Жатыр мен қынаптың қосарлануы

Бұл патология мезодермальды өзектің дұрыс қосылмауы нәтижесінде дмиды.Бұл мүшелердің қосарлану жатыр қуысынсыз, қынап қуысынсыз болуы мүмкін. Бұл акаудың ең жетілген түрі-жатыр мен қынаптың толық қосарлануы болып табылады. Екі жатыры әрқайсысында бір түтікше, бір аналық без, 2 жатыр, 2 қынабы болады.

Жатыр мен қынаптың қосарлануы жиі кездеседі, бұл жағдайда екі жартысы бір-бірімен тығыз жанасады. Ақаудың бұл түрінде бір жартысы екіншісіне қарағанда нашар дамыған, бір жартысында жартылай не толық қуыстың болмауы мүмкін. Бір қынап кеңістігінің жартылай жабылуында етеккір қанының жиналуы мүмкін. Жатыр денесі арқылы бөлінген /екі мүйізді/ жатыр мойны мен қынаптың қосылуы мүмкін. Екі мүйізді жатырда бір-біріне жанасып жатқан 2 жатыр мойны мен қынап ішінде толық емес таса немесе бір жатыр мойыны болады.

Жатырдың бір мүйізі рудиментарды болуы мүмкін, онда жүктіліктің пайда болу мүмкіндігі бар, ол жатырдан тыс жүктілік типтес өтеді және хирургиялық шараны /мүйізді алып тастайды/  талап етеді. Екі мүйізді жатырдың ішкі қуысы толық  емес, тасалы және оның түбі ершік тәрізді болады. Егер жатырдың бір мүйізі жақсы  жетілген болса, ал басқасы толық жетілмеу жағдайында болса, онда жатырдыбір мүйізді деп атайды.

Осы аталған ақаулардың даму себептері зақымдау факторлардың құрсақты дамудың алғашқы 3 айлығында әсер етуі немесе генетикалық әсерлердің нәтижесі болып табылады. Клиникалық суреттемесі. Жатыр мен қынаптың қосарлануы клиникалық белгісіз өтуі мүмкін, жыныс қатынасын жасауға мүмкіндік болады. Бірінші не екінші жатыр қуысында жүктіліктің пайда болуы мүмкін, көп жағдайда өздігінен болатын түсік не мезгілінен бұрын босану байқалады.

Босану кезінде босану қызметінің ауытқушылығы, гипотониялық қан кету кездеседі. Жатырдың біреуінде жүктілік дамыса, ал екіншісінде децидуальды қабық пайда болады, ол босанудан кейінгі кезеңде шығады. Аборт /түсік/ кезінде екі жатырдың іші де қырылады.

Қынаптың жартылай не толық бітелуі етеккір қызметінің басталысымен білінеді, бітелген қуыста қан жиналады. Кейде жатыр мен қынаптың даму ақауы аналық бездің гипофункциясымен /аменория дисменорея, бедеулік/ сипатталады.

Анықтауы: Гинекологиялық тексерулер мен қосымша зерттеу әдістері /зонд арқылы тексеру, гистеросальпингография, лапароскопия, рентгенопельвиография/ негізінде диагноз қойылады.

Емі: Клиникалық белгісіз өтуінде ем керек етілиейді. Қан жиналып қалғанда қуысты ашу керек. Екі мүйізді жатырдағы жүктілікті сақтай алмауда, бедеулікте хирургиялық әдіс-екеуден бір жатыр денесін жасау қолданылады. Жатырдың рудиментарлы мүйізіңдегі жүктілікті алып тастайды, аналық без, жатыр түтікшелерін қалдырады.

Жыныс мүшелерінің толық жетілмеуі/генитальды инфантилизм/

Инфантилизм-организм дамуының кешігуі, балалық және жастық шақтарға тән анатомиялық және функционалдық өзгерістердің ер жеткен шақта кешігіп пайда болуын айтады.Генитальды инфантилизмнің себептеріне тамақтанудың бұзылуы, гиповитаминоз, ауыр түрдегі созылмалы аурулар, сонымен қатар антенатальды кезеңдегі зақымдау және тұқым қуалау факторларының әсері жатады. Клиникалық суреттемесі:

Жыныс мүшесінің дұрыс жетілмеуіңде етеккірдің кеш келуі не мардымсыз келуі және ауырып өтетін етеккір немесе етеккірдің келмеуі /аменорея/, жыныс сезімінің төмеңдеуі не жоғалуы, анамнезіңдегі бедеулік түсіктер не мезгілінен бұрын босану, босану қызметінің әлсіздігі, босанудан кейінгі ерте кезеңдегі гипотониялық қан кету байқалады. Обьективтік тексеруде кассаға түктенуінің жеткіліксіздігі, үлкен және кіші  жыныс еріндерінің толық жетілмеуі, шаттың тарылуы, қынаптың қысқарып тарылғаны жатыр мойнының ұзарғаны, жатыр денесінің кішірейіп жалпайғаны анықталынады.

Гитеросальпингография кезіңде ұзарған, иреңделген жатыр түтікшелері, ұзарған жатыр мойыны мен қысқарған жатыр қуысы анықталынады. Генитальды инффантилизмде толық жетілмеудің жалпы белгілері жиі кездеседі. Бойы орташалау жамбасы барлық жағынан бірдей өлшемге тарылған,көкірек клеткасы тарылған, ішкі мүшелері төмен түскен. Кей жағдайда толық жетілмеудің белгілері анық білінбейді, инфантилизм алғашқы жүктілікте білінеді, ол өздігінен болатын аборт /түсік/не жатырдан тыс жүктілікпен аяқталады.

Емі: Жыныс мүшесінің толық жетілмеуінде жалпы нығайту шаралары, орнын басу немесе жеделдету гормонды, физикалық ем /диатермия, батпақты ем/ қолданылады. Жүктіліктің пайда болуы жыныс жүйесінің дамуына ең қолайлы фактор болып табылады.

Медицина қызметкерлерінің ең басты мақсаты-бұл жүктіліктің сақталуының керек екендігін әйелге түсіндіру, өйткені инфантилизм белгілерінің барлығыңда пайда болған жүктіліктің бұзылуы не сақталуының керек екендігін әйелге түсіндіру, өйткені инфантилизм белгілерінің барлығыңда пайда болған  жүктіліктің бұзылуы не сақталмауы-болашақта тұрақты бедеуліктің себебіне айналуы мүмкін.

Жатыр мен қынаптың даму ақаулығын қалай емдейді.

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.

Қан кетудің көбеюі және етеккірдің ұзаққа созылуы.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