Жер шарындағы «Жетінші ықылым»

Кіріспе

Тарихымен мақтанатын қазақ алдымен Түркістанды  ауызына алады. Оның арысы –құл, намысы-күл болған қасіретті кезеңдерін еске алады. Тұмар тұтқан, тағдыр тұтқан қасиетті кезеңдерін еске алады. Расында, Түркістан- қанша рет өшіп кете жаздаған өкінішіміздің кәрі куәсі. Расында, Түркістан қанша рет қайта көктеп өскендігіміздің куәсі. Түркі халқы ежелден Екінші Мекке атаған қасиетті Түркістан қаласы және көне Түркістан ұлысы әлемге әйгілі  Жер шарының үлкен «түркі-құрлығы» еді. Араб-географ-ғалымдары ертеде жер шарын жеті бөлікке бөліп, «жеті ықылым» деп атаған. Сол қасиетті жеті «жер шары» атауының бір құрлық аймағы Түркістан болатын. Алла-Тағала жер мен оның бетіндегі адамзатты жарақаннан бері келе жатқан қасиетті қарақоныс-қасиетті Түркістан Қазақ үшін Тәңір сыйы. Нұх пайғамбардың кемесі «Түркістан ықылымындағы» Қазығұрт тауында қалғаны аңыз болып айтылып келеді. Күллі Түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанның елі мен ұлысы кейін бөлшектеніп кетті. Тарихтағы «Түркістан ықылымы» ұмытылды. Түркістанды түп қопара жырлаған Мағжан ақын: «Түркістан екі дүние есігі ғой» деп текке жырламаған. Қаратаудың етегіндегі жазықта, Сырдың бойындағы нулы-сулы жерде бұдан 2000 жыл бұрын өмірге келген Түркістан қаласы жайында парсы ғұлама ақыны Фердауисиден басталған дерек, ғалымдардың зерттеуі, саяхаттауы арада пәлен ғасыр өтсе де тоқтаған емес. Қазір Түркістанға келетін туристерде есеп жоқ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік-тарихи қорық-мұражайының мәліметі бойынша Түркістанға дүниенің  түкпір-түкпірінен туристер ағылады, шаһарды тамашалайды. Ал Мұсылман елінен келгендер Әзірет Сұлтан бастаған әулиелердің жатқан жеріне зиярат етеді.

Исі түркі жұртының қара шаңырағында отырған қазақ халқының байтақ даласында қалалар аз болмаған. Испиджаб, Отырар, Қараспан, Қарнақ, Сунақ, Ихан, Сағанақ, Аққорған, Шолақорған,, Өзкент, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент т.б. Бұл тізімді одан әрі де соза беруге болады. Бұл Тәукеден бастап қазақтың талай- талай хандарының тутіккен бас қаласы. Имандылықтықастерлейтін, дінді сыйлайтын жұрт басына келіп тәу етуді қажылықпен қатар бағалап, өздері пір тұтқан, әділет пен ақықаттың атасы санап кеткен Қожа Ахмет сағанасы тұрған киелі қала.

Бабалар аруағын айырықша қастерлейтін қазақ жұрты үшін Түркістанның жолы мен жөнінің өзгеше болуының келесі сыры – бұл арғы-бергі тарихымызда есімдері ерекше құрметпен аталатын талай ел билеген атақты хандарымыздың, батагөй билеріміздің, халқына қорған болған батырларымыздың, аты ел ауызына жүрген ақылман абыздарымыз бен зердесі биік зиялыларымыздың жандары жай тапқан қасиетті қала.

Түркістан-төл тарихымыздың үлкен де күрделі арнасы. Түркістан төңірегінде ел ауызында жүрген мәнді аңыз, әпсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы-құнды жәдігерліктер мол.

Әзірет Сұлтан«Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан болады. Жалпы, бұл жалғыз қазақтың ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің руханият орны болып табылады» деді елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Түркістан қаласының тарихындағы саяси-мәдени оқиғалар

Мәдени-өнер мұралары жеке өнер адамдары ой-сезімінің жемісі екені рас. Бірақ оларды жасауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек. Ерте дәуірлерде дүниеге келген тарихи-мәдени ескерткіштер – осындай еңбектің жемісі. Кейінгі ұрпақтар қаншама уақыт өтсе де, сол шеберлердің өнеріне, еңбегіне сүйсініп, оны тамашалауда. Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың, ұлттың рухани-мәдени, ақыл-ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды. Мысалы, біздің жеріміздегі «Алтын адам», Ахмет Йассауи кесенесі, т. б. тарихи-мәдени ескерткіштер қазір ЮНЕСКО-ның есебіне алынып, адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды. Мәдени-тарихи өнер мұралары әр елде мемлекеттік заңмен, ал оның кейбір озық үлгілері халықаралық ережелермен қорғалады.

