№ 250 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша
атқарылған жұмыстар
2012-13 оқу жылы
Орыс тілді сыныптарда қазақ тілі мен әдебиет пәні 1-2 сыныптарда 3 сағат, 3-4 сыныптарда 4 сағат, 5-9 сыныптарда 6 сағат, 10-11 сыныптар (жаратылыстану бағытында) 5 сағат, 10-11 сыныптарда (гуманитарлық бағытында) 5 сағат, әдебиет пәніне әр сыныпта аптасына 1 сағат берілген. 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қазақ тілі пәнінен екі топқа бөлініп оқытылады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 16мұғалім дәріс береді. 15 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім аяқталмаған жоғары білімді ұстаздар. Оның ішінде 1 мұғалім жоғары санатты, 4 мұғалім І санатты, 3 мұғалім ІІ санатты. Еңбек өтілі 35 жылдан жоғары-1, 15 жылдан жоғары- 1, 10 жылдан жоғары-4,
5 жылдан жоғары-3, жас маман-7 мұғалім.
№ 250 мектеп -лицейінде мұғалімдердің күнтізбелік –тақырыптық жоспарлары білім стандартына сай құрылып, бекітілді. Әр сыныпта қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жұмыс, шығарма, мазмұндама, жазу дәптерлері арналған. МАБ, ҰБТ дайындық жүргізу жұмысына кесте жасалып, жылдық жоспар құрылып, бекітілді.
Мұғалімдер өздік білім көтеру жұмысы, өзара сабаққа қатысу жұмысын атқарып келеді.
№ 250 мектеп-лицейіндегі 17-22 қыркүйек аралығында
«Мемелекеттік тіл-өркениеттің белгісі» атты қазақ тілі апталығының жоспары
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мектепте17-22 қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі» атты онкүндік
іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді. Өткізілген шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты.
14 қыркүйекте «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты жас ақындар мүша йрасы өтті. Мүшайраға 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз туындыларынан оқып берді. Мүшайраға қатысушылардың барлығы жеңімпаз атанды, себебі оқушылар бірінен бірі асып түсті. Жас ақындар Алғыс хаттармен марапатталды.
Қыркүйектің 17 жұлдызында «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өзіндерін жырмен таныстырып, «Білімді мыңды жығар», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнерлі –өрге озар», «Сахна шебері» атты бөлімдерде сынға түсті. Байқауға 8 оқушы қатысып, сөз өнерін жеткізді. Байқаудың жеңімпаздары:
1. Қосанова А «Ана тілі аруы» 10 «Б» сынып
2. Әкимова М І орын 10 «В» сынып
3. Ералиева Ғ ІІ орын 9 «А» сынып
4. Жұмабекова А ІІІ орын 9 «Б» сынып
5. Ахмет Г 9 «А», номинацияға ие болды
17-22 қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі » атты қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Мұғалімдердің қазақ тілі апталығында өткізілген іс-шараларының жоспары құрылып, бекітілген. Апталықта 8 ашық сабақ , 6 сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Апталық барысында «Қазақ тілі» тақырыбындағы ашық сабақты Кенебеаева Ақерке 9 «В» сыныбында, «Шешендік сөздер» тақырыбында ашық сабақты Баймаханова Гүлнұр 10 «А» сыныбында өткізді. 5-6 сынып арасында Сұрауова Айнұр «Қыз өссе-елдің көркі» атты байқау өткізді. Байқаудың жеңімпаздары:
1. «Бас жүлде» — Мүратова Ү 6 «В» сынып
2. І орын- Руслан А 6 «А» сынып
3.ІІ орын- Сұлтанбекова А 6 «В» сынып
4. ІІІ орын- Бекбергенова А 6 «Б» сынып
5. «Сүйкімді қыз» номинациясы Мұратбекова М 6 «А» сынып
6. «Көрікті қыз» номинациясы Жауабайқызы Т 6 «Б» сынып
Онкүндік барысында викториналық сұрақтар, газеттер және «Тіл- халық қазынасы» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді.
