Науқаста неше жүктіліктің болғандығын, оның қалай өткеңдігін және немен аяқталғанын біледі. Жыныстық өмір басталысымен неше жылдан кейін алғашқы жүктіліктің пайда болғанын біледі.Егер жыныстық өмір басталысымен 2 жыл көлемінде жүктілік пайда болмаса, оны алғаш –не біріншілік бедеулік деп атайды.Егер бір не бірнеше жүктіліктен кейін 2 жыл көлемінде қайта жүктілік пайда болмаса, оны екіншілік бедеулік деп атайды, көбіне ол аборттан, сонымен қатар асқынған босанудан кейінгі әйел жыныс мүшесінің қабыну процестерінен кейін пайда болады.
Босану процесінің өтуін, оперативті шаралар болғандығын, туылғандағы бала денесінің салмағын, жатыр мойыны мен шат аралық жер жарақатының барлығын, босанудан кейінгі кезеңнің өтуін, сүт болу кезеңінің /лактация/ ұзақтығын білудің артықшылығы жоқ. Егер жүктілік абортпен аяқталса, онда оның өздігінен болғандығын не өзінің қалауы бойынша жасатқанын, жүктіліктің қай мерзімінде болғандығын , аборттан кейінгі кезеңнің қалай өткендігін, дене қызуының көтерілгендігін, қан кеткендігін, қайта тазаланғандығын білудің маңызы зор.
Сонымен қатар науқастың жүктілікті соңына дейін сақтай алмауға шағымдануы мүмкін. Жүктіліктің сирек пайда болуы, оның өздігінен түсіп қалуы гормондық жетіспеушіліктің айғағы. Босану процесінің қолайсыз өтуі, босанудан, аборттан кейінгі асқынулар қабыну ауруларына, бедеулікке, жатырдан тыс жүктілікке әкеліп соқтырады.Босану процесі кезіңдегі қан кетудің ақыры етеккір қызметінің бұзылуы /Шихен синдромы/ болып табылады.
Көршілес мүшелердің қызметтері
Әйелдің жыныс мүшелері үрпі, қуық, несеп жолдарымен, соқыр сигма тәрізді ішектермен және көтеншекпен, құрт тәрізді өсіндімен анатомиялық жағынан тығыз байланысты. Олардың жалпы интервациясы, қанмен қамту кезі бар. Сондықтан гинекологиялық ауруларда көршілес мүшелердегі патологиялық процестердің байқалуы мүмкін және керісінше гинекологиялық ауруларда /миомада/ зәр шығару және ішектер қызметінде өзгерістер байқалуы мүмкін.
Осыған байланысты көрші мүшелер қызметінің бұзылуына сәйкес науқас шығымын анықтай қажет. Зәр шығару жүйесінің жағдайын анықтау үшін зәр шығарудың жиілігін, оның ауыратындығын білу керек. Жатырдың және қынап қабырғаларының дұрыс орналаспауында, әсіресе ісіктің жатыр мойнының тұсында немесе жатыр денесінің мойынша бөлігінде орналасуында кіші дәретке шығу жиіленеді. Кіші дәретте ұстамау несеп-жыныс жылан көзінде байқалады.
Жатырдың толық түсуінде үрпінің қысылуы немесе оның жатыр мойыны не жатыр денесінің мойынша бөлігіндегі ісікпен қысылуы нәтижесінде кіші дәретке шығу жедел түрдегі кіші дәреттің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады.Кіші дәретті жартылай ұстамау жатыр мен қынап қабырғаларының едәуір төмен түсуінде байқалады. Кейде кіші дәретті ұстамау және кіші дәретке шығудың қиындауы бірігіп кездесуі мүмкін.Кіші дәрет кішкене мөлшерде бөлінеді және қуық толық босамайды.Бұл жағдай жатырың дұрыс орналаспауында байқалады.
