Жатыр мойны патологиялық жағдайының клинико-морфологиялық топтастыруы.
- Фонды процестер.
а) эктопия не псевдоэрозия /жалған/
б) эктропионды эрозия /жатыр мойнының тыртықты жарақатымен эктопияның бірігуі/.
в) шын эрозия.
г) лейкоплакия
д) эритроплакия
е) полип.
- Ісік алдындағы процесс-дисплазия.
- Преинвазивті рак.
- Инвазивті рак.
Фонды процестер-іштен туа біткен не жүре келе болатын патологиялық жағдайлар, онан жатыр мойнының ісік алдындағы аурулары және рагы пайда болады. Фонды аурулардың дамуы босану кезіндегі жатыр мойнының жарақатымен, гормонды бұзылуларымен, қабыну ауруларымен байланысты.
Эктопия /псевдоэрозия не жалған эрозия/ жатыр мойны каналының цилиндрлік эпителий және жалпақ эпителий шекарасының жатыр мойнының қынапты бетіне ығысуы.
Эктопия дамуының бірнеше жолдары бар: жатыр мойнының жалпақ эпителийі мен жатыр мойын каналының цилиндрлік эпителий қосылған шекарасының іштен туа біткен анатомиялық сыртқа ығысуы, жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі жыныс гормондарының көбеюі, босанудан кейінгі дөңгелек бұлшық еттің жыртылуында /эктоприон-жатыр мойны каналының қынапқа қарай ашылып теріс айналуы/, сонымен қатар ұзаққа созылған қабыну процестері /мысалы, трихомонозда/.
Эктопия қабыну процесімен өтеді. Жатыр мойнының эктропионның рак алдындағы-дисплазия, ал сонан кейін емнің тиімсіздігінде рак дамуының негізгі фоны деп есептеуге болады. Цилиндрлік эпителиймен жабылған эктопия аймағы кәдімгі көзбен көрінеді, беті түйірлі дән не барқыт тәрізденіп, ашық қызарған, жеңіл жарақаттанып қанайды.
Шын эрозия-жатыр мойнының жабынды эпителийінің кемістігі, өте сирек жағдайда кездеседі, өйткені шет жағынан келе жатқан көп қабатты жалпақ қынап типті эпителиймен не метаплазия резерв клеткаларының көп қабатты жалпақ эпителийге айналуы нәтижесінде жабылады, сосын ол дифференцияға ұшырап, құрылысы жағынан қынаптың кәдімгі жалпақ эпителийіне ұқсайды. Әдетте метаплазия тұсында жатыр мойнының дисплазиясы дамиды.
Жатыр мойнының лейкоплакиясы жетілген метапластикалық мүйізденген эпителийдің шекаралық жағдайы. Жатыр мойнының лейкоплакиясы-бұл дискератоз құбылысты өзгерген жалпақ эпителийдің жұқаруы.
Жатыр мойнының полипы жатыр мойын каналының шырышты қабаты бөлігінің тез өсуі нәтижесінде пайда болады. Жатыр мойнының ісік алдындағы ауруларына дисплазия жатады /жатыр мойны эпителийінің атипиясы /, ол атипиялық клеткалардың интенсивті пролиферацияға ұшырауымен не тез өсуімен сипатталады.
Дисплазияның 3 дәрежесі бар: жеңіл, орташа және ауыр түрлері. Орташа және ауыр дисплазия жиі ракке ауысады. Емделмеген дисплазияның преинвазивті және инвазивті ракке өту жиілігі 20-30 %. Сонымен, жатыр мойнының ісік алдындағы жағдайы-/дисплазия/-инвазивті ракке өту қабілеті бар шекаралық жағдайда тұрады.
Клиникалық суреттемесі және анықтау жолдары. Жатыр мойнының дисплазиясы оның патологиялық өзгерісінде жиі дамиды /мысалы, эктропион/. Анықтау кезінде анамнез мәліметтеріне, әсіресе жиі босану және аборт /түсік/, босану жарақатының, фонды және ісік алдындағы аурулар барлығына ерекше көңіл бөлу керек.
