Гинекологиялық тексерулер-әйел жыныс жүйесін тексеру әдістерінің жиынтығы. Гинекологиялық тексерудің әдістерін негізгі және қосымша деп бөлуге болады. Негізгі тексеру әдістері барлық науқастарды міндетті түрде тексеру мақсатында қолданылады. Қосымша тексеру әдістері алдын-ала қойылатын диагнозға байланысты көрсетулер бойынша қолданылады.
Негізгі әдістерге: 1/сыртқы жыныс мүшелерін қарау,2/ айнаның көмегімен қарау,3/қынаптық тексерулер-бір қолды және екі қолды/ қынаптық-құрсақты не іш қабырғалы/, көрсетулер бойынша көтеншекті және көтеншекті-қынаптық тексерулержатады. Диагнозды анықтау үшін /көрсетулер бойынша/ қосымша тексеру әдістері қолданылады. Оған жатады:
1. Кольпоскопия
2. Цитологиялық тексерулер
3. Бактериоскопиялық тексерулер
4. Жатырды зонд арқылы тексеру
5. Қысқыштар /пулевые щипсы/ көмегімен тексеру
6. Жатыр мойыны мен жатыр денесінің шырышты қабаттарын жекеше диагностикалық қыру.
7. Биопсия, соның ішінде аспирациялық әдістер
8. Іш қуысының пункциясы.
9. Рентгенологиялық әдістер /гистеросальпингография, газды және биконтрасты рентгенопельвиография, лимфография, флебография/.
10. Эндоскопиялық әдістер /кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия/
11. Аналық бездің қызметін тексеру /функциональды диагностикалық тестер , гормон мөлшерін тексеру,гормондық сынаулар/, соның ішінде жатыр денесінің шырышты қабатын диагностикалық қыру.
12. Түкікшенің қызметін тексеру /пертубация, гидротубация/.
13. Ультрадыбысты тексеру
14. Көршілес мүшелерді тексеру /қуықты қатетерлеу, хромоцистоскопия, ректороманаскопия, колоноскопия, ирригоскопия, асқазан және ішек рентгеноскопиясы/.
- Сыртқы жыныс мүшесін қарау
- Айнаның көмегімен қарау
- Қынаптық ішті қабырғалы тексеру
- Қосымша тексеру әдістері
- Цитологиялық тексеру
- Кольпоскопия
- Бастериоскопиялық тексеру
- Жатырды зондылау
- Биопсия
- Іш қуысына пункция жасау
- Эндоскопиялық әдістер
- Гистероскопия
- Аналық бездің қызметін тексеру
- Қарашық белгісі немесе феномені
- Ультрадыбысты тексеру
- Көршілес мүшелерді тексеру
- Иррагоскопия тоқ ішекті тексеру
Сыртқы жыныс мүшесін қарау
Гинекологиялық тексеру науқас қуығын /зәрді өздігінен шығару мүмкіндігі болмаған жағдайда қатетер арқылы босатады/ және ішекті босатқаннан кейін /үлкен дәретті босату/, науқасты гинекологиялық креслоға, аяқтарын тізе мен жамбас-сан буындарында жартылай бүгіп, арқасына жатқызады. Тексеруді зарасыздандырылған резеңкі қолғапикиіп жүргізеді. Сыртқы жыныс мүшесін қарау барысында түктенудің сипаты мен деңгейіне, үлкен және кіші жыныс еріндерінің дамуына көңіл бөледі.
Ерлер типті түктену /кіндікке дейін/ ісік не аналық без қызметінің бұзылуына күмән келтіреді. Жыныс еріндерінің гипоплазиясы жыныс жүйесінің толық жетілмеуіне тән. Жыныс саңылауының ашылуы қынап пен жатыр қабыр,аларының төмен түсуі мен түсіп қалуына тән, ол күшенгенде жақсы білінеді.
Қарау кезінде патологиялық процестерді: жараларды /қатерлі ісік, мерез/, қызарған және ісінген жерлерді, кандилома, жыланкөз, тыртықты, көк қан тамырының варикозды кеңеюін артқы тесік маңайының жарықтарын, қынап пен көтеншек бөлінділерін анықтайды. Кіші жыныс ернін сол қолдың саусақтарымен ашып, қынап сағасын және осы жерде орналасқан үрпінің сыртқы тесігін және үрпі маңайының жолдарын, қыздықты және үлкен вестибулярлы бездің шығару өзегін қарайды.
Патологиялық сұйықтық барлығы /іріңдік/, шырышты қабаттың қызарған аймақтары сөз не арнайы емес қабыну процестеріне тән. Қыздықтың жағдайы /оның бүтіндігі, тесіктің пішіні / анықталынады.
Айнаның көмегімен қарау
Қарау жұмысы қынаптың тексеруге дейін жүргізілуі тиіс, өйткені соңғы тексеру барысында патологиялық процестер суреттемесінің өзгеруі мүмкін /ісіктің немесе жатыр мойыны полипының бұзылуы және т.б./. Тексеру барысында бактериоскопиялық және цитологиялық тексерулерге айнаның көмегімен жұғынды алады, оны қынаптық тексеруге дейін жасаған дұрыс.