Байқаудың жеңімпаздары:
1. Викториналық сұрақтар: І орын -Шілдебаева А 8 «А» сынып, Амангелдиева Г 8 «В» сынып
ІІ орын-Абдуллаева Г 7 «Г»,Айтмаханова Н 7 «Г»,
ІІІ орын-Өтенова Нұанель 7 «А», Сұмағұлов Б 6 «Б», Мұханбетқали П , Серік Д 10 «В», Алпысбай 10 «В»
2. Газеттер байқауы : Іорын- 7 «Б» сынып
ІІ орын- 8 «Г», «Д» сыныптар
ІІІ орын -6 «Г», «А», 8 «В» сыныптар
3. Шығармалар байқауы: І орын-Әбдір А 6 «В»
ІІ орын-Мірәлімова М (11«А»), Бұдырбаев Е (6 «Б»)
ІІІ орын-Рүстемов Б (6 «Б»), Тілепбергенов Дәулет (7 «Б»)
«Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі»
Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мектепте17-22қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі» атты онкүндік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді. Өткізілген шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты.
14 қыркүйекте «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты жас ақындар мүшайрасы өтті. Мүшайраға 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз туындыларынан оқып берді. Мүшайраға қатысушылардың барлығы жеңімпаз атанды, себебі оқушылар бірінен бірі асып түсті. Жас ақындар Алғыс хаттармен марапатталды.
Қыркүйектің 17 жұлдызында «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өзіндерін жырмен таныстырып, «Білімді мыңды жығар», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнерлі –өрге озар», «Сахна шебері» атты бөлімдерде сынға түсті. Байқауға 8 оқушы қатысып, сөз өнерін жеткізді.
17-22 қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі » атты қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Мұғалімдердің қазақ тілі апталығында өткізілген іс-шараларының жоспары құрылып, бекітілген. Апталықта 8 ашық сабақ , 6 сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Апталық барысында «Қазақ тілі» тақырыбындағы ашық сабақты Кенебаева Ақерке 9 «В» сыныбында, «Шешендік сөздер» тақырыбында ашық сабақты Баймаханова Гүлнұр 10 «А» сыныбында өткізді.
21 қыркүйекте өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысы өтті. Тек өзге ұлт өкілдерінен құралған топ, өздерінің қазақ тілінен білімдерін ортаға салды. Топ жарып І орынды 7 «Б» сынып оқушысы Цой Рауан, ІІ орынды 6 «В» сынып оқушысы Исламова Эльнора, ІІІ орынды 6«А» сынып оқушылары Эдилова Мадина мен Яшкова Ирина жеңіп алды. Оқушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Нақыпова мен А. Жасыбаева.
Мектеп кітапханасында «Қазақстан болашағы-қазақ тілінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ тілінің сөздіктері, әдістемелік оқулық, электронды оқулықтар, тіл туралы нақыл сөздермен қамтылған.
22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл-халықтың қазынасы,ұлт шежіресі» атты мерекелік шара өтті.Аталған шараның мақсаты- туған тілдің қадырын таныту, тілге деген құрметтерін дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мерекелік шараға мектептің өнерпаз оқушылары ән, би билеп, өзге тілдерде өлеңдер оқыды. Тілге деген құрметтерін жыр арқылы танытты.
2012-13 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері атқарған жұмыстары.
1. Қаратаева Р.-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Облыстық қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік орталығының мүшесі.Еңбек өтілі -38 жыл. Санаты –жоғары. «Оқытудағы іс-әрекеттік қатынас ерекшеліктері» тақырыбында өткен удандық семинарда 11-сыныпта «Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер» атты ашық сабақ өтті. Оқушылары Облыстық пәндік олимпиададан Айшыкова Гүлжазира І орын иеленді. Республикалық олимпиадаға жолдама алған Айшықова Гүлжазира рес публикалық пәндік олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Республикалық пәндік олимпиаданың ІҮ кезеңіне жолдама алып, нәтижесінде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаты мен жазу щеберлігі мен ой ұшқырлығының ерекшелігімен көзге түскені үшін Немат Келімбетов атындағы «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының Дипломымен марапатталды.
2012 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласында өткен Республикалық ІІІ Махамбет оқуына 11-сынып оқушысы Әділбеков Сырым облыстық жолдама бойынша қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық байқаулардан Шыңғысов оқулары мүшайрадан Ж.Әбілханова І орынды жеңіп алса, Тұңғыш Президент күні мүшайрада 10-сынып А.Алпысбай ІІ орынға ие болады. А.Иассауи оқуларынан 9-сынып оқушысы С. Мекербаев ІІІ орынға ие болды.
