе еді». Мен күлдім. Алайда атама тән осы екі ауыз сөзде ақыл да, тәрбие де бар болатын.

Ауылдағы қыз: Қызық екен. Бауыржан ата алдағы уақытты бүгін ойла, әрбір ісіңе жауапты бол дегені ғой. Иә, құрбым менің де ертеңгі киетін жылы киімдерімді дайындап, үй тапсырмасын орындауым керек. Әңгіме үшін көп рақмет, ауылға келеріңде сол кітабыңды ала келші.

Қаладағы қыз: Жақсы, сау бол.

Ауылдағы қыз: Көріскенше күн жақсы, сау бол.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Психологиялық жаттығулар
  • Жол тәртібін жадыңда ұста
  • Ғажайып тастар
  • Ақ мамам (музыкалық сабақ)
  • 1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.