Жыныстық қатынаста болмаған науқастарды әдетте айнамен тексеруге болмайды, ерекше көрсетулер бойынша, мысалы қыз балалардағы ювенильды қан кетуде жатыр мойнын қарау қажет. Балалар тәжірибесінде балалардың гинекологиялық айналары қолданылады. Қынап айнасының бірнеше: цилиндрлік, ашпалы /қақпалы/ және қасықша тәрізді түрлері бар. Металдық құралдары дайындау ережесіне сәйкес айналарды зарасыздандырады.
Қолданылған айналарды щеткімен су ағынында жуады, сосын құрғатылған ыстық шкафында, автоклавта немесе 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісіне 12-15 минут көлемінде зарасыздандырады. Алдын-ала сол қолмен кіші жыныс ернін ашып, қасықша тәрізді айнаны сақтықпен қынаптың артқы қабырғасына кіргізеді, оны қынаптың артқы күмбезіне дейін апарады. Содан кейін оң қолмен көтергішті /подьемник/ кіргізеді, ол қынаптың алдыңғы қабырғасын көтереді, жатыр мойнын ашып, оны қарайды, оның пішініне, тыртық, жара, жыланкөз, полип барлығына, бұрын салынған қысқаштар орнына сипаттама береді.
Жатыр мойнының конус пішінді, нүктелі ернеуі тумаған әйелдерде кездеседі. Тыртықты деформация босану кезіңдегі жарақатты көрсетеді.Жатыр мойнының гипертрофиясы созылмалы қабынуды көрсетеді. Ернеудің саңылаулы түрі туған әйелдерде кездеседі. Ернеудің орналасуына көңіл аударады. Оның бүйірінде табылу /эксцентрлі/, еніне қарай өсуі жатыр мойнының ісігін білдіреді, сонымен қатар мойынша жүктілігінің белгісі болуы мүмкін.
Жүктілікке жатыр мойнының көгеруі тән. Сыртқы ернеуде поиптер, ісіктер /қатерлі ісік, субмукозды миома/ болу мүмкін. Бөліндіге /іріңді, қанды/ сипаттама берілуі тиіс. Патологиялық өзгерістерді /жыланкөз, қызарған жерлер/ теріске шығару үшін айнаны шығара отырып, қынап қабырғаларын қарау керек.Ішкі тексеру. Ішкі тексеру бір қолды қынаптық, екі қолды қынаптық /ныпаты-ішті қабырғалары/, көтен ішекті –ректальды және көтен-қынапты-ректовагинальды болып бөлінеді.
Қынаптық тексеруді оң қолдың саусақтарымен алдын-ала кіші жыныс еріндерін ашып, саусақтарды біртіндеп/алдымен 3-ші саусақты, сосын 2-ші саусақты/ қынапқа кіргізеді. Тексеру барысында үлкен вестибульярлы бездің маңайын /1-ші және 2-ші саусақтармен /, үрпіні /үрпіні қынаптың алдыңғы қабырғасы арқылы 2-ші саусақпен / сипалайды және құрсақ түбінің бұлшық еттерінің жағдайын анықтайды. Қынаптың жағдайын: көлемін, қыртысын және созылуын, патологиялық процестер /ісіктер, тыртықтар, тарылуы/ барлығын анықтайды.Қынап күмбездерін тексереді.
Артқы күмбез әдетте ең тереңдеуі, бүйір күмбездері қалыпты жағдайда симметриялы болады.Күмбездің салбырау, жалпаюы қан, инфильтрат немесе іш қуысында, құрсақтың шел қабатында ісіктің барлығын білдіреді.Жатыр мойнының қынапты бөлігін тексеру кезіңде оның пішіні, тығыздылығы, қозғалу деңгейін және ығысудағы сезімталдығы, сыртқы ернеудің пішіні, мойынша каналының өзкізгіштігі, ондағы патологиялық ісіктер барлығы анықталынады.
Жатыр мойнының жұмсаруы-жүктілікке, ал қатаюы-қабыну процестеріне, ісікке тән болуы мүмкін. Жатыр мойнының қозғалмауы оны қоршап жатқан шел қабатының ісікпен не қабыну инфильтратымен зақымдануында, ал шектен тыс қозғалуы-жатырдың төмен түсуінде байқалады.Жатыр мойнының ығысуы кезіндегі оның ауруы жатыр қосалқысы мен жамбас іш пердесінің қабынуына, түтікті жүктіліктің бұзылуына тән. Жатыр мойнының тыртықты деформациясында, сонымен қатар басталған немесе толық абортта сыртқы ернеу сәл ашық болады.
Жамбастың өткізу өсі мен оның жазықтықтарына сәйкес қатынастағы жатыр мойнының кіші жамбастағы орналасуына көңіл бөлінуі тиіс. Қалыпты жағдайда жатыр мойны өткізу сызығының бойында, ал сыртқы ернеу-интерспинальды сызық бойында /отырғыш сүйегінің қырлары арасындағы/ орналасады. Жатыр мойнының төмен қарай ығысуы жатырдың төмен түсуінде, жатыр мойнының ұзаруында /мүмкін. Жатыр мойнының жоғары қарай немесе қапталына ығысуы жатырісігінде байқалады.
Қынаптық ішті қабырғалы тексеру
Жатырдың жатыр қосалқысының, сіңірлер аппаратының, жамбас іш пердесінің және шел қабатының, сонымен қатар көршілес мүшелердің жағдайлырын анықтауға мүмкіндік береді. Тексеру кезінде оң қолдың саусақтары қынапта болуы керек, ал сол қолды алақанымен науқастың ішіне қояды.