Археология ғылымы Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық  қалалардың б.д.д.1 мыңжылдығының бірінші жартысында табиғаты қолайлы жерлерге орналасқан көне замандардағы жер өңдеушілердің қоныс-тұрақтарының өсіп дамуы нәтижесінде қалыптасқандығын көрсетті.

Қоныстардың болашақ тағдырына бірнеше негізгі қозғаушы күштер-табиғат жағдайының бай болуы,негізгі керуен жолдарына жақын орналасуы, билеуші күштер өкілдерінің басқару мекемелерінің осында орналасуы әсер еткен.

Түркістан қаласының тарихында аталған қозғаушы күштердің барлығыда өзіндік  роль атқарды. IX-XI ғасырда  араб-парсы жазба деректері Отырар мен Сауран қалалары аралығында орналасқан аймақтың орталығы ретінде Шауғар қаласын айтады. Бұл қаланың орынын ғалымдар Түркістанның оңтүстік бетінде 5 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе ескерткішімен сәйкестендіреді. Ескерткіштің сыртқы көрінісінің өзі ақ мұнда жоғары дамыған цитаделі, шахәрістаны мен рабады қалыптасқан ортағасырлық қаланың болғанын дәлелдейді.

Стратиграфиялық зерттеулер б.д.д. І мыңжылдығының бірінші жартысында, бұл жерде Шауғар-Шойтөбе  сияқты қаланың жартылай көшпелі тұрғылықты халықтың тұрағының негізінде өсіп шыққанын көрсетті.

Бірақ мұнда халық тығыздау да, жылдамырақ қоныстанғандықтан ерте кезеңінен мәдени қабаттарының қалындығы 3,4 – 4 метрге дейін жеткен.

Қалада қабырға құрылымы шеңбер түрінде қаланған және ортасында ошақ орналастырылған үйлердің қалдығы сақталынған, тастан қашалған дән үккіштердің бөліктері және де басқа өндіріс құралдарының фрагменттеріне аса бай. Ең көне қабаттардан қала қорыту өндірісінің іздері табылады.

Шауғар қаласын XIІ ғасырдың  аяғында немесе XIІІ ғасырдың  басында моңғол шапқыншылығына байланысты тұрған халық тастап кеткен. Олар ескі қаладан 400 метрдей қашықтықта жаңа қоныс тұрғызды. XIV ғасырдың аяғында түрлі жағдайларға байланысты тұрғындар бұл қонысты да тастап шығып, тез өсіп келе жатқан Иасы қаласына қасиетті әулиенің мазары маңына көшіп кетеді.

Иасы атауы жазба деректерде тұңғыш рет XIІІ ғасырдың ортасында, армян патшасы Гетум І моңғол хандары Батый мен Мөңкенің сарайларына сапар шегуімен байланысты пайда болады. «Иасы» -жазықтық, «Шауғар»- қара тас деген мағыналарды білдіреді. «Иасы»- этнотопонимі ортағасырдағы түркілердің «Яссы» тайпасының атынан шығуы да мүмкін, бұл тайпа ІX- X ғасырларда оғыз тайпаларының бірлестігі құрамында болған.

XI ғасырдың басына дейін Шауғардың басынан өткізген тарихи оқиғаларды бастан кешті.

VI-VIII ғасырларда Түркі,Түргеш қағанатының құрамында болды. VIII ғасырда арабтар жорығын бастан кешті. IX-X ғасырларда Саманидтерге, қарлұқтарға , оғыздарға бағынышты болды. X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті құрамына өтті. XII ғасырдың  басында селжұқтар мен қарақытайлардың  вассалына айналды, ал XIII ғасырдың басында Хорезмшахтар мемлекетінің құрамында болды.

Түркістан қаласының тарихы үш кезеңнен тұрады

Алғашқы кезеңі деп Шауғар-Шойтөбе қаласының тарихы өмірі қарастырылады. Ол өзі аттас аймақтың саяси экономикалық орталығы болған.

Екінші Орта келеңі деп Иасы-Күлтөбе қаласының гүлдену кезеңі  XII-XV ғасыр есептеледі, ол да өзі аттас аймақтың саяси- экономикалық және рухани орталығы болған. XIIІ ғасырдың басында Шауғар-Шойтөбе тарихи себебтермен өмір сүруін тоқтанқан соң, тарих төріне ерте орта ғасырлардан бері ( V-X ғасыр) онымен қатар өмір сүріп келе жатқан көршісі Яссы шығады.

