Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өзін-өзі тану

 

Тәрбие үрдісіндегі инновациялық технология


Баланың бойында ынтымақтастық қарым-қатынасты,елгезектікті, өзіне – өзі сенімділік рухын қалай дамыту керек?

Бүгінгі заманда бала тәрбиесі дағдарысқа ұшырауда. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан жас өспірімдердің өзіне деген бағасының төмен екенін,олардың елеусіз қалғандарын,ерте жастан жүкті болуын, нашақорлыққа, суицидке қылмыстық істерге барып жатқанын күнделікті естіп жатамыз. Ата – аналар ескі тәрбие әдісінен де, жаңа тәрбие әдісінен де көп күмәндәнәді. Тәрбиенің бірде – бір жолы жарамайтындай әсер туады. Ал тәрбие мәселесі күннен – күнге қиындай түсуде. Тәрбиенің ең негізгісі – балаларды сүйю, жақсы көру және оларға уақыт пен көңіл бөлуде. Әйтсе де, балаға деген сүйіспеншілік тәрбиенің ең негізгі белгісі болса да, тәрбиенің барлық көзін аша алмайды.

Егер ата – ана баласының нені қажет ететінін түсінгісі келмесе,онда толық тұрғыда бүгінгі заман баласына ештеңе бере алмайды. Кейбір ата – ананың өз баласын сүйіспеншілігімен бөлейтіні кездеседі, бірақ та баланың дамуының пайдалы жақтарын ескермейді. Бір жағынан көптеген ата-ана балаларымен көп уақытты бірге өткізуге «талпынады», алайда олай істей алмайды, себебі, олармен не істеп, немен шұғылдануды білмейді. Сондықтан балалар олармен сырласқылары келмейді, ата-ана ашық сөйлесуге тырысқанымен бала сырымен бөліспейді, ашылмайды. Мұндай жағдайда ата-ана шарасыздық танытады. Кей ата-ана баласына дауыс та көтергісі, ұрысып соққысы да келмейді, бірақ амалсыздықтан осы әдісті қолдануға мәжбүр болады. Ата –ана баланы тындай отырып, не қажет ететінін «ести» білгенде ғана, баламен сырласудың нәтижесі болады. Баланың өзіңізге деген ынтымағын арттырғыңыз келсе, онда одан тікелей сұрауды білу қажет. Ата -ана балаларына ерікті көп бере отырып, бақылауды ұмытпағаны жөн. Осыны үйренген жағдайда ата-ана тәрбиенің ескі әдіс тәсілдерінен аулақ болады. Кейбір ата-аналардың есептеуінше барлық проблемалар балаларды еркімен жібергендіктен, оларға шектен тыссұранысын қанағаттандыру десе, ал кейбірі теледидардан қатыгездіктер, жарнамалар әсерінен де деп ойлайды. Әрине қоғамның әсерінің бала тәрбиесіне тигізетін ықпалының мол екені белгілі, әйтсе де, негізгі көңіл, отбасының жағдайына байланысты. Балалар проблемасы жанұядан басталады,сондықтан өз отбасында шешілуі қажет. Қоғамдағы өзгеріс негізгі фактор, әйтсе де баланың қайратты, өз өзіне

сенімді, жігерлі, ата-анамен ынтымақтастық қарым – қатынасы тығыз болғанда ғана, нәтижеге қол жеткізуге болатынын білгені жөн.

BSAKУақытпен бірге алға басу үшін, қоғамдағы өзгерістің ортасында болып, ата-анаға бала тәрбиесіне деген ықпалын, көзқарасын өзгерту қажет.

Қабілетті, дені сау, ынтымақтастық қарым-қатынасқа бейім баланы өсіру үшін, ата-ана өзінің тәрбиелеу жолдарын түкпілікті өзгертуі керек .