Біртіндеп жатырды сипалай бастайды, бұл жағдайда оның орналасуын /иілуі, бүгілуі, горизонтальды және вертикальды осьтерде ығысуы/, көлемін /қалыпты жағдайда, қалыпты жағдайлардағыдан артық немесе кем/, пішінін /қалыптағыдай, шар тәрізді, дұрыс емес/, тығыздығын /әдеттегідей ,жұмсарған, қатайған/, қозғалысын /қалыптағыдай, шектелген, қозғалмайды, шектен тыс қозғалуы/ анықтайды.
Жатырдың бүгілуі және ығысуы онан тыс патологиялық процестерге, атап айтсақ аналық бездің, аралас мүшелердің ісігіне, жабысулар,а байланысты. Жатырдың көлемі мен пішіні жүктілікке, жатыр ісігіне, оның қуысына қан, іріңнің жиналуына байланысты.Жатыр өлшемінің кішіреюі оның толық жетілмеуін көрсетеді: жатыр бетінің кедір-бұдырлығы, қаттылығы жатыр миомасына тән. Жатыр қозғалысының шектелуі жатыр маңайының шел қабатындағы ісік немесе қабыну инфильтратына кіші жамбастың жабысу процестеріне байланысты болады.
Жатырдың шектен тыс қозғалысы көп жағдайда іш қуысындағы сұйықтық барлығына /қан, асцит, экссудат/ байланысты. Сосын жатыр қосалқысын сипалайды, ол үшін ішкі /оң /қолдың саусақтарын сол жақ, сосын оң бүйірлі күмбезге қарай, ал сыртқы /сол/ қолды-сәйкес жақтағы шапты-мықын маңайына жылжытады.
Қалыпты жағдайда түтікшелер мен аналық бездер білінбейді. Жатыр қосалқысы тұсіндағы ісік анықталынса, оның көлеміне, пішініне, тығыздығына, өлшеміне, бетіне, қозғалғыштығына және сезімталдығына сипаттама беру керек. Анық тұйықталған, дөңгелек пішінді ісік анықталынса, киста, ісік екендігіне күмән туады. Кедір-бұдырлылық, қатты тығыздылық, шектеулі қозғалғыштық қатерлі ісіктерге тән.
Кіші жамбастың шел қабатындағы патологиялық процестер қозғалмайтын, қатты инфильтрат түрінде анықталынады, кейде жатырды қарама-қарсы жағына ығыстырады. Екі қолды тексеруде сегізкөз- жатырлы сіңірді, әсіресе оның эндометриозды зақымдануында сипалап анықтауға болады.
Көтеншек және көтеншекті-қынаптық тексерулер қыздарда, стенозы-тарылуы не қынаптық атррезиясы бар науқастарда немесе диагноз қою мақсатында қосымша мәліметтер алу үшін, мысалы жатыр мойнының қатерлі ісігіне жамбастың шел қабатына немесе көтеншектің қабырғасына процестің таралуын анықтау үшін, эндометриозде және қабыну процестерінде қолданылады. Көтеншекті тексеру көтеншектің ауруына күмән туғанда, ірің қан бөлінгенде жасалады.
Көтеншекті тексеруді бір саусақпен жасайды, көтенішек ампуласының, жатыр мойнының , сегізкөз жатырлы сіңірдің, жамбастың шел қабатының жағдайлырын анықтайды.Көтеншекті-қынаптық тексеруде қынапқа 2-ші саусақты, көтенішек-қынаптық тасада, қынап қабырғаларында, ішекте /эндометриозде, жатырдың қатерлі ісігінде /патологиялық процестер барлығында 3-ші саусақты кіргізеді.Сыртқы қолдың көмегімен /көтеншек –ішті тексеру/ жатыр денесі мен қосалқысын тексереді.
Қосымша тексеру әдістері
Диагнозды анықтау үшін қосымша тексеру әдістерін қолданады. Бұл әдістердің ішінен қазіргі кезде барлық гинекологиялық науқастарға, сонымен қатар алдын-ала медициналық қарауынан өтетін дені сау әйелдерге қолданылатынын іріктеп алу керек. Осындай қосымша әдістерге цитологиялық, бактериоскопиялық тексерулерді және кольпоскопияны жатқызуға болады.
Цитологиялық тексеру
Жатыр мен жатыр түтікшелерінің қатерлі ісіктерін табу мақсатында жүргізіледі. Жатыр мойнының бетінен материалды жұғынды-таңба көмегімен алады. /шыны, пинцет арқылы алынған, жатыр мойнының бетіне салады немесе Эйра шпателін жатыр мойнын айналдыра өткізеді.Жатырдың мойнын каналынан материлды арнайы қасықшамен немесе науа тәріздес зондпен алады.
Материалды зат шынысына тамызады және оны ауада құрғатады. Арнаулы бояудан кейін жұғындыны қарайды. Алдын-ала медициналық қарау кезіндегі жаппай цитологиялық тексерулер әйелдер тобын /биопсия, диагностикалық қыру, атипиялық клеткалар табылғанда /егжей-тегжейіне дейін тексеруді талап ететін әйелжыныс мүшесінің қатерлі ісігін теріске шығару немесе анықтау үшін бөлуге мүмкіндік береді.
Кольпоскопия
Бұл әдіс жатыр мойны мен қынап қабырғаларын кольпоскоп көмегімен, 10-30есе үлкейтіп қарауға мүмкіндік береді.Кольпоскопия ісік алдындағы жағдайлардың ерте түрлерін анықтауға, биопсия жасауға өте қажетті аймақтарды табуға, емдеу барысында жараның жазылуын бақылауға мүмкіндік береді.Кольпоскоптың көптеген түрлері бар, соның ішінде фотоқондырғылы түрі, ол суретке түсіруге және табылған өзгерістерді құжаттауға мүмкіндік береді.
Бастериоскопиялық тексеру
Қабыну пройестерін және микробты /фактордың / әсердің түрлілігін анықтауда қолданылады. Қынап бөліндісінің бактериоскопиясы қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға көмектеседі, оның гинекологиялық операциялар мен диагностикалық шаралар алдында керектігі бар. Бактериоскопиялық тексеру бір қатар жағдайда аз белгімен өтетін мерез ауруын анықтауға көмектеседі.
Бактериоскопиялық тексеруге материалды үрпіден, жатыр мойнының каналынан және қынаптың жоғарғы үштен бір бөлігінен алады. Жұғындыны алар алдында қынапқа дәрі-дәрмек жіберуге байланысты жүргізілетін жуып-шаю сияқты емдеу процедуралары жасалмайды.Жұғынды зәр шығаруға дейін алынуы тиіс. Үрпіден жұғындыны үрпінің артқы қабырғасына сұқ саусақты жо,арыдан төмен қарай жылжытып отырып жеңіл массаж жасағаннан кейін фолькман қасықшасымен немесе зондпен алады, оны зат шынысына жұқа қабатпен жағады.
Мұнан кейін қынапқа айнаны кіргізіп, осындай құралдармен жатыр мойнының каналынан және қынаптың артқы күмбезінен жұғынды /әр жұғындыны жеке құралмен / алады. Жұғындының сипатына сәйкес қынап тазалығының 4 дәрежесі бар:тазалықтың 1-ші дәрежесі -жұғынды да жалпақ эпителий мен қынаптық бацилдер /қалыпты жағдайдағы флора / анықталынады, реакциясы-қышқыл.
Тазалықтың 2-ші дәрежесі -1-ші дәрежеге қарағанда эпителий клеткалары, лейкоциттер, қынаптық бацилдер азаяды, бірен-саран коккилер анықталынады,реакциясы қышқыл /тазалықтың 1-ші және 2-ші жәрежелері қалыпты жағдай болып есептелінеді/. Тазалықтың 3- ші дәрежесі-қынаптық бацилдер азайған, басқа бактериалардың түрлері көбейген, лейкоциттер көп, реакциясы әлсіз, сілтілі. Тазалықтың 4-ші дәрежесі-қынаптық бацилдер жоқ, патогенді микробтар көбейген, тіпті гонококк пен трихомонады да бар, лейкоциттер көп, реакциясы әлсіз, сілтілі /тазалықтың 3-4-ші дәрежелері патологиялық процестерге сәйкес келеді/.
Жатырды зондылау
Зондылау арқылы жатыр қуысының ұзындығын өлшейді және оның конфигурациясын, қабырғысының рельефін, мойынша каналының ұзындығын және өткізгіштігін анықтайды. Бұл мақсатта металды жатыр зонды қолданылады. Қажетті құралдар жиынтығы: қасықша тәрізді айна, қысқаштар /2/, корнцанг және жатыр зонды. Барлық құралдар зарасыздандырылған күйде қолданылады.
Қынапты тазалауға спирт, иод тұнбасын, дәкелі шариктер қажет. Жатырды зондылау емханада жүрізіледі, асептика және антисептика ережелері сақталынады. Дәрігер бұл іс-әрекетті тек қана қынап тазалығының 1-2-ші дәрежелерінде, науқастың қуығы босатылғаннан кейін жүргізеді.
Қарсы көрсетулері: Ірінді бөліндінің барлығы /қынап тазалығының 3-4-ші дәрежелері/, жатыр мен жатыр қосалқысының жедел немесе жедел үсті қабынулары, жүктілік.
Қысқаштар көмегімен тексеру. Бұл тексеру ісіктің жыныс мүшелерімен байланысын анықтауға көмектеседі. Бұған түсініксіз жағдайларда білу үшін сүйенеді.
Қажетті құралдар жиынтығы: қасықша тәрізді айна, корнцанг, қысқыштар, барлық құралдар зарасыздандырылған күйде қолданылады. Жатыр мойыны айнамен ашылғаннан кейін, оны спиртпен сүртеді, қысқашпен алдыңғы ернін қысып алады.Айнаны шығарады, қысқаштың қолмен ұстайтын жерін көмекшіге береді. Оң қолдың саусақтарын қынапқа немесе көтеншекке кіргізеді, сол қолмен ісікті жоғары қарай итереді.
Бұл жағдайда ісіктің аяғы тартылып , анық білінеді, ісіктің жатыр қосалқысымен байланысын анықтауға мүмкіндік туады. Қысқаштар көмегімен жасалатын келесі әдіс төмендегідей. Жатыр мойнына салынған қысқаштар қынаптан бос салбырап тұрады, ал тексеретін адам іштің қабырғасы арқылы ісікті жоғарыдан жылжытады.
