Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Тарих

 

ЖАҢА ТАС ҒАСЫРЫ. НЕОЛИТ


Сабақтың тақырыбы: Жаңа тас ғасыры. Неолит.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің үшінші кезеңі – жаңа тас ғасыры кезеңі, Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.

Дамытушылық: Жаңа тас ғасыры кезеңіндегі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбелік: Ежелгі мәдениетті сақтап, ұлттық құндылықтарды қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1) карта, карточка;

2) мұражай жәдігерлері;

3) тірек-сызбалар;

4) тест жұмысы;

5) плакаттар;

6) К.Қарабдалов туралы деректер, құмыра, саз сырнай, май шам т.б. саздан жасаған бұйымдары;

moeПәнаралық байланыс: биология, география, еңбек.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұны сұралып шығады. Одан кейін үйге берілген “Жұмыс дәптеріндегі” тапсырма жалпы сыныптан әр партаны аралап жүріп тексеріледі.

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

1. Садақ пен жебе қай кезде жасалынды?

2. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды?

3. Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?

4. Егіншілік бұдан қанша уақыт бұрын пайда болған? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспары:

ТАС ДӘУІРІ

1. Неолит кезеңінің хронологиясы.

2. Неолит тұрақтары.

3. Неолит ескерткіштері.

4. Сұрақтар.

5. Білгенге маржан.

Міне, осылай тас дәуірі үш кезеңге бөлінсе, оның соңғысы неолит яғни жаңа тас ғасыры. Ал енді алғашқы екі кезеңнен жаңа тас ғасырының (неолиттің) қандай айырмашылығы, ерекшеліктері бар екен?

(Электронды оқулық арқылы неолиттің ерекшеліктерімен, жаңалықтарымен таныстыра отырып, палеолит, мезолит кезеңдерімен салыстыру).

1. Алғашқы адамдар палеолит кезеңінде

2. Мезолиттегі өзгерістер

3. Неолит кезеңінің жаңалықтары

Жаңа тас ғасырындағы адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрған. Олар мата тоқып, киім тігуді үйренген.

Қазақстаннан 500-ден аса неолиттік тұрақ-қоныстар табылған. Тұрақтарының түрлері: уақытша мекендер және ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген қоныстары. Негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар соңынан жылжып көшіп отырған.

Қазақстан аумағындағы неолит кезеңіндегі археологиялық ескерткіштерін электронды оқулық арқылы картадан көрсетіп, ерекшеліктеріне тоқталу.

Неолит кезеңіндегі өндіргіш шаруашылық пайда болған.

– егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастаған;

– қыш құмыра (керамика) жасауды үйренген;

– керамикалық ыдыстарға өрнек салған;

– кен кәсібімен айналысқан;

– мата тоқуды;

– киім тігуді үйренген;

– шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерген.

Неолит кезеңі “қыш құмыралар” заманы деп те аталады. Өйткені саздан құмыра жасау осы неолит кезеңінде қалыптасқан.

Карточкалы сұрақтар:

1. Неолит кезеңіндегі ескерткіштерді атаңыз?

2. Егіншілік қалай пайда болды? Адамдардың бұдан бұрынғы кәсібімен салыстырғанда оның артықшылығы неде?

3. Мал шаруашылығы қалай пайда болды? Жануарларды қолға үйретудің адам үшін қандай пайдасы болған?

4. Картаны пайдаланып неолиттік тұрақтарды көрсет.

5. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

6. Кестені дәптеріне түсіріп, әр кезеңнің ерекшелігін жаз.

Неолит заманында пайда болып, бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған саздан құмыра, тағы да басқа бұйымдар жасау. Бүгінде бұл құмыра жасаудың шебері, білгірі, отбасымен айналысып отырған Кендебай Қарабдалов. (К.Қарабдалов туралы деректер бере отырып, ол жасаған бұйымдарды ежелгі кезеңдегі қыш ыдыстармен (суреттер бойынша) орта ғасырларда жасалған саз ыдыстармен (мұражайдағы негізгі қорлар) салыстыра отырып, айырмашылықтарын табу).

Неолит кезеңінде қалыптаса бастаған әшекей бұйымдар жасау бүгінгі таңда да өз маңызын жоғалтпай қалыпқа құю арқылы да жасалып, жетіле, жандана түсуде.

Сабақты тас дәуіріне арналған тест тапсырмаларын орындай отырып бекіту.

1. Ғалымдар тас ғасырын негізгі кезеңдерге бөледі: б.з.б. 40-12 мың жыл қай кезеңді қамтиды?

А) мезолитті В) орта палеолитті

С) кейінгі палеолитті Д) ерте палеолитті

2. Жер бетіндегі ең көне адам:

А) саналы адам В) терімші адам

С) епті адам Д) тік жүретін адам

3. Археолог ғалымдар тас ғасырын үш кезеңге бөледі: б.з.б. 2,5 млн. 12 мың жыл қай кезеңге жатады?

А) энеолитке В)мезолитке

С) неолитке Д)палеолитке

4. “Тас ғасыры” неге олай аталады?

А) адамдардың тас үңгірді мекендеуіне байланысты;

В) еңбек құралы тастан жасалуына байланысты;

С) жер бетіндегі тастың көптігіне байланысты;

Д) тас қорғандарға байланысты;

5. Ғалымдар тас ғасырын негізгі кезеңдерге бөледі: б.з.б. 5-3 мың жыл қай кезеңге жатады?

А) мезолитке

В) кейінг палеолитке

С) неолитке

Д) ерте палеолитке

6. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралы:

А) балға мен шеге В) қалақ пен сыпырғы

С) ау мен қармақ Д) тастар, үшкір таяқтар

7. Ерте палеолит қай жылдарды қамтиды?

А) б.з.б. 140-40 мың жыл В) б.з.б. 12-5 мың жыл

С) б.з.б. 2,5 млн. 140 мың жыл Д) б.з.б. 40-12 мың жыл

8. Ежелгі адамды маймылдан не ерекшеледі?

А) түктілігі В) тік жүруі

С) еңбектенуі Д) көруі

9. Ертедегі адамдар жануарлардан ең алдымен несімен ерекшеленді?

А) темір өндіре алуымен

В) тамақ дайындай алуымен

С) әшекей бұйымдар жасай алуымен

Д) еңбек құралдарын жасай алуымен

10. Палеолит ол:

А) мыс-тас ғасыры В) орта тас ғасыры

С) көне тас ғасыры Д) жаңа тас ғасыры

11. «Қыш құмыралар заманы» деп қай кезең аталады?

А) палеолит В) мезолит

С) неолит Д) энеолит

12. Неолит мекенжайлары неге уақытша болған?

А) климаттың өзгеруінен

В) табиғи апаттар салдарынан

С) аңшылар соңынан көшіп, жылжып отырған

Д) көшпелі бақташылық

13. Аталық ру (патриархат) қай дәуірде пайда болған?

А) палеолитте В) мезолитте

С) неолитте Д) энеолитте

Үйге тапсырма: Дәптерге неолит кезеңінің басты жаңалықтарын, ескерткіштерін жазу. Картамен жұмыс.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп
  • Жер шарындағы «Жетінші ықылым»
  • Конференциялық сабақ «Абылай хан»
  • Қазақстан халқы Ассамблиясына-20 жыл
  • Ұлттар достастығы

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Меруерт 24.08.2022 күні 19:35 уақытында

    Керемет

    Жауап беру
  • Закиржан 27.08.2020 күні 16:58 уақытында

    Керемет сабак екен тесттеры унады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.