 Түркістан қаласыБұрынғы Испиджаб,  қазіргі Сайрамда 1103 жылы дүниеге келген Ахмет Ясауи 7 жасында сол кезде Яссы деп аталатын, қазіргі Түркістан қаласына келді.

Көптеген деректерде Ахмет Ясауи һіжраның 562 жылында дүниеден өтті деп көрсетіледі. Бірақ Ясауидің «Сол себептен 63те жерге кірдім» дегені-өлдім дегені емес, һілуетханаға кіргенін білдіреді. Қожа Ахмет сонау балалық кезінен бері пайғамбар суннатын орындап келген. Пайғамбар 63 жасында көз жұмғандықтан, Ясауи де пайғамбар жасында жер астыны кірген. Хонақоһтың /мешіттің ішкі бөлігі/бір жағынан жер қазылды, қам қыштан жер астында бір құжыра құрылды,құжырада лақат түрінде бір орын жасалды. Өмірін сол һілуетханада ғибадатпен, адамдарға софылық жолды ұғындырумен өткізді.

«Диуани хикмет» сол һілуетханада жазылған. 99 мүриді одан рухани сабақ алған.

1166 жылы ақын, философ түркі дүниесінде исламның сопылық мектебін дамытушы Ахмет Яссауи Түркістанда қайтыс болды. Оның қабірінің үстіне шағын 2 бөлмелі сағана орнатылды.

Түркістан шаһары және оның төңірегіндегі ежелден әулие,әнбилердің,қожа, шейхтердің мекені. Тәңірлік діннің абыз, бақсылары да мұнда өмір сүрген. Шойтебе жақта Тәңірлік дін мен Исламдық наным, сенімі белгілері төбе, дөңдерде сайрап жатыр. Қазақта «екі дүние» дегенұғым бар. «Бұл дүние» және «о дүние» әлемі Қожа Ахмет рухы арқылы, үйлесіп, тылсым тұңғиығына тартады. Түркістанда бұл дүниеде өмір сүріп, қазір рухы о дүниеде жеті қат аспанда-ғарыш әлемінде жүрген Әзірет Сұлтанның «қасиет құпиясы» әлі жұмбақ. Қожа Ахметтің Меккеге ұшып барып, намаз оқитын «мұғжиза қасиетінің» сыры мәңгілік тылсым, оған дарыған қасиетті білу мүмкін емес. Әулиелерде жебеушілік рух құбылысы жүретін Тәңірлік сенім растайды. Исламдық түсінік Алла-Тағалаға құлшылық қылып, дұға оқу арқылы ғайыптан іс бітіруге, мақстқа жетуге болатынына сендіреді. Әулие рухы риза болса жебейді, назаланса кәрін төгеді екен. Түркістанға келіп, әулие рухына медет сұраған, бірақ арақ ішуін қоймаған жігіттің түсіне кірген әулие: «Есіңде ме мен сенің балаңды алғанмын, енді арағыңды қоймасаң өзіңді аламын» деп кәрін төгіп, соңында көк аспанда ғайып болады. Әлгі жігіт үзілді-кесілді ішуін қояды, яғни әулиені назаландырған.

Қожа Ахметтің бойындағы Алла-Тағала дарытқан киелі күштер оның ұрпақтарына да жалғасады. Қызы Гаухарды Түркістандықтар Гауһар ана деп күні бүгінгі дейін құрметтейді. Әулие ұрпағы мазар-кесенесі бұрынғы Коммунизм колхозының Шойтебеге барар жол маңында 60 жылдарға дейін бөлінбей тұрды. Мазар басындағы ағашқа адам қолы тиген жоқ.Кейін «Қаз Рестоврация мекемесі жөндеуден өткізді.

Бір қойшы осында қой бағып, кесені тұрған жерді ластайды. Мазарға мал кіріп кетеді. Ертеңге шопан аяғынан ауырып құдайжар болғанда әкесі молда дем салып, Әйтеуір дерттен жазылып кетеді. Гауһар ана жатқан жерге мал жаюын қояды.

Тағдыр айдап басқа жақтан Түркістанға келген көп жанұяның отағасы бірде 6-7 баласымен Әзірет Сұлтанның басына келіп, отбасына құдайдан жақсылық тілеп, садақа берді. Бұл 60 жылдардың басы еді. Көп өтпей жанына жан малына мал қосып, отағасы 3 жерде еңбек етіп, тұрмыстары бұрынғыданда жақсарып, жекеше малы көбейіп тіпті, соңына байыды. Әзірет Сұлтан рухы жібеп, өмірде жамандық көрмеген Бақташы әрі күзетші, әрі мұрап өмірге келген бір ұлының атын ырымдам Сұлтан қойды. Әзірет   Сұлтандай болсын деп. Ер жетіп, үйді баранды болған Сұлтан қазір дін жолын ұстанады. Гауһар ана тұрған жер Яссы ауылына қарайды.