Бұл жағдайда жатырдың ісігі қынапта тартылып тұрған қысқашты немесе ішектің ісігінің ығысуы, ережеге сәйкес қысұаштарға берілмейді. Қарсы көрсетулер: қынап тазалығының 3-4 дәрежесі, жүктілікке күмәнді жағдайлар, ішкі жыныс мүшесінің жедел немесе жедел үсті қабынуы. Жатыр мойыны мен жатыр денесінің шырышты қабаттарын диагностикалық қыру.
Жатырдың шырышты қабатын қыру мен ырындыны гистологиялық тексеруден өткізудің диагностикалық маңызы зор және эндомертийдің циклді өзгерістерін, ондағы патологиялық пройстерді /қатерлі ісік, хорионэпителиома, полипоз/, ұрық жұмыртқасының қалдығын көрсетеді. Жатыр денесінің шырышты қабатын диагностикалық қыру ациклды/кейде циклды/ қан кетуде және эндометрийдің патологиясын /қынап жұ,ындысында атипиялық клетканың барлығын / білдіретін басқа белгілерінде жасалады.
Қажетті құралдар. Қынаптық қасық тәрізді айна, корнцанг /2/, қысқаштар /2/, жатыр зонды, кеңейткіштер мен кюреткалар жиынтығы. Сонымен қатар спирт, иод тұнбасы, зарарсыздандырылған таңу материалдары /шариктер, сұлықтар не салфеткалар / қажет. Бөтелкеде науқастың аты-жөні, іс-әрекеттің жасалған уақыты, орны, маатериалдың алынған жері /жатыр мойыны, жатыр қуысы /, клиникалық диагнозы көрсетілген белгі болады.
Қарсы көрсетулері. Қынап тазалығының 3-4-ші дәрежелері. Жатыр мен жатыр қосалқысының жедел және жедел үсті қабыну процестері, жұқпалы аурулар, дене қызуының көтерілуі.
Бұлар жоспарланған түрде жасалатын операциялар құрамына кіреді және өмір көрсетулері бойынша жасалатын қыру жағдайына /жатырдың кең көлемінде қан кету / тарамайды, ол диагностикалық, сонымен қатар емдік мақсатта да қолданылады.Асептика мен антисептика ережелерін сақтау міндетті.
Науқасты дайындау үшін міндетті түрде сыртқы жыныс мүшесіндегі түктерді қырады, қуықты босатады. Операция гинекологиялық креслода, асептика және антисептика жағдайында жасалады. Көп жағдайда жатыр мойны мен жатыр денесінің шырышты қабаттарын қыруды көп жағдайда жеке-жеке жүргізеді. Ол дәл диагностиканы қамтамасыз етеді /бұл жағдайда алынған материалды 2 жеке бөтелкіге /флаконға/ жинайды.
Биопсия
Биопсия және алынған тіндерді гистологиялық зерттеу жатыр мойыны, қынап, сыртқы жыныс мүшесіндегі патологиялық процестерге сипаттама береді. Операцияға дайындық диагностикалық қыру операциясының дайындығымен бірдей. Асептика мен антисептика ережелерін сақтау міндетті болып табылады.
Қажетті құралдар жиынтығы. Қасық тәрізді айна, корнцанг, пинцет, қысқаштар /2/, скальпель, қайшылар, ине, ине ұстағыш пен кетгут. Зарасыздандырылған материал спирт, иод түнбасы қажет. Алынған тіннің бір бөлігін формалин ерітіндісіне салып, оны гистологиялық тексеруге арнайы жолдамамен жібереді.
Жатыр мойнының қатерлі ісігіне күмәнді жағдайда тіннің бір бөлігін кесіп алумен қатар, жатыр мойнының каналын қырады.Жатыр қуысынан материал алу үшін аспирациялық биопсияны қолданады. Бұл мақсатта арнай Браун шприцы қолданылады, ол тегістеліп дөңгеленген ұзын тығынмен қамтамасыз етілген. Браун шприцынан басқа, зат шынысы қажет, оған аспиратты алады, ауада құрғатып, лабораторияға жібереді.
Іш қуысына пункция жасау
Іш қуысына пункцияяны қынаптың артқы күмбезі және іштің алдыңғы қабырғасы арқылы жасайды. Қынаптың артқы күмбезі арқылы пункцияны түтікті жүктілікк күмән туғанда, кейде жатыр қосалқысы мен жамбастың іш пердесінің жедел қабуында, іш қуысына жиналған қанды, серозды немесе іріңді сұйықтықты табу мақсатында жасайды. Асцит барлығында алдыңғы іш қабырғасы арқылы пункция жасалады.
Асцитты сұйықты қатерлі ісікті теріске шығару үшін атипиялық клеткалар мөлшеріне тексереді.Асцитты сұйықты атипиялық клеткалар жоқ болса, бұл жағдайда асцитті жүректің қай бір аурулармен, бауыр циррозымен байланыстылығына мүмкіндік туады. Қынаптың артқы күмбезі арқылы жасалатын пункцияға қажетті құралдар жиынтығы: қасық тәрізді айна, корнцанг /2/, қысқаштар, бүйір тесікті ұзын инелі шприц /12-15 см/, зарарсыздандырылған материал, спирт, иод түнбасы қажет.