Гинекологиялық аурулардың кейбір түрлерінде /қабыну процестері, әсіресе жедел және жасбас пердесіне тарайтын түрлерінде , жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің сөз ауруында, бұл жағдайда цистит, уретриттін бір мезгілде дамуы мүмкін кіші дәретке шығу удай ашытып ауруы мүмкін. Кіші дәретке ауырып шығудың себебі: жатырдың қатерлі процестерінің зәр шығару мүшелеріне тарауы болып табылады. Бұл жағдайда несеп жолдарының қатерлі инфильтраспен қысылуы және зәр өтуінің қиындауы немесе толық тоқтауы байқалады.
Ол бел маңайының өткір ауруымен сипатталады. Гинекологиялық ауруларда ішек қызметінің бұзылуы байқалады. Оның жағдайын анықтау үшін үлкен дәреттің сипатын білу керек / іштің қатуы, іштің кетуі, нәжістің рені, оған қанның не шырыштың араласуы, үлкен отыру ауыру белгісін туғызса /.Жыныс мүшесінің ісіктерімен ішектің төменгі бөліктерінің қысылуында, науқастың іш қатуына шағымдануы мүмкін.
Ісіктің ішек ішіне өсіп кетуінде- нәжісте қан көрінеді.Жатырдың артқа қарай қайырылуында, қынаптың артқы қабырғаларының едәуір төмен түсуінде және жамбас түбінің бұлшық еттерінің әлсіздігінде іштің қатуы байқалады. Іштің кетуі жатыр қосалқысы қабынуының жедел кезеңінде, әсіресе процестің іш пердесіне таралуында байқалады. Газ бен нәжістің ұсталмауы шат аралық жердің 3-ші дәрежелі жарақатыңдағы ректоперитональды және ректовагинальды /көтеншек-қынапты/ жыланкөзде байқалады. Қуық пен ішек қызметтерінің бұзылулары бұл мүшелердің өзіндік ауруларына да тән нәрсе.Мұны анықтау үшін қосымша тексеру әдістері қолданылады.
Гинекологиялық аурулары
Анамнез жинау барысында бұрын ауырған гинекологиялық ауруларын анықтау керек, өйткені осы ауру бұрынғы болған патологиялық процесінің қозуы болуы мүмкін. Бұрын ауырған гинекологиялық ауруы көрсетілсе, науқастан оның бұрын қалай өткенін, жасалған емін және нәтижесін қосымша сұрау қажет.
Гинекологиялық ауруының анамнезі
Осы аурудың анамнезін жинау барысында оның басталу уақытын, пайда болу себептерін толық анықтау керек. Салқын тию етеккірдің келуі, жақын арада болған аборт /түсік/ не босану процестері жедел қабыну процестерінің дамуына не созылмалы түрінің қозуына ықпал етеді, өткір қимылдар, ауыр нәрселерді көтеру аналық без кистасының аяғына оралуына, кистаның жарылуына әкеліп соқтырады.
Аурудың қалай дамығандығын, қандай анықтау әдістері қолданылғандығын және емін, оның нәтижесін анықтау қажет. Дұрыс жиналған анамнез ауру жөнінде толық мәлімет береді және алдын-ала диагноз қоюға мүмкіндік береді. Соңғы немесе ақырғы диагноз науқастың обьективті тексеруінен және алынған нәтижелер далқылауынан кейін қойылады.
Обьективтік тексеру әдістері: Анамнезді жинап болғаннан кейін науқасты обьективтік тексеруге кіріседі. Әйел организмінің барлық мүшелері мен жүйелерінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алу үшін жалпы обьективтік тексеру жүргізіледі.
Жалпы обьективтик тексеру
Обьективтік тексеруді жалпы қараудан бастайды. Бұл жағдайда терісі мен шырышты қабатының реңіне /бозарған, көгерген, сарғайған, секпілденген/, ісіктің барлығына, жалпы сыртқы түрінің науқас жасына сәйкестілігіне, амалсыз қалыптағы жағдайына, шектен тыс не мардымсыз түктенуіне, бойының ұзындығы мен денесінің салмағына, дене бітіміне сай ерекшелігіне, семіздігіне не жүдеулігіне, дене бітіміне көңіл бөлінеді.
Дене жабындысының бозаруы қан кететін ауруларға /миома, түтікті жүктілік / тән.Жүдеулік пен беттің жер тәрізді реңі қатерлі ісіктерге тән. Шектен тыс түктену, семізділік,эндокрин текті етеккір қызметінің бұзылуында байқалады. Терідегі патологиялық қызылдар мен қан ұйықтарына көңіл аудару қажет. Бойының ұзыңдығы мен дене бітімі науқастың дене құрылысына сипаттама береді.
Гинекологиялық науқастарды инфантильды /дұрыс жетілмеу/ интерсексуальды және астениялық типтерге бөлу қажет, ол жыныстық даму мен жыныстық жіктелудің бұзылуына байланысты. Инфантильды тип онша биік емес, не керісінше өте биік бойлы, емшек бездері мен сыртқы жыныс мүшелері толық жетілмеген, тар жамбасты, түктенуі әлсіз болып келеді. Инфантилизмде барлық жынас жүйесінің толық жетілмеуі байқалады, онымен етеккір және бала туу қызметтерінің бұзылуы байланысты болады.
Астениялық тип-бойының биіктігімен, көкірек клеткасының тарлығымен, бұлшық ет тонусының төмендеуімен, дәнекер тінді жүйенің, атап айтқанда сіңірілер аппаратының әлсіздігімен сипатталады.
Интерсексуальды тип- жыныстық жіктелудің жеткіліксіздігінде дамиды.Ол дене бітімінің қуаттылығымен, ер адамның дене бітімін еске түсіреді, шектен тыс ерлер типті түктенумен және жыныс мүшелерінің толық жетілмеуімен сипатталады, ол бедеулікке және етеккір қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Емшек безін тексеру /қарау, сипау/ ондағы патологиялық процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тексеру міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Дені сау әйелдердің бәрі профилактикалық алдын-алу қарауында осы тексеруден өткізіледі.Емшек ұшынан бөлінетін бөліндінің барлығын, оның сипатын білу керек, бұл бөлігінің алдыңғы жүктілікпен, етеккір циклының бұзылуымен байланыстылығын анықтау керек.
Емшек ұшынан бөлінген қан аралас сұйық бөліндіні емшек безіңдегі ісікті процеске күмән келтіреді.Мұндай науқас қосымша тексеруді талап етеді. Сонымен қатар тексеруге мүмкін лимфа түйіндерінің /шап арасындағы, қолтық астындағы/ маңайын қарап тексереді.Оның үлкеюі кейде әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісіктерінің метастаз беруімен және емшек бездерінің де ісіктеріне байланысты болады.
Тыныс алу, қан айналу, ас қорыту және зәр шығару жүйелерін қарау, тыңдау /аускультация/, сипау /пальпация/, перкуссия жасау арқылы тексереді. Жалпы аурулардың табылуы гинекологиялық аурулары тәнін білуге көмектеседі.Мысалы, өкпе туберкулезінде немесе оның басқа жерде орналасуында жатыр қосалқысының туберкулезінде күмән келтіруге болады. Тамыр соғысы жиілігінің, күшінің өзгеруі қан қысымының төмендеуі жедел түрдегі қан кету, шокпен /есінен таңып қалу/ өтетін гинекологиялық ауруларға тән.
Іш қуысындағы мүшелерді тексеру гинекологиялық ауруларды анықтауға көмектеседі. Тілдің құрғап, ағаруы жатыр қосалқысының қабыну процестеріне тән уланудың белгілері болып табылады. Ішті қарау барысында операциядан кейінгі тыртықтардың барлығына, іштің көлемі мен пішініне, оның тыныс алу процесіне қатысуына көңіл бөлінеді. Іштің үлкеюі семіздік, метеоризм /іш пердесінің қабынуы, түтікті жүктіліктің бұзылуы/, асцит /іштің суға толуы/ нәтижесінде болуы мүмкін.
Асцит кезінде іш жайылып кетеді /құрбақаның іші/,ал ісіктерге оның пішіні овои, шар тәрізді не ісіктің пішініне сәйкес дұрыс емес пішінді болады.Ішті бет жағынан сипалау арқылы іш қабырғасының бұлшық еттерінің ұлғаюы/жатыр қосалқысының қабынуында/, бір орындағы не жайылған ауру /жатыр қосалқысының қабынуында, кистаның аяғына оралуыңда, түтікті жүктілікте / анықталынады.Щеткин-Блюмбергтің «оң» белгісі, жатыр қосалқысы қабынуының іш пердесіне таралуына тән, сонымен қатар бұзылған түтікті жүктілікте қанның іш қуысына құйылуында байқалады.
Ішті терең сипалау барысында ісіктің не инфильтраттың барлығы, оның орналасуы, көлемі, тығыздығы, ауыратындығы және қозғалғыштығы анықталынады. Инфильтраттың /қабыну, қатерлі ісікті/ шекарасы анық болмайды, аз қозғалады. Қатерсіз ісіктер мен кисталар анық айқындалады,қозғалғыш келеді. Ісіктің қай жерден шығатыңдығынің білудің маңызы зор. Егер ол кіші жамбастың мүшелерінен дамыса, оның төменгі полюсі кіші жамбаста жатады және сипалап анықтауға мүмкіндік жоқ, ал ісіктің бос жатқан ойығы жоғарғыға қарайды.
Іштің жоғарғы бөлігінен шығатын ісіктерде төменгі полюсі қасағадан жоғары орналасады, ойығы төмен қарайды.Ісіктің бет жағы тегіс /аналық бездің бір камералы ісігі, миоманың жекеленген түйіні немесе кедір-бұдырлы/ қатерлі ісік, көпшілікті миома/ болады.Ішке перкуссия жасағанда метеоризм /жоғарғы тимпанит / барлығы, іш қуысындағы сұйықтық, оның бостау жерінде дыбыстың бәсеңдеуі, дененің қалпын өзгерткенде оның шекарасының ығысуы арқылы анықталынады, ісік не инфильтрат табылса, оның шекарасын перкуторлы анықтайды. Ісікте немесе жамбас шел қабатының қабынуында пальпация және перкуссия шекаралары дәл келуі қажет, ал іш қуысындағы қабыну инфильтратында пальпацияның шекарасы пекуссиядан кеңдеу болады.
Іш аускультациясының гинекологиялық аурулар диагностикасында, әсіресе, /әсәк пен жүктілік/ бала жүрегінің соғысы тыңдалады /арасындағы жіктеу /айырма/диагностикасын өткізуде маңызы зор. Пельвиоперитонит, перитонит, операциядан кейінгі ішектің түйілуінде /парез/ ішектің қимылы әлсірейді немесе жоқ болады. Ішектің оралуында ішек қимылының /перистальтикасы/ күшеюі мүмкін.
Жүйке жүйісін тексеру науқастың барабарлық жағдайын /адекватность/, оның уақытын және кеңістіктегі /ориентировка/ бағдарын анықтаумен шектеледі.Өте жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, көп жағдайда , әсіресе, созылмалы өтетін гинекологиялық ауруларға тән.Керек жағдайда невропатолог маманының консультациясы жүргізіледі. Ол арнайы неврологиялық тексерулерден тұрады.
Әрбір анықталынған белгі қалған белгілер жиынтығында бағалануы тиіс. Жалпы обьективтік тексеруден кейін науқасқа оның жалпы жағдайы жөнінде қорытынды жасалады. Қосалқы ауруларының /сопутствующие/ диагнозы қойылады және алдын-ала қойылатын гинекологиялық диагнозы анықталынады.
Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.
Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.
Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.
Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.
Әйелдердегі инфекция жайында мәліметтер жоқ екен,