«Танакөз» поэмасынан көрініс

1 көрініс

( Сахна ауылдың табиғатын бейнелейтін  бильбордпен безендіріледі. Тау етегіндегі үйлер, өзеннің сылдырап аққан суының даусы,құстардың сайраған дауысы, айнала жап- жасыл талдар, көкорай шалғын шөптер, сұлу табиғат бейнеленеді. Сахнада Мұрат пен Мұхтар сөйлесіп тұрғандай болады. Жазба дауыспен айтылады.)

Мұхтар: -Шіркін… Өмір деген қызық қой! Кейде өзің  ойлағаныңдай, армандағаныңдай бола бермейтіні несі!?… Тағдырдың тартуы ма, әлде сынағы ма…екеумізге ортақ   бір бақыт бар деп кім ойлаған?..

Мұрат: -Иә, сен ержеткен  таулы өлкеде,  мен де ержеттім…Мен тербеткен арман бесігін, сен де тербеттің…   Жан досым- ау,.. гүл тергенбіз талай таулы бөктерде, сағынысып тұрушы едік,  көріспесек леп- лезде…

Мұхтар:-Білесің бе?.. Біздің тағдырымыз қалай- қалай тоғысқанын… Біздің әкелеріміз де айрылмастай  тату дос болған.Екеуі егіз қозыдай бірге өсіп, бір топырақта аунаған.Тіпті, екеуі бір күнде,бір уақытта  соғысқа бірге  аттанған ғой…Біздің достығымыз содан бастау алған-ау ә!

поэмаМұрат: — Екеуміз де, екі ананың еркесі едік, тел өскен.Біздің үйде ет асылса, бір бөлегін саған  сақтап отырушы еді, анашым! Міне,.. міне … келіп қалар- ау деп есікке қарағыштап,.. жүретінмін алаңдап…Құдды бір,.. біздің үйдің баласындай іздейтінмін сені…  мен…

Мұхтар: —Әкем байғұс, жау тылында жаралы боп қалғанда , сенің әкең,.. жан досын жау қолында қалдыра алмай,.. өзі де бірге  жаралы солдатты  арқалап жүріп, жау оғынан қаза тауыпты…

Мұрат: —Иә, екі досты ажырата алмаған екен өлім де,

Екеуі де көз жұмыпты құшақтасқан күйінде…

Екеуінің өмірінің жалғасындай   мына біз,

Екі ошақтың шам шырағы  лаулап жансын дегендей…

Мұхтар: —Ал, анамыз ше… Аналарымыз асыл жан ғой аяулы,

Бұл өмірден көрсе -дағы қанша қиындық қаяуды,

Асырады, бақты, қақты, шаң тигізбей маңдайға,

Бар ғұмырын біздерге арнап , білмей жанын аяуды.

Мұрат: —Кім біледі, бізбен жүрген соры ма әлде бағы ма,

Ортамызда  орта бойлы қыз болатын  тағы да.

Көзіне оның көз жетпейтін  бұл ауылда тең келер,

Сондықтан да Танакөз деп атайтұғын жеңгелер.

Мұхтар: —Қуансақ та, қайғырсақ та қасымызда  Танакөз,

Танакөзбен көңілді еді, біздің ерке бала кез.

Жол қысқырсын дейміз дағы  жоқтан барды құрай сап,

Біз екеуміз Танакөзді мазақтаушы ек талай рет…

Танакөз: -Мұхтар, Мұрат сендер қайда жүрсіңдер?! Сендерді іздемеген жерім қалмады ғой! Уф,уф,!

Танакөз поэмасынан үзінді.Мұхтар:  —Танакөз!

Мұрат:-Танакөз!  Сен қайдан жүрсің ей?  Танакөздің көздері  Сайранбайдың  танасының көздеріне ұқсап қалған, сондықтан  ғой бізді лезде тауып алғаны, қарашы! Бірақ ақылың бар ғой, ақылың ұқсамасыншы… Ха …   Ха…   Ха…!(күледі)

Мұхтар:  —Ал, құлағы ше!? Құлақтары тура Пернебайдың қодығының құлағы секілді, дүниедегі  бар жаңалықты жібермейді ғой, жібермейді. (Ішін басып күліп,келеке етеді)Аха…  ах…  аха…  аха…

Танакөз:  Қап,.. бәлем …сендерді ме,… сендерді (Үшеуі бірін- бірі қуалай жүгіреді. Шаттана күлген дауыстар естіледі.Мұрат мен Мұхтар бірінен соң бірі  Танакөзді биге шақырып, кезек- кезек гүл сыйлайды.Танакөз гүлдерді алып мәз- мәйрам болып шығып кетеді )

2-көрініс

Мұхтар: (Ойға шомып сахнаға келеді.Армандап тұрып сөйлейді.)