Тоқтамыс хан Ахмет Ясауи сағасына зияен келтіріп, біраз мүліктерін тонап кетті. 1391 жылы Әмір Темір Тоқтамыс ханды жазалау мақсатымен ұйымдастырған жорығында тоналған мүлікті қайтарды. 1397 жылы Моғулстан билеушісі Қызық қожа ханның қызына үйленбек болып, қарсы алуға шыққан Темір, жолшыбай Яссыға соқты, тозығы жеткен сағананың үстінен көрнекті мавзолей салуға жарлық шығарды. Мавзолейдің құрылысының бас шебері Мәулен Ибадулла Садырға, құрылысқа жалпы басшылықты жергілікті хан Қоңырат Құдайбақ деген кісіге тапсырды.

XV- XVІІІ ғасырлар аралығында Түркістан қаласы тарихының жарқын беттері болды. Ол бүкіл қазақ хандығының саяси, экономикалық және рухани орталығына айналды. Мұнда Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенң «Жеті-жарғы» заңдар жинағы дүниеге келді. Түркістан тарихи мекен қазақ хандығының гүлдену кезеңінің де тарихы. Түркістан -мемлекетіміздің тұңғыш ресмі астанасы, кемеңгер хандарымыз, данагөй билеріміз,жау-жүрек бабаларымыз мәңгі мекенін тапқан қасиетті топырағымыз, ұлы шаңырағымыз.    Түркістан шаһарынан Шәуілдірге қарай жолға шыққанда, шамамен он бес шақырымдай жерде, Мәскеу-Алматы теміржолы өткелі бар. Сол жерде мекен еткен кісілер теміржолға қызмет ететіндіктен, әрі сол теміржолға қызмет көрсететін разъезд орналасқандықтан, қысқаша №33 разъезд деп атайды.Сол разъезге қарай, теміржолдан асып өтпей тұрып, тас жолдан солға қарай бұрылып, теміржол бойына жанама қаптал тұсқа көз салсаңыз Шахан ата күмбезі тап жаныңызда тұрғандай көрініп тұрады.

Шахан ата қазіргі Жамбыл облысы Жаңатас, Қаратау, байқадам аталған төңіректе мекен еткен.Ұлы жүздің ішіндегі Ысты тармағының Тілік атасынан шыққан кісі. Бұдан 300 жылдай бұрын жоңғар- қалмақтардың шапқыншылығы өршіп тұрған бір кездері Сыр бойына қарай ығуға мәжбур болған ру-тайпалар қатарында келген. Жаугершілік кезінде қорғаныс ұрыс салған қазақ батырларының бірі болған. Ұрыс майданда шейіт болып, топырақ осы Түркістанда, ескі Шауғар қаласы, қазіргі Шойтөбе аталатын жерден бұйырған. Шахан ата өзі батыр әрә көріпкел болған, қазірдің өзінде басына зиярат ете келіп, түнеген кісілерге бес қаруы сай, сауыт киген қалпында көркнкс береді екен. Ел ауызындағы әңгімеге сенер болсақ, ниет етіп,келген, бойында құбылысы бар кісілердің үшінші көзі ашылатын көрінеді. Жалпы қандай әулиеге барсаңыз да, бәрінде өзіне тін кереметтерін естисіз. Бұлардың бірініңкі көп, екіншісініңкі аз деп бөлмелеудің қажеті жоқ. Шын ниетпен басына тілек тілеп барған соң, қайсыбірі болмасын, өз әсерін тигізері рас. Тек үлкен сеніммен барған жөн. Әулиелердің негізгі кереметі, сырқат денедегі лас энергияларды алып тастап, жаңасын қалыптастыратындығында.                                                           1658 жылы Тәуекел хан қайтыс болған соң орнын басқан Есім хан Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етіп бекітті. 1702  жылы  Бұқарадағы Көкілташ медресесімен ғылымның 12 бабын меңгерген Бұқар жырау Түркістанға келіп Қарнақ медресесінде бірнеше жыл мүдәрістік етті.

1723 жылы Жоңғар қонтайшысы Сыбан Рабтан 7500 әскерімен Түркістанды бетке алып кележатқанынан хабардар болған Қаракерей қабанбай батыр Әзірет Сұлтан сағанасы алдына еркек кіндіктің бәрін жинап, Түркістанды жаудан қорғау амалын қараған мәслихат өткізді.

1724 жылы жоңғар әскерлерін Түркістаннан құып шыққанда шешуші күресті Әбілқайыр ұйымдастырды.

1729 жылы Төлеби орыс елшісі К.Миллерді қабылдады. Миллер 1738 -1739 жылдары бірінші орыс сауда керуенін Ташкентке бастап келе жатқанда, Түркістанмен Әулиеата арасында Қойкелді батыр оларды тонағанын естіген Төлеби оны Түркістанға шақыртып алып, билер сотында тоналған мүліктің өтеуіне Қойкелдіге 2000 жылықы айып салды.

1740 жылы Қалдан Сереннің  тепкісінен шыдай алмай Төлеби жұрты Қарақалпақыстан,Бұқар, Хорезм облыстарында көшіп жүріп, жат жерді менсінбей, Қаратау, Түркістан жағына жылжып келе жатқанда Ташкенттің әміршісі Жолбарыс хан Төлебидің халқын шабады. Төлебидің Сыйқым Қара батыр, Мәлік батыр, қаңлыдан-Құлан батыр, Рамаданнан-Алшынбай батыр, Ақбай, Қаратай, Төлебай бастаған батырлары Жолбарыс ханға қарсы шабуыл ұйымдастырып, қарсыластарын жеңеді.

Жолбарыс ауыр жараланып, өлер алдында:

-Уай, аруақ жебеген Төлеби!

Әке жолын қудым да, ат міндім

Құдайберген Дәулетпен тақ міндім.

Біреуді қуанттым,

Біреуді жылаттым.

Түбім төре болған соң,

Ата дәстүрге тақ тұрдым.

Ауланың көрдім қаһарын,

Тас талқан болды шаһарым.

Жарық дүниеден жылжып барамын

Тыңдасаң бар айтарым,-

Дегенде Төлеби басын шұлғыйды.

Жолбарыс хан жай сыбырлағандай:

-Мен де сендей еңіреген ермін,

Түркістан еді туған жерім:

-Мен өтемін жалғаннан,

Кім құтылар маңдайға Алла салғаннан.

Өзің апар, өзімді

Түркістан топырағымен жап көзімді,-дейді.

Төле би Жолбарыс ханнның айтқанын орындайды.

1815 жылы түркістан қаласы Қоқан хандығына өтті. 1816 жылы қазақ Тентек Төре деген азамат Түркістанды Қоқан билеуінен құтқарамын деп, Сайрамға барып 12 мың адам жинаған. Бірақ мұны Омар ханестіп қойып, күрес нәтижесіз қалды.

1864 жылы12 маусымда Түркістанды соғыспен орыс полковнигі Верещакин алды.

1902 жылы күздің соңғы айларында Түркістан қаласында қазақтың Үш жүзінің атақты кісілері қатысқан Ұлы рухани басқосу болды. Түркістандық Қоңырат ұрпағы Бөлтай Қожағұлұлы шақырып, ұйымдастырған бұл салтанатқа Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Өзбекістан, Туркия, Моңғолия, Қытайдан 3000-дай адам қатысқан.

1918 жылы Түркістан қаласында Алаш өкіметінің Сырдария облысы қазақтарымен 5-6-7 съезі өтті.

1917 жылы қарашада, қазан төңкерісінің нәтижесінде Түркістан, Қазалы, Ташкентмен  бір мезгілде Кеңес өкіметіне бағынды.

1930 жылы 23 шілдедегі Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің қаулысына сәйкес Түркістан өңірі Түркістан ауданы болып құрылды.

1974 жыл 4сәуірде Түркістан қаласы Түркістан ауданынан шығып, дербес қала мәртебесіне ие болды.

1990 жылы Түркістанда дүниежүзілік түркі халықтарының Ясауи әлемі атты халықаралық конференциясы өтті. 12 шетелдерден ғалымдар келіп, баяндама жасады.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші таныған ел-Туркия, сол жылы-ақ Орта Азия мен Қазақстан бойынша ең бірінші Түркістан қаласына туысқандық қолын созды. Сол кездегі Туркияның Мәдениет министрі Намық Кемал Зейбек туркиялық бір топ ғылым, мәдениет қайреткерлерімен Түркістанға келіп, Қазақстан мен Туркия арасында мәдени достастық орнату протоколына Қазақстан Мәдениет министрі Қанат Саудабаев екеуі қол қойды. Бүкіл  Түркі халықтарының Ұлы Атасы Ахмет Ясауидің ескерткішін ақысыз жөндеуден өткізіп, қалпына келтіруді Түркия үкіметі өз міндетіне алды.

тайқазан1991 жылы Түркия Республикасының Президенті Тұрғыл Озал Түркістанда болды.

1992 жылы туысқан екі елдің Президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримов Түркістанға келіп, Ахмет Ясауи  мавзолейінің алдында екі республика арасындағы достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.

2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығы өте жоғары деңгейде атап өтілді. Шетелдерден мемлекет басшылары , қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысқан ғылым и конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан шаһары және оның төңірегіндегі ежелден әулие,әнбилердің,қожа, шейхтердің мекені. Тәңірлік діннің абыз, бақсылары да мұнда өмір сүрген. Шойтебе жақта Тәңірлік дін мен Исламдық наным, сенімі белгілері төбе, дөңдерде сайрап жатыр.    Қазақта «екі дүние» дегенұғым бар. «Бұл дүние» және «о дүние» әлемі Қожа Ахмет рухы арқылы, үйлесіп, тылсым тұңғиығына тартады. Түркістанда бұл дүниеде өмір сүріп, қазір рухы о дүниеде жеті қат аспанда-ғарыш әлемінде жүрген Әзірет Сұлтанның «қасиет құпиясы» әлі жұмбақ. Қожа Ахметтің Меккеге ұшып барып, намаз оқитын «мұғжиза қасиетінің» сыры мәңгілік тылсым, оған дарыған қасиетті білу мүмкін емес. Әулиелерде жебеушілік рух құбылысы жүретін Тәңірлік сенім растайды. Исламдық түсінік Алла-Тағалаға құлшылық қылып, дұға оқу арқылы ғайыптан іс бітіруге, мақстқа жетуге болатынына сендіреді. Әулие рухы риза болса жебейді, назаланса кәрін төгеді екен. Түркістанға келіп, әулие рухына медет сұраған, бірақ арақ ішуін қоймаған жігіттің түсіне кірген әулие: «Есіңде ме мен сенің балаңды алғанмын, енді арағыңды қоймасаң өзіңді аламын» деп кәрін төгіп, соңында көк аспанда ғайып болады. Әлгі жігіт үзілді-кесілді ішуін қояды, яғни әулиені назаландырған.

Қожа Ахметтің бойындағы Алла-Тағала дарытқан киелі күштер оның ұрпақтарына да жалғасады. Қызы Гаухарды Түркістандықтар Гауһар ана деп күні бүгінгі дейін құрметтейді. Әулие ұрпағы мазар-кесенесі бұрынғы Коммунизм колхозының Шойтебеге барар жол маңында 60 жылдарға дейін бөлінбей тұрды. Мазар басындағы ағашқа адам қолы тиген жоқ.Кейін «Қаз Рестоврация мекемесі жөндеуден өткізді.

Бір қойшы осында қой бағып, кесені тұрған жерді ластайды. Мазарға мал кіріп кетеді. Ертеңге шопан аяғынан ауырып құдайжар болғанда әкесі молда дем салып, Әйтеуір дерттен жазылып кетеді. Гауһар ана жатқан жерге мал жаюын қояды.

Тағдыр айдап басқа жақтан Түркістанға келген көп жанұяның отағасы бірде 6-7 баласымен Әзірет Сұлтанның басына келіп, отбасына құдайдан жақсылық тілеп, садақа берді. Бұл 60 жылдардың басы еді. Көп өтпей жанына жан малына мал қосып, отағасы 3 жерде еңбек етіп, тұрмыстары бұрынғыданда жақсарып, жекеше малы көбейіп тіпті, соңына байыды.

Әзірет Сұлтан рухы жібеп, өмірде жамандық көрмеген Бақташы әрі күзетші, әрі мұрап өмірге келген бір ұлының атын ырымдам Сұлтан қойды. Әзірет Сұлтандай болсын деп. Ер жетіп, үйді баранды болған Сұлтан қазір дін жолын ұстанады. Гауһар ана тұрған жер Яссы ауылына қарайды.   Ұлы бабамыздың рұхын құрметтеп, орта Азия билеушісі Әмір Темір Ахмет Ясауидің  ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды, ұйғарады. Кейін бұл кесене бүкіл әлемдегі мұсылмандардың жаппай тәуіп ету орнына айналды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі үлкен бір кешен. Халық өнерінің асыл қазынасының бізідің заманымызға жеткізген тамаша тұындысы. Оның ені 46,5, албиіктігі 40 метрге жұық. Ол әртүрлі мақсатқа пайдаланатын  35 бөлмеден тұрады. Алыстағы көрінетін үлкен күмбез биік иықтың үстінде орналасқан. Оның сырты көк таспен қапталған. Дәл ортада Ахмет Ясаудің құлпытасы орнатылған. Ол жасыл тастардан, нефрит тектес серпинит тасы құрастырылған.

