Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Қысқы ойындар


Тақырыбы: -Қысқы ойындар.

Мақсаты: Ән музыка арқылы қыстың көріністерін сезініп, әндегі шумақ пен қайырма арасындағы өзгерісті ажырата білуге үйрету.Ойын арқылы музыка дыбысын ести білуге баулу.

Көрнекіліктер: Қыс суреті,Шана

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген апайлар қонаққа келіпті.Орнымыздан тұрып амандасайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметтеп

Бас иеміз біз.

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Біз болашақ гүліміз.

Қайырлы таң, қонақтар

Қайырлы күн апайлар.

Сәлеметсіздер ме,:апайлар!

Балалар кәне шаттық шеңберін құрайық.Шеңберде тұрып «Көңілді қыс» тақпағын айтамыз.

Бір топ бала сырғанап

Барады әне жарысып.

Қалады артта қар алап.

Іздерінен қар ұшып.

Тәрбиеші:

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

— Қыс.

Тәрбиеші:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

-Төрт мезгіл

Тәрбиеші:

Қыс айларын атап беріңдерші?

Балалар:

-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші:

Қыс мезгілін де ауа-райының ерекшеліктері қандай болады?

Балалар:

-Қар жауады, күн суық, аяз болады.

Тәрбиеші:

Қыста қандай ойындар ойналады?

Балалар:

-Қар атысу, Шаңғы тебу, Шана мен сырғанау

Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Бұл не балалар?

(Қар)

Қызықты сәт.

Қысқы ойындар, Ойын сабақ, тәрбие сағаты, балабақшадағы ашық сабақ

Есік қағылып, ішке аққала кіреді.Сәлеметсіңдер ме балалар! Қалдарың қалай? Сендер қыс мезгілі туралы білесіңдер ме ? Ендеше мен қысқаша айтып шығайын.Қыс мезгілін де айнала аппақ түске енеді. Қатты боран дауыл соғады.Үлпілдек аппақ қарлар жауады.Мен сендерге үлпілдек қарлар әкелдім. Кәне бірге үлпілдек қарларды үрлейікші.

Тыныс алу жаттығуы. «Ұлпа қарды үрлеу».

Ал мен қыс мезгілінде ғана пайда боламын. Мені қардан жасайды. Мен үш бөліктен тұрамын, басым, кеудем ,аяғым.Мен қыс мезгілін өте жақсы көремін.

Балалар бүгінгі әніміз «Зырлайды шанамыз».

Бұл ән көңілді айтылады.

Өлшемі 2/4

Балалар

Мен сендерге ертеңгі ауа-райын айтамын.

Алматы да күн шығады.(арқаны баяу сипалау)

Жезқазғанда қатты жел тұрады.(қатты сипалау)

Қарағанды да қар жауады.(саусақтар мен қар жауғанын келтіреді).

Астана да. Бұршақ жауады (жұдырықтап ұрады).

Сергіту сәті.

Жан-жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты Р-Р-Р.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар

Қар лақтырып ойнаңдар.

Д.ойын. «Қатырмақ».

Д.ойын. «Қайда не қоямыз».

Тәрбиеші:Балалар тіс пастасы мен қардың суретін салу.

Қорытынды.

Дыбыстық жаттығу.

Ыс—ыс-ыс, келді қыс.

Ан- -ан-ан соқты боран,

Ар-ар-ар үлпілдек қар.

Ты-ты-ты аяз қатты.

Сабақ ұнады ма?

Жылдың қазір қай мезгілі?

Қыста не жауады?

Қыста қандай ойындар ойналады?.

Сау болыңыздар.

Дайындаған: Бекова М.Н.

Әдіскер: Нарикова Д.А.

Ред.коллегия: Алдиярова А.А.

«Бөбекжай» балабақшасы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
  • Ашық сабақ. « Ертегілер еліндегі шалқан»
  • Түзету-дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат»
  • Қош келдің Жаңа жыл! (балабақшада өткен ертеңгілік сценарийі)
  • Күз мезгіліне арналған балабақша картотекасы

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Шолпан 01.12.2014 в 22:55

    Өте тамаша. Рахмет. Дидактикалық ойындарды ашып жазуыңызды сұраймын

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.