Сұлтанова Ғ.Т.
Қ.Дүтбаева атындағы
Атырау гуманитарлық колледжі
Қазіргі кезде балалықтан тек тәтті естеліктер мен сағым секілді елестер қалған кезде ғана, баланың өз бетінше қорғану мүмкіндігі төмен осы қоғамның дәрменсіз өкілі екендігін түсінесің.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы, кейде мектеп ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бала ата-анасының меншігі ретінде саналады.
. Қазақстанда осы күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отыр.
Статистикалық зерттеулердің нәтежелерінің көрсетуінше 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ұрлық пен зорлық көрсету саны кейінгі уақытта күрт өскен. Мектеп қабырғасында оқушыларының бірін-бірі мазақтауы мен зорлық жасауы жиілеп кеткендігі туралы шағымдар көптеп түсуде.
Жасөспірімдердің зорлығы мен мазақтауына тек қана балалар ғана емес әлемде 1997 жыл мен 2005 жыл аралығында бір миллиондай мұғалім де жасөспірімдер қылмысының құрбаны болған.
Мектепте оқитын балалардың да, мұғалімдердің де психикалық-эмоциялық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жасау мұғалім мен оқушының бір-біріне деген әдепсіз тәртіпке жол беру жағдайларына алып келетіндігі бүгінде айқын болып отыр. Сондықтан, ата-аналардың қатысуымен жиі жанжалды жағдайлар болып тұрады, мұндай жанжалдар мектептегі қарым-қатынастарды ушықтырып жібереді және баспасөз беттерінде көрініп қалады. Белгілі бір уақыттан кейін жанжал жасаған жақ балалардың құқықтары туралы ұмытып кетіп, өз проблемаларын шеше бастауы жиі кездеседі.
Көбіне болған зорлық-зомбылық туралы, жанжалдар туралы көпшілікке жария болмас үшін мәселені оқу орындарының өздері шешуге, ал соңынан сол баладан құтылуға жиі ұмтылады.
Тәртіп бұзу жағдайы (дөрекілік, бағдарларын жоғалту, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) сонымен бір мезгілде қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келеді немесе бала тағдырын бұзады.
Кез келген адам баласына біздің көмегіміз қажет, себебі: бала – өздігінен қорғана алмайтындығы болмаса, ол да қоғамның толық құқылы мүшесі. Адамның құқығы балалық шақтан басталады. Бізде балалар құқығын қорғайтын заң – Бала құқығын қорғау конвенциясы қабылданған. Өкінішке орай, көбіне өзіміз күнделікті күйкі тірлікте өз баламыздың құқығын бұзып жатамыз. Талдап көрелікші:
№1 құқық. Отбасылық қарым-қатынас
Ата-ана айырылысып, бөлек тұра бастады. Осындай отбасының бұзылуы – бала үшін үлкен соққы, оның үстіне, шешесі баласының әкесімен (кейде керісінше) қарым-қатынасына наразылық көрсетіп, тосқауыл қояды. Немесе әкесі анасынан басқа әйелге үйленіп, ал ол бұрынғы жанұясымен қатынаспауын талап етеді. Соның ішінде, кәмелетке толмаған баласымен де араласпауы керек… Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» туралы заңында былай делінген: «Әрбір баланы оны еркінен тыс ата-анасынан айыруға, олармен араласуға, бірге тұруға тосқауыл жасауына болмайды. Баланың кіммен тұрғысы келетіні, қалауы ескерілуі тиіс. Яғни, бала ата-аналары туралы мағлұмат алып, араласып тұруына құқығы бар. Олай болмаған жағдайда, бала құқығы сот арқылы қорғалады.
№2 құқық. Қамтамасыз ету
Егер ата-ана айырылысуды шешкен кезде, бөлек кететін адамды баланы қамтамасыз етуден ешқандай да жағдай босатпайды. Олар бұрынғыша баланың өміріне толық жағдай жасап, оның тұлғалануына, дамуына атсалысуы керек. Тек қана алимент төлеумен шектелуге болмайды.