…Танакөз! Ах, шіркін… Танакөз десе, Танакөз ғой…. Көздерін айтсаңшы…Мөп -мөлдір, тап -таза  тұп -тұнық –ау, тұп-тұнық!.Мінезі ше?…  Адамдарды бірден баурап алатын сиқыры бар тәрізді…Қасына барған адам айналшықтап шыға алмай қалады… Танакөз  маған  қараса  болды …сасқалақтап қаламын, жүрегім дүрсілдеп,..тарс- тұрс етіп, көкірегімнен шығып кететін тәрізді,.. біртүрлі боп кетемін де қаша жөнелемін… Ал, оны көрмесем… тағатым таусылып, көргенше асығамын… Бұл не?.. Ғашықтық деген осы ма,..? Білесің бе..? Тіпті қасымда жүрген жан досым ,Мұтаттан да қызғана бастадым, ..қызық! Бірақ,..  Мұхтар менің бала кезден жан досым ғой!..  Енді қайтем?.. Қайтсем екен?.. Жүрегім тек  Танакөзді қалайды,… ал ақылым… мүлде басқа дейді…Басым қатыыыып кетті…(Сахнадан басын ұстап шығып кетеді)

сценарийі.Мұрат:(Ойға шомып сахнаға келеді. Ол да армандап тұрып сөйлейді.)

    Мен сіздерге  сырымды айтайын ба? Айтпасам ішіме сиятын емес, әйтеуір біреуге айтуым керек.Үйдегілерге де айта алмаймын,…досыма да айта алмаймын… Мен біреуге ғашық боп  қалған сияқтымын…Мен оны көрмесем тұра алмаймын,.. ал кездесе қалсам… аузымды аша алмай,.. сасқалақтап..,қалтырап,.. дірілдеп, біртүрлі қорқатын сияқтымын… Сендер оны білмейсіңдер ғой!.. Ол ше…Ол-  барлық қыздардың ішіндегі ең сұлуы, ..ең сүйкімдісі,.. ең асылы сияқты… Маған дүниеде одан басқа қыз жоқ секілді…Мен оның атын атап бар дауысыммен  айқайлап тұрып  шақырғым келеді.Айқайлағым келеді.. түсінесіңбе?  Бірақ,.. айта алмаймын,.. айта алмаймын… түсінемісің?…  Себебі ма?! …Себебі, … мен ұнататын қызды  жан досым да ұнататын секілді… Иә,..ия, солай сияқты… Ол да  маған айтуға қиналатын  секілді, …Ішім сезеді…Солай бауырым…Жүрегіме  жүгінсем…  Танакөз, Танакөз деп соғады. Бірақ жан досымның алдына түсуге де болмайды.Ол менің бала кезден жан досым ғой… Біздер бірге туған  бауырдай боп кеткенбіз. Ал, бауырға сатқындық жасауға болмайды…Енді не істесем екен?…Тағдыр? Тағдыр деймісің? Ия, тағдыр  бізді неге бұлайша қинап қойды екен?…Жүрегім қысылып барады… уф,уф ,уф!

(Сахнадан қиналып шығып кетеді)

3- көрініс

Мұхтар(Сахнаға жай, қинала басып келеді) -Бүгін мен үшін өмірімдегі ең қаралы күн..Бүгін менің  ең аяулы адамым,  асыл  анашымды жер қойнына берген күн… Ия, сол күн есімнен кетер  емес. Анашымды жоғалту мен үшін өте ауыр да  қиын болды. Анашым, сен кеткелі екі көктем келіп, гүлдер шешек атқалы…Дүниенің бәрі орнында, тек қана сен жоқсың анашым… Анашым..!  Армандаушы ең ғой,  жалғызымның тойына жетіп,.. қызығын көрсем-ау деп…Кешір, анашым! …Шаңырағыңа  келін түсіріп, қолыңды жылы суға сала  алмадым…Үлгере алмадым…Әттең …Өмір  не деген қысқа едің?   Әттең… Тағдырға қарсы тұра алмадым…Амал нешік…(Сахнадан сүйретіліп шығып кетеді)