Компания басшылары саудадағы бәсекелестікті жеңу үшін үнемі еңбек көзін өзгертіп дамытып отырады, сол сияқты ата-ана да заман талабына сай, тәрбиелеудің жаңа әдіс тәсілдерін қолдана білуге талпыныс жасау керек. Баламен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін, өзіне деген сенімін ,елгезектігін жетілдіру, оның ерік жігерін баспай дамыту керек. Ерік жігері мол бала, құрдастары тарапынан жасалған өктемдікке қарсы тұра біледі, және өзінің қажеттігін қорғай да алады. Бізді қоршаған орта үлкен өзгерісте және балалар да өзгеруде. Қорқыту мен тәрбиелеудің бүгінгі күні ешқандай әсері жоқ. Ескі қорқыту тәсілі ата-ананың бақылауын шын мәнінде әлсіздендіреді. Айғай мен ұру, соғу баланы бақылауға көмектесе алмайды. Керісінше, тындау қажеттілігін және ынтымақтастықты жойып жібереді.Оқуда жетістікке жету үшін және негізгі қажеттілік, қоршаған ортамен берік қатынасты құру жаңашыл адамның пікір алмасу мәдениетін толық жан-жақты меңгере білу қажет. Ата-анасын бала тындаған жағдайда ғана, мұны меңгеруге болады.

Бүгінгі күні балалар қоршаған ортадан қорқыту арқылы емес, керісінше еліктеу арқылы үйренеді. Көбіне балалар ата-анасына еліктейді, олардың санасы суретті түрде қабылдап, сіздің не істеп, не айтқаныңызды қайталау арқылы санасына жазып алады. Балалардың ынтымақтастыққа еліктеуі, оқытудың негізгі механизімі болып табылады. Қоршаған ортаға ата-ана құрмет көрсетіп, сабырлы және қайырымды бола білсе, ашу- ызасын тежей білсе, балалары да, басқаларды да біртіндеп құрметтеуге бейімделіп үйренеді.Баланың бақылаудан шығып кеткен кезінде ата-ана сабырлы, ұстамды болуды нақты білуі қажет. Жаңашыл балалар қорқыту мен жазалаудың себебін қажетсінбейді, оларда жақсыны жаманнан айыра білу қабілеттілігі туғаннан дамыған, тек оларға бұл қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беру қажет. Қорқыту мен жазалаудың орнына мақтау,мадақтау, арқылы және олардың ата-анасына қуаныш сыйлаймын деген ниеттері тууы қажет.

Тәрбиенің ескі әдіс- тәсілдерінен арылып, оларды жаңа тәсілдерге ауыстыру қажет. Тәрбиенің жаңа әдіс- тәсілдері : балалармен сөйлесе білуді жақсарту, олармен ынтымақтастықты нығайту және олардың қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік беру. Тәуелсіз қоғамда өмір сүрген әрбір адам тәрбиеге деген көзқарасын өзгерту қажет.

Сонымен жаңа тәрбиенің 5 тәсілі мен 5 принципі:

1. Баламен ынтымақтастық қарым – қатынасты орнату үшін – сұраңыз/өтініңіз/,- бірақ бұйырмаңыз.

2. Баланың қарсылығын азайтып және онымен сөйлесе білу сапасын нығайтуда, оны тыңдаңыз және түсіністік білдіріңіз

3. Баланың мінезін қалыптастыруда оны мадақтаңыз,- жазаламаңыз.

4. Жанұядағы басшы ата-ана екендігін білдіргіңіз келсе, бұйырыңыз,- сұрамаңыз.

5. Жағдаятқа бақылау жасағыңыз келсе тайым-аут белгілеңіз,- баланы соқпаңыз.

Баламен ынтымақтастық қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізетін 5 позитивтік әдіс-тәсіл бар. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Осы маңызды 5 принципті балаға жеткізе білуіңіз қажет.

Ол 5 позитивтік принциптер мыналар:

1. Басқалардан өзгеше болу,- ол қалыпты.

2. Қателік жасау ол да,- қалыпты

3. Жағымсыз эмоция /көңіл-күй/ байқату,- ол да қалыпты.

4. Көпті қажетсіну ,- ол да қалыпты.

5. Келіспейтініңді білдіру,- ол да қалыпты. Бірақ есіңде болсын ең басты ол ата-анаң.

Бұл бес принцип сіздің балаңыздың қабілетін дамытуға еркіндік береді. Егер бұл позитивтік принциптер арқылы тәрбиелеудің әдісін өмірде дұрыс қолдана алсаңыз, балаңыз өзіндегі жақсы қасиеттердің сапасын жетілдіріп, өмірде жетістікке ие болады. Бұл сапаның кейбір түрлері: Басқаларды, өзіңді кешіре білу, бөлісе білу,өзіңнің қажеттілігінің орындалуын күте білу, намысыңды қорғай білу,шыдамдылық, төзімділік, сөзге берік болу,ортаны және өзін құрметтей білу,ынтымақтастық рухы,елгезек, өз күшіне сенетін, бақытты бола білуге қабілеті. Ұсынып отырған жаңа әдіс-тәсіл сіздің балаға деген сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңыздың бірлесуі балаңыздың толық есейуіне мүмкіндік береді.