2. Нақыпова А-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Аудандық озат мұғалімдер орталығының мүшесі.Еңбек өтілі-17 жыл. Санаты-І категория.
Қыркүйек айында 6 «В» сыныбында «Менің тілім-менің мақтанышым» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
3.
Қыркүйек айында Сыр сүлейі Т.Ізтілеуовтың 130 жылдық мерекесіне орай өткен аудандық конференцияда «Тау тұлғалы — Тұрмағамбет» тақырыбында баяндама оқып. Аудандық Мадақтау қағазымен марапатталды.
Қараша айында аудандық «Оқытудағы іс-әрекеттік қатынас ерекшеліктері» тақырыбында өткен семинарда 4 «А» сыныбында «Біздің отбасымыз» тақырыбында Ашық сабақ өтіп. «өте жақсы» деп бағаланды.
Желтоқсан айында №111 мектепте өткен «Мектеп, қоғам, отбасы және өзара ынтымақтастығы » тақырыбында өткен семинарда 4 сыныптар арасында «Өнерлі. тапқыр,өрендер» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізіп, «өте жақсы» деп бағаланды.Мектепішілік «Үздік шығармашыл мұғалім — 2012» номинациясымен марапатталды. Мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Абай, Шәкәрім оқулары» байқауында 4 «Б» сынып оқушысы Аптайжан Парасат І- орын алып. Ауданға жолдама берілді.
№80 мектеп-гимназиясында өткен Аудандық «Оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты» семинарында 4 сыныпқа «Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары» тақырыбында Ашық сабақ өткізіп, «өте жақсы» деп бағаланды.
4 «А» сыныбында «Өнерлі,тапқыр,өрендер» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
Наурыз мерекесіне орай 6 «В» сыныбында «Наурыз- ізгілік бастауы»сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
4. Баймаханова Г.- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Пән бірлестігінің жетекшісі. Еңбек өтілі-11 жыл. Санаты-І категория.
«Оқытудағы іс-әрекеттік қатынас ерекшеліктері» тақырыбында өткен удандық семинарда 8-сынып оқушыларымен «Кітапты күте білесің бе?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ тілінен Республикалық интернет олимпиадаға қатысып, сертификат алды.Бірнеше ашық сабақтары мүғалімдерге арналған «Білімділер» сайтының бетіне шықты және әр түрлі маман иелеріне арналған «Үздіктер» сайтында өз авторлық бөлімі ашылып, мақалалары үздіксіз жарияланып тұрады. Мектепішілік «Үздік бірлестік жетекшісі-2012» номинациясымен марапатталды.
Оқушыларының жетістігі-9-сынып оқушысы Мұхамеджанова Альфия аудандық олимпиадада І орынға ие болды. Қазақ тілі пәнінен Республикалық интернет олимпиадаға оқушылары қатысып, сертификат алды. 2013 жылы сәуір айында Байтханова Айжан облыстық «ХХІ ғасыр көшбасшы» интеллектуальдық ойынға қатысып, республикаға жолдама алды. Аудандық «Шешендік сөз-өнер падишасы» сахналық қойылымға 8-сынып оқушылары қатысып, ІІІ орынға ие болды. 8 «А» сынып оқушысы Шілдебаева Арайлым Тіл мерекесіне орай өткен аудандық мүшайрадан ІІІ орын алды. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен аудандық конфиренцияда 10-сынып оқушысы Сарманова Айша баяндама оқып, Алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілі апталығында «Ана тілі аруы» байқауын өткізді. «Шешендік сөздер» тақырыбында 10 «А» сыныбында ашық сабақ өтті. 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл-халықтың қазынасы,ұлт шежіресі» атты мерекелік шара ұйымдастырып өткізді.
Мамыр айында «Ең қымбат нәрсе…» тақырыбында 8-9 сынып аралығында КВН өткізді.
5. Құжымбаева Жанар-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-14 жыл. Санаты-І категория.
