Алғы сөз
2010-2011 оқу жылынан бастап М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектеп-интернаты ҚР білім туралы Заңы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы,Ақмола облысы білім беру ұйымдарының оқу үрдісін технологияландыру бойынша тұжырымдамасы(Обл БҚБА және ҚДИ) Ақмола облысы білім басқармасының 05.12.2011ж бұйрығына сай «Оқу үрдісін технологияландыру » атты эксперимент жұмысын бастады.
Мектептегі эксперимент жұмысының мақсаты:
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды жүзеге асыруда оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіреттілік қабілеті жан-жақты дамыған сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Эксперимент жұмысының міндеттері:
1.Оқытуды технологияландыру арқылы бүгінгі білім берудің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну, таңдап алынған оқытудың технологиялар бойынша теориялық ақпараттар желісімен танысу
2.Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу;
3.Экспериментатор- педагогтың технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету;
4, Педагогтар көз қарасын оқыту технологиясына бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру;
2010-11 оқу жылында оқу үрдісін технологияландыру экспериментіне байланысты эксперименттік алаңшаның бағдарламасы, алаңшаның қадамдық іс-шаралар жоспары жасалып, мақсат-міндеттері айқындалды. Эксперименттік сыныпта қай пән бойынша қандай технология алынатыны да айқындалып, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен» келісілді. Эксперимент сыныбы мен бақылау сыныбында сабақ беретін мұғалімдер жайлы деректер базасы, алынған технология бойынша деректер базасы, жалпы нормативтік-құқықтық, оқыту-әдістемелік кешен жинақталды. Эксперименттік сыныппен қатар бақылау сыныбы да айқындалды.
Мектептегі эксперименттік жұмысты ары қарай жетілдіру мақсатында мектепте ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жоспарланып жүзеге асырылды.
Бағдарламада эксперимент жұмысының бағдарламасы,қадамдық жоспары,
оқу үрдісін технологияландыруға байланысты мектептің әдістемелік
қызметінің құрамына енгізілген өзгерістер, эксперименттік алаңшаға енген
сынып және бақылауға алынған сынып ЕРЕЖЕСІ, жаңа оқыту
технологияларын мектеп бойынша енгізуде уақытша шығармашылық топтың
ЕРЕЖЕСІ, шығармашылық топтың жұмыс жоспары көрсетіліп отыр.
№1
2011 – 2014 оқу жылдары
Оқу үрдісін технологияландыруға көшуге
байланысты
эксперимент алаңшасының
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
Құрушы : эксперимент жұмысын
үйлестіруші С.С.Дүйсенова
М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінде
Оқу үрдісін технологияландыруға көшуге байланысты 2011 – 2015 оқу жылдарға арналған эксперимент алаңшасының
БАҒДАРЛАМАСЫ
- Бағдарлама төлқұжаты
- Бағдарламаның мақсат – міндеттері
- Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
- Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
- Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс – шаралар жоспары
І. Бағдарламаның төлқұжаты
1 | атауы | Оқу үрдісін технологияландыруға көшуге байланысты 2011-2015 оқу жылдарға арналған эксперимент алаңшасының бағдарламасы |
2 | Бағдарламаны жасауға негіздеме | ҚР «Білім туралы» Заңы , ҚР білім беруді дамытудың 2010-2020 жыдарға арналған мемлекеттік бағдрламасы , ҚР 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы , Ақмола облысы білім беру ұйымдарында оқу үрдісін технологияландырудың 2011 -2014 жылдарға арналған бағдарламасы. |
3 | Бағдарлама әкімгері | Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» |
4 | Жауапты орындаушылар | М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінің директоры, эксперимент алаңшасынның жауапты координаторы |
5 | Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі | 2011 -2014 оқу жылдары |
6 | Бағдарламаның мақсаты | Оқу ұрдісін басқарудың жолдары мен бағытын жасау , педагог мамандардың жұмысына білім беру технологияларын енгізуге жағдай жасау; |
7 | Бағдарламаның міндеттері | Оқу үрдісін технологияландыру үшін эксперименттік сыныптар және бақылау сыныптарын анықтау;Эксперименттік сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдері жайлы деректер базасын жасау; Эксперименттік сыныптарда оқыту технологияларын енгізу,технология туралы деректер базасын жинау; Оқу үрдісін технологияландыру барысында мұғалімдерге кеңес беру; Оқу үрдісін технологияландыру барысында мұғалімдерге қолдау мен жағдай жасау; Оқу үрдісін технологияландыру барысын бақылау, білім сапасы жетістіктерінің мониторингісін жасау; Оқу үрдісін технологияландыру арқылы білім сапасының арттыру нәтижесін сараптау |
8 | Күтілетін нәтиже | Білім сапасын арттыру , оқу үрдісін технологияландырудың тиімділігін дәлелдеу , озық педагогтарды анықтап , тәжірибелерін насихаттау. Құзыреттілігі қалыптасқан , сапалы біліммен қаруланған жеке тұлға шығару. |
ІІ.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламасы мақсаты:
Оқу үрдісін технологияландыру барысында мұғалімдер жұмысын басқарудың жолдары мен бағытын жасау , педагог мамандардың жұмысына білім беру технологияларын енгізуге жағдай жасау;
Бағдарламаның міндеттері:
- Оқу үрдісін технологияландыру үшін эксперименттік сыныптар және бақылау сыныптарын анықтау;
- Эксперименттік сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдері жайлы деректер базасын жасау;
- Эксперименттік сыныптарда оқыту технологияларын енгізу, технология туралы деректер базасын жинау;
- Оқу үрдісін технологияландыру барысында мұғалімдерге кеңес беру;
- Оқу үрдісін технологияландыру барысын бақылау, білім сапасы жетістіктерінің мониторингісін жасау;
- Оқу үрдісін технологияландыру арқылы білім сапасының арттыру нәтижесін сараптау;
ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
- Ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз ету
Жұмыстың бұл бағытының мақсаты технологияландыру жұмысына енетін ұстаздар арасынан білімін жетілдіру курсынан өткізген соң жедел жұмыс тобын ұйымдастыру / эксперименттік сыныпта сабақ беретін мұғалімдерді анықтау /;
- Ақпараттық қамтамасыз ету
Оқу үрдісін технологияландыру жұмысы бойынша педагогикалық технологияларды анықтау, оның жүзеге асуын ақпараттандыру;
- Технологияландырудың ғылыми-әдістемелік жұмысы
Технологияландыру барысындағы жұмыстың нәтижесін қорыту , сараптау , мониторингісін жасау, озық тәжірибелерін анықтау және тарату;
М. Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі бойынша 2011 – 2012 оқу жылына арналған оқу үрдісін технологияландыруға байланысты эксперименттік алаңшаның қадамдық
іс – шаралар жоспары
1 – кезең
2011 оқу жылы /ақпан – мамыр/
Дайындық-ұйымдастырушылық кезең
№ | Атқарылатын шаралар | мерзімі | жауапты | қосымша |
1 | Оқу үрдісін технологияландыру бойынша курстан өту | ақпан | Облыстық БҚБА және КДИ | |
2 | Курста алған білімдерін тереңдету және материалдар бойынша мұғалімдердің өздігінен ізденуі және деректер базасын жинауы | Наурыз, сәуір | Пән мұғалімдері | |
3 | Экспериментке алынатын және бақылауға алынатын сыныптарды анықтау | сәуір | Әкімшілік | |
4 | Эксперимент жұмысын ұйымдастыру және жүргізудің жоспар – жобасын жасау, Аудандық ББ және облыстық БҚБА және КДИ-дан әдістемелік көмек сұрау | Сәуір мамыр | Эксперимент жұмысын үйлестіруші | |
5 | Экспериментке алынатын сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерді анықтау , сапалық тізім , алдын ала жүктемесін жасау | Наурыз , сәуір | Эксперимент жұмысын үйлестіруші ПБЖ | |
6 | Экспериментке алынатын және бақылауға алынатын сыныптарға мінездеме жасау | Мамыр | Эксперимент жұмысын үйлестірушіПБЖ | |
7 | Эксперимент жұмысы барысында қолданылатын технологияны таңдау , сол технология бойынша деректер базасын жасау | сәуір | Әкімшілік ұжым |
2 – кезең 2011 – 2014 оқу жылы
Эксперимент жұмысын жүргізу кезеңі
№ | Атқарылатын шаралар | мерзімі | жауапты | Аяқтау формасы |
1 | Эксперименттік сыныптарға сабақ беретін ұстаздардың технологиялардын анықтау | Қыркүйек2011 жыл | ПМЖ Әкімшілік | Аналитикалықанықтама |
2 | Технологияландыру бойынша эксперименттік жұмыс мониторингісі және диагностикасы | Әр тоқсанның қорытындысы негізінде | Үйлестіруші | Ақпараттық банк |
3 | Эксперименттік сынып пен бақылауға алынған сыныптардың сабақтарына қатысу | Аптасына 1 сабақ2011 -2014 ж.ж. | Әкімшілік ПМЖ үйлестіруші | Аналитикалық анықтама |
4 | Оқыту сапасының мониторингісі/тест , бақылаулар арқылы/ | Әр тоқсанныңаяғында 2011 – 2013 желтоқсан | Пән мұғалімдері | Тестілеу, жұмыс нәтижесін талдау |
5 | Пән мұғалімдерінің технология бойынша жинақтаған деректер базасын, үлестірмелік- тарату материалдарын , күнделікті сабақ жоспарларын тексеру | 2011 – 2014 ж.ж. Көлемінде аптасына 3 рет | Үйлестіруші ПБЖ | анықтама |
6 | «Оқу үрдісін технологияландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде» педагогикалық кеңес | 2012 ж.қаңтар | Мектеп директоры, үйлестіруші | шешім |
7 | «Қазіргі сабақ типологиясы» семинар- кеңес | Қараша2011 ж | үйлестіруші | кеңес |
7 | «Білім сапасын арттырудағы технологиялардың рөлі»Дөңгелек үстел | Қаңтар2011 ж. | Эксперименттік сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері | |
8 | Оқу үрдісін технологияландыру процесінің оқушыға әсері /оқушының психологиялық жағдайын зерттеу сараптамасы | Ақпан2011 ж. | Психолог | |
9 | АББ және облыстық БҚБА ҚДИ жұмыс топтарымен үнемі кеңес, байланыста болу | Эксперимент мерзімінің аяғына дейін | Мектеп әкімшілігі | |
10 | Оқу үрдісін технологияландыру жағдайында оқушылар тұлғасын дамыту /кешенді зерттеу/ | 2014 ж.ақпан | Үйлестіруші психолог | Аналитикалық есеп, диагностика |
11 | Жұмыс тәжірибесімен алмасу семинарлары | Әр жарты жыл сайын | Пән мұғалімдері | Ұсыныстар |
12 | Жұмыс тәжірибесін тарату | 2014 ж. Мамыр, тамыз | Үйлестіруші топ | Брашура шығару |
3 – кезең 2014 — жыл/шілде — желтоқсан/
Эксперимент жұмысын талдау
№ | Атқарылатын шаралар | мерзімі | жауапты | Аяқтау формасы |
1 | Эксперимент қорытындысын талдау /ПК/ | тамыз | ұсыныстар | Мектеп директоры үйлестіруші |
2 | Педагогикалық технологиялар бойынша іс – тәжірибелер жинақ банкісі | тамыз | Тамыз кеңесінде экспериментке қатысқан ұстаздар есебі | Экспериментке қатысқан ұтаздар |
3 | Педагогтардың технологиялық шығармашылық жұмыстарының жетістіктерінің көрмесі | тамыз | Стенд, баннер әдістемелік нұсқаулар, кітапшалар | Экспериментке қатысқан ұстаздар |
4 | Жаңа технологияларды енгізудегі ізденіс, проблема, нәтижелер /Облыстық ,аудандық ғылыми конференцияға қатысу/ | қараша | Мақалалар жинағы | Үйлестіру кеңесі |
5 | Эксперимент негізінде жасалған жұмыстардың мониторингісін жасау | желтоқсан | мониторинг | Үйлестіруші |
6 | Облыстық БҚБА КДИ – дің «Орта жалпы білім беретін мектептің меңгерушісі – технологіы жөніндегі» ережесімен танысу | Қараша — желтоқсан | Ереже | Үйлестіру кеңесі |
7 | «Оқу үрдісін технологияландыруды психологиялық — пелагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру жолдары»семинар | мамыр | Семинар материалдарын баспаға ұсыну | УШТ |
Оқу үрдісін технологияландыруға байланысты мектептің әдістемелік
қызметінің құрамына енгізілген өзгерістер
Эксперименттік алаңшаға енген сынып
және бақылауға алынған сынып
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже Бұл ереже ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, Жалпы білім беру мекемелеріндегі типтік ережеге, Жалпы білім мекемесінің Жарғысына сәйкес жасалды.
- Эксперимент сыныптары мен бақылау сыныптары Ережесі 2011-2014 жылдары Ақмола облысы білім ұйымдарында оқу үрдісін технологияландыру бойынша эксперименттік жұмысын жүргізу туралы Ақмола облыстық білім басқармасының 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 5 бұрығына, Зеренді аудандық білім бөлімінің 2011 жылдың 25 қаңтарындағы № 27 бұйрығын негізге ала отырып жоспарланды.
- Эксперименттік және бақылау сыныптары атаулы мектептің директорының бұйрығымен бекітіледі.
- Эксперимент сыныптардың қызметі білім процестерін жүзеге асыру мақсатына бағытталады:
- білім беру ұйымында оқу үрдісін технологияландыруды жүзеге асыру;
- енгізілген технологияның жетістіктерін бақылап, мониторинг жасау;
- Эксперимент бағдарламасы мониторингісі жүзеге асыру қойылған мақсат-міндеттер негізінде орындалады. Мониторинг мазмұнын экспериментке қатысушылар мен басқарушылары анықтайды.
- Бағдарламаны бекітуді білім ұйымының әдістемелік кеңесі жүзеге асырады.
- Эксперимент жұмысын жүзеге асыру мерзімі эксперименттің мақсат-міндеттері арқылы анықталады.
