Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Информатика

 

Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеу тәсілдері


Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы

Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі Алтаева Марал Байсеитқызы

Сыныбы 9

Сабақтың тақырыбы: Символдық және жолдық шамалармен  жұмыс істеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды символдық және жолдық  шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

 Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, үлестірмелер.

Сабақтың түрі:  топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық

Оқушыларды 2 топқа бөліп.Топ атауларын беріп, топ басшыны сайлау.

Топ туралы бейне баян.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

«Бай болам десең, білімді бол » ойыны. Ойынның шарты: оқушы интерактивті тақтадағы көрсетіліп  тұрған теңгенің  бірін шертіп , шыққан сұраққа жауап беру керек.Егер жауап бере алмаса оның тобы көмектеседі.

І топтың сұрақтары

200 теңгеде жасырылған сұрақ. Алгоритм дегеніміз не? Қасиеттерін ата.

500 теңгеде жасырылған сұрақ.Программалау тілі дегеніміз не?

Программа қанша бөліктен тұрады ?

700 теңгеде жасырылған сұрақ.Көпөлшемді жиым дегеніміз не?

Сиппаттау бөлімінде  қалай жазылады?

1000 теңгеде жасырылған сұрақ.Программаның 3 қатесін тап.

PROGRAM  ESEP;

VAR  A:ARRAY [1.3,1..4] OF INTEGER;

K,I:INTEGER;

BEGIN    FOR K:=1 TO 3 DO   FOR I:= 1 TO 4 DO  READ (A[K,I]);    S:=0;

FOR K:=1 TO 3 DO  FOR I:=1 TO 4 DO  IF A [K,I]>0 THEN S:=S+1 WRITELN (S) END.

uzdmaralІІ топтың сұрақтары

200 теңгеде жасырылған сұрақ. Есептерді шешу кезеңдерін ата.

500 теңгеде жасырылған сұрақ .Жиым дегеніміз не?Сиппаттау бөлімінде  қалай жазылады?

700 теңгеде жасырылған сұрақ.Индекс дегеніміз не?

1000 теңгеде жасырылған сұрақ.Программаның 3 қатесін тап.

Program esep;

var t:array[1..5] of real;x,max: real;i,n: integer

begin for i:=1 to 5 do

begin write (‘x енгіз’); end; max:=x[1]; for i:=2 to 5 do if x[i]>max then begin

max:=x[i];  writeln(max) end.

«Жеміс- жидек жинау»ойыны.

І топтың тапсырмасы:Логикалық типке жататын жеміс-жидектерді жина. Логикалық функция жазылған  жеміс-жидекті шерту керек.Егер оқушы логикалық функция жазылған жеміс-жидекті тапса  жеміс –жидек жоқ болып кетеді.

ІІ топтың тапсырмасы:Real, integer  типті жеміс-жидектерді жина. Сандары бар жеміс-жидекті шерту керек. Егер оқушы real, integer  типті жазылған жеміс-жидекті тапса  жеміс –жидек жоқ болып кетеді.

ІІІ.Жаңа сабақ. Символдық шамалар

Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар символдық типке жатады және Char  қызметші сөзімен белгіленеді. Char типті шамалар апостроф ішінде жазылады.мысалы: С:=’A’, F:=’?’ т.с.с.

Символдық шамаларға қолданылатын стандартты функциялар:

Chr(x)-x санын символға түрлендіреді, мысалы:   Chr(90)=’Z’; Chr(57)=’9’

Ord (x)-x cимволының  кодын береді Ord (б)=161; Ord (!)=1

Pred (x)-x-тың алдыңғы коды сәйкес символды береді; Pred (‘M’)= ‘L’

Succ(x)-x –тан кейінгі кодқа сәйкес символды береді; Succ(‘M’)=’N’

Upcase (x)-латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріптерге айналдырады.

EOLN (End of line)  – жолдың соңы болды немесе мәндер енгізіліп болды дегенді білдіреді.

Жолдық шамалар. Апострофқа алып жазылатын, бір жолда орналасқан ASCII тобына жататын символдар тізбегі –символдар жолы деп аталады. Қызметші сөзі string.

Мысалы, а =’Turbo’; symb=’dom’ т.с.с.

Программада сипатталауы  Var   а:string [5].

Жолдық шамаларға біріктіру амалын конкатенация деп атайды, ол «+» белгісімен белгіленеді, мысалы:  ‘8’+’сынып’=’8сынып’.

Қолданылатын функциялар.

Concat(s1,s2,…,sn)-s1, s2, ..,sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктереді.

Length(s)-жолдың  ұзындығын анықтайды.

Copy (s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды көшіріп алады.

Delete(s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды өшіреді.

Insert(s1,s2,n)- s1 сөзін s2 сөзіне n-нөмірінен бастап қатар тіркеп жазады.

Осы функцияларды қолданып  мысал ретінде мына есептерді шығарамыз.

1 есеп.Берілгені ‘а’ , ‘н’ символдары. Екі символдан ‘ана’ сөзін құрау керек.

Program esep; Var  a,k:char;  s:string; Begin  a:=’а’; k:=’н’; s:=a+k+a; Write (s)  End.

2 есеп. Берілгені ‘кітапхана’ жолдық айнымалысы.Стандартты функцияларды қолданып «танк» , «кітаптар» сөздерін құрау керек және «танк» сөзінің ұзындығын табу керек.

Program esep; Var  a,k,p: string; l:integer; Begin a:=’кітапхана’; p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);  l:=length(p);

delete (a,6,4); insert (‘тар’,a,6);  writeln (l); writeln (p); write (a) еnd.

ІҮ.Сабақты бекіту. Есептер шығару

1 есеп. Берілген жолдық айнымалыларды біріктіріп,   нәтижесінде шыққан сөйлемнің ұзындығын табатын программа құрыңыз. ‘Менің’,  ‘Қазақстанымның’, ’22 жыл’

‘Тәуелсіздігіне’. Жауaбы: program esep; var  a,b,x,y,z: string; begin a:=’Менің’; b:=’Қазақстанымның’; x:=’Тәуелсіздігіне’;y:=’22 жыл’; z:=a+b+x+y; writeln(length(z),z) end.

2 есеп.Берілген мәтінде барлық «қа» буынын «са»  буынына ауыстыру программасын құру керек.

Берілгені: Қапыда ит қапты, қатты қапты, қапты қатты.

Жауабы:  program esep; var  s: string; n:=integer; begin writeln(‘берілген мәтінді енгіз’); readln (s); for n:=1 to length (s) do   if copy (s,n,2)=’қа’ then begin delete (s,n,2); insert (‘са’,s,n); end; write (s)  end.

Ү.Қорытындылау.  «Адасқан функциялар» ойыны.Ойынның шарты: интерактивті тақтада функциялармен олардың ережелері көрсетіледі . Әр функцияны өз ережесіне қаламмен шертіп апару керек.

ҮІ. Бағалау. Топ басшы  ұпай беріп бағалап отырады.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Paint редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер
  • Ақпаратты кодтау.
  • Автоматтандырылған ақпараттық технология
  • Электрондық оқулықты сабақта пайдалану(слайд)
  • Растрлық графика

Пікірлер 5 Пікір қосу

  • Сыздиков Давлатжан 29.03.2017 күні 12:55 уақытында

    Алтаева Марал, жұмысыңыз керемет, Сізге алғыс. Мына сабағыңыз жақсы құрылыпты, бірақ неге сөздерді қосуды үйреткенде арасына бос орын (пробел) қосуды үйретпегенсіз. Яғни, бекіту кезеңіндегі 1-есептің жауабы:
    «МеніңҚазақстанымныңТәуелсіздігіне22 жыл» болады.

    Жауап беру
  • Айнаш 01.12.2015 күні 19:46 уақытында

    сабақ жақсы құрылыпты. рахмет.

    Жауап беру
  • Сәлия 19.01.2015 күні 01:50 уақытында

    Жас мамандарға үлгі беретіндей, жан-жақты құрылған сабақ екен. Еңбегіңіз жана берсін!

    Жауап беру
  • Anzhela 16.01.2015 күні 09:53 уақытында

    Құрылымы жақсы екен! Рахмет!

    Жауап беру
  • Мадина 29.10.2014 күні 17:38 уақытында

    Сабақ жүйелі құрылған.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.