Науқасты диагностикалық қыруға дайындағандай дайындайды. Асептиканы сақтау міндетті.Түтікті жүктілікте өте ұсақ, ұйыған қоңыр түсті қан алады. Егер серозды немесе іріңді сұйықтық алынса, бактериологиялық тексеру /егуге арнал,ан пунктатты тығыны бар зарасыздандырылған пробиркаға жинайды/ жүргізіледі. Операциялан кейін науқасты каталкімен палатаға ауыстырады.
Рентгенологиялық әдістер. Гистеросальпингография жатыр түтікшесінің өткізгіштігін анықтау үшін және көп жағдайда бедеу әйелдерге қолданылады.
Көрсетулері: жатырдың шырыш асты миомасына күмән туса, эндометриоз, жатырдың дұрыс жетілмеуі және даму ақаулығы, жатыр қуысының жабысулары, бедеулік. Жатыр қуысына 2-5 мл мөлшерінде рентген контрасты затты /иодолипол, верографин, кардиотраст және т.б./ жібереді, сосын рентгенге түсіреді.
Қарсы көрсетулері: қынап тазалығының 3-4-ші дәрежесі, қабыну процестерінің жедел үсті түрлері, жүктілік. Гистеросальпингографияға қажетті құралдар жиынтығы: Браун шприцы, рентгенді контрасты заттар, цилиндрлік немесе қақпалы айна, қысқыштар /2/, корнцанг. Асептика және антисептика ережелерін сақтау міндетті. Жатыр ішіне контрасты затты жібергеннен кейін, науқасты жатқызып /каталкіге/, рентген кабинетіне әкеледі. Түсірімді қалыпты жағдайда жатыр қуысы анық контурлы, пішіні үш бұрышты болып келеді. Жатыр түтігі өткізсе, контрасты зат іш қуысына құйылады.
Газды рентгенді пельвиографияда /пневмопельвиогрфия/ іш қуысына көмір қышқыл газын жібереді /пневмопериритонеум жағдайын жасайды/, сосын рентгенге түсіреді /түсірімде жатыр сіңірлерінің , жатыр қосалқысының кескіндері анық көрінеді/.
Көрсетулері: жатыр мен оның қосалқысының дамуының аномалиясына күдік туса, ісіктер /екі қолды тексеру патологиялық процеске анық сипаттама бере алмаған жағдайда/.
Қарсы көрсетулері: орталық жүйке жүйесінің аурулары, жүрек-тамырлы жетіспеушілік, қолға демікпесі, өкпеэмфиземасы, туберкулез, жыныс мүшесінің қабыну аурулары, іш қуысындағы кең көлемдік ісіктер.
Науқасты дайындау жолдары төмендегідей: бір күн бұрын және тексеретін күні тазалау клизмасын қояды, ал процедура алдында қуықты босатады. Тексеруден кейін науқасты іштің кебуі мазалайды, бұл жағдайда науқастың басын төмен түсіреді және жамбасын жоғары көтеріп, бүлмелі жәй жасайды.Биконтрасты рентгенді пельвиография- жыныс мүшесін көмірқышқыл газымен және рентгенді контрасты заттармен, яғни қосарлап контрастау.
Эндоскопиялық әдістер
Гинекологиялық тәжірибеде кең таралған эндоскопиялық әдістерге гистероскопия, кульдоскопия, лапароскопия жатады. Барлық эндоскопиялық әдістерде оптикалық жәйе, жарығы бар приборлар қаолданылады. Қазіргі приборлар манипуляторлармен қамтамасыз етілген,олар көз арқылы бақылайтын іш қуысына және жатыр жатыр қуысына жасалатын кейбір диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық эндоскопиялық тексерулер асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Гистероскопия
Жатырдың шырышты қабатын қарауға және патологиялық процестерді: полиптерді, гиперплазияны, қатерлі ісікті, өсінділерді, сонымен қатар жатырдың субмукозды миомасын, аденомиозды анықтауға мүмкіндік береді. Диагнозды, көзделген биопсияны анықтауда, сонымен қатар жатырдың шырышты қабатын қыруды бақылауда, полиптерді алып тастауда гистероскопия жасалады. Лапароскопия және кульдоскопия іш қуысының ішкі мүшелерін, оның ішінде кіші жамбастың мүшелерін қарауға мүмкіндік береді. Кульдоскопия қынаптың артқы күмбзі арқылы жасалады. Лапароскопия іштің қабырғасы арқылы жасалады.
Көрсетулері: Аналық без бен жатыр ісіктеріне айырма диагностикасын жасаудың қажеттілігінде немесе оның қиындығында, экстрагенитальды-жыныс мүшелерінен тыс ісіктерде, жатырдан тыс жүктілікте, аналық бездің склерокистозды синдромында, жатыр қосалқысының қабыну процестерінде, жедел аппендицитте, іш қабырғасының семіздігінде аналық безді қарау қажеттілігі туған жағдайда лапароскопияға сүйенеді.