Ғимараттың солтүстік-батыс бұрышында мешіт пен кітапхана орналасқан. Бөлменің батыс жақ қабірғасында Меккедеге Қаағбаға сілтеме көрсететін 3,5 метрлік мозайкалық мехраб орнатылған. Оның беті мозайкамен және өсімдік суретімен бедерленген. Мехраб дегеніміз жеке ұшқыр арқасы бар ойық. Бұл ойық көкілдір түсті мозайкамен көмкерілген. Жұма сайын мешітте намаз оқылатын. Кітапханада бұрынғы көне жазбалар ескі басылымдар сақталып, шығармалар көшірілетін, іс қағаздарын тіркейтін орын болған.Кесененің оңтүстік шығыс жағында құдықхана орналасқан. Бұл құдықхананың суы қасиетті деп саналады, келген адамдарға таратылатын. Кесененің солтүсік-шығыс жағында үлкен, кіші, ақсарай орналасқан.Үлкен Ақсарайда Қазақ хандарының ордасы орналасқан. Ал, кіші Ақсарай үлкен Ақсарайда болған қабылдау кезінде жұрттың  күтіп отыратын орны болған. Рабия Сұлтан Бегім кесенесі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оңтүстік шығыс жағында 60 метр жерде орналасқан. Тарихи мәліметтерде әйгілі Темір ұрпағы, Ұлықбектің қызының 1451 жылы Әбілхайыр ханға ұзатылғаны және кесенесі туралы мәліметтер сақталған. Көшкінші және Сүйінші Қожа хандардың анасы, Әбілхайыр хан қайтыс болған соң 16 жыл Түркістанда өмір сүріп, арнайы салынған кесенеде жерленген.

Түркістан тарихи музейі«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорықтық құрамына енгізілген келесі тарихи археологиялық ескерткіштері мемлекеттің қарамағына алынды:

1.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі экспозициялық көлемі 535 ш.м. Музейдің негізгі қорымда 72 экспонат, уақытша көрмеде 120 экспонат бар.

  1. «Қылует» жер асты мешіті XVI ғ экспозициялық көлемі 702 ш.м Негізгі қорында 24 экспонат бар.
  2. Шығыс моншасы XVI ғ экспозициялық көлемі 130 ш.м Негізгі қорында 18 экспонат, қосалқы қорында 10 экспонат.Жұма мешіті XIX ғ экспозициялық көлемі 128,9 ш.м, 30экспонат.

4.Әскери қазарма үйі XIX ғ экспозициялық көлемі 750 ш.м 980 экспонат, оның ішінде 800 экспонат негізгі қорында бар.

Түркістандағы ескерткіштер

  1. Қ.А.Ясауи кесенесінде орналасқан тайқазанның көшірмесі.
  2. Қазақтардың ІІ дүниежүзілік құрылтайын рәміздейтін мемориалы.
  3. Теміржол Вокзалы. XIXғасырда тұрғызылған мемлекет қарамағына алынған архитектуралық ескерткіш.
  4. Олимпиада чемпиони Б.С.Саттархановтың мемориалы.
  1. Абылай ханның ескерткіші

ХҚТУ университетіТүркістандағы даңғылдар мен алаңдары

  1. Түркістан ұаласына кіреберісіндегі стела
  2. Қалалық әкімшілік үйі
  3. Қазақ –Түрік университетінің ғимараты.
  4. Түркістан қонақ үйі
  5. Яссы қонақ үйі
  6. Ғылым орталығы
  7. Баян сұлу неке сарайы
  8. Үш Арыс мешіті
  9. Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы
  10. Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті, колледжі
  11. Музыкалық драматеатр
  12. Орталық мәдени және демалыс сарайы

Түркістанды түлету-перзенттік парыз, баршаға бірдей борыш.Түркістан-киелі түрік ұрпағын рухани бірлік, ынтымаққа шақырар атажұрт – кіндік қан.

Түркістан түлету-перзенттік парыз, баршаға бірдей борыш.Руханият орталығын көркейтуге әрбір Қазақстандық, қала берді ежелгі түркі халқының бүгінгі барша перзенттері үлес қосса, нұр үстіне нұр. Түркістан –киелі түрік ұрпағын рухани бірлік, ынтымаққа шақырар атажұрт-кіндік қала.Ол келешекте көркейген үстіне көркейіп, гүлденген үстіне гүлдеп, қанатын күннен күнге кең жая беруге тиісті.

Кешеге ұлы бабаларымыз Түркістанды көзінің қарашығындай көріп, қалай сақтап келген болса, бүгінгі біз бен бізден кейін келетін әрбір ұрпақ Түркістаннын солай сүйіп, солай сақтауы лазым.