Жатыр мойнын айнамен қарау барысында патологиялық /фонды/ жағдайлардың бірі анықталынады. Эктопия-/жалған не псевдоэрозия/ гинекологиялық аурулардың 10-15%-де кездеседі. Қарау кезінде ернеу айналысында ашық-қызылды, жиі овал не түйірлі дән немесе барқыт тәрізді, жеңіл жарақаттанатын аймақ анықталынады.
Эктропионды эрозия сыртқы көрінісі жағынан эктопияға ұқсайды, алдыңғы және артқы еріндерін айна арқылы жақындастырғанда, ол ішке қайырылып жоғалып кетеді. Шын эрозия-қызарған, жеңіл қанайтын аймақ эпителийдің жоқтығы кольпоскопия арқылы анықталынады.
Лейкоплакия-ақ түсті дақ, кейде қатайған, икемсіз, қатпарлы табақша тәрізді.Бұл дақтар астындағы тіндермен жабыса лоналасқан, шырышты қабатты тампонмен құрғатқанда алынбайды.
Эритроплакия-жұқарған эпителий аймағы, ол арқылы астында орналасқан тін қызыл түсті, дұрыс емес пішінді және жеңіл қанайтын болып көрінеді. Полиптер-мойын каналының кеңістігінде дөңгелек не бөлікті қызыл не ашық қызыл түсті болып көрінеді.
Егер полип цилиндрлік эпителиймен жабылса, эктопияға беті бүртікті болады. Дисплазия-жатыр мойнын айнамен қарау барысында анықталынбайды. Жатыр мойнының патологиялық жағдайын анықтауда қосымша әдістерден Шиллер сыңауы, цитологиялық зерттеу, кольпоскопия, биопсия қолданылады.
Шиллер сыңауы. Жатыр мойнының қынапты бөлігін, айнамен ашып, тампон арқылы 2%-тті Люголь ерітіндісімен сүртеді. Өзгермеген жатыр мойны қоңыр түске боялады. Рак клеткалары, тыртықтар, эритро және лейкоплакия аймақтары боялмайды. Осы сыңау арқылы күдікті аймақтарды биопсияға іріктейді. Сонымен қатар жатыр мойнын гематоксилин не сірке қышқылымен бояу әдістері де бар.
Цитологиялық тексеру. Жұғындыға материальды жатыр мойны мен мойын каналының беттерінен Эйра шпателімен алып, шыныға жағады. Бірнеше жұғынды дайындайды. Жұғынды нәтижесіне сәйкес ары қарай тактика анықталынады. Қалыпты жағдайдағыдан ауытқымаған /цитограммада бір жылдан кейін алдын-алу қарауынан өтуге нұсқау беріледі.
Дисплазия табылса, кольпоскопиялық тексеру және жатыр мойнының биопсиясы жасалады. Кольпоскопия-жатыр мойнын оптикалық жүйемен қарау/10-30 рет үлкейтіп көрсетеді/ болып табылады. Кеңейтілген кольпоскопияда Шиллер сыңауымен қатар кольпоскопия жасалады.
Кольпоскопия арқылы қарағанда қалыпты жағдайдағы жатыр мойнының шырышты қабаты тегіс жылтыраған, бозарып қызарған реңді болып көрінеді. Кольпоскопия арқылы көп қабатты және цилиндрлік эпителий шекарасын көруге болады. Солардың түйіскен жерінде ісік алдындағы өзгерістер дамиды.Бұл аймақ «дауыл аймағы » деп аталады. Кольпоскопия арқылы атипиялық эпителиймен жабылған жатыр мойнының аймақтарын айыруға болады. Бұл жағдайда биопсия жасалады.
