📢 Вы можете выбрать язык на котором хотите составить резюме:
RUS ◀
•
▶ KAZ
Қазақша жұмысқа түйіндеме жасау
Құрметті сайт қолданушылары сайтымызға қош келдіңіздер. Сайтымыздан сіздер қазіргі заманға сай жұмысқа орналасуға арналған түйіндемені 5 минутта жасап алуларыңызға болады. Қазіргі
таңда түйіндемені екі тілде жасай аласыздар қазақ және
орыс тілінде
Ол үшін осы сайт бетінде көрсетілген 5 қадамнан тұратын формаға өзіңізге қатысты мәліметтерді толтырып тез арада заманауи түйіндеме жасап алуларыңызға болады.
Сайттың жоғарғы бөлігінде сайтпен жұмыс жасауға қажетті ақпараттардың сілтемесі берілген.
Мақсат қойған қызметтеріңізге орналасып кетулеріңізге тілектеспіз. Ізгі тілекпен tuindeme.kz ұжымы.
Түйіндеме дегеніміз не?
Резюме яғни түйіндеме француздың "resume" деген сөзінен шыққан мәлімет, ақпарат деген мағынаны береді.
Кез-келген адам жұмысқа орналасу кезінде талап етілетін жұмысқа орналасушы адамның кандидатурасын қарастыру кезінде әдетте талап етілетін дағдылары, жұмыс тәжірибесі,
білімі, отбасылық жағдайы және басқада жеке басына қатысты ақпаратты қамтитын құжат.
Түйіндеме әдетте бірнеше бөлімдерден тұрады, осы бөлімдердегі ақпарат мейлінше қысқа болашақ жұмыс берушіге қажетті мәліметтерден, жұмысқа тұрғалы жатқан адамға қатысты ақпараттардан тұруы қажет.
Түйіндемеге ұсынылып отырған жұмысқа қатысы жоқ ақпаратты енгізудің керегі жоқ, тек қана сізді мүмкіндігінше толық кәсіби жағынан сипаттауға көмектесетін ақпаратты ғана қамтуы керек.
Түйіндемеде мына мәліметтер болуы тиіс:
Жұмысқа тұрушының байланыс ақпараты.
Қандай қызметке үміткерлігі
Өзінің негізгі дағдылары туралы қысқаша сипаттамасы
Жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет әдетте соңғы жұмыс жасаған үш мекеме туралы ақпарат жеткілікті.
Білімі және оқыған оқу орны туралы ақпарат (дипломдар, сертификаттар және т. б.)
Компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері мен қызығушылықтары және тілі білу туралы мәліметтер.
№1 Қадам Негізгі мәліметтер
(төмендегі формада көрсетілген қатарларды толтырып "Келесі қадам" батырмасын басыңыз.)