2012-2013 оқу жылының қыркүйек айының 10 мен қараша айының 25 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанынан Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Курстан өту барысында екінші практикалық кезеңінде Сындарлы оқыту бағдарламасы негізінде құрылған орта мерзімді жоспар бойынша «Мектеп кітапханасы», «Мұғалім ол біздің», «Мәтінмен жұмыс», «Күз айлары» тақырыбында төрт ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақтар Блум таксономиясының Білу, Түсіну, Қолдану, Талдау, Жинақтау сатысы бойынша жүргізілді. Сабақ барысында топтық, жеке жұмыстар ұйымдастырылып, танымдық, құзырлылық, жеке тапсырмалар орындалды Барлық сабақтары барысында да АКТ қолданылып, білімді игеру барысында формативті бағалау (бағдаршам, көңіл-күй, саусақпен бағалау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», бағалау парағы) түрлері жүргізіліп отырды. СТО, ойын әдістерінің түрлері қолданылып, сабақ соңында оқушылардан рефлексия алынып отырды. Курсты аяқтаған соң ҰБТ-ға дайындық жоспары бойынша 11-сыныптарды ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жүргізілді. Наурыз айында «Қазақ халқының Этнографиясы» тақырыбында Республикалық интернет олимпиадасына қатысып, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын иелендім. Мамыр айында аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында өткен аудандық үздік эссе жазу байқауында оқушым, 5 «б» сынып оқушысы Қанибайқызы Гүлжан І-орынды иеленді. Және де «Сындарлы оқыту бағдарламасын» мұғалімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында мамыр айында «Жаңа формацияның мұғалімі кім?» тақырыбында семинар-тренинг, ашық сабақтар өткізілді.
6. Жасыбаева Айнагүл -қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-9 жыл. Санаты-ІІ категория.
2012-2013 оқу жылының қыркүйек айында өткен қазақ тілі апталығында өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл білгірлері» сыныптан тыс жұмысын өткізді.
Қараша айында 11«Б» сынып оқушылары Құдабаева Фариза мен Сағындықова Шынар Қазақ тілі пәні бойынша Республикалық интернет олимпиадасына қатысып, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын иеленді. Құдабаева Фариза «Жақсы жетістігі үшін» номинациясына ие болды.Өзім де аталған интернет олимпиадаға қатысып сертификат иеленді.Наурыз айында «Қазақ халқының Этнографиясы» тақырыбында Республикалық интернет олимпиадасына қатысып, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын иелендім. Мамыр айында мектепішілік Махамбет оқулары болып өтті.Бұл сайыста
9 «Б» сынып оқушысы Жұмабаева Ақерке II-орын иеленсе,Абай оқулары байқау қорытындысы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Ахмет Қызжібек
I-орын иеленді.Аталған байқаудың Аудандық кезеңіне жолданды, нәтижесінде III-орынға ие болды.
Жыл бойына ҰБТ-ға дайындық жоспары бойынша 11-сыныптарды ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жүргізілуде,нәтижесі жақсы деңгейде.
7. Гадирова Альбина — қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-5,8 ай
Санаты- 12. «Оқу-әдістемелік кешен» аудандық байқаудан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Оқушысы Өтетілеу Сымбат аудандық «Тұрмағамбет оқулары» байқауынан II орынды иеленді.
Жыл басынан өткізген ашық сабақтары: « Отбасында берілетін бата», «Ыбырай Алтынсарин». Сыныптан тыс жұмыс: «Серілер сыны».Сабақтары «өте жақсы» деп бағаланды.
8. Кенебаева Ақерке –қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Еңбек өтілі-3 жыл.
Қыркүйек айында ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: «Қазақ тілі». Сабаққа барлық оқушы белсене қатысты. Онда мұғалімдер сыни тұрғыда талқыға салып, пікірлерін айтып, сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.
Қараша айының 14 күні,2012ж аудандық семинарда ашық сабақ көрсетілді. Сабақ өз деңгейінде өтті, Сабақ «Жақсы» деп бағаланды.
10.12.2012ж., оқушылар арасында мектепішілік сайыс өткізілді. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналды. Тақырыбы: «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған». 5-10 сыныптар аралығында оқушылар қатыстырылып, сынға түсті. 8 а сынып оқушы Шілдебаева Арайлым жеңімпаз атанды.Наурыз айының 15 күні интернет желісі арқылы өтетін олимпиадаға қатысты. Онда сертификат иегері атанды.
9. Болатқызы Гүлфайруз-Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Еңбек өтілі-5 ай
2012 жылы 6 -желтоқсан күні 5-сыныптар арасында «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты:Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге,жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету;
Осы сайысқа:5 «А», «Б» сыныптарының оқушылары қатысты.Сайыстың тапсырмаларын жақсы орындап,әділ-қазылардың шешімі бойынша 5 «Б» сыныбының оқушысы Асқарова Гүлбейне «Үздік мақалшы» атанса,5 «А» сыныбыныңоқушысы «Үздік жұмбақшы» атанды.
16 ақпан күні «Шешендік сөздер- өнер падишасы» атты7-10 сыныптар арасында сахналық қойылым өткізді.Бұл сайыстың өткізудегі мақсаты: қазақ билерінің от ауызды,орақ тілді,қара қылды қақ жаратын әділ әрі батыр,әрі ақын,әрі елші,әрі қоғам қайраткері, «сегіз қырлы,бір сырлы» ел азаматы болғанын шешендік сөзін талдай отырып,таныстыру.Жаңа сөздерді,жаңа мағынаны игеру,сөздік қорларын молайту.Оқушыларға билердің өмірінен,атқарған қызметінен үлгі ете отырып, «сегіз қырлы,бір сырлы» болуға тәрбиелеу.
Сайыс барысында әр сынып бір-бір көрініс қойып,өздерінің өнерлерін көрсетті.Әділ-қазылардың шешімі бойынша 8 «А» сынып оқушылары «Бас жүлдемен» марапатталды.
10. Өтепова Раушан — қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Еңбек өтілі-1 жыл.
Қыркүйек айында 17-22 жұлдызы аралығында қазақ тілі пәнінен апталық өткізілді.Апталық барысында 6 «в» сынып оқушыларымен 21 қыркүйек күні «Екі дос»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында интерактивті тақта,түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.
Қазан айында 6-7 сынып оқушылары арасында «Қыз өссе,елдің көркі»байқауын өткізді.Байқауда оқушылар өз өнерлерін жақсы көрсетті.
Қараша айында шәкіртім 6 «в »сынып оқушысы Жақсылықова Қызғалдақ. Өлкетану бойынша «Марал Баба-Дана Баба»атты аудандық зерттеу жұмысына қатысты.Зерттеу барысында Марал баба өмірі,ұрпақтары,мазары жан-жақты зерттелді.
Қазан айының 12-ші жұлдызы күні «Тасқа тамыр байлаған, Күнге тура қараған »Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 230 жыл толуына орай тақырыбында 7 сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізіп,батырдың өмірі мен шығармашылығымен жан-жақты таныстырды.
Қаңтар айында 8 сынып оқушылар арасында «Тіл білгірлері»сайысын өткізді.Сайысты 7 кезең бойынша ұйымдастырды.Оқушылар өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.
Ақпан айында аудандық «Қыз сыны »байқауына қатысып,І орынды иеленді.
Наурыз 12 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен интернет олимпиадаға қатысып ,14 балға ие болдым..
6 «в» сынып оқушысы Сұлтанбекова Айтолқын интернет олимпиадасына қатысып, жақсы көрсеткішке ие болды.
11. Салқынбаева Әлия— қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Еңбек өтілі-10 ай.
18.10.2012 жылы 6 «Д» сыныбына әдебиет пәнінен «Абайдың отыз бірінші қара сөзі», «Құлақтан кіріп бойды алар» тақырыбында сабақ көрсеттім.
21.01.2013 жылы 6 «Д» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Болымды етістік пен болымсыз етістік» тақырыбында ашық сабақ өттім.
16.02.2013 жылы 7-10 сыныптар аралығында «Шешендік сөздер-өнер падишасы» атты сахналық қойылымдар байқауына қазақ сыныптарын дайындадым. Нәтижесінде 8 «Г» сынып оқушылары I орынды иеленіп, аудандық байқауға жолдама алды. 7 «Г», 7 «В», 8 «Д» сынып оқушылары «Сөз шебері», «Үздік костюм», «Үздік көрініс» номинацияларымен марапатталды. 22.02.2013 жылы аудандық оқушылар үйінде өткен сахналық қойылымдар байқауынды 8 «Г» сынып оқушылары «Тайкелтірдің төрелігі» қойылымымен аудандық білім бөлімінің II дәрежелі дипломымен марапатталды
12. Сұрауова Айнұр- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі- 2 жыл
Қыркүйек айында 17 -22 жұлдызы аралығында қазақ тілі пәнінен апталық өткізілді. Апталық барысында 6«А»-сынып оқушыларымен, 21 –ші қыркүйек күні «Екі дос » тақырыбында ашық сабақ және сыныптан тыс «Қыз өссе – елдің көркі» атты сайысты Өтепова Раушан Абатқызы екеуміз бірігіп өткізді.