(Нұргүл апаның  үйінде…Мұрат Мұхтар да бар)

Нұргүл апа :Айналайын,қарақтарым,.. жандарым сол!.. Міне,.. ержетті деген  осы! ..Екі әкенің де армандары орындалып, үміттері ақталып, бүгін міне мектепті де бітіргелі отырсыңдар!.. Марқұм,.. сенің анаң екеуміз,..  ырым етіп тігіп едік, екі  ақ жейдені..! Мектеп бітіру кешіне  егіз қозыдай боп кисін деп… ниеттегенбіз.  Әлі есімде… Күні кешегідей…  көз алдымда бәрі де..!Сенің анаң екеуміз  сендерді жетектеп,  алғаш мектепке апарғанымыз, онда сендердің бір партада отырамыз деп жылаған сәттерің…Бәрі, бәрі, бәрі де есімде. Ия,  арманымыз көп-ақ еді…Екі достың шаңырағын құлатпай, қайта тікейтсек дейтінбіз..! Өзіміз жап-жас болсақ та, алладан сендердің бақыттарыңды тілеп,.. азамат болғандарыңды көрсек дейтінбіз…  Сол аңсаған күн де келіп жетті міне … Бірақ ,  сол күндерді еске алмау  мүмкін емес…Марқұм, сенің анаң жете алмады бұл күнге. ..Дегенмен де… «орнында бар оңалар»- деген, құдайға шүкір,  атпалдай азамат болдың…Тіл көзден сақтасын, аллам! Кәне,кие қойыңдар, жейделеріңді. (балаларға көйлектерді ұсынады. Екеуі киеді)

Мұхтар: Бұл екі көйлек- екі әкенің шапағаты секілді,екі ананың махаббаты іспеттес..!

Мұрат: Екі ананың  ар-намысы -бұл ақ көйлек,екі әкенің достығының жеңісі бұл ақ көйлек! (Екеуі құшақтасқан күйі Нұргүл апамен  шығып кетеді)

танакөз мұхтар шаханов4-көрініс

(Сахнаға күрек, тырма ұстаған қырман жұмысшылары  шығады. Астық төгілетін жерді дайындаған болады. ..Мұрат,Танакөз, Мұхтар жұмысшы киімінде  бір-бірінен шаруа жайын сұрастырып келе жатады. Алдарынан қала ұлгісінде  киінген, қолында папкасы бар тілші шығады)

Оралхан: —  Жұмысшы жастарға сәлем!(Қол алысып амандасады)

Танакөз:  Амансыз ба? Қайдан жүрген жолаушысыз?

Оралхан: — Мен Алматыдан келген тілшімін.Есімім Оралхан Бөкеев

Танакөз:  -А ! Иә, иә. Біз газет беттерінен мақалаларыңызды талай рет оқыдық. Сыртыңыздан таныспыз.

Оралхан:  — Олай болса өздеріңізбен жақынырақ танысайық. Қандай шаруа атқарасыздар?

Мұрат:- Мен трактор жүргіземін.Атым Мұрат.

Мұхтар: -Мен қырманда есепшімін. Атым- Мұхтар

Танакөз: —  Танакөз! Комсомолдың хатшысымын.!

Оралхан:  -Жақсы, жігіттер, маған жұмыстарың жайлы  толығырақ айтып берсеңдер.

Мұрат: —Мен сөздің адамы емеспін. Жұмыс тосып тұр. Сау болыңыздар! (Кетеді)

Мұхтар: -Мен де асығыспын. Астық тиеген  машиналар келіп қалды. (Ол да асығыс кетіп қалады)

Оралхан: —Нағыз  еңбектің жігіттері екен..! Көрініп-ақ тұр. Ал, өзіңіздей сұлуды бұл жерден көру кереметтей тосын сый болды… Хатшы болсаңыз ауыл жастарының жай-күйін сізден артық ешкім білмес…

Танакөз: —  Иә,  ауылда бос отырған бір адам жоқ. Барлығы қызу жұмыс үстінде. Мемлекеттік жоспарды артығымен орындаймыз деген ойдамыз.Жүріңіз, қырмандағы қыздарға барайық! (Екеуі шығып кетеді)

5-көрініс

(Танакөз екі шелекпен су әкеле жатады.Алдынан Мұхтар жүгіріп шығады)

Мұхтар: -Танакөз, әкел суыңды мен апарып берейін.

Танакөз: —Немене, мені  екі шелек суды көтере алмайды  деп пе ең?

Мұхтар: — Саған суды тасу оңай болса, мына суды шашып ойнайық

(Екеуі шелектегі суды бір біріне шашып ойнай бастайды. Ойнап жүріп Мұхтар Танакөздің бетінен сүйіпалады.Сол сәтте Мұрат та келіп қалады.Ол ренішті  жүзбен тұрып қалады да бұларға ештеңе айтпастан кетіп қалады.Танакөз ашуланып қалады)

оқушылар өнері.Танакөз: —Мұхтар, мұның не? Ыңғайсыз болды ғой!  И И И, сен де…

(Танакөз  бетін басып тұрып қалады,, шелегін алып  жүгіріп шығып кетеді Сахнада Мұхтар қалады )

Мұхтар: —Ой, шынында да ыңғайсыз болды ау .. ә.. ә. Қалай болғанын өзім де байқамай қалдым ғой… Орынсыздау болды… Қап…

(Мұхтар сахнадан  жаймен жылжып кетеді Музыка ойнайды)

(Сахнаға  Танакөз келеді. Біреуді іздеп жүргендей кейіп танытады)

Танакөз: —Мұратты көрмедіңіздер ме?..Жұмысқа келмегеніне  де біраз болды… Оған не болды екен?.. Ендігі… уайымдай бастадым.   (кетеді)

(Сахнаға  Мұхтар келеді. Ол да біреуді іздеп жүргендей кейіп танытады)

Мұхтар: —Мұратты   кездестірмедіңдер  ме?.. Көөөп болды көрінбей жүр…Барсам үйінде болмайды… қайда жүргенін…Алаңдап біттім..Менен қашқақтайтын сияқты…Жо- жоқ бүгін тағы барамын, сөйлесу керек  жақсылап…

(Сахнадан кетеді.Музыка ойнайды)

(Нұргүл апаның үйі.Мұхтар Мұратпен қол алысып амандасады.Нұргүл  апа құшақтап бетінен сүйеді)

Нұргүл: Мұхтаржан-ау…   қайда жүрсің, жаным- ау?.. Өзіңді сағындық қой,.. балам- ау! Кәне, тағы бір иіскейінші өзіңді… Ойй, тентегім ау сол!.. Айна-лай-ын ай!.. Мұхтаржан, бізде жақсы  жаңалық болғалы жатыр… Досың үйленгелі жатыр…Айтпады ма саған?..

Мұхтар:  -Жо -жоқ!..Естімедім… Кімге?..

Мұрат: (күлімсіреп)- Зергүлге…

Мұхтар: —Мұрат,.. таңдау жасау сенің құзырыңда, әрине…Бірақ, сен мен білерде Зергүлді сүймейсің ғой,.. бауырым.!

Мұрат: -Жо- жоқ! Жалған, жалған.!Сен оны білмейсің ғой.!

Мұхтар:   —Білем,..білем…Басқаны   білмесем де, сені білем ғой… Оның үстіне ..Зергүл .. шешесінің еркетотай жалғыз қызы,.. жұмыста да жоқ, оқуда  да жоқ, еріккен ерке қыз ғой…Ауыл аймақ …анасын да жақсы айтпайды. Шешесіне қарап қызын ал деген бар ғой…

6 көрініс

(Зергүлдің шешесінің үйі.Әйел малынып киінген.Қоғамбай келеді.Амандасып отырады.Зергүл дастархан  қамына кіріседі.)

Қоғамбай:  —Иә отырыс жаман емес  сияқты, құдағи…Бір сәт жан -жағыңа қарап, елдің тірлігіне араласар кез елген сияқты…Ауылдың да жағдайын ойлау керек қой…

Әйел:-Жә- жә, түсіндім!.. Созбалама әңгімені!.. Қария ма десем, баланың әңгімесін  айттыңыз ғой..!

Қоғамбай: — Қой шырағым, ақылға кел! ..Елдің бәрі бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып, жұдырықтай  жұмылып жатқан кезде, оның не? .. Ертең қызыңды жібер жұмысқа…

 мұхтар шаханов танакөз поэмасыӘйел: —Бара алмайды,.. ал шындығы керек болса, бармайды!..

Қоғамбай:  -Барғызамыз… Барады!..Басшыларға айтамын,.. мәселесін қарасын!..

Әйел:  —А А А !Қорқарым  жоқ.!.. Қарай берсін, қарасын!.. Аудандағы бір бастық, мына менің нағашым!..

(Қоғамбай орнынан тұрып, қолын бір сілтеп кетпекші болады)

Зергүл: —Қоғамбай аға шайға келіңіз.

Қоғамбай: -Уақытым жоқ…Жұмысшы жоқ.., жұмыс көп… Одан да жұмысшы іздейін…

Зергүл :-Апа шынында да, мен қашанғы отырамын үйде… Үйден ішім пысып кетті…Мен де қатар құрбылармен бірге жұмысқа шыққым келеді…

Әйел:  —Ол не дегенің?.. Сорлы ау!.. Колхоздың қара жұмысында не бар саған! Отырмайсың ба патшадай болып,.. үйдің төрінде, жүгірмек ау!..

Зергүл: —Олармен жүрген қызықты… Әрі маған ауылдастар біртүрлі қарайды…

Апа, мен сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да   қырманға жұмысқа шығамын…Мен ертеңнен бастап жұмысқа шығамын!

Әйел: —Қызым, таңертеңнен кешке дейін …  күннің астында  жұмысқа жегіліп,.. өлесің ғой…Мен оған жол бере алмаймын…Айтқанды қыл ақымақ қыз!..

Зергүл: —Жоқ, апа!.. Айттым бітті… Мен кеттім…

(Музыка ойнайды. Сахнадан кетіп қалады)

7 көрініс

( Той дастарханы.Тойға келгендер жар жар айтып, жастарды шақырады.Мұрат пен Зергүл  той киімінде келеді.Қастарында қыз жолдас пен ұл жолдас бар. Нұргүл апа  шашу шашады, беттерінен сүйеді. Асаба домбырамен шырқатады.)

қойылымнан көрініс.Асабаның сөзі. Асаба беташардан үзінді орындайды

(Көңілді қонақтар дуылдасып, асабаға қолдау сөздер айтып, қошеметтеп тұрады.Барлығы дастарханға жайғасады.Мұрат Мұхтарды оңаша алып кетіп сұрайды)

Мұрат: -Танакөзді көрмедің бе,.. тойға неге келмеген?..

Мұхтар: —Ия, танертең көргенімде жылап тұрған болатын. ..Ұға алмадым,.. түсінбедім,.. қандай сыр бар жасырын?..

(Мұрат қиналып, жылайды. Мұхтар да оның сезімін түсінеді.)

Мұхтар: —Қайран досым… өзегіңді өртеген сезіміңді  жүрегіңнің түкпірінде сақтапсың ау..! Лаулап жанған өз отыңды  өзің қалай өшірдің?.. Талай түнді,.. талай түнді…  өткердің ау, кірпігіңді ілдірмей..! Өз басыңның зор   қайғысын қалай жұттың білдірмей? Бауырым ау!.. Достық деген ұлы сезімді бағалапсың жоғары… Жүрегіңнің іңкәр әнін неге айтпадың дауыстап… Ай   досым-ай!.

Мұрат: —Ия, достым. Маржан тастар, су түбінде жатса да ,тас күйінде қалады. Жанына қайғы батса да,.. нағыз достар,.. дос күйінде қалады.Біз де досым …бағынайық сол заңға…

(Екеуі  қол алысып, құшақтасады)

(Қырманның басы. Қоғамбай, Танакөз, Нүргүл , жастар жағы бар  бәрі жұмыс үстінде. «Қырманға кел қалқатай» әні ойнап тұрады. Сол кезде бір қыз жылап , айқайлап келеді)

Жұмысшы қыз: —  Көмектесіңдер,.. көмектесіңдер!.. Тезірек!.. Тезірек барыңдаршы!..   Ана жақта ,.. ана жақта!..

Қоғамбай: —  Иә , не болды,  айтсаңшы жылдам!..

Бәрі — Не?  -Не?  -Не болды?..

Жұмысшы қыз:Ана жақта,  Мұрат …  Мұрат трактордың астына түсіп қалды… Бәрі шулап жатыр…(жыламсырайды) .Көмектесіңізерші…

Бәрі шулап:Не дейді!- Не деп тұрсын?- Ойбай жүгір! Қап құдай-ай!

Нұргүл: -Не дейд?.. Сен не деп кеттің? Менің Мұратым ба?..Аман ба  өзі?  Ой-буууй, сорлы басым-ай! Енді қайттім? Аман ба екен құлыным,.. құлыным-ай! Жүгір… жүгір…құтқарыңдар менің ботақанымды!.. Құтқара көөөр!..

(Нүргүл апаны сүйемелдеп алып кетеді.  Мұңды музыка ойнайды)

(Дәрігерлер  операция жасау үстінде. Ақ халатты дәрігерлердің жүгіргенін көрсетеді )

поэма негізінде көрініс.8 көрініс

(Нүргүл апаның үйі. Бәрі  шай столы жанында жиналып отыр.Зергүл шайдың қамын жасап жүр)

Қоғамбай: — Нұргүл келін!..Әйтеуір,.. ақыры қайыр,.. Мұрат жақсарып келеді. Соған да шүкіршілік ет, айналайын!..Бекем бол!

Бәрі:  —Иә, иә … басының амандығын аитсаңшы!..

Өзінің барын аит!..

Құдай сақтап,..Бір қатерден қалды ғой…Ұзағынан,.. ұзағынан!..

(Сахнаға  мед бике келеді)

Медбике:   -Саламатсыздар ма! Нұргүл апа, қалайсыз, жақсысыз ба?..

мұхтар шаханов танакөз қысқашаНұргүл:  -Шүкір,.. шүкір қызым…!

Медбике:  — Нұргүл апа,.. Сізге жақсы жаңалық аитқалы келдім…Мұраттың жағдайы, біраз жақсарып қалды. Бүгін дәрігер үйге шығарамыз деген… Енді Мұратты үйге алып келу керек…Соны айтқалы келіп едім.

Бәрі:  — Е,е,е, дұрыс болған екен.

-Үйдің аты үй ғой! Өзінің үйіне жете ме?

(Осы кезде  Зергүлдің шешесі әңгімеге араласады. Көңілсіз, қоңыр дауыспен сөз бастайды)

Зергүлдің шешесі: — Хмм ..-Не ғой, құдағи!.. Мен… Мен қызымды алып кеткелі отырмын!

Нұргүл:  — Неге…  құдағи? (таңырқап)

Зергүлдің шешесі:  -Енді, не ғой! Сенің балаң…енді… мүгедек боп қалды…Әрине, құдайылық іс қой!.. Бірақ,…мен де анамын қызымның болашағын ойлап… осылай шештім…Қызымды мүгедекке  таңып, қор қылып қоймаймын!

Қоғамбай:  -Ау.., құдағи,.. оныңыз не?  Сабыр етіңіз! Адамның басына іс түскенде,.. демеп,.. көмектесер болар еді!..Алыс адам емессіз!..Сіз болмасаңыз, кім түсінеді,.. Мұраттың жағдайын!..Адамшылық қайда?..

Зергүлдің шешесі: -Жә, жә!…Жетер!.. Кісімсімей-ақ қой!.. Ақылыңды басыңа жақ! Сен, маған ақыл үйретпе, білдің бе?.. Мен ешкімнен сұрамаймын…Әркімнің өз баласы өзіне керек!… Қызымның жас өмірін өксітіп қоя алмаймын!..

Зергүл: — Апа, не болды сонша! Мен…Мен кетпеймін… Апа!..Кете алмаймын!

Танакөз: -Зергүл… Ия,  сен кетпеуің керек…Мұратты тастап кете алмайсың ғой!..Солай емес пе?..

Зергүлдің шешесі: — О… О… ой…сүмелек байғұс! Мен саған, әу баста айттым!.. жұмысқа шықпа деп.. Шошаңдап қырманға шықтың,.. ал не таптың енді?! Сол кезде менің ақылымды алмадың,   сорлы қыз!..Енді… енді тек менің айтқаным болады…Жүр алдыма түс…Жүр, жүр деймін саған, жүр!..

(Қоймай, Зергүлді  сүйрелеп алып кетеді. Зергүл амалсыз кете барады)

Нұргүл:  -Зергүл,.. Зергүл… тоқташы..Зергүл… шаңырағымды шайқалтпашы…Мұраттың қалі не болады, Зергүүүллл!—-

(Нұргүл апа  орнынан тұра бере, айқайлаған күйі жүрегі ұстап құлайды.Бәрі у-шу боп,  Нұргүл апаны  алып кетеді. Мұңды музыка ойнайды)

9 көрініс

(Мұхтардың  жұмыс  бөлмесі.Стол үстінде том том кітаптар Қоғамбай келеді. Екеуі құшақтасып амандасады.)

Мұхтар:-Қоғамбай аға қайдан жүрсіз?

гүл қызғалдақ.Қоғамбай:  —Бір үлкен жиналысқа делегат қып жіберді.

Мұхтар: —Ауыл қалай,.. астық қалай,..  Нұргүл апам бақуатты ма, маған сәлем айтты ма?.. Келерде  Танакөзді көрдіңіз бе?..Мұрат қалай…Зергүл  аман- есен бе?…

Қоғамбай: —Е, шырағым, өмір қатал өкінгенмен амал жоқ… Досың сенің бір бақытсыздыққа  ұшырады жақында… Ауылдың тірлігін  өзің білесің…  Күздік жиын -терінде  егіс даласында трактор жүргізіп жүріп, жазатайым трактордың астына түсіп, ауруханаға түсті…

(Мұхтар қайғырып, бетін басып жылап, орындыққа отыра  кетеді)

Қоғамбай: —Қой, бекем бол, шырағым!..Мұраттың  басына түскен ауыртпашылық бәрімізге де оңай тимеді…Түн ішінде улап- шулап аудан орталығына апардық…Түнімен  тәңірден Мұраттың аман қалуын тіледік… Тілегімізге тірі қалды…, бірақ… екі аяғын  тізеден кестірген… Содан бастап жан досыңның шаңырағы кертілді… Үш айдан соң мүгедек деп… менсінбей Зергүлді шешесі алып кетті… Хал үстінде жатқан анасына да қаратпады,  патшағар…Сорлы анаға мұның бәрі ауыр тиді.. Онсызда жүрегінің дімкәсі бар анасы… көп ұзамай көз жұмды…

Мұхтар:  —Ойбуй, қайран досым ай..,қайран досым ай!.. Өзі қайда, кім бар оған қарайтын?..

Қоғамбай:  —Аудан орталығындағы  мүгедектер Үйіне… жібергелі жатыр деп естігем…

(Мұхтар орнынан атып тұрып, күйіне сөйлейді)

Мұхтар:  —Жо- Жоқ!..  Жібермеймін оны мұндай азапқа!..  Достыққа адал бола алмасам, жаным күйсін тозақта!.. Асыл досым  бір сен үшін, керек десең өмірімді қия алам!..

(Сахнадан жүгіріп шығып кетеді)

(Сахнада  аурухана көрінісі. Ақ халат киген дәрігерлер сөйлесіп тұрады. Жүгіріп Мұхтар келеді)

Мұхтар: —Мұрат қайда? Қайдасың Мұрат?

Дәрігер:.-Мұратты ауылына  алып кетті.

Мұхтар: —Қашан?..Кімдер алып кеткен?..Ой, Такси.. , такси..,такси…

(Жүгіріп кетеді .Музыка ойнайды)

10-көрініс

( Танакөз  Мұратты мүгедектер арбасымен  сахнаға алып шығады. Мұраттың қолында кітап.Танакөз дастархан әзірлеп көңілді жүреді.Бір біріне күлімсіреп қарап қояды.Сол кезде Мұхтар келеді. Бұларды бірге көргеніне әрі таңданып, әрі қуанып сахнаның алдына шығады)

Мұхтар: — Мұрат,..Мұрат.. қалайсын, досым ау! Кешір… Кешір  бауырым осы уақытқа дейін хабар алмағаным үшін! Кеше гөр бауырым! Мен, мен кеш естідім ғой…кеш…

Мұрат: — Амансың ба  Мұхтар! Жеттің бе бауырым?!

(Екеуі құшақтасады, сағыныштарын басады)

Танакөз: — Мұхтар…сенбісің!?   Қалің қалай?

мұхтар шаханов поэма.Мұхтар: — Танакөз … Танакөз…Өз көзіме өзім сене алар емеспін… Міне керемет! Тамаша! Достарым… білесіңдер ме..Мен…Мен… қуаныштымын… Жарылар  жүрегім  жарылып -ақ кетсін! Естимісіңдер… Кеудемді кернеген қуаныштан  айқайлағым кеп тұр!А ха А ха А  А Й Й й  й!

(Музыка ойнайды Жазба дауыспен оқылады)

Мұхтар: Қадірлім ау, сенің іңкәр махаббатың алдында,

Сенің ұлы дос жүрегің алдында,

Асқар таулар басын исін,

Басын исін! Түгі де жоқ таң қалар.!

Екеуіңнен асқақ емес, биік емес енді олар!

Сендер өшпей жаныңдаршы,

Сендер бақыт табыңдаршы,

Онсыз өмір мәнді ме?

Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,

Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге!

Кез келгеннің қолы жетпес,

Кез келгеннің жолы жетпес,

Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан!,

Құлатпашы мені мәңгі  осы биік сатыңнан,

Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан!

(  Достар жайлы ән орындалады.Музыка ойнайды.Көріністе ойнаған кейіпкерлер  сахнаға шығады)

   
Пікірлер13
  1. Толғанай

    «Танакөз» поэмасы жүйелі түрде құрылған өте жақсы. Сахналық образдары барлығы оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Алғысым шексіз.

  2. Сауле

    Оқушыларға достық жайлы құр сөзбен түсіндірмей осылай сахналау арқылы көрсеткен жақсы!

  3. Лаззат

    САхналық көрініс арқылы балалрдың қызығушылығын арттыруға арналған жақсы материал.

  4. Салиха

    Қойылым жақсы жоспарланған . Осындай сахналық қойылымдарды орындаған кезде алдыңда отырған оқушыларды жаңа қырынан тани бастайсың. Әріптесіме шығармашылық табыстар тілеймін.

  5. Аружан

    Поэманы сахналау арқылы балаларға түсіндірсе ол түсінікті әрі олардың естеріңде жақсы сақталады.Сабақты осылай қызықты қылып өтсе балаларда ынталандыру,алға қарай ұмтылады.

  6. Айсулу

    Кереметтей поэманы жай құр сөзбен түсіндірмей осылай сахналап насихаттау дұрыс

  7. Алмагуль

    Поэмадан алған үзіндіңізді көпшілікке түсінді қылып көрсете білдіңіз. Рақмет.

  8. АРАЙЛЫМ

    Маған ұнады!Әсерлі… Балалардың есінде қаларлықтай жазылған

  9. Нұрбану

    Сабақ жақсы жоспарланған.Сахналық жағынан алғандықтан оқушылардың қызығушылығын артырады, оларды сахна мәдениетіне үйретеді

  10. Абдуллаева Наргиза Хайдаровна

    Маған өте ұнады.Әдебиеттен сабақты 45 минут ішінде барлығын өтіп түсіндіре алмайсын, сол себепті мына сабақ өте түсінікті берілген шебер жоспарланған. Сізге үлкен рахмет пайдасы көпшілікке тиеді деген ниеттемін.

  11. Абдуллаева Наргиза Хайдаровна

    Маған өте ұнады.Әдебиеттен сабақты минут ішінде барлығығын өтіп түсіндіре алмайсын, сол себепті мына сабақ өте түсінікті берілген шебер жоспарланған. Сізге үлкен рахмет пайдасы көпшілікке тиеді деген ниеттемін.

  12. Карменова Бахытжамал Базылрахмановна

    «Танакөз» поэмасынан үзіндіні шебер қолдана білгенсің. Оқушыларға достық жайлы құр сөзбен түсіндірмей осылай сахналау арқылы, көрініспен насихаттау қандай керемет! Маған ұнады. Сабағыма қолдануға тырысамын.

  13. Әлімбетова Индира Амангелдіқызы

    Әсерлі екен.оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыруда көп көмегі болатын көрініс.Ең бастысы тілі жатық,көркем ұсынылған дүние.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