Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Мен ұстазбын


Мен ұстазбын, ұстаздық еткеніме 19 жылдан асып бара жатыр. Зымырап ағын судай ағып жатырған өмірім –ай! Еңбек өтілімді мен университетте бастадым, ол кездегі студент пен қазіргі студенттің арасы жер мен көктей. Өзім де жас болдым, сол кезде өзімнен төмен 2 жас балалар мені әпке дейтін. Ол кезде оларды мен менен кіші, інілерім сияқты көріп, талай сыбағаларын беретінмін.

Сол студенттерім талай жерде бір жерді тіреп отыр. Бұл мақаланы жазарда көп ойландым. Қалалық пