Мектеп кітапханасында (сабақ жоспары)

Ахметова А.Р.қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Өскемен қаласы әкімдігінің«№9 орта мектебі»  КММ

akharuzdМектеп кітапханасында 6 сынып

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – сөздік бірліктерді  меңгеруге жағдай жасау, жаңа сөздерді

қолданып, сұхбат, мәтін құру, сараптау, дұрыс айту   дағдыларын дамыту;

б) дамытушылық – өз бетімен жұмыс істеу, әңгімелеу  арқылы сөйлеу

дағдыларын, қызығушылықтарын, зейін қойып тыңдау,  мәнерлеп, түсініп оқу, ойлау қабілеттерін, топпен, жұппен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту, алған білімдерін қолдана  білуге дағдыландыру,  тірек сөздерді қолданып, мәтін құру, сараптау;

в) тәрбиелік – бір-бірін сыйлауға, көмек көрсетуге, бірлесіп жұмыс істеуге  жағдай жасау.

Оқыту нәтижесі:

Жаңа сөздерді дұрыс айтады, сауатты жазады,  сөз тіркесін, сөйлем құрғанда қолдана біледі, сұрақтарға  жауап бере алады, сұрақтар, мәтін, сұхбат құра алады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, тәуелдік, септік жалғауларды  біледі, қолданады және мәтіннен таба алады; топпен жұмыс істей біледі; топтық жұмыстың ережесін біледі, қолданады; бір-бірін, топты бағалай алады.

Негізгі идеялары:

Топпен, жұппен бірлесіп  жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына, өзгенің жұмысына  баға бере білуге үйрету. Сұхбат құруға, жуан, жіңішке сұрақтар қоюға дағдыландыру. Рефлексия жасауға, сараптауға  үйрету.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. «Қуаныш шеңберін» өткіземін. Балалар қолдарынан ұстап, бір-біріне тілек айтып, қуаныш сыйлайды. Сергіту сәті жақсы жұмысқа әрекет жасайды.
  2. Оқушыларды ұйымдастыру: амандасу, сыныпты түгендеу, күнді жаздыру, сұрақ-жауап, топтарға бөлу, сабақтың өткізілу жолын түсіндіру, бағалау критерийімен таныстыру, топтық жұмыстың ережесіне тоқталу /слайд, бір оқушы оқиды/:
  3. Жұмысты бірге істеу.
  4. Бір біріңді тыңдау.
  5. Кезекпен сөйлеу.
  6. Ынта қойып тыңдау.
  7. Мұғалімнің ұсынысына назар аудару.

Бағалау критерийі: бағалау критерийі арқылы өзін-өзі тексереді, бағалайды;  топ мүшелерін топ басшылары  бағалайды; топтың әр мүшесінің бағасы жауап парағына қойылады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Бағалау критерийі арқылы өзін-өзі тексереді:

«5»- қатесіз;

«4»-1 қате;

«3»-2 қате.

І. Әр топтан бір оқушыға /С/, сөздік сөздерді тексеру мақсатында тапсырма беремін:

  1. Мектеп Абай даңғылында , 5 «В» мекен-жайында расположен. Бірінші қабатта спортзал, мастерская,  ән, мультимедиялық    кабинеттер орналасқан.      Екінші қабатта  асхана, кітапхана, психолог,  кабинет врача  бар. Начальные классы да үшінші қабатта оқиды.
  2. Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта расположен. В мастерской технология сабағы өтеді. Познания  сабағын Елена Юрьевна өткізеді.     Кабинет врача үлкен, таза. Начальные классы  да  үшінші қабатта оқиды.
  3. Екінші қабатта кабинет врача расположен. Познания   сабағы қызықты өтеді. Татьяна Викторовна  — начальные классы мұғалімі.

ІІ. Әңгімелеу /В/

ІІІ. Сұрақ қою /А/

ІІІ. Білімді  жан – жақты тексеру.

Грамматикалық тақырыптарды қайталау, «жуан», «жіңішке» сұрақтар қою арқылы /презентация/. Оқушылар сұрақтар қояды. Өткен тақырыптарды еске түсіріп, жауаптарын дәлелдеу арқылы береді.

1.Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? /жай сұрақ/

2.«Оқушы» сөзіне ілік септігінің жалғауын жалға. Неге бұл жалғауды жалғадың? “Мектеп” сөзіне барыс септігінің жалғауын жалға. Неге бұл жалғауды жалғадың? /интерпретациялық сұрақ/.

3.Атау септігі  мен басқа септіктер арасында   қандай айырмашылық бар? Көмектес септік пен шығыс септік арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар? /бағалау сұрағы/.

                 Сергіту сәтін өткізу / жас ерекшеліктерін ескеру/.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

1.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының  элементі  «Ой-талқы» стратегиясын  қолданып,  «кітап» сөзіне  ассоциацияларды атаймыз.

  1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
  1. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мектеп кітапханасы».

  1. Сөздік сөздермен жұмыс

шығарма-произведение

көбінесе-в основном

өлеңдер жинағы-сборник стихов

Ұлттық кітапхана-Национальная библиотека

  1. Сөз- сөз тіркесі-сөйлем.
  2. Топтық жұмыс /топпен жұмыс істейді, топ басшысы бағалайды, бағалау парағын қолданады/.

а) Мәтінмен жұмыс. «Текст с пропусками» әдісін,  «Бағдаршам» стратегиясын қолданамын. Әр топқа мәтін беріледі.

akharuzd1

б) 1-тапсырма,42-бет.

І топ— мәтіннен етістіктерді тауып жазу;

ІІ топ— мәтіннен септік    жалғаулы сөздерді тауып жазу;

ІІІ топ— мәтіннен тәуелдік  жалғаулы сөздерді тауып  жазу.

Жауаптарын түсіндіріп, дәлелдеу арқылы береді.

Топтың әр мүшесінің бағасы жауап парағына қойылады.

Бағалау парағы :

akharuzd2

3 ұпай — жақсы жұмыс істеді

2 ұпай- орташа жұмыс істеді

0 ұпай – жұмыс істеген жоқ

VІ. Жаңа сабақты пысықтау. Білімдерін  еске түсіріп, тапсырмаларды орындайды. Топ басшысы бағалайды.

1.Жұптық жұмыс. Сызба бойынша сөз тіркесін құру.

Зат есім+зат есім

Зат есім+ етістік

Есімдік +зат есім

Сын есім+ зат есім

  1. Постер құру, берілген сөздерді топтастыру арқылы:

І топ-кітапхана;

ІІ топ-кітап;

ІІІ топ- қазақ тілі.

Мектеп,  мемлекеттік,  оқу қажет,   оқиды,   оқырман,  білім,   мейірім,   ақылды,  жазады,   жұмыс істейді,   үйретеді,   кітап,   дәптер,  қалам,  қарындаштар, өшіргіш,  сызғыш,  күнделік,  сөздік,   дәптерге  жазады,   кітапханашы,     білім алады,  тыңдайды,   білу керек,  оқулығы, туған тілі, қазақ халқының.

fsa

VІІІ.Үйге тапсырма. Үй тапсырмасын түсіндіріп беремін.

Мектеп кітапханасы туралы әңгімелеу.

5-тапсырма, 43 бет-жазбаша

VІІ. Бекіту. Кері байланыс жасау. Рефлексия.

                         — Нені білдік?

— Нені үйрендік?

-Балалар бүгін біз жақсы жұмыс істедік. Рахмет. Бүгінгі сабақ бойынша сендердің ойларыңды білгім келеді, сондықтан  мына  стикерлерге аттарыңды жазып, мына үш суреттің біреуінің астына жабыстырыңдар:

Ара: бәрі түсінікті, маған ұнады.

Всё понятно, мне понравилось так работать.

Автомобиль: маған ұнады, бірақ сұрағым бар.

Понравилось так работать, но есть вопросы по теме.

Тасбақа: маған ұнаған жоқ, түсініксіз

Не понравилось так работать, много непонятного.

Өздері таңдап алған суреттің астына стикерлерін жабыстырады

fsa2

VІІІ. Бағалау. Бағалау критерийі бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды тапсырма парағы арқылы бағалайды. Оқушылардың бағаларын түсіндіріп қоямын.

   
Пікірлер2
  1. Ырысжан

    Сабақ өте жақсы құрылған Тапсырмалары,ойындары да өзгеше екен.Негізі өзім кітапханаға көп барамын.Барған сайыниәр түрлі кітаптарды қызығып алып ,оқимын

  2. Алмагуль

    Өте керемет сабақ. Мұғалім сабақта берілген тапсырмалар арқылы өз мақсатына жете білді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