Жатыр мойнының рагы

Жатыр мойының рагы-әйел жыныс мүшесінің жиі кездесетін ісігі. Соңғы 20 жыл ішінде алдын-алу шараларының жүргізілуіне байланысты жиілігі азая түсті. Жатыр мойыны рагының пайда болу ауруларына: босанудан кейінгі жатыр мойнының эктропионды және тыртықты деформациясы, жатыр мойнының диспалазиясы /ауыр түрі/ жатады.

Экзофитті және аралас түрлері болады. Экзофитті түрінде ісік түсті капуста тәрізді, жатыр мойнының үстіңгі бетінде орналасады. Кейде үлкен өлшемді болады. Эндофитті түрінде ісік жатыр мойнының ішіне ендей түседі, осының нәтижесінде жатыр мойыны көлемі жағынан үлкейе түсті. Ісік ыдырағанда кратер тәрізді терең жара пайда болады.

Гистологиялық құрылысына сай жалпақ клеткалы және безді болып бөлінеді. Жалпақ клеткалы рак жалпақ эпителийден, ол жатыр мойнының қынапты бөлігін жабады, ал безді рак-жатыр мойны каналының шырышты қабатынан шығады /сирек кездесетін рак/.

Процестің таралуы лимфа жолдары, қан тамырлары, сонымен қатар кіші жамбастың шел қабаты арқылы тарайды. Жатыр мойнының рагын таралу дәрежесіне сай топтастыру.

0-ші саты-жатыр мойнының преинвазивті рагы.

1-ші саты-жатырдың мойны ғана зақымданған.

2-ші саты-а)параметральды бір не екі қапталындағы параметрий инфильтраты жамбас қабырғасына дарымаған.

б) қынапты вариант-қынаптың жоғарғы үштен екі бөлігінің инфильтраты,

в) жатырлы вариант-ісік жатыр денесіне өтеді.

3-ші саты: а)параметральды вариант-бір не екі қапталындағы параметрий инфильтраты жамбас қабырғасына дарыған.

б) қынапты вариант-қынаптың қабырғасы түгелдей зақымданады.

в) регионарлық метастазды вариант-жамбастың лимфа түйіндері /регионарлық/ зақымданады.

4-ші саты-а)қуықты вариант-жатыр мойыны рагының қуыққа өтуі;

б) көтеншекті вариант-жатыр мойыны рагының көтеншекке өтуі;

в) алыстағы метастаздар-метастазды вариант.

Көп жағдайда жатыр мойнының рагы өкпе, бауыр, сүйектер, бүйрек және басқа мүшелерге метастаз береді. Сонымен қатар Тим/Т-бірінші ісік,/ Н-лимфа түйіндерінің зақымдануы, М-метастаздар/ жүйесі бойынша жасалған топтастыру бар.

Жатыр мойыны рагының ТНМ топтастыруы

Т-бірінші ісік.

Тіс * преинвазивті рак

Т1-жатыр мойнымен шектелген карцинома

Т1а-микрокарцинома /клиника алдындағы инвазивті карцинома/.

Т1б-клиникалық инвазивті карцинома.

Т2-карцинома қынаптың үштен екі бөлігін зақымдайды, жамбас қабырғасына өтпей параметрийге инфильтрат береді.

Т2а-қынап не жатыр денесіне тарайтын карцинома, бірақ параметрийге инфильтрат бермейді.

Т2б-карцинома параметрийге инфильтрат береді.

Т3- қынаптың бәрі зақымданады не ісік параметрийге, жамбаса қабырғасына дейін инфильтрат береді.

Т3а-процесс параметрийге, жамбас қабырғасына дейін тарайды.

Т4-жақын орналасқан мүшелердің зақымдануы.

Т4а-қуық не көтеншектің зақымдануы.

Т4б-карциноманың кіші жамбастан тыс таралуы.

Н-регионарлы лимфа түйіні.

