Балабақшам балалықтың бесігі

Балжан: Құрметті әріптестер, ардақты да аяулы ата-аналар .Бүгінгі күн сіздер мен біздер үшін мереке.Осыдан 2 –жыл бұрын балабақша есігін жасқана ашқан бүлдіршіндеріміз бүгінде қыздарымыз бойжетіп ,ұлдарымыз ержетіп бойларында жауапкершілік пайда болған.Осы бүлдіршіндерімізді балабақша ұясынан ұшырып,мектеп атты өмір кемесіне отырғызып білім теңізіне шығарып салғалы отырмыз.Енді бойлары да ,ойлары да өскен балаларымызға «Сапарларың сәтті болсын» деген тілекпен «Балабақшам балалықтың бесігі»атты қоштасу ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Гүлбаршын: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Балжан: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған шығар қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,

«Ақбота» Ересектер тобын ортамызға.

Әуенмен балалар кіреді.

Салтанат: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Жеңісбек: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз апайлар ата-аналар,

Балабақшамен қоштасу тойымызға.

Аружан: Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше

Бақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше.

Айшуақ: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын әнімізді бастайық.

Әдеппенен өнегені үйреткен.

Бақшамызды есімізде сақтайық.

Ән «Қарлығаш» орындайтындар: Әсем Сымбат Алмагүл.

Б Диляра: Балабақша бесігім, Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.

Мансұр: Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім.

Би биледім ән тыңдап, Алаңдауды білмедім.

Гүлге толы жан-жағым, Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап-талғамым, Көп нәрсені ұғындым.

Мағжан: Сен үйреттің сөйлеуді,Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді, Балабақшам қош енді.

Арайлым: Мектепке ертең барамыз,Оқимыз білім аламыз.

Қашық емес арамыз,Бақшаға келіп тұрамыз.

Гүлбаршын: Көңілді өскен баламыз,Шырқатып әнге саламыз.

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіТойымызға сән берер,Биде билей аламыз.деп балаларымыздың орындауында «Бипыл» биін тамашалаңыздар.

Балжан: Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың, Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,Құтты болсын тойларың.

Дәурен: Қолыма гүл аламын, Дайын дәптер қаламым.

Мен мектепке барамын.

Қуанышым менің мол,Мектебіме тарттым жол,

Балабақшам қош сау бол.

Аманбек: Ана тілін ардақтап,Ана салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап,Оқып жазып үйрендік.

Сүйген өз қыз өз ұлын,Бөбегім деп аянбай.

Балабақшам өз үйім,Апай болды анамдай.

Балжан: Келесі кезекте балаларымыздың орындауында «Елімді мен сүйемін»

әнін қабыл алыңыздар.

Әсем: Оқимыз білім аламыз,Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,Мектепке кетіп барамыз.

Сезімді туған баламыз,Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,Өзіңнен алып барамыз.

Гүлбаршын: Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем әнмен тәтті күй.

сценарий ертеңгілікКөңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең менше сүй. деп Абай атамыз жырлағандай мерекеміздің қонағы Мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушісі Кемеш Жұлдызайдың орындауында «Сағындым әже» әнін қабыл алыңздар.

Балжан: Бүгін қызық бүгін той, Біздер үшін біліп қой,

Әнде салып, биде билеп, Жалғастырсын ойды ой.

Үнді биін қабыл алыңыздар.

Гүлбаршын: Бала деген шіркін ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып ашып даладан келгеніңде

Бал тілімен былдырлап алдайды екен демекші кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Данияр: Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен сау бармысыздар

Қоштасатын күн келді бақшамызбен

Апайларға айтатын алғысым бар.

Хамзат: Балабақша сәнді кең,Болды ыңғайлы жай нағыз.

Гүлара апай алдымен,Сізге алғыс айтамыз.

Арайлым: Білім берген тәрбиешіге,Бас иеміз мәңгі сізге.

Әдіскер апай Нұрсауле Шыға беріңіз биікке

Мерей: Тамылжытып би билетіп үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен

Лаура апай сізге де алғыс айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүректен.

Балжан: Бишілерде өнер көп ,Билейді биді мәнерлеп .

Кукарелла биін көріңдер Биге баға беріңдер.

Би «Кукарелла»

Сымбат: Күйсандықта ойнайсыз,Домбыра да тартасыз

Баянды да қоймайсыз,Гулфарида апайға

Бас иеміз мәңгі біз.

Әнел: Денемізді шынықтырып,Тентек болсақ кешірдіңіз

Жанна апай рахмет сізге,Бойымызды өсірдіңіз.

Бекнұр: Біздің балабақшада,Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы, Ақкөңіл жақсы апа.

Аяулым: Біз далада жүргенде,Ойынға мықтап кіргенде.

Бөлмемізді тазалап,Тазалайтын бірдеме.

Жәмила Серікбайқызына,Алғыс айтамыз мың мәрте.

Олжабек: Баулап баптап өсірдіңіз,Бұзықтық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз сөзіңізді,Ұмытпаймыз өзіңізді.

Тәрбиеші апайларым, Мақтан тұтам мен сіздерді.

Алмагүл: Өзін-өзі танудан,Берген сабақ біздерге.

Маржан Қаржаубайқызына,Алғыс айтамыз мың мәрте.

Гүлбаршын: Өз тілімді құрметтеп,Өзге тілді үйрендім.

Ағылшынша сөйлеуді,Әлия апай бізге үйреткен.

Мың алғыс сізге жолдаймыз, Сәби бала жүректен.

Балжан: Орысша бізге үйреткен, Тақылдатып сөйлеткен.

Гүлнар апай сізге рахмет,Кіп-кішкентай бөбектен.