Қазан айының 12 –ші жұлдызы күні, «Тасқа тамыр байлаған, күнге тура қараған»Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 230 — жылдығына орай 7-сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізіп, батырдың өмірі мен шығармашылығын жан – жақты таныстырды. Малкова Кристина мектепшілік олимпиададан өтіп, аудандық олимпиадаға желтоқсан айында қатысып, І орынды иеленді. Қаңтар айының 9 –шы жұлдызында облыстық олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақпан айының 8-ші жұлдызында 3-4 сыныптар аралығында мектепшілік «Абай, Шәкәрім» оқуларын өткізді. Аудандық байқауға 4- сынып оқушысы Аптайжан Парасат ұсынылды.
«Тіл –өшпейтін құрал» тақырыбында ақпан айында мүшайра өткізді. Мүшайраға 5-9 сыныптар аралығында өтті. Мүшайраға оқушылар белсене қатысып, мықты екендерін көрсете білді..Аудандық байқауға 8-сынып оқушысы Шілдебаева Арайлым ұсынылды.
Мектепшілік интернет олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қатыстым.
Сәуір айында ашық сабақ өткіздім. Тақырыбы: «Наурыз» сабақ барысында интерактивті тақта, түрлі әдіс –тәсілдерді қолдандым.
Мамыр айынның 11- ші жұлдызында 5-9 сынып аралығында мектепшілік «Махамбет» оқуларын өткіздім. Аудандық байқауға 6-сынып оқушысы Жақсылық Қызғалдық ұсынылды.
13. Бертілеуов Серғали- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі- 14 жыл
2013 жылыРеспубликалық «Этнопедагогика» журналында мақаласы шықты.
Қазақ тілі апталығында «әке-шешесін сыйлайтын бала» атты ашық сабақ көрсетті.
Ақпан айының 16-нда «шешендік сөздер-өнер падишасы» мектепішілік сахналық байқаудан 8 «Б» сынып оқушылары ІІ орынды жеңіп алды.
14. Алтруова Айнұр- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-7.5 жыл. Санаты-12 Оқу жылының басында Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қарсаңында қаазақ тілі апталығы болып өтті. Апталық барысында тақырыптық –күнтізбелік жоспарға , сабақ кестесіне сай 6 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен «Адал дос» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл- халық жанын танудың кілті » атты байқауда 10 сынып оқушысы Загребельная Татьяна Алғыс хатқа ие болды.
Қазан айында өткен аудандық семинарда 10 сынып оқушылары арасында «Менің елім-Қазақстан» атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Қазақ тілі пәнінен өткен республикалық интернет олимпиададан оқушыларым: Абдрасилова Марал, Қосанова Арайлым, Махамбетұлы Мадияр «Өте жақсы» деген нәтижеге қол жеткізді.
Қаңтар айында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы» атты ата –аналар жиналысы өткізілді. Мұнда отбасының ролі мен мектеп арасындағы байланыс жайлы сөз қозғалды.
Аудандық пәндік олимпиадада 10 сынып оқушысы Загребельная Татьяна ІІ орынды иеленді. Қазақ тілі мен қазақ этнографиясынан интернет олимпиадаға қатыстым. Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілі білгірлерінің «Мақсұтым -тіл ұстартып өнер шашпақ… » атты Абай оқулары байқауында 10 сынып оқушысы Загребельная Татьяна Алғыс хатқа ие болды.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 3 сынып оқушылары арасында «Жігітке жеті өнер де аз!» атты жігіт сұлтанын болып өтті. Сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысты.
Оқу жылының ІІ жартысында мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында сыныптан тыс ашық сабақтар өткізілді.
1. Болатқызық Гүлфайруз 5-сыныптар арасында «1001 мақал,101 жұмбақ» атты сайыс өткізсе, 7-10 сыныптар арасында «Шешендік сөздер-өнер падишасы» тақырыбында сахналық қойылым сайысын өткізді.
2. Гадирова Альбина 7-сыныпта «Ы,Алтынсарин» тақырыбында ашық сабақ, 6-7сыныптар арасында «Серілер сыны» атты байқау өткізді.
