Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Информатика

 

Компьютердің қосымша құрылғылары


Компьютердің қосымша құрылғылары туралы түсінік қалыптасады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қосымша құрылғылардың атқаратын қызметін біледі, оларды қолдануды меңгереді.

Кейбір оқушылар:
Қосымша құрылғыларды компьютердің жүйелік блогына жалғай алады, ақпарат тасығыштармен жұмыс жасай алады және қажет кезінде қолдана біледі.
Тілдік мақсат Оқушылар: үш тілділікті меңгеру
CD-ROM, DVD-ROM, USB.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
винчестер, дискета, лазерлік дискілер, флеш-жады, сканер, модем, принтер, колонка, микрофон,флешка.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады? Ақпарат тасығыштарға нелер жатады? Тасығыш сыйымдылығы деген не?

Компьютердің суреті.

Талқылауға арналған тақырыптар:
қосымша құрылғылар (принтер, сканер, модем, дыбыс колонкалары), ақпарат тасығыштар

«Ой қозғау»
Қосымша құрылғылардың не үшін керек екенін айта аласыз ба?
Компьютер құрылғылары не үшін негізгі және қосымша болып бөлінеді?

Жазу үшін ойға салу:
Күнделікті өмірде қосымша құрылғылардың қолданылуы, құрылғылардың жұмыс принциптері
Алдыңғы оқу Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар.
Негізгі құрылғыға тышқан неге кірмейді?
Жүйелік блок құрамына кіретін құрылғыларды атаңыздар.
Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай?
Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақталады ма?
Жоспар
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау, оқыту үшін бағалау Ресурстар, көрнекіліктер

Сабақтың басталуы 3 мин Сыныпта ынтымақтастық ахуал орнату.
«Комплименттер бұрқасыны». Оқушылар 1-1,5 минут ішінде бір парақ қағазға өздері естігісі келген комплиментті жазуы керек. Толық сөйлем түрінде жазу керек. Жазып болған соң ол парақтарды умалақтап, домалақ қармен атқыласқандай бір-біріне лақтыруы керек. Оқушылар жеке, топта жұмыс жасайды.

Өздеріне ұнайтын комплимент сөздер жазып, умалақтап бір-біріне лақтырады. Бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды кезектесіп оқиды.

Мадақтау сөздер Парақшалар
2 мин Топқа бөлу.
Қағаз қиындылары.
Жүйелік блок және пернетақта суреттерін қиып, тарату.

Топпен жұмыс
Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды. Тақтаға жүйелік блок пен пернетақтаның суреттері ілінеді. Дұрыс жауап берген топқа смайликтер жабыстырып отыру. Сурет қиындылары, смайликтер
10 мин Үй тапсырмасын сұрау.
Жүзімнің шоқтары.
1-топқа:
Жүйелік блоктың құрамы
Жауабы: процессор, жедел жады, қатты дискі, аналық тақша, дискжетектер, видеокарта, дыбыс карталары.

тышқанның жұмысы.
2-топқа:

Пернетақтадағы пернелер.
Enter, Shift, CapsLock, Delete, NumLock, Esc.

Топтық жұмыс.
Кластерлерді толтырады. Парақтарды бір-бірімен ауыстырып, тексереді. Смайликтер арқылы бағалайды. Смайликтер

Смайликтер
Бағалау парағы

Сабақтың ортасы 5 мин Тақырыпты табу.

«Алдын-ала берілген атаулар»
Ой тастау.
Көрсетілген қосымша құрылғыларды атаңыздар.
Жаңа тақырып бойынша бірнеше атау көрсетіп, оқушылардан олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрау.
Тышқан, дыбыс колонкалары, принтер, сканер, модем, ақпарат тасығыштар.
Электронды оқулықтан бейнебаян көрсету.

Топтық жұмыс. Берілген атаулар бойынша оқушылар ойларын айтады. Тақырып бойынша бейнебаян көреді. Смайликтер
Смайликтер.
АКТ, интербелсенді тақта, электронды оқулық
10 мин Постер.
Постерге суреттер жабыстырып, олардың анықтамасы жазылған қағазды араластырып беру. Әр құрылғының атқаратын қызметін дұрыс табу.

Тышқан – енгізу құрылғысы.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаратын құрылғы
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы
Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосу құрылғысы
Ақпарат тасығыштар – флешка, CD-DVD дискілер, қатты диск, жұмсақ диск
Интербелсенді тақтадан жауабын көрсету. Постермен жұмыс жасайды. Суретте берілген құрылғылардың қызметін тауып, тұсына жабыстырады. Дұрыс жауабы интербелсенді тақтадан көрсетіліп, тексереді. Смайликтер

Смайликтер, суреттер.
Постер, үлестірмелі қағаздар.
Бағалау парағы
Интербелсенді тақта.
Сергіту сәті 2 мин ..\2 денгей\сергиту\The Skeleton Dance.mp4
Бейнебаяндағы іс-қимылды қайталайды. Мадақтау Интербелсенді тақта, бейнебаян
10 мин Қолдану. Тәжірибелік жұмыс.
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

пернетақта

Бағалау шкаласы бойынша өзін-өзі бағалайды. Өзін-өзі бағалау

6-7 тапсырма – «5»
3-5 тапсырма – «4»
1-2 тапсырма – «3» АКТ, дербес компьютер, электронды оқулық
Сабақтың аяқталуы 2 мин Сәйкестендіру.
Қораптың ішінен табылған құрылғыларды орналастыру.
Енгізу құрылғылары – пернетақта, сканер, тышқан, ойын джойстигі, ақпарат тасығыштар.