Лапароскопия тумаған әйелдерге жасалады, сонымен қатар құрт тәрізді кесіндіні немесе жатырдың алдында орналасқан ісіктерді қарау қажеттілігі туған жағдайда жасалады.Қарсы көрсетулері: Жүректің декомпенсиялы ақауы, гипертония ауруы және басқа ауыр түрдегі жалпы аурулары .Науқасты кульдоскопия немесе лапороскопия дайындау барысы төмендегідей: жасардан бір күн бұрын және тексеретін күні тазалау клизмасын қояды. Сыртқы жыныс мүшесі тұсындағы түктерді қырады. Тексеруді емханада жүргізеді. Жергілікті жансыздандыруды /новокаинның 0,5 ерітіндісін қынаптың артқы күмбезіне немесе алдыңғы іш қабырғасына егеді.Жатырдың түтікшесінің қызметін тексеру.
Жатыр түтікшесінің өткізгіштігін және функцияналды икемділігін анықтау үшін түтікшеге ауа /пертубация/ немесе сұйықтық /гидротубация/ жіберу әдісі қолданылады. Көрсетулері: Жатыр қосалқысының бұрынғы қабыну процестеріне байланысты пайда болған бедеулік. Петрубация және гидротубацияны жасауда арнайы /аппаратурасы/ құралы болады, ол ауаны, сұйықтықты жіберуге арналған құрал-баллонмен жалғасқан түтікшелер жүйесімен байланысқан тығыннан тұрады және ауаның не сұйықтың қысымын көрсететін монометрден тұрады.
Петрубация кезінде түтікшенің жиырылу қозғалысының кимографиялық асептика және антисептика ережелері міндетті түрде сақталуы тиіс. Қарсы көресетулері: қынаптың 3-4-ші дәрежелі тазалығы, кольпит, цервицит, жатыр мен оның қосалқысының жедел және жедел түсті қабыну процестері. Жоғарыда аталған жағдайлар сақталмаса жатыр түтікшелерінің, іш қуысының қабынуларына және ауыр түрдегітасқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Процедура науқастың гинекологиялық креслода әдеттегідей жатуында жүргізіледі.
Алдын ала науқас қуығын босатуы қажет. Қажетті құралдар жиынтығы : қынаптық айна, қысқаштар, корнцанг, зарарсыздандырылған материалдар, спирт, иод түнбасы. Гидротубация диагностикалық, сонымен қатар емдік мақсатта қолданылады.
Аналық бездің қызметін тексеру
Аналық бездің қызметін функционалдыкалық тесттер көмегімен /қынап жұғындысының цитологиялық суреттемесі, көз қарашығының феномені, мойынша шырыштысының арборизациясы, көтен ішектің температурасы, эндометрий биопсиясы, сонымен қатар қан плазмасындағы, кіші дәреттегі гормон мөлшерін анықтау және сынау жүргізу / арқылы анықталынады.
Қынап жұғындысының цитологиялық суреттемесін оқу үшін қынаптың артқы күмбезінің бөліндісін зат шынысына жұқа қабатпен жағып, ауада құрғатады, спирт пен эфир қосындысында қатырады, сонан кейін гматоксилинмен эозин немесе фуксил бояуларымен бояйды. Қынаптың көп қабатты жалпақ эпителийінде эстроген гормонының әсерімен мүйіздену процесі жүреді, бұл процестің жетілу деңгейі эстроген гормонының жоғарғы мөлшеріне байланысты.
Жұғындыда мүйізденген клеткалардың көбеюі эстрогеннің жоғарғы мөлшерін /гиперэстогенемия/ көрсетеді.Эстрогеннің бір қалыпты мөлшерінде қынап қабырғаларынан аралық клеткалар деп аталатын клеткалар үгітіліп түседі.Эстрогеннің төменгі мөлшерінде /аналық бездің гипофункциясындағы немесе менопаузадан кейінгі гипоэстрогения / терең қабаттағы базальды клеткалар түседі және жұғындыда оның мөлшері басым болады.
Эпителий клеткаларының типті қатынасына сәйкес қынап тазалығының 4 типі бар: 1-ші типі-жұғынды базальды /антрофиялық/ клеткалар мен лейкоциттерден тұрады, бұл эстрогенді жетіспеушіліктің ең күшті жетілген түріне тән. Менопаузадан кейінгі, ал жас әйелдерде-аналық бездің гипофункциясында, бедеулікте байқалады.
2-ші типі-жұғындыда базальды және аралық клеткалар, базальды клеткалар мен лейкоциттер басым болады. Бұл анағұрлым эстрогенді жетіспеушілікте /аналық бездің гипофункциясы, менопаузадан кейінгі кезең/ байқалады.
3-ші типі-жұғындыда аналық клеткалар басым болады.Орташа эстрогенді жетіспеушілікте байқалады.
4-ші типі- жұғынды мүйізденген клеткалардан тұрады.Эстрогеннің жеткілікті, қанған мөлшерінде байқалады.Етеккір циклының қалыпты жағдайында 3-ші және 4-ші типтер байқалады/ циклдың сатысына сәйкес/. Цитологиялық суреттемеге сандық баға беруге болады, мұнда пикнотикалық ядросы бар үстіңгі клетканың үстіңгі клеткалардың жалпы саңына % -тік қатынасы анықталынады.Кпи-кариопикнитикалық индекс.
Қарашық белгісі немесе феномені
Циклдың фолликулин сатысында мойынша бездері шырышты секрет бөліп шығарады, оның анағұрлым көп мөлшері циклдың ортасына қарай жиналады. Мойынша каналының сыртқы тесігі бұл секретпен кеңейіп, көз қарашығын еске түсіреді, оны айнамен қарау арқылы көруге болады.