Н0-лимфа түйіндерінде өзгеріс жоқ.

Н1-лимфа түйіндеріне метастаз беріледі.

Н2-қабырғалы /жамбас/ жылжымайтын түйін.

М-алыстағы метастаздың клиникалық белгілері жоқ.

М0-алыстағы метастаздың клиникалық белгілері жоқ.

М1-алыстағы метастазы бар.

Жатыр мойны рагының преинвазивті сатысында төмен орналасқан тіндерге өспейді, өзгерген «ісікті» клеткалар эпителий құрамында болады. Инвазияның бар не жоқтығы және оның тереңдігі гистологиялық зерттеу кезінде қойылады.

Клиникалық суреттемесі. Жатыр мойнының рагыне тән белгілер: ациклды, /қарым-қатынасты/ қанды бөлінді, ақ бөлінді жиі қан араласқан, ісік тарай бастағанда ауру белгілері пайда болады. Жатыр мойнының пре және микроинвазивті рагынде іштің төменгі жағы жайлап шаншып ауырады, жиі түн мезгілінде, науқас тез шаршағыш, тітіркенгіш келеді.

Ауру үдей түскенде өмірге қауіпті қан кету байқалуы мүмкін. Процестің қуық не көтеншекке таралуына сәйкес тұрақты цистит, іш қатуы, сияқты белгілер пайда болады. Несеп ағар жолдарының ісікті инфильтратпен қысылуында кіші дәреттің жүруі бұзылады, гидро және пионефроз дамиды. Ерте анықтаудың маңызы зор.

Анықтау жолдары. Анамнез жинау барысында етеккір, секретті, репродуктивті қызметтір жағдайларына, босану процесінің өту ерекшеліктеріне, жатыр мойнының жарығына онан кейінгі эктропион дамуына көңіл аудару керек. Көп жағдайда науқастың босанудан кейінгі пайда болған жатыр мойны жарасымен «эрозия» ұзақ ауыратындығы, ем қонатындығы анықталынады.

Бұл жатыр мойнының эрозиялық эктропионы. Жатыр мойнындағы тіндердің жарақаты мен қан кету мүмкіндігі болуына байланысты айнамен абайлап қарау қажет. Бұл зерттеу кезінде суреттеме әр түрлі болады. Жатыр мойнында эрозия-жара күлгіңдеу, тисе қанайтын, тез ыдырайтын, түрлі-түсті капуста тәрізді /экзофитті түрі/ ісіктер болады.

Мойын каналының рагынде жатыр мойнының бет жағында көзге түсетін өзгерістер болмайды. Жатыр мойнының қынапты бөлігін жауып жататын шырышты қабат жалтырақ, тартылған, ал жатырдың мойны бөөшке тәрізді түрге ие болады, бұл ісіктің эндофитті түрі. Жатыр мойны каналынан зерттеу кезінде қанды бөлінді пайда болады.

Жатыр мойны рагының қынапқа таралуында, оның қыртыстары тегістеле бастайды және қабырғалары бозара түседі. Ректовагинальды /көтеншек қынапты / және ректоабдоминальды /көтен ішек-ішті/ зерттеулер процестің параметральды шел қабатына, қынап қабырғаларына және кіші жамбасқа таралу деңгейін анықтауға көмектеседі.

Рак процесіне қатайған, кейде /3-ші сатысында/ кіші жамбас қабырғаларына дейін жететін және жатыр мойнының қозғалысын шектейтін инфильтрат тән. Шиллер сыңауы жатыр мойнының патологиялық өзгерген бөліктерінің шекарасын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл бөліктер Люголь ерітіндісіне «негативті» болады, бірақ бұл сынау әдісі жатыр мойнының рагыне тән кольпоцитологиялық суреттеме: штопор тәрізді тамырлар шет жағы қызарған тары тәрізді қан құйылған өсіндіде орналасқан. Жатыр мойнының кратер тәрізді жарасында іріңді шіріген қабаттар пайда болады.