№3 құқық. Еңбек ету
Бала еңбек етуіне болады, тек ата-анасының рұқсаты мен баланың жасының 14-ке толуы керек. Алайда, баланы ауыр дене еңбегіне салып, оқуына кедергі келтіретін жұмыс жасауына қатаң шектеу қойылады. Айтпақшы, тапқан табысын бала өз қалауы бойынша жұмсауына, ата-анасы немесе заңды тұлғалардың көмегімен банктен шот ашып, операциялар жасауына құқылы.
№4 құқық. Білім алу, оқу
Әрбір бала білім алуға құқылы. Оған заңды түрде тегін, жалпы орта, кәсіби және байқау негізінде тегін жоғары білім алу заңды түрде қамтамасыз етілген. Мектептерде баланың
құқығы күнбе-күн бұзылатыны ащы да болса, шындық. Белгілі бір пәннен мұғалімнің болмауы оның осы мемлекет берген құқығын бұзады. Әсіресе, ауылдық жердің балаларының құқығы көбірек бұзылуда. Жас мамандар ауылдық жерге жұмысқа барудан қашқақтайды.
№5 құқық. Тінтуге болмайды
Баланы тінтуге, ата-анасыз жауап алуға, жауаптауға, айып тағуға мүлдем болмайды. Мысалы, мектепте мұғалімдер темекі тарттырмау мақсатында баланың қойын-қонышын, сумкасын ақтарып тексереді. Бұл бала құқығын бұзу болып табылады. Жауап алу міндетті түрде ата-анасының қатысуымен болуы керек. Жауап алу дегенде құқық органдарында болатын жауап алу ғана емес, мектепте де дау-дамай, кикілжің туған жағдайды шешу мақсатында жауап алу керек болатын кездер болады.
№6 құқық. Күш көрсету, қинау, қорқыту т.б. зорлықты болдырмау
Ата-ана не басқа үлкендер баланың психикалық, дене, адамгершілік дамуына кесел келтіруіне құқығы жоқ. 49-бапта көрсетілгендей, баланы тәрбиелеу әдістері қаталдық, салғырттық, кемсітушілік, адамның намысын таптаушылық, құлдық сияқты қатынасты тудыратын әдіс-тәсілдерінен алшақ болу керек. Демек, баланы мазақтайтын, масқаралайтын, кемсітетін сөздерден және қол тигізуден дереу бас тартыңыз, әдет етпеңіз. Желкесінен түю, шекесінен шерту – бұл да құқықты аяққа таптау екенін біліңіз.
№7 құқық. Маскүнемдік пен темекі шегуден сақтандыру.
Әрбір ата-ана балалар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау ісіне өз үлесін қосуға міндетті. Кәмелетке жетпеген балаларға спирттік өнімдер мен темекіні сатуға тыйым салынады. Ал күнделікті өмірде бұл тыйым өкінішке орай, тек қағаз жүзінде. Сондай-ақ, сатушылардың балаға зиянды дәрілер мен желім, ерітінді сияқты психикаға есірткілік әсері бар заттарды сатуға ұялмайтындары да кездеседі.
№8 құқық. Ақпараттық
Баланың бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануға, таңдауға толық құқығы бар. Алайда, балаға әлеуметтік, діни, ұлтаралық наразылық тудыратын, соғысқа, өзін артық сезініп, өзгені кемсітуге шақыратын ойыншық, видео-аудио, әдебиет, газет-журнал түріндегі ақпаратты көрсетіп не сыйлағаны үшін жазалы болатыныңызды біліңіз. Сондай-ақ, балаларға эротикалық, порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату да заңсыздық.