Шығару құрылғылары – принтер, монитор, дыбыс колонкалары

Енгізу және шығару құрылғыларын ажырату үшін суреттерді орналастырады. Топ мүшесі қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау. Суреттер, плакаттар.
Үйге тапсырма 1 мин §7. Компьютердің қосымша құрылғылары. Тақырыпты түсініп оқу, тест тапсырмасын шешу. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Рефлексия Оқушылардан интервью алу

Интервью парағын толтырады Формативті бағалау Интервью парағы
Қосымша ақпарат 5 «А» сыныбы
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақта өз мақсатыма жеттім, себебі SMART мақсатты тиімді қоя білдім.

Оқушылар компьютердің қосымша құрылғыларының қызметін білді, оларды қолдануды меңгерді. Ақпарат тасығыштармен жұмыс жасауды үйренді. Жаңа әдіс-тәсілдер сабақта тиімді пайдаланылды. Оқушылар топтық, жұптық жұмыстарды ұйымшыл түрде жақсы орындап шықты. Барлық тапсырмаларды берілген уақыт ішінде орындай алды. Енгізу және шығару құрылғыларын ажырата алды.

Қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін, атап айтсам мадақтау, смайликтер, өзін-өзі бағалау, «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалауды оқушылар жақсы меңгерді.

Жоспардағы жаңа әдіс-тәсілдерді алмастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырдым. АКТ-ны кез келген жағдайда қолдана білуге үйренді.

Қорытынды бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті
1: АКТ-ны қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс нәтижелі болды.
2: постермен жұмыс жасай отырып, жақсы флипчарттар қорғалды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді?
1: термин сөздерді түсіндіру үшін «билингвалды оқыту» әдісін қолдану қажет.
2 : оқушының сөздік қорын молайту үшін сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды беру.
Менің сабақ барысындағы сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі ойым:
Топтық жұмыс барысында сынып белсенділік танытты. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында бірлескен оқу тиімді жүзеге асты. Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірімен «ЖАДА» (жақын арадағы даму аймағы) өте жақсы дамыды. Сынып ұйымшыл.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • 2013-2014 оқу жылындағы Информатика пәнін оқытудағы өзгерістерге рефлексивтік есеп
  • Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
  • Ақпаратты кодтау.
  • Оқушы білімін бағалауда тест тапсырмаларын қолдану
  • Информатикадан тестік тапсырмалар

Пікірлер 10 Пікір қосу

  • Айгуль 08.12.2021 күні 20:40 уақытында

    компьютердің қосымша құрылғыларына күнделікті қолданылмайын құрылғыларды жатқызуға болады: принтер, сканер, камера, құлаққап, дыбыс колонкалары, модем

    Жауап беру
  • Mereigul 06.12.2021 күні 15:45 уақытында

    Заманауи технологияларды қолдану заман талабы ғой.Сондықтан бастауыш сыныптан бастап информатика пәнінен үйреніп жатыр.Құрылғылардың біліп қана қоймай,олардың құрылысымен де танысады.

    Жауап беру
  • Камшат 04.10.2021 күні 14:27 уақытында

    Қазіргі заманға лайықты балалар бастауыш мектептен бастап қосымша және негізгі құрылғыларды ажырата біледі!

    Жауап беру
  • Жанна Кудайбергенова 25.08.2021 күні 23:11 уақытында

    IT мамандығын қазақстанда дамыту керек.Қазақстан қазіргі уақытта цифрлы қазақстан жобасын бастап кетті.Ендігі жастарымыз өз отанымыздан платформалар шығарып,білімді болса ертеңіміз қуанышқа толы болары сөзсіз.

    Жауап беру
  • Айгерим 01.02.2021 күні 23:32 уақытында

    Сабақ тақырыпты ашатындай етіп құралған. Мақсаты түсінікті қойылған

    Жауап беру
  • Аяулым 24.09.2020 күні 10:39 уақытында

    Сабақ жоспарлауыңызда ең бастысы мақсат айқын. Сабақтың басталуы, сабақ процесіндегі топтық жұмыс тың ұйымдастырылуы кең ауқымда қарастырылған. Жарайсыз

    Жауап беру
  • Гулайша 19.08.2020 күні 16:31 уақытында

    Сабақ жоспарлауыңызда ең бастысы мақсат айқын. Сабақтың басталуы, сабақ процесіндегі топтық жұмыс тың ұйымдастырылуы кең ауқымда қарастырылған. Жарайсыз!

    Жауап беру
  • Ербол 16.05.2020 күні 08:56 уақытында

    Қазіргі онлайн сабақ кезінде керекті мәліметті алуға мүмкіндік көп .. сабақ жақсы жазылған.

    Жауап беру
  • Азима 15.04.2020 күні 10:54 уақытында

    Сабақ өте ауқымды тамаша жазылған арі өте түсінікті, маған ұнады!

    Жауап беру
  • Меруерт 08.04.2017 күні 07:57 уақытында

    Сабақ көңілімнен шықты. Тамаша жазылған. Жаңа форматтағы сабақ

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.