Биопсия-жатыр мойны аймағын астындағы дені сау тіндермен қоса сына тәрізді етіп кесіп алу. Биопсияға тән жер кеңейтілген кольпоскопия кезінде анықталынады. Өте үлкен зақымдануда және көздеу биопсиясын жасауға арналған жер таңдалынбаса, жатыр мойнына конус тәрізденген ампутация не электрлі эксцизия және мойын каналына диагностикалық қыру жасалынады.
Емі.Фонды және ісік алдындағы ауруларды емдеу консервативті және хирургиялық болады. Консервативті ем эктопия қабыну процесін емдеуді, тін трофикасын жақсартуды көздейді Зарасыздандырылған қынап бұлаушасынан кейін синтомицин эмульсиясымен балық майымен, бурген /облепиховое/, эстронды және прогестеронның майлармен /циклдің 1-ші және 2-ші кезеңдерінде/ тампон қояды.
Тіндерді күйдіруге негізделген әдіс /электрокоагуляция, электроэксцизия, криохирургия, көмір қышқылы лазермен емдеу/ қолданылады. Электрокоагуляция-жатыр мойнының жарақатсыз эктопиясын емдеуде қолданылады. Жатыр мойны қынапты бөлігінің жабынды эпителийінің регенерациясы /жазылуы/ көп қатарлы жалпақ эпителийдің өзгермеген бөліктерінің базальды қабаты клеткаларымен іске асырылады.
Коагуляция кезінде пайда болған қабыршақ 15-ші күнде түсіп қалады. Толық жазылуы 1,5-3 айдан кейін байқалады. Қан кету, қабыну процесінің қозуы, мойын каналының тарылуы, жатыр мойнының эндометриозы сияқты асқынулар болуы мүмкін.Осы асқынулардың алдын-алу үшін электрокоагуляция етеккір келуіне бірнеше күн қалғанда етеккір циклінің 2-ші кезеңінің аяғында жасалынады.
Жатыр мойнының эктропионның, үлкен көлемді лейкоплакия мен эритроплакиясын, дисплазиясын емдеуде электроконизация не диатермоэксцизия қолданылады. Бұл патологиялық өзерген жатыр мойнының ішкі ернеуге қараған ұшын конус тәрізді кесу болып табылады. Арнаулы Гаймс-Роговнеко электродымен жүргізіледі.
Кесетін және күйдіретін бөлігі никельді сым болып табылады, сол арқылы күші 0,2-ден 0,9 А-ге дейін жететін зарядталған ток өтеді. Бұл әрекет міндетті түрде жансыздандыру арқылы өткізіледі.
Процедура езінде күйіктер болуы мүмкін. Оны болдырмас үшін қынап пен жатыр мойнын спиртпен сүртуге, қынап қабырғаларына электроидты тигізуге болмайды. Жатыр мойнын көмқшқылды лазер көмегімен конус тәрізді кесуге болады.
Криохирургиялық әдісте сұйық азот қолданылады. Жатыр мойны көп ұзарған, жатыры төмен түскен науқастарға электроконизация жасау мүмкіндігі болмаған /мысалы босанудан кейінгі жатыр мойнының қынап күмбезіне дейінгі терең жыртылуларында/ жағдайларда емдеудің хирургиялық әдісі қолданылады.
Жатыр мойнының тіндерін кесу және жаңа сыртқы ернеу қалыптастыру /конусты не сына тәрізді жатыр мойнының ампутациясы/ әр түрлі операциялары жасалынады. Жатыр экстирпациясы қосымша аурулар болған жағдайда /жатыр миомасы/ жасалады.
Жатыр мойнының полиптерін аяқтарымен қосып алып тастайды және міндетті түрде жекеленген диагностикалық қыру жүргізіледі. Фонды және ісік алдындағы аурулардың емдегеннен кейін 1,5-2 ай сайын цитокольпоскопиялық бақылау қажет. Науқасты диспансерлік тіркеуден жатыр мойны толық жазылғаннан кейін ғана шығаруға болады.
Әйел аурулары жыныс мүшесінің ісік алдындағы ауруларының түрлері.
Жатыр мойыны рагының пайда болуы және оны анықтау жолдары.
Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.
Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.