Бұл жерде тек кейбір бала құқығына тоқталдық, алайда ойланыңызшы, қаншама құқық бұзушылық күнбе-күн болып жатыр?! Баланың өзі де Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да заңдарын сыйлап, мемлекетіміздің рәміздерін, ата-анасы мен туыстарына қамқорлық көрсетуге, қадірлеуге, тарихи, мәдени мұраларды қастерлеп сақтауға, табиғатты қорғап, табиғи байлықты үнемдеп қолдануға тиісті. (ҚР Баланың құқығы» туралы заңы, 20-бап).
Заңды бұзған бала үлкендер, әкімшілік, заң органдары тарапынан оның өзіндік сана-сезіміне, ар-намысына нұқсан келмейтіндей қарым-қатынасқа құқылы. Оның жас ерекшелігі ескеріліп, әлеуметтенуіне бағытталуы тиіс. Бала оны қорғауда негізгі құқықтық кепілдікке, т.б. көмекке құқылы. (Бала құқығын қорғау туралы конвенция, 40-бап).
Білім беру органдары, атап айтқанда, орта білім беру орындарының әкімшіліктері және психологтары тиісті дәрежеде оқушылардың дене жарақатымен келуін, оқушылардың мектептерге келмеуін, олардың үлгерімінің төменділігін анықтап отыруы тиіс, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларындағы оқушылармен алдын алу және ағартушылық жұмыс жүргізу, ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, халықты әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іскерлік қарым-қатынас жасауы керек
. Мектеп психологы әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз етілуін қадағалап, қолынан келгенінше қамтамасыз етуі тиіс. Жергілікті БАҚ құралдарымен жұмыс жасау – телехабарлар дайындау және жергілікті басылымдарда осы мәселеге байланысты пікірлер білдіріп отыру да психолог міндетінің бірі болғаны дұрыс.
Мектепте педагогикалық-психологиялық алдын алу және түзетушілік, дамытушылық қызметтің ақсап жатуының себептері менің ойымша:
-Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
— Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
-Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасауға үйретудің мардымсыздығы;
— Түзету шараларын тиімді ұйымдастыруды жолға қоймау;
-Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ )т.б;
Ұсынысым:
Әр облыс, аудан, қала, ауыл психологтарын бір-бірімен байланыстырып отыратын психологтар ассоциациясы сияқты ұйым құру.
Қазақстан педагог-психологтарының тегін интернет сайты жүйелі жұмыс жасаса;
Компьютерде арнайы психологиялық мәліметтерді есептеу және өндеу бағдарламалары бар: («Stadia», «SyStat», SPSS, SAS, BMDP, «Stаtistika», «Мезозавр», «Эвриста»,т.б.) Солармен мамандарды жұмыс жасауға үйрету курстары ұйымдастырылып, Ресей психологтарының іс-тәжірибелерін үйретсе.
Оқу орындарының психологтарына қызмет бағыттарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық жағдай (кабинетті жабдықтау,бағдарламалар сатып алу, интернет желісін қосу,.т.б.) жасалуын бақылау.
Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Ән бала өзіндік бір тұлға
«Тәрбие -тал бесіктен басталады!»-демекшi адам құқықтары бала кезінен басталады.
Қазіргі танда ең маңызды дүние қарым-қатынас.
Бала өз өмірінде жеке тұлға. Сондықтан қазіргі таңда баланы өз құқығын біле етіп өсіру өте маңызды. Қажетті деректер кеңінен орын алған
Жасөспірімдердің тәртібіне, тәрбиесіне арналған керемет мақала екен
Салеметсиз бе Сиздин макаланыз катты унады! Озиме керек коп макала окыдым! Жана угымдармен таныстым бираз комегин тигизеди деп сенем! Барлык такырыптары жаксы ! Омирге керек коп магулматтар бар керемет сайт деп ойлаймын!
улкен рахмет!
Бала дүниеге келгенге дейін сенің келгеннен кейін елдің баласы бала туа сала оның талаптары орындалып құқықтары қорғалу керек
Қазіргі танда ең маңызды дүние қарым-қатынас берген кеңесіңізге рахмет!