Әр баланың жүрегінде бір нүкте /кнопка / бар. Оны басқан сәтте бала өзінің ата-анасымен ынтымақтастықты қажетсініп және оларды қуантқысы келеді. Тәрбиенің осы 5 әдісі мен 5 принципі кнопканы басуға жол ашады. Ол кнопканы пайдалана білген ата-ана балаларын бақылай да , басқара да біледі. Әр жастағы балалар еліктеуден және ынтымақтастықтан ықпал етуден үйренеді. Егер ата-ана сиқырлы кнопканы баспаса, онда баланың оқу қабілеттілігі мен өсуі шектеулі болады.

Ата-ана болу әрине оңай емес. Бірақ позитивтік тәрбие сіздің алдыңызға күрделі мақсат қояды. Әрине сізге көп уақыт күш қайрат жұмсауға тура келеді. Баланың «менін» ашу арқылы сіз оған ұлы сыйды тарта аласыз. Тарихтағы ғұлама адамдар – суретшілер, ғалымдар, үлкен тұлғалар ерекше қабілетін шығармашылығын таныта білген. Бұл адамдарда да арман болған, сол арманды орындауға жол тапқан. Бұл адамдардың ерік жігері, күш қайраты мол болған. Сенімсіздікке және ортаға қарсы тұра алған. Биіктікке жете білуде кедергілерге төтеп бере білу керек.

Жан-жақты қалыптасқан қабілетті адам ғана биіктік пен шығармашылыққа қол жеткізе алады.

Қараңыз:

1. Баланың басқалардан өзгеше болуы арқылы, оның өз мақсатын көруіне, ішкі потенциалының дамуына және бағалауға мүмкіндік/жол/ бересіз.

2. Балаға қателік жасауға мүмкіндік бере тұра, өзінің сол қателігі арқылы жаңа жетістіктерге жетуге жол ашасыз.

3. Балаға негативтік сезімін тудыра отырып, оның өзінің, эмоциясын басқаруға үйретіп, өз сезімін түсіне білуге, сенімін жетілдіруге ынтымақтастық рухын көтеруге мүмкіндік бересіз.

4. Балаға көп нәрсені қажетсінуін болдыра отырып, ол соған сай екенін және өз қажетін соңына, қалдыруды үйрену мүмкіндігін береді. Балаңыз көп нәрсені қажет ететінді бірақ, барға қуана білуді де сезінеді.

5. Балаларға «жоқ» деп айту арқылы оның, ерік жігерін дамытып оның «менін» анықтауға мүмкіндік береді «жоқты» айта білу арқылы баланың ой танымы дамиды, жүрегі мен ерік-жігерін, сезім мен ойын дамыта түседі.

Авторитетке қарсы тұра алу – позитивтік тәрбиенің ірге тасы. Тәрбиенің бұл тәсілдері балалардың тәрбиесіне көп көмегі тиеді деген сенімдемін. Осы жаңа білімді танып білу арқылы ата-аналар өз балаларымен жақсы қарым-қатынас жасауға олардың талабын ашуға мүмкіндік береді. Ата-ана болу өте күрделі міндет /іс/, дегенмен бұл міндет өте құрметті. Позитивті тәрбиені практика жүзінде қолданып жүрген ата-аналармен тығыз байланыста болыңыздар. Сіздің балаңыз өзіне сенімді елгезек, және ынтымақтастыққа қабілетті болсын, ішкі және сыртқы дүниесінде жетістіктері мол болсын.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Іскерлік ойын
  • Өзімді және өзгелерді тани білу.
  • Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес
  • Психологиялық жаттығулар
  • Адамның эмоциясы: «Күлкі мен жылау»

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Жанбота 04.11.2021 күні 07:36 уақытында

    Тәрбие тал бесикттен басталалды

    Жауап беру
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 күні 13:19 уақытында

    Тәрбиеде де инновация үдерісі ену керек. Бұл бағытта автор өз ойы мен тәжірибесін жүйелей алған.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.