Етеккір қызметі-бұл әйел организмінде, әсіресе жыныс жүйесінде жақсы жетілген, сатылай қайталанып тұратын циклді функциональдық өзгерістер жиынтығы, сырттай етеккір келуімен аяқталады.Етеккір циклі бір етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккірдің бірінші күніне дейінгі аралық болып есептелінеді, оның ұзақтығы көпшілік әйелдерде 28 күндік, сирек жағдайда 21 немесе 30-35 күндік болады.
Алғашқы етеккір әдетте 13 жас аралығында келеді. Етеккір қызметін реттеу гипоталамо-гипофизарлық жүйемен іске асырылады, гипоталамус және гипофиз структурасындағы циклді өзгерістер әйелдің репродуктивті қызметін қамтамасыз ететін барлық процестерін реттейді.Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қызметі орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктерімен реттеледі.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде /аденогипофизде/ аналық бещдің қызметін күшейтетін гонадотропты гормонның синтезі және оның қанға бөлінуі өтеді.Ол гипоталамус ядросымен бөлінетін, оны шешетін фактор /рилизинг-факторлар/ немесе либериндер деп аталатын нейрогормондардың әсерімен өтеді.Гипофиз 3 гонадотропты гормондар:фолликул жетілуін күшейтетін гормондар /ФСГ/, лютеинді /ЛГ/ және лютеотропты/ЛТГ/ немесе пролактин бөліп шығарады.
Гонадотропты гормонның түзілуі /гипофизбен/ етеккір циклінің сатысына сәйкес циклді өзгеріп отырады.Етеккір циклінің 1-ші жартысында ФСГ түзілуі күшейеді, ол циклдің 7-9-шы күндерінде жоғарғы дәрежесіне жетеді. Онан кейінгі күндері оның түзілуі төмендейді, ал ЛГ бөлінуі жоғарылайды, ол циклдің ортасында жоғарғы деңгейіне жетеді.
Гонадотропты гормондар түзілуінің біртіндеп күшеюіне байланысты аналық безде циклді өзгерістер өтеді:фолликулдың жетілуі /аналық без циклінің фолликулинді сатысы/, овуляция /фолликулдың жарылуы-аналық клетканың бөлінуі/, сары дененің дамуы-лютеин сатысы. Аналық бездегі циклді өзгерістер фолликул ішіндегі аналық клетканың өсуіне арналған.
Фолликулин сатысы эстроген гормонының түзілуімен өтеді, ол жыныс мүшесіне және бүкіл әйел организміне күрделі әсер етеді. Бұл саты 14 күнге созылады және циклдің 13-15-ші күндерінде овуляциямен немесе фолликулдың жарылып, онан ұрықтануға дайын жетілген аналық клетканың шығуымен аяқталады.
Аналық клетка іш қуысына түседі, сосын жатыр түтікшесіне өтеді. Етеккір циклінің бұл күндері ұрықтануға ең қолайлы күндер болып есептелінеді. Фолликулин сатысы ФСГ әсерімен, овуляция-ФСГ және ЛГ-ның бірігіп әсер етуімен өтеді.
Жарылған фолликул орнында сары ден пайда болады,ол прогестерон гормонын бөледі/лютеин сатысы/.Сары дененің дамуына ЛГ,ал оның прогестерон бөлуіне пролактин әсер етеді.Сары дене 14 күндей қызмет етеді. Етеккір басталуынан 1-2 күн бұрын оның күші әлсірейді және оның кері дамуы басталады.
Осы кезден бастап аналық безде жаңа фолликул дамуы басталады.Аналық цикл сатыларының дұрыс кезектесіп келуін көтеншек қызуының тербелісіне қарай анықтауға болады,фолликулин сатысында 0,4-0,6 градусқа көтеріледі, етеккір келуіне 1-2 күн қалғанда қайта төмендейді. Цикл ортасында жоғары көтерілмейтін бір қалыпты қисықтан айырмашылығы, бұл қызулық қисығы екі сатылы деп аталады.
Егер аналық клетка ұрықтанса, сары дене жүктіліктің алғашқы айларының көлемінде өсуін жалғастырады /бұл жүктіліктің сары денесі. Гипоталамус-гипофиз жүйесі және аналық бездегі циклді өзгерістер организмнің басқа жүйе қызметтеріне, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді.Бүкіл организмдегі бұл циклді өзгерістер етеккір алдыңдағы жоғарғы тітіркенумен, шаршаумен, ұйқышылдықпен сипатталады.
Етеккір циклі кезінде қан айналымында, зат алмасу, терморегуляция процестерінде толқын тәрізді өзгерістер өтеді. Дегенмен қалыпты жағдайдағы етеккір цикліндегі бұл өзгерістер физиологиялық тербелістер шегінде өтеді және әйелдің еңбекке бейімділігін төмендетпейді.Аналық без гормондарының әсерінен жатырда циклді өзгерістер өтеді, бұл өзгерістер оның шырышты қабатында жақсы жетілген. Жатыр циклі-десквамация, регенерация, пролиферация және секреция сатыларынан тұрады.
Десквамация сатысы етеккір келуімен сәйкес келеді /гормонның төмен түсуі әсерінен/.Эндометрийдің регенерациясы/қалпына келуі/ десквамация сатысында-ақ басталады және етеккір басталысымен 5-6 күнде аяқталады. Қалпына келу сатысы эндометрийдің базальды қабаты арқылы жүзеге асады, ол қабат жұлынбайды.Пролиферация сатысы эндометрийдің функциональды қабатының өсіп және толық қалпына келуімен сипатталады.