- Эксперимент жұмысына қатысушылар
- Эксперимент жұмысына білім беру ұйымының кез-келген қызметкері ене алады.
- Эксперимент жұмысының қатысушысы болып:
- эксперимент сыныбы мен бақылау сыныбының оқушылары бола алады.
- бағдарламаны жүзеге асырушы басшылар мен мұғалімдер
- зерттеу мониторингісіне қатысатын ата-аналар
- эксперимент жұмысын жүзеге асыруға жағдай жасайтын мектеп әкімшілігі
- Эксперимент жұмысына қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері
- Экспериментке қатысушылардың құқықтары:
- кез-келген пән мұғалімдері бұл эксперимент жұмысына қатысуға құқылы.
- эксперимент жұмысын басқарушы мектеп әкімшілігі бағдарламаның жүзеге асыруына жағдай туғызуға және толықтырулар енгізуге құқылы;
- эксперимент сыныптарының ата-аналары эксперимент жұмысының барысы жайлы ақпарат алуға құқылы;
- Экспериментке қатысушылардың міндеттері:
- мектеп әкімшілігі эксперимент жұмысының ұйымдастырушылық, нормативтік құжаттармен және кадрлармен қамтамасыз етуге міндетті.
- мектеп әкімшілігі эксперимент жұмысының мониторингісін жүргізуге, ата-аналарды, оқушыларды, мұғалімдерді, және басқарушы органдарды эксперимент жұмысы барысы жайлы хабардар етуге міндетті.
- эксперимент жұмысына қатысушы оқушылар сабақты себепсіз босатпауға, берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, сапалы білім көрсетуге міндетті.
- эксперименттік сыныптарда сабақ беретін ұстаздар өздері таңдаған технология бойынша жүйелі жұмыс жасап, сапалы білім беруге міндетті.
- эксперимент жұмысының үйлестірушісі жұмыс барысын қадағалап, эксперименттік сынып және бақылауға алынған сыныптардың жұмысын салыстырмалы түрде сараптау арқылы мониторинг жасауға міндетті.
Жаңа оқыту технологияларын мектеп бойынша
енгізуде уақытша шығармашылық топтың
ЕРЕЖЕСІ
Мұғалімдердің уақытша шығармашылық тобы /УШТ/ — бұл әртүрлі маман ұстаздардың жаңа технологияны танып, меңгеріп, енгізудегі топтасқан бір көзқарастағы ұстаздар тобы.
Мазмұны:
- пән мұғалімдері таңдаған әртүрлі технологияларды оқып, меңгеріп, енгізуге атсалысу;
- практика жүзінде таңдалған педагогикалық технологияларды апробациядан өткізу;
Эксперимент күнделігі:
Күнделікте бақылау, білім кесінділері, білім және дағды қорытындылары алдыңғыларымен салыстырыла отырып қорытынды жасалады.
Жұмыс бағыты:
- Оқу жұмысы:
— оқушылардың таным белсенділігін дамытуда интерактивті әдістер мен педагогикалық оқыту технологияларының тиімдісін табу, анықтау;
— оқушыларға сабақта жағдай жасап, әр технологияға байланысты тарату материалдарымен толық қамтамасыз ету;
— әрбір оқу тақырыбына сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай алып, оқушыларға тақырыпты жоғары деңгейде меңгерту жолдарын дұрыс анықтай білу;
— әр оқушының әрбір пән бойынша білім деңгейін бақылап, мониторинг жүргізу;
— оқушының өз бетімен іздене білуіне жағдай жасап, баланың жеке қасиеттерін ашу;
- Әдістемелік жұмыс:
— жаңа технологиялар бойынша лекция, семинар, консультациялар және ашық сабақтар ұйымдастыру;
— жыл қорытындысы негізінде сыныпқа пәндер бойынша өтілген сабақтардың оқу әдістемелік нұсқауларын, бағдарламаларын, ұсыныстарын, рефераттарын, баяндамаларын, сабақ конспектілерін т.б.
сол сияқты әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
— технология бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге қолайлы жағдай туғызып, ұжымнан көмек көрсету;
- Ғылыми-әдістемелік жұмыс:
— мұғалім және оқушы жұмысына диагностика жүргізу
— эксперимент бойынша жұмыс;
— эксперимент нәтижесіне сараптама;
— эксперимент жұмысына қатысушы ұстаздардың жұмыстарын жинақтап, олардың тәжірибесін мектеп ішіндегі ұстаздарға тарату;
— эксперимент жұмысына қатысушы ұстаздарға эксперимент барысында үйлестірушінің кеңесін беру;
— эксперимент жұмысына байланысты экспериментке қатысушы оқушылар мен мұғалімдерден тоқсанына 1 рет анкеталар алып отыру;