3. Салқынбаева Әлия «болымды және болымсыз етістік» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
4. Өтепова Раушан қаңтар айында 8-сыныптар арасында «Тіл білгірлері» атты сайыс өткізді.
5. Кенебаева Ақерке «Мұқағали оқулары» байқауын ұйымдастырып өткізді.
Қазақ тілі бірлестігінің жоспары бойынша мұғалімдермен қазақ тілінің берілу
сапасын арттыру мақсатында «Педагогикалық ізденіс» атты дөңгелек үстел өткізілді, «Ғылымның қайнар көзі-іздену» психологиялық тренинг, «Сабақ көркі-құрал» шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
2012 жылдың желтоқсан айында «Үздік оқу-әдістемелік кешен», 2013 жылдың наурыз айында «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі», «Әдістеме-шыңдау мектебі» дөңгелек үстел өткізілді.
Ғылыми жұмыспен айналысатын мұғалімдер мен оқушылар арасында жұмыс жасау мақсатында «Арна»ғылыми шығармашылық тобы құрылды.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер тобынан «Қабілет»,«Ізденіс» деп екі топқа бөлініп жұмыс жасады.
2012 жылдың 14 қарашасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің «Оқытудағы іс-әрекеттік қатынас ерекшеліктері» атты аудандық семинар өтті. Семинарда:
1. Аяпова Гүлайна «Ұлттық тағамдар» ашық сабақ,7-сыныпта;
2. Баймаханова Гүлнұр «Кітапты күте білесің бе?» ашық сабақ, 8-сыныпта;
3. Қаратаева Райкүл «Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер» ашық сабақ, 11-сыныпта;
4. Кенбаева Ақерке «Абылайхан» ашық сабақ, 9-сыныпта;
5. Нақыпова Ақжанат «Біздің отбасымыз» ашық сабақ, 4-сыныпта,
6. Алтруова Айнұр «Менің Қазақстаным» зияткерлік сайыс;
7. Аяпова гүлайна мұғалімдермен тренинг өткізді.
Семирдың ұйымдастырылып өткізілуі 5 (өте жақсы) деп бағаланды.
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау,танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи- мәдени байлығын тіл арқылы дамыту мақсатында «Жас қаламгер» үйірмесі құрылды.Жетекшісі жас маман Сұрауова Айнұр.
Қармақшы ауданында № 250 мектеп-лицейінің орыс сыныптарында өзге ұлт өкілдері білім алуда.Олар:
№ Өзге ұлт өкілдері 1-4 сынып 5-11 сынып Барлығы
1 орыс 5 6 11
2 кәріс 2 5 7
3 шешен 2 1 3
4 татар 3 3
5 өзбек 2 2
6 иран 1 1
7 түрік
Барлығы 9 18 27
Аудандық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша
№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Орын Пән мұғалімі
1 Айшықова Гүлжазира 11 І Қаратаева Р
2 Малкова Кристина 11 І Сұрауова А
3 Үкібай Торғын 9 І Қаратаева Р
4 Қазтай Дінмұхамед 10 ІІ Қаратаева Р
5 Мұхамеджанова Альфия 9 І Баймаханова Г.
6 Загребельная Татьяна 10 ІІ Алтруова А
7 Жайлаубаева Гүлдана 8 ІІІ Саршаева А
8
Облыстық олимпиададан Малкова Кристина ІІІ орын (пән мұғалімі Сұрауова Айнұр), Айшыкова Гүлжазира І орын (Қаратаева Райкүл) иеленді.
Республикалық олимпиадаға жолдама алған Айшықова Гүлжазира рес публикалық пәндік олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Республикалық пәндік олимпиаданың ІҮ кезеңіне жолдама алып, нәтижесінде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаты мен жазу щеберлігі мен ой ұшқырлығының ерекшелігімен көзге түскені үшін Немат Келімбетов атындағы «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының Дипломымен марапатталды.
Өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл білгерлері» олимпиадалық сайыс өткізіп, сайыс жеңімпазы болып Малкова Кристина аталды.Малкова К. облыстық олимпиадаға қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
2012 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласында өткен Республикалық ІІІ Махамбет оқуына 11-сынып оқушысы Әділбеков Сырым облыстық жолдама бойынша қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ақбота -2012»республикалық марафонына 7-8 сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен 28-30 ұпай жинады. Нәтижесінде, 7-сынып оқушылары -Әбілханова А, бекмырза Д, Кенжебай Ә І орынды иеленсе, 8-сынып оқушылары- Жайлаубаева Г, Шарапатова Ж ІІ орынды иеленді.