Бұл симптом циклдың 10-шы күнінен 17-ші күніне дейін байқалады,анағұрлым жақсы жетілуі циклдың 14-15-ші күндері байқалады.Эстрогенді жетіспеушілікте қарашық симптомы әлсіз не жоқ болады, ал эстрогеннің көп мөлшерінде бұл симптом көпке дейін сақталады.
Мойынша шырышының арборизациясы /папоротник симптомы/. Мойынша шырышын зат шынысына жағып, оны ауада құрғатқанда, папоротниктің жапырағы тәріздес кристалдар түзеді.Папоротник симптомы қарашық симптомына параллель байқалады /шырыштың 2-3 тамшысын пинцет арқылы алып, оны зат шынысына жағады, ауада 10-15 мин құрғатады,изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісінен бір тамшы тамызып, микроскоппен қарайды/ .
Ректальды-көтеншектің /базальды/ температурасын көтеншекте таңертең ұйқыдан тұрған соң, тыныштық қалыпта өлшейді. Қалыпты жағдайдағы циклде, цикл көлемінде температура өзгеріп отырады: фолликулин сатысында температура 36,2-36,7 градус С, лютеин сатысында ол 0,4-0,5 градус С-ге дейін көтеріледі, ал етеккір басталысымен қайта төмендейді.
Әдетте екі сатылы температуралы қисық овуляцияны /овуляторлы немесе екі сатылы, етеккір циклы/ білдіреді. Овуляция жоқ болса, температуралы қисық монотонды-бір қалыпты, бір сатылы /ановуляторлы, немесе бір сатылы, етеккір циклі/ болады. Овуляция және лютеин сатысының барлығын эндметрийдің гистологиялық тексеруі, атап айтсақ оның секретті айналым дәлелдейді. Қырындыны етеккір циклының 2-ші жартысында /циклдың 22-24-ші күндері / алады.
Эндометрийдің секретті айналымының жетіспеушілігі немесе жоқтығы сары дене қызметінің бұзылуын көрсетеді. Аналық бездің қызметін қан мен зәр құрамындағы гормон мөлшеріне қарап бағалауға болады.Бұзылу деңгейін /гипоталамус, гипофиз, аналық бездер, бүйрек үсті қабығы/, эндокрин жүйесінің зақымдану себебін анықтау үшін, әр түрлі функционалды сыңаулар /рилизинг гормонымен, ЛГ, ФСГ, ХГ, АКТГ синтетикалық прогестиндер, прогестеронды, циклды глюкокортикоидты сыңаулар/ жұргізіледі.
Ультрадыбысты тексеру
Ішкі және мүшесінің ісіктерін анықтауға, сонымен қатар ісік пен жүктілік арасындағы диагностикасын жасау мақсатында қолданылады. Әдіс түрлі тығыздықты тіндердің ультрадыбысты энергияны түрліше жұту қасиетіне негізделген.
Көршілес мүшелерді тексеру
Кейбір жағдайларда әйел жыныс мүшесінің ісігін ішектердің ісігінен, бүйректің төмен түсуінен ажырату қажеттілгі тууына байланысты, кіші жамбастың мүшелерін тксеру гинекологпен жүргізіледі. Мұнан басқа аналық бездің, жатырдың қатерлі ісіктерінде, процестің ішекке, қуыққа таралу дәрежесін анықтау қажеттілігі туады.
Кіші жамбастың мүшелерін тексеруде қуықты қатетерлеу, цистоскопия, хромоцистоскопия, тексерудің рентгенді әдістері /ирригоскопия ,экскреторлы урография/ қолданылады.
Қуықты қатетерлеу диагнеостикалық, емдік мақсаттарда жасалады/операцияға дайындіқ, зәрдің кешігуінде, қалған зәрді шығару үшін және т.б./.
Қуықты босату кейде киста немесе аналық бездің ісіктерін анықтауда қателік жіберуден сақтайды.
Цистоскопия вен көк қан тамырына индигокармин затын жібереді, сонан кейін цистоскоппен несеп жолдарының тармағын қарауға негізделген. Бүйректің қалыпты қызметінде индигокарминді еккеннен кейін 4-5 минуттан соң, индигокармин удемелі /интенсивті / ағыспен құйылады. Индигокарминнің бөлінбеуі несеп жолының өткізбейтіндігін /тастың болуы, ісікпен қысылуы/ білдіреді.
Экскреторлы уррография /венаның ішіне рентгенді контрасты қатты жіберу / бүйрек түбегінің, несеп жолының және қуықтың рентгенді түсірімін көруге және бүйректің төмен түсуі мен аналық бездің ісігін айыруға мүмкіндік береді.Ректороманоскопия тік, сигма тәрізді ішектердің шырышты қабаттарынан жағдайын, ішектің осы бөліктеріндегі яны анықтауға мүмкіндік береді және көрсетулер бойынша биопсия жасалады.
Иррагоскопия тоқ ішекті тексеру
Науқасты комплексті тексеру гинекологиялық аурудың диагнозын, сонымен қатар ілеспелі ауруларын қоюға және емнің жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.
Қынаптың қабыну аурулары себептері мен клиникалық суреттемесі.
Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.
Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауы және оның түрлері.