Кеңейтілген кольпоскопия жатыр мойнының биопсиясына күмәнді үлкен бөліктерді және гистологиялық зерттеулерге алынған тіндерді анықтауға көмектеседі. Биопсияны кең түрде қолдану қажет. Жатыр мойнының патологиялық өзгерген бөлігін дені сау тіндер шегінде скальпелмен сына тәрізді етіп кесіп алады.

Осыдан басқа жатыр мойны каналының шырышты қабытын қыру жүргізіледі. Жатыр мойнының рагын және туберкулез, мере, туылатын жатырдың субмукозды миомасы және жатыр мойнының полипімен дифференциальды анықтау жасайды. Ісік тіндерінен алынған кесіндіні гистологиялық зерттеуден өткізеді, бұл тәсіл дәл диагноз қоюға көмектеседі.

Емі. Жатыр мойнының рагын емдеу ауру сатысына байланысты жүргізіледі. 0-ші сатысында, 50 жасқа дейінгі науқастарға жатыр мойнының электрлі конизациясы не Штурмдорф тәсілі бойынша қынаптың бөлігін алып тастайды /ампутация/. 50 жастан үлкен және негізгі ауруымен қатар жатыр миомасы қосылған жағдаайларда жатыр қосалқысынсыз  жатыр экстирпациясы жасалады. 1-ші сатысында ем жиі біріктірілген қалпында /хирургиялық және сәулелі ем/ жүргізіледі.

Жатыр қосалқысымен қатар кеңейтілген жатыр экстирпациясы /Вертгейм операциясы/, операцияға дейінгі және одан кейінгі сәулелі ем жасалады. 2-ші сатысында қосарланған сәулелі ем жасалады, сирек жағдайларларда /ісіктің жатырға таралуында/ біріктірілген ем жасалуы мүмкін. 3-сатысында ереже бойынша тек қана қосарланған сәулелі ем қолданылады. 4-ші сатысында тәжірибе жүзінде тек қана симптомды ем жасалады.

Қосарланған сәулелі ем сыртқы /дистанциялық/ қашықтықты сәулені және іш қуысына гамма емді қосарлана кезектестіріп қолдану болып табылады. Ошаққа берілетін сәуленің мөлшері 15-20 гр. Аурудың алғашқы сатыларында 5 жылдық өмір сүруге қолайлы жағдай туады: 1-ші сатысында 75-85% 2-ші сатысында 60-65% .

Жатыр мойнының рагынде, кең жайылған процестегі қан кетуге жедел жәрдем көрсетілуі тиіс. Қан кету кең көлемде болса, науқас өміріне қауіп төнеді. Бұл кезде тіпті дәрігер болмаған жағдайда, аяжан жатыр мойны мен қынап қабырғаларын айнамен мұқият қарап, қынап жарақаты мен туылып келе жатқан субмукозды түйін еместігіне толық көз жеткізу қажет.

«Кратер тәрізді желінген» жатыр мойнын не осы маңайдағы түсті капуста тәрізденген өсіндінің қансыраған тамырлары табылса, қынапты тастай қылып тығындау қажет. Тығынды алдын-ала сутегінің асқын тотығына не хлорид кальций ерітіндісіне батырып алады.

Осы ерітіндіде батырылған тығынның ішке салатын шетін қынапқа салады. Тығын 6-8 сағатқа қалдырылады, сонан кейін жайлап алып тастайды. Қан кету тоқталмаса, тығынды қайталап салады. Сонымен қатар қан аздықтың емі жүргізіледі.

Жатыр денесінің рагын анықтау және емдеу жолдары.

Әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің түрлері.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

   
Пікірлер1
  1. Майра

    Әйелдер қауымы, осындай өзекті пайдалы дүниелерді оқып, тәніміз бен жанымызды сақтап аурудың алдын алып жүрейік.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