Хор: Апайлар сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Мың алғыс сіздерге біздерден,Мың алғыс отты жүректен.

Балжан: Мюзикл да біз үшін таңсық емес,

Кейбіреуге бұл өнер жәй ғана емес.

Ой тастаған баланың сансына

Көргендер мюзиклді жаман демес.

«Ормандағы мектеп» мюзиклін тамашалаңыздар.

Қасқыр-Көркем: Сәлеметсіңдерме аңдар қане отырыңдар.

Біз сабақты бастаймыз,Қайталаудан аспаймыз

Қане қоян ойланып,Бірге бірді қоса ғой

Қоян дірілдеп қоса алмай тұрады. Балалар көмектеседі.

Қоян: Мен қоянмын қоянмын,Аппақ тонға орандым.

Достар ерте келер деп,Ертеменен ояндым.

Білмедім мен шешуін ,Мүмкін құлап кетуім.

Қасқыр: Енді түлкі сен айтшы,Өнеріңді көрсетші

Екіге-екіні қосқанда,Не шығады тез айтшы

Түлкі: Жалма-жан дәптерін ақтара бастайды.

Сабаққа шорқақ болғаныммен

Өнерім бар менің де

Тақпақ айтып берейін

Тыңдасаңдар егерде.

Қасқыр: Енді аю келе ғой,Үшке екіні қоса ғой.

Аю:(қорбаңдап) Қорбаң қорбаң етемін,Орман менің мекенім.

Тәтті балға тойып ап Қысқы ұйқыға кетемін.

Үшке екіні қосқанда у у у у

Қасқыр: Көп ойландың достым-ай,Жауабың сенің осыма-ай

Үшке екіні қосқанда,Бес болады осылай.

Балжан: Мен сырттарыңнан бақылап тұрмын мұнда сабақ жүріп жатыр екен Ал қасқыр енді өзің айт,Аңдарда бар неше аяқ.

Қасқыр: Оң аяқ пен сол аяқ ,Болады міне екі аяқ.

Оң аяқ пен сол аяқ,Болады міне төрт аяқ.

Әліппе-Ұлбала: Саламатсыңдарма аңдар балалар мені таныдыңдарма?

Менің атым Әліппе Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен Бауыржан да Мәлік те

Сұрақтар қояды.

балалар балабақшамен қоштасуы.Балжан: Міне балалар көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталыпта кетті.Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға естиярлар тобынан балалар келіп тұр.Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

Гүлжан: Әріптерді таныңдар, Бәрін жаттап алыңдар.

Онда қызық ойын бар,Оған көңіл қойыңдар.

Таңат: Әліппе деген алтын жол,Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,Тырысып бақ намысқа.

Динара: Алты деген алты жас, Бөбек тез кеп қалатын.

Ата-анасын мәз етіп, Мектепке тез баратын.

Мадияр: Ойын қуын ұзақ күн,Бостан босқа жүрме сен.

Ойынқұмар баланың,Кім білмейді білсеңіз.

Уақыты босқа өткенін.

Нұрсұлу: Қош балалар сәт –сапар,Бақытты бәрің болыңдар.

Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік алыңдар.

Диас: Өздеріңді ұмытпай,Есімізге аламыз.

Ұмытпасын деп әрқашан Әсем биге саламыз.

Би Адай.

Гүлбаршын: Биші болу үлкен жауаптылық,

Сымбаттылық,сұлулық кербез

Бишілерді ортаға шақырамыз,

Балаларға сүйсініп қарап тұрып.

Би «Жүйрік тұлпар».

Әуенмен Білім ханшайымы келеді

Ойын ойнатады. «Мектеп құралдарын тап».

Балжан: Білім ханшайымы біздің балалар сізге арнап шет тілінде тақпақ айтамыз дейді соны тыңдап көріңіз.

Сымбат: В детском садике со всеми,Мы дружили много дней.

А тепер другое дело,Есть зоботы по важней.

Салтанат: Спосибо-нежно говорим,Мы воспитателям своим

Еще признаемся мы вам,Похожи вы на наших мам

Спосибо вам сто тысяч раз,Всю жизнь мы будем помнит вас.

Мерей: Прозвенит звонок веселый,Позовет с собой ребят.

Скажем скоро здраствуй школа,До свидания детский сад.

Арайлым: Ай ей э маус, ю а кэт.Уан,ту,сри, Ю кэтч ми.

Балжан: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

Балабақшамен қоштасу вальсі

Балжан: Ажырамай бақшадан бір елі сіз,Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өздеріңе,Балаларға арналсын тілегіңіз

Құлыншақ балабақшасының басшысы Г Оңайбекқызы және әдіскері Н Тұрақбайқызына сөз беріледі.

Білім ханшайымы балаларды кемеге отырғызады.

Ән «Біз мектепке барамыз».

Хор: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бала бақшамен , Мектепке кетіп барамыз.

Бақшадағы күндерді, Есімізде сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін , Бәрімізде ақтаймыз.

Гүлбаршын: Айналайын гүлдерім,Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын болашақ,Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар

Балжан:Құрметті ата-аналар ,әріптестер осымен бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып «Балабақшам балалықтың бесігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды қош сау болыңыздар.

   
Пікірлер3
  1. Рахымғалиева Толқын

    Балалардың қимастық сезімдері ай

  2. Рахымғалиева Толқын

    Балалардың кішкене кезінен келіп балабақшасын қимай тұрған сезімдерін айтсаңызшы.

  3. Куралай

    Балалар өте білімді екені көрініп тұр. Мектепке баруға дайын. Қоштасу жоғары денгейде ұйымдастырылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