Қорытынды

Күллі түркі әлеміне танымал Түркістан-киелі қала. Түркістан дегенде әрбір мұсылманның жүрегінде өзгеше сезім елес беретіндей.Ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің сүйегі Түркістан қаласында.Атақты Әмір темір салдырған сәулетті ғимарат –дүние жүзі мұсылмандарының зиярат етер қасиетті шаңырағы. Қожа Ахмет Яссауи өзі өмір сүрген заман мен қоғамның сипатын, халықтың арман-тілегін терең сезінген бүкіл мұсылман қауымын тазалыққа үндеген үлкен тұлға.Сонау ғасырлардың сырын шерткен шаңырақтағы Яссауи  бабамыздың көк күмбезді кесенесі – қаламызға ерекше рең беріп тұрар мұрамыз.Сол мұраны қастерлей білу-перзенттік парызымыз.

Тұран-Түркістан жері өзінің табиғи климаттық ресурстарымен, жер асты және жер үсті кендерімен бай. Сондықтан да ол ежелден жат жұрттық басқыншылардың, Дари, Александр Македонский, араб, және оңғолдың жер қайысқан қалың қолдары сияқты шығыстанда , батыстан да, солтүстік пан оңтүстіктен де жаулап алушылардың назарын аударды. Халық және халық жасақтары, түрлі кезеңінің патшалары мен батырлары оларға қарсы белсене күресті, соның өзімен жауды жеңуге жақындады немесе өз Отанының тәуелсіздігі жолында күресті үшін уақыт, жағдай туындағанға дейін олардың езгісінің  астында өмір сүріп, жұмыс істеуге мәжбур болды.

Түркістан түлету-перзенттік парыз, баршаға бірдей борыш.Руханият орталығын көркейтуге әрбір Қазақстандық, қала берді ежелгі түркі халқының бүгінгі барша перзенттері үлес қосса, нұр үстіне нұр. Түркістан –киелі түрік ұрпағын рухани бірлік, ынтымаққа шақырар атажұрт-кіндік қала.Ол келешекте көркейген үстіне көркейіп, гүлденген үстіне гүлдеп, қанатын күннен күнге кең жая беруге тиісті.

Кешеге ұлы бабаларымыз Түркістанды көзінің қарашығындай көріп, қалай сақтап келген болса, бүгінгі біз бен бізден кейін келетін әрбір ұрпақ Түркістаннын солай сүйіп, солай сақтауы лазым. Өйткені,түркі дүниесінің қара шаңырағы саналар Түркістан-ұлттық ойымыздың жөргекке оранып, ұлттық санамыздың бесікке бөленген қасиетті қара Қағбасы. Қағбаға бас ию парыз.

Өйткені Түркістан – ұлттық Рухымыздың қасиетті Тұмары. Тұмарды жүрек тұсында сақтау парыз.

ОҚО Түркістан қаласы. Ш.Ниязов атындағы жалпы орта

мектебінің тарих, география пәні мұғалімі   Пахриддинов Алым Акимжанович

Санаты 1 Пед өтілі  15 жыл

Пайдаланылған әдебиеттер

1.«Түркістан нұры». /әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журнал. №4 2010 ж

2.«Қайта оралған есім»  авт.Нұрмахан Назаров, Кәмилжан Нұржанов Ордабасы 2010 ж

3.«Оңтүстік өңіріндегі киелі мекендер». Мәдени мұра. 2009 ж

4.«Тарихы терең Түркістан» /Лебіздер І бөлім/Алматы Білім 2000 ж

5.«Ақиқат ұлттық қоғамдық-саяси журнал» №2 2000 ж

6.«Азрет Сұлтан» мультимедийний диск.

7.«Туркистанда жерленген тарихи тұлғалар» авт. Марат Туяқбаев.  Алматы 2000 ж

Түркістан қаласының «Тоған» су қоймасы жанында жүргізілген стратиграфиялық қазба жұмысының 1999 жылғы есебі. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының архиві.Ғылыми- зерттеу жұмыстары» бөлімі

8.«Эпиграфический декор архитектурного комплекса Ахмеда Ясави» Алма-Ата 1989 ж

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Нұрлан

    Түркістан екі дүние есігі ғой,
    Түркістандай жерде туған,
    Түріктің тәңір берген несібі ғой
    қалған шумақтарды ұмытып қалдым.

  2. Мөлдір Жұмажанова

    Мына Мақалада Түркістанды жаңа жағынан таныдым! Көп рахмет!

  3. Меруерт

    Сабақ жоспары өте жақсы құрылған.Жан жақты жасақталған

  4. Закиржан

    Түркістан облысы туралы оте тамаша жазылған

  5. Дана

    Түсінікті өте жақсы жақсы

  6. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Түсіну деңгейлерін әртүрлі тапсырмалар, сұрақтар арқылы біліп отырамыз. осыған сай тапсырмалар мен сұрақтар өз реттілігімен дұрыс қоюылуы қажет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