Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз жанды жадыратар»
Сабақтың мақсаты: Балаларға «жақсы сөздің адамдарға әсері туралы түсіндіру.
Міндеттері: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне деген сенімділігін дамыту. Өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Білімділік: балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері туралы түсіндіру.
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды ұқыптылыққа, адамдар ортасындағы өзара сыйластыққа және ата-аналарына деген жақын туыстарына өздерінің сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай,
Қаунатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Кіріспе бөлім.
Музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды.
Тәрбиеші: -Балалар, қазір орындаған «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер?
Балалар: -«Не деу керек?» өлеңінде Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет деген сөздерді естідік.
Тәрбиеші: -Ансар қандай сөз естідің?
Ансар: -Сәлеметсіз бе деген сөзді естідім.
Тәрбиеші: -Мирсат, се айта гой.
Мирсат: -Кешіріңіз деген сөзді естідім.
Тәрбиеші: -Аяна, қандай сөз естідің?
Аяна: -Кешіріңіз деген сөз естідім.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен сыпайлық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік.
Тәрбиеші: -Сендердің өлеңдегі бала сияқты жолдастарың бар ма? Болса оларға қандай ақыл айтасыңдар?
Әсемай: -Әдепті сөйлеу керек деймін.
Тәрбиеші: -Отбастарыңда ата-аналарың немесе туысқандарың сендерге қандай жақсы, жылы сөздер айтады?
Уалихан: -Менің апам әдепті бала дейді.
Гүлжанат: -Ақылды, алтыным дейді.
Дильназ: -Ботам, құлыным дейді.
Тәрбиеші: -Біз бүгін сабағымызды халық даналық сөздерінен жалғасып келе жатқан «Жақсы сөз жанды жадыратады» деген сөзден бастағым келеді. Біздің әрбір сөзіміз айналамызға қалай әсер етендігі туралы, адамдармен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелесеміз.
Ғажайып сәт.
Тәрбиеші: -Балалар есік қағылады, бұл кім екен, қарайықшы? Бұл хат тасушы адам екен. Сәлеметсіз бе!
Хат тасушы: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерге хат бар. Мінекей алыңыз.
Тәрбиеші: -Рахмет! Бұл хат кімнен келген екен қарайық. Балалар, бұл хат демалысқа кеткен Гүлнұр Тастанқызынан екен, сендерге оқып берейін.
Хатты оқиды.
Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдер ме, Құрметті балалар! Қалдарың қалай, мен сендерді сағындым. Сендер сабақтарыңды оқып жүрсіңдерме? Мен сендерге мынадай тапсырмаларды хат арқылы жібердім, сендер осы тапсырмаларды орындауға тырысыңдар.
1-тапсырма: «Сыпайы қоян» ертегісін сахналап беріңдер.
Тәрбиеші: -Ендеше, балалар сендермен бірге біз мына отырған қонақтарымызға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып берейін, ол ертегіні сахналайтын балаларды ортаға шақырамын.
Сыпайы қоян-Аяна,
Түлкі-Алла,
Жылан-Әсемай.
Тәрбиеші: -Қатерден қоянды не құтқарды?
Гауһар: -Қоянды қатерден әдептілік мінезі құтқарды.
Тәрбиеші: -Жылан неліктен қоянға тимеді?
Гүлжанат: -Өйткені, ол «кешіріңіз», «сәлеметсізбе» деген сыпайы сөздерді айтты.
Тәрбиеші: -Балалар, біздер тағы бұданда басқа қандай сыпайы сөздер білеміз. Осы біздер ойын арқылы айтып көрейік.
Ойын. «Не деу керек?»
Тәрбиеші: -Балалар, сабақта үйренген күнделікті өмірде пайдаланатын сыпайы сөздерді айтамыз.
Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады. Ойынға доп керек. Ойынды бастаған бала допты жолдасына лақтырып, қағып алған балаға күнделікті өмірден түрлі жағдайларды айтып сұрақ қояды. Ал қағып алған бала сол жағдайда айтылатын сыпайы сөздерді айтып, допты көршісіне ұсынады.
Мысалы:
- Үйге қонақ келді, оған…-Сәлеметсіз бе, деймін.
- Адамдар жол жүргенде не айту керек?-Жолын болсын!
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар. Енді бізге берілген ІІ тапсырманы орындайық. Бұл тапсырмада балалар сендер жақсы мен жамандық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Мақал-мәтелдер:
- Жаманмен жолдас болсаң,
Қалдырады ұятқа.
- Жақсыменен жолдас болсаң,
Жеткізер мұратқа.
- Жаман туыстан,
Жақсы жолдас артық.
- Жақсының ісінен көрінер.
- Жаман жолдасын болғанша,
Жақсы тұлпарын болсын.
Аудио дискіден «Жақсы мен жаман» әңгімесі оқылады, балалар қимылмен көрсетеді.
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы әңгіменің мазмұнын балаларға жеткізеді.
Тәрбиеші: -Гүлдің жабырқауына не себеп болды?
Ансар: -Гүлдің жабырқауына арам шөптің айтқан сөздері көңіл-күйін түсіріп жіберді.
Тәрбиеші: -Балалар, арам шөптің қылығы дұрыс па?
Томирис: -Арам шөп тек қана өзін ойлайды, басқа гүлдерге жақсылық тілемейді.
Тәрбиеші: -Дұрыс, балалар, жақсы менен жаманның айырмашылықтарын түсіндік. Ендеше балалар, өздеріміздің берілген тапсырмамызға оралайық. Гүлнұр Тастанқызының ІІІ тапсырмасы «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналап беріңдерші-дейді.
Балалар «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналайды.
Қорытындылау.
Тәрбиеші: -Біз бүгін сабақта бір-бірімізге жақсы сөз айтудың қажеттілігін ұғынып, жақсы сөздің адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңілін көтеретінін білдік. Сондықтан ылғи да әдепті сөйлеп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып жүрейік.
Тәрбиеші: -Бүгінгі сабаққа келген қонақтарымызға біздің балаларымыз өздерінің сүйіспеншілік жүректерін әдепті сөздермен сыйлайды.
ü Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын!
ü Көңілдеріңіз жеткен биікке, қолдарыңыз жетсің!
ü Пейілдеріңіз ақ моншақтай төгілсін!
ü Армандарыңыз алып шыңға көтерілсін!
ü Жүректеріңіздегі жылулық оты өшпесін!
Балалар жүрекшелерін қонақтарға сыйлайды.
Тәрбиеші: -«Жақсы сөз-жанға қуат береді» деп, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Біз өмірдің гүліміз» атты әдемі өлеңмен аяқтағымыз келеді.
Өте керемет, тәрбиенің бәрі балабақшадан басталады.
Арким каракан басын ойлап шабуылдап журген адамдар бир бирине жылы соз бен мейірімдилик сыйлаудан ада калып барамыз.ойланарлык жагдай
маұалада айтылғандай жақсы сөз жанды жадыратар. бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне біздің сөйлеген сөзіміз әсер ететіндігі белгілі. осыны ерте жастан бала бойына дарыта, түсіндіре білу әрбір тәрбиеші үшін зор мәртебе. мақала үшін ерекше алғыс білдіріемін. керегімізді осы жерде тауып отырғанымыз үшін сайт авторына рахмет.
Жақсы сөз сөйле немесе үндеме деген барғой. Балабақшадан сөздің қадірін үйрету қажет.Өте керекті тақырып
Жаксы соз жанга куат береди?
сиздерге рахмет