Ол циклдің 14-ші күніне дейін жүреді, сонымен қатар эстроген гормонының әсерімен жүреді.Секреция сатысы шырышты қабаттың жаңаруымен өтеді.Эндометрий бездері секрет бөле бастайды, эндометрий клеткасының стромасында және т.б. заттар жиналады. Бұл өзгерістер жатыр шырышты қабатын ұрықтанған аналық клетканы қабылдауға дайындайды.Секреция сатысы 14 күнге созылады және прогестерон гормонының көмегімен өтеді.
Егер жүктілік пайда болмаса сары дене өледі, десквамация өтеді, келесі етеккір басталады.Аздаған циклді өзгерістер мойнында және қынапта байқалады.Жатыр мойнында цикл ортасына жақын шырыш /жалқақ/ жиналады, ол жатыр және түтікше ішіне сперматазоидтардың енуіне қолайлы жағдай жасайды, ал қынап қабырғасында эстроген гормонының әсерімен көп қабатты эпителийдің пролиферациясы, оның мүйізденуі және десквамациясы өтеді.
Аналық без қызметінің біртіндеп қшуі және етеккір қызметінің өзгеруі репродуктивтікезеңнен менопауза алдындағы кезеңге өтуінде байқалады,ол45-47 жас аралығында басталады.Етеккірдің келуі бұл жағдайда реттелмеге, ал 2-3 жылдан кейін тоқтайды.Етеккірдің тоқтауын менопауза деп атайды, ал онан кейінгі кезең-постменопауза менопаузадан кейінгі кезең деп аталады. Етеккір циклінің бұзылуын бүкіл организм ауруының нәтижесі деп бағалау керек,өйткені олар әр түрлі жеке және психикалық аурулардың ақыры болуы мүмкін.
Етеккір қызметінің бұзылуы өз алдына басқа ағзалар /мүшелер/ мен жүйелер жағдайын бұзуы мүмкін.Етеккір циклі бұзылуының этиологиялық факторлары жүйке және психикалық аурулар, тамақтанудың бұзылуы кейбір мамандықтар зияны, жалпы және гинекологиялық аурулар ,қан жасау, жүрек-тамырлар және басқа жүйелер аурулары, гинекологиялық операциялар, несеп-жыныс жаланкөздер /свищи/,жыныстық жетілу процесінің бұзылуы, жас шамасына сәйкес гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі, климакс кезеңіндегі өзгерістер болып табылады.
Осы аталған себептер нейроэнокринді реттеу жүйесінің кез келген бөлігінде немесе жатырдың өзінде өзгерістер туғызуы мүмкін.Етеккір циклінің бұзылу патогенезінде әдетте реттеу механизмінің бұзылуы басты орынды алады.Төмендегідей бұзылу топтары болады:қабықты-гипоталамикалық, гипоталамус-гипофизарлы, гипофизарлы, аналық безді, жатырлы, етеккір циклінің қалұанша, бүйрек үсті бездерінің ауруларында бұзылуы және гентикалық бұзылулар тобы. Етеккір циклі бұзылуларының клиникалық түрі реттеу жүйесінің зақымдану деңгейіне байланысты.
Етеккір қызметінің бұзылуы клиникалық белгілеріне сай төмендегідей топтарға бөлінеді:
1.Аменорея-етеккірдің 6ай және онан көпке келмей қалуы.
2.Циклді өзгерістер, онда етеккірдің төмендегідей өзгерісі байқалады.а) етеккір кезінде бөлінетін қан мөлшерінің өзгеруі:ұлғаюы-гиперменория, азаюы-гипоменорея.
б) етеккір ұзақтығының өзгеруі: ұзаққа созылған етккір-полименорея,етеккірдің қысқаруы –олигоменорея.
в)етеккір ритмінің өзгеруі: жиі келетін етеккір немесе етеккірдің жиіленуі-иройменорея, етеккірдің сирек келуі-опсоменорея.
Етеккірдің аз, сирек, қысқа келуі сияқты циклді бұзылулар гипоменструальды синдром болып есептелінеді.Етеккірдің ұзаруын және ұлғаюын меноррагия деп атайды.
3.Ановуляторлы /бір сатылы/қан кету. Оған ановуляторлы және дисфункциональды /циклды не циклсіз/ қан кету жатады.Циклды не циклсіз жатырдан қан кету /метроррагия/ ісік, қабыну және басқа жыныс мүшесі ауруларының белгісі болуы мүмкін.
4.Ауырып келетін етеккір /альгодисменорея/.
Гипоменструальды синдром және аменорея дегеніміз не.
Дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторрлық қабыну.
Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.
Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.
Саламатсызба
42жастамын менде етеккір келуі өзгеріп кетті августь айына дейін қалыпты болды .Сентябрь айында келмеді .
Енді октябрьдің 1-інде келген 15-ші күн әлі тоқтамады не істесем болады
жас қыздар кәзірден бастап өздерін жақсылап күтіп ұсап керек
Рахмет?Түсінікті жазылған?
Көбіне жас қыздар аяғын жылы ұстамай,суық өткізіп алады.Бұл өте нашар.Цистит болып ауырса жанның бейнеті.