Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру кезінде 1929-1931 жылдарда жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Тапсырмалар бойынша сұрақтар қоя отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, түлғаларды тануға тәрбиелеу
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе
2. «Ашаршылық жылдарында». Бейнетаспа көру
3. «Тарихи қамал» ойыны.
4. «Шыңға шығу» ойыны.
5. Қортындылау.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:
1) Қазақстан Республикасының картасы, тірек сызбалар, бейне таспа
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
Екі топ өзара топтың атын атап, ұраны мен таңбасын қорғайды. Топбасшысын сайлайды.
1. «Ашаршылық жылдарында». Оқулықпен жұмыс.
2 топ бейнетаспадағы берілген деректер негізінде шығармашылық жұмыс жасайды.
1. Берілген дерек негізінде хронологиямен жұмыс.
2. Бейнематериалда қандай тұлғамен таныс болды?
(Әр топтың ұпай саны қанша тарихи хронологиялық дерек пен тұлғаны атауына байланысты беріледі)
2. «Тарихи қамал» ойыны бойынша 2 топқа жалпы сұрақ тасталып, әр сұрақтың жауабы 1 ұпай саналады.
«Тарихи қамал» сұрақтары:
1. 1925 жылы Ф.И. Голощекин қандай бағыт таңдап алды?
2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын партияның қай сьезінде, қай жылы жариялады?
3. 1928 жылы 27 тамызда қандай декрет жарияланды?
4. Ұжымдастыруды неден бастады?
5. Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды қай жылы аяқтауды белгіледі?
6. Ұжымдастыру бағытында қандай қателіктер жіберілді?
7. Шұбартау ауданында малдың қанша проценті мемлекетке етке өткізілді.
8. Ұжымдастыру қарсаңында қанша мал бар еді, оның 1933 жылдың 1-ші қаңтарда қаншасы қалды?
9. 1930-32 жылы барлығы қанша қазақ қырылды?
10. 1932 жылы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық туралы не деп жазды?
11. 1932 жылы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хатын» кімдер жазды.
12. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов кімге, қандай хат жазды?
13. Аштықтың қандай зардаптарын білесің?
14. Ұжымдастыру бағытының қанша жағы болды?
15. Ұжымдастыру саясатына қарсы көтерілісшілер қандай талап қойды?
16. Ұжымдастыру саясатына қарсы халықтың қарсылығын неден көреміз?
17. Голощекиннің «Ауылды кеңестендіру» бағытына қарсы шыққандар кімдер?
18. Созақ көтерілісін басқарған шебер ұжымдастырушы кім?
19. Көшпелі және жартылай көшпелі еңбекші шаруаларды «Толық отырықшыландыруды» қай жылы аяқтау міндеті қойылды?
20. Бір млн-нан астам көшпенді халықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті, оның қаншасы оралды, қаншасы оралған жоқ?
«Шыңға шығу» ойыны
Әр топ «Ұжымдастырудың зардаптары» тақырыбында шығармашылық жұмыс қорғайды.
Қорытынды:
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісін жүзеге асыру іс жүзінде жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі асқан зор апаттық кеңестік нұсқасы болып шықты. Өлкелік партия ұйымының басшысы Ф. И. Голощекин соғыссыз-ақ қарапайым халықты қансырата қырып салды. Зарлаған ана, шырылдаған бала, өлексе сасыған дала Қазақстан тарихының қасіретті беттері болып қала береді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Репрессия құрбандары туралы ізденіп, материал жинақтау.
Репрессия құрбандары туралы жаксы жазылған