Аудандық байқаулар нәтижесі
№ Оқушының аты-жөні Байқаудың тақырыбы мен түрі Сыныбы Орын Пән мұғалімі
1 Әбілханова Ж Шыңғысов оқулары. Мүшайра 10 І орын Қаратаева Р
2 Алпысбай А Тұңғыш Президент күні. Мүшайра 10 ІІ орын Қаратаева Р
3 Мекербанов С А.Иассауи оқулары. 9 ІІІ орын Қаратаева Р
4 8«Г» сынып оқушылары «шешендік сөз-өнер падишасы» сахналық қойылым 8 ІІ орын Салқынбаева Ә
5 8«А» сынып оқушылары «шешендік сөз-өнер падишасы» сахналық қойылым 8 ІІІ орын Баймаханова Г.
6 Өтетілеу С Тұрмағамбет оқулары 3 ІІ орын Гадирова А.
7 Шілдебаева А Мүшайра 8 ІІІ орын Баймаханова Г.
8 Сарманова А Т.Ізтілеуұлына130 жыл. Баяндама 10 Үздік баяндама.
Алғыс хат Баймаханова Г.
9 Махмутов А «Қазақ тілім өркенде»
Ақындар мүшайрасы 8 ІІ орын Саршаева А
10 Жолдасбек Ғ Яссауитану байқауы 8 Алғыс хат Саршаева А
Қазақстандық интернет олимпиада қорытындысы бойынша көрсеткіш
1. Қазақ тілінен мұғалімдер арасында өткен олимпиада
№ Мұғалімнің аты-жөні Ұпайы
1
Гульнур Баймаханова
13
2 Алтруова Айнур 12
3 Аяпова Гүлайна 10
4 Гадирова Альбина 9
5 Сұрауова айнұр 9
6 Сергали Бертлеуов
8
7 Салқынбаева Әлия 8
8 Саршаева Айнұр 7
9 Жасыбаева Айнагул 6
10 Өтепова Раушан 3
2. Қазақ тілінен оқушылар арасында өткен олимпиада көрсеткіші
6-7 классы
№ Оқушының аты -жөні Ұпайы
1 Айтолкын Султанбекова
28
2 Қуаныш Махамбет 22
3 Талант Абдишаихов 20
4 Дәулетхан Әлменбетов 20
5 Умитжан Муратова 18
6 Қалабаева Айгуль 15
7 Нұрымжан Қалжанов 15
8 Данияр Бекмырза 14
9 Дильназ Табынбаева 14
10 Әлқожа Ерманов 13
8-9 классы
№ Оқушының аты -жөні Ұпайы
1 Рухия Қазтаева 33
2 Альфия Ахметжанова 24
3 Камила Алимбаева 16
4 Арайлым Шілдебаева 12
5 Бекарыс Қожамұрат 10
6 Серікбай Бахит 7
7 Жанагүл Шараптова 7
8 Гүлдена Әбілханова 7
9 Арайлым Алмұратова 6
10 Гүлдана Жайлаубаева 3
10-11 классы
№ Оқушының аты -жөні Ұпайы
1 Мадияр махамбет 29
2 Кудабаева Фариза 29
3 Марал Абдрасилова 28
4 Жанат серикова 28
5 Лаура Бахытова 24
6 Арайлым Қосанова 24
7 Шынар Сагындыкова 24
8 Аяжан Бұдырбаева 23
9 Сагатбекова Сагыныш 20
3. Этнографиядан қазақ тілі мұғалімдерінің арасында өткен олимпиада көрсеткіші
№ Мұғалімнің аты-жөні Ұпайы
1 Айнур Алтруова 14
2 Айнагуль Жасыбаева 16
3 Айнур Сурауова 12
4 Акерке Кенебаева 5
5 Акмарал Уксукбаева 12
6 Алия Салкинбаева 10
7 Альбина Гадирова 10
8 Ақжанат Накипова 23
9 Гулнар Баймаханова 15
10 Гулфайруз Болаткызы 20
11 Жанар Кужимбаева 5
12 Сергали Бертлеуов 14
Дайындаған: Г.Баймаханова