Әйел жыныс мүшесінің туберкулезі

Туберкулез-созылмалы өтетін туберкулез микробактериясымен шақырылатын жұқпалы ауру. Жыныс мүшесінің туберкулезі 20-40 жас аралығында жиі кездеседі. Даму механизмі бойынша жиі екіншілік дамиды.

Алғашқы ошақтан гематогеңді жолмен тарайды, сирек жағдайда лимфогенді, мысалы ішектің туберкулезді зақымдануында мезентериальды лимфа түйіндері арқылы тарайды.

Дегенмен әйел жыныс мүшесінің туберкулезі балалық шақта да кездесуі мүмкін. Туберкулезбен әйел жыныс мүшесінің ішінде көп зақымданатыны жатыр түтікшесі /85-100% /, сирек жағдайда жатыр /24% /, аналық бездер /5-8% /,жатыр мойны-/0,8% / және өте сирек жағдайда қынап пен сыртқы жыныс мүшелері зақымданады.

Клиникалық суреттемесі.Әйел жыныс мүшесі туберкулезінің клиникасы әр түрлігімен ерекшелінеді: аз симптомда созылмалы түрде өтетін клиникалық түрі, іш пердесі зақымданған жедел үсті түрі, жамбас немесе жайылған перитонитпен зақымдан ауыр жедел түрі, аяқталған процестер орнында ізбестелген ошақтар анықталынады.

Жатыр түтікшесінің туберкулезі екі жақты болады. Басында туберкулезді төмпешіктер шырышты қабатта пайда болады, қолайсыз жағдайда түтікше қабырғасының бұлшық ет қабаты да зақымдануы мүмкін.Түтікше жабылғанда туберкулезді ошақтың /казеозды/ ірімтік тәрізді ыдырауы басталады.

Түтікше қабырғалары қалыңдайды, түтікше реторт тәрізді пішінге ие болады. Жатыр туберкулезінде әдетте, оның эндометрий қабаты зақымданады, егер функциональды қабаты зақымданса, ол түсіп қалады, процестің өздігінен жазылуы мүмкін.Жатыр мойнының туберкулезінде онда дұрыс емес пішінді, шеті оның анық ойылған жара пайда болады.

Жедел процесс сирек кездеседі, ауыру белгілері жиі болмайды.Науқас тамақтануының нашарлығына, жалпы әлсіздікке, терлеуге, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады.Туберкулезді процестің қозуында дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі.Осы аталған белгілерден басқа, жыныс мүшесінің туберкулезінде туберкулез процесіне тән емес ауру, бедеулік және етеккір қызметінің бұзылуы сияқты белгілер пайда болады.

Ауыру белгісі айқындалмаған, іштің төменгі жағында орналасады, етеккірдің, жыныс қатынасы, дефекация /үлкен дәретке отыру/ кезінде күшейе түседі. Бедеулік біріншілік, кейде бірінші босанудан немесе түсіктен кейін дамуы мүмкін. Ол жатыр түтікшесіне өткізбеуіне байланысты дамиды.

Етеккір қызметінің бұзылуы аменорея, гопи -олигоменорея немесе гиперполименорея, кейде метроррагия күйінде өтеді.Көрсетілген бұзылулар әйел жыныс мүшесіндегі жергілікті өзгерістер мен туберкулезді уланудың ақыры іспеттес, сондықтан бұл сияқты өзгерістер басқа орналасудағы туберкулезге де тән болуы мүмкін /мысалы, өкпе, сүйек туберкулездері/.

Сирек жағдайда науқасты сұйық бөлінді мазалайды. Туберкулезді инфекцияға ұзаққа созылған, бірнеше рет қайталанатын қозу тән, ол қолайсыз факторлердің /физикалық қиналыстар, тұмау, баспа, жатыр ішіне жасалатын емдік және диагностикалық әрекеттер/ әсерінен болады.

Кейде аурудың қозуы жыныстық өмір, физиотерапиялық ем басталуларымен тығыз  байланысты болады. Жыныс мүшесінің туберкулезі бастапқы кезеңінде жасырып өтуі мүмкін.

Туберкулез процесінің өтуі организмнің жалпы жағдайына, қоршаған ортаның жағдайына, аурудың түріне, процестің таралу деңгейіне байланысты. Дұрыс тамақтану мен қолайлы тұрмыс жағдайында процесс жәйләп  шешіледі, жазылу басталады.

Анықтау. Жыныс мүшесінің туберкулезін анықтау қиындау. Анамнез мәліметтеріне, жалпы және гинекологиялық тексерулер нәтижесіне, сонымен қатар қосымша зерттеу әдістеріне сүйенеді.

Анамнезінде жан ұясында туберкулез барлығын көрсетудің маңызы зор, туберкулезді аурумен қарым-қатынасын, басқа жердің туберкулезімен /атап айтсақ іш пердесінің туберкулезі/, сонымен қатар плеврит, пневмониямен жиі ауру және лимфа түйіндерінің зақымдануы сияқты аурулардың барлығына көңіл бөлінуі қажет.

Науқастың туберкулезге қарсы диспансерде тіркеуде тұратындығын анықтау қажет. Жалпы обьективтік тексеру барысында өкпе, тыныс алу жолдарының, сүйек және лимфа жүйелерінің жағдайына ерекше көңіл аудару керек. Ішті тексеру барысында оның көлемін анықтайды.

Сипалау кезінде іш қабырғасының сезімталдығы мен қатаюы білінеді, бос сұйықтықтың бар не жоқтығы байқалады, іш қуысында ісіктің барлығы не жоқтығы анықталынады. Гинекологиялық тексеру барысында жатыр мойнының жара тәрізді зақымдануын анықтауға болады.

Бұл жағдайда зақымдану тәнін анықтау үшін кольпоскопия және биопсия жасалады. Эндометрий туберкулезінде көзге көрінетін ешбір анатомиялық өзгерістердің болмауы мүмкін. Жатыр түтікшесі мен аналық бездер туберкулезінде жатыр бүйірінде қозғалмайтын тығыздалып қатайған ісікті кангломератты табуға болады.

Бұл жағдайда жақсы жетілген анатомиялық өзгерістері мен аз жетілген клиникалық белгілерінің сәйкес еместігіне көңіл бөлу қажет. Көтеншек /ректальды/ арқылы тексеру барысында артқы күмбез аймағында көптеген, қатайған, әр түрлі көлемдегі түйіндерді сипалап табуға болады.

Жатыр қосалқысының туберкулезін оның қатерлі ісігінен айыруға тура келеді.Анамнез жөніндегі мәліметтер, науқастың жасы, аурудың клиниклық өтуі асциттің жоқтығы дифференциальдық анықтауды жеңілдетеді.Егер жыныс қатынасында болмаған және апендицитпен ауырмаған жатыр туберкулезіне күмәндану керек.

Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігіне тән қабыну белгілері болмаған жағдайдағы жас әйелдің жатыр қосалқысындағы көп анатомилық өзгерістер осы ауруға күмән келтіреді.Бірақ жыныс мүшесінің туберкулезі деген диагнозды қоюға қосымша әдістерге тексеруден кейін мүмкіндік болады.

Гистеросальпингографияда эндометрий және жатыр түтікшелерінің туберкулезіне тән ренгенологиялық белгілер анықталынады.Гистологиялық тексерулер жатыр мойнына биопсия, эндометрийге диагностикалық қыру жасағанда жүргізіледі. Цитологиялық зерттеулер жатыр ішінен алынған аспиратта гигантты Лангханс клеткаларын табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, туберкулинді сыңауы /Пирке, Манту/ жүргізіледі, сол арқылы организмге туберкулез инфекциясының енгендігі анықталынады.Бактериоскопиялық және бактериологиялық жолдармен туберкулез қоздырғышын анықтау үшін, жатыр мойнының секретін, іш қуысының пунктатын, етеккір қанын зерттейді.

Жұғындыны тура бактериоскопиядан өткізумен қатар, тексеруге алынған материалмен теңіз шошқаларын жұқтырады, соның нәтижесін зерттейді. Әйел жыныс мүшесінің туберкулезінен аналық бездің, жатыр түтікшелерінің ісіктерін бір-бірінен ажырату үшін лапароскопия қолданылады.

Емі. Емі комплексті болуы керек:

1) гигиеналық режим, диета, күшейтілген тамақ, витаминдер.

2) химиялық ем,

3) климаттық ем,

4) керек жағдайда оперативті шара,

5) симптомды ем жинағынан тұрады.

Емдеу емханада жүргізіледі. Төсекті режим науқастың жағдайына қарай анықталынады.Тамақ күшейтілген және әр түрлі болуы керек, бағалы, тәуліктік энергиясы 3000-4000 ккал болуы керек.

Витаминдер комплексі А, В1, Р, С,Д беріледі.Туберкулездің химиялық емі арнайы антибактериальды препараттардан /тубазид, фтивазид, Паск/ тұрады, оны 2 жыл көлемінде қолданылады.

Консервативтік ем тиімсіз, ұзаққа созылса /4-6 ай/, сонымен қатар жатыр қосалқысының ісігін теріске шығару мүмкіндігі болмаса, хирургиялық шара жасалады.

Туберкулез диагнозы гистологиялық жолмен анықталынса, операциядан кейін арнайы туберкулезге қарсы емді онан әрі, 2 ай көлемінде жалғастырады. Климаттық ем арнайы санаторияларда өткізіледі.Туберкулезбен ауыратын науқастар жедел, жедел үсті кезеңдерінде еңбекке жарамсыз болады.

Толық емдеу курсы аяқталғаннан кейін еңбекке жарамдылығы толық қалпына келуі мүмкін /мамандығына сәйкес/. Біздің елімізде туберкулездің алдын-алу шаралары кең түрде жасалынады.Оған балалар денсаулығын қорғау, үлкендерді инфекция жұғуынан сақтауға арналған шаралар кіреді.

Жаңа туған нәрестелерге егу жұмыстарын жаса, жас балалар мен әйелдер еңбегін қорғау, туберкулезбен ауыратын науқастың тұрмыстық жағдайын жақсарту, диспансерлеу, профилактикалық қарау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

Әйел жыныс мүшесінің мерез ауруы Клиникалық суреттемесі және емі.

Жатыр денесінің рагын анықтау және емдеу жолдары.

Қатерсіз ісіктер мен әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