Овуляция күнтізбесі

овуляция тест қазақша

Әйелдердің екі аналық безінің әрқайсысында көптеген былайша айтқанда мыңдаған аналық жасушалары болады. Жыныстық жетілу аяқталғаннан кейін, әр айда осы жасушалардың бірі жетіліп аналық безде өнеді.

Овуляция процессі етеккірге екі аптадай қалған уақытта болады. Егер осы уақытта пісіп жетілген аналық жасуша еркектік ұрықпен «жолықпаса» ол жойылып ешқандай жүктілік болмайды. Әр айда ағза жүктілікке дайын болады ол кезде жатыр ішкі қабаты қалыңдайды әрі жұмсарады.

Егер ағза ұрықтану болмағанын сезінсе, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабатында еттеккір атты сұйықтық (менструация) қынап арқылы денеден шығарылып тасталады. Аналық жасушаны арнайы аспапсыз көзбен көре алмайсыз өйткені ол өте кішкентай болады. Ағзада болып жатқан гормондық өзгерістер әйелдің көңіл-күйіне өз әсерін береді.Овуляция кезеңінде кейде өзіңізді көңілді, жігерлі сезінсеңіз, ал еттеккір алдында мүлдем көңіліңіз түсіп, кей жағдайда ызалы болуыңызда ғажап емес.

Біз сол себепті сайтымызда сіздерге овуляция күндерін оңай анықтауға арналған қазақша күнтізбені пайдалануға ұсынамыз. Осы овуляция кестесін пайдаланған соң өз пікірлеріңізбен, ұсыныстарыңызбен бөлісе отыруларыңызды сұраймыз.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Тест нәтижесі медициналық тұжырым болып табылмайды. Нақты ақпарат алу үшін дәрігер маманға жүгініңіз


комментария 93 Пікір қосу

  • Сәлеметсізбе менде етекир август .жетісі сегізіне келді екі кун келедиавгуст 31 бирине тунде келди цикл еки кун норм журеди овулация кунин айтып жибепесизбе жасым 46

  • Саламатсызба менде 3 казанда келди 7 не кетти енди мен овулиция ны калаи есептимин сол жагын аитып жебересизбе овулиция кашан болады екен

  • Менде 15-құркүйек деп тұр қай уақытта қосылсада мейліма екен бір мезгіл болама екен әлде бір сағат дегендей осыны біле алмай басым қатты

  • Циклді 20 күннен жазыңызшы менікі 21 күн болған екен

  • Сәлеметсіз бе? Менің циклім 21 күн болып қалды хотя 20 күннен істеңізші

  • Босағаннан кейін көтерсе жүктілік аптасын қалай есептейді месячных келмесе

  • Сәлеметсіз бе? Менің овуляциямды мамыр айын көрсетпей тұр не үшін

  • Салеметсизбе менин овуляция есептеп беринизши

  • Сәлеметсіз бе? Менде 01.07.2022ж келді. Ал қазір менің жыныстық қатынастан кейін бас ауырып жүрек айнып құсып жатырмын оның себебі неде?

  • Саламатсызба сізге гинекологқа қаралу керек қалыпты емес менструация айма ай келу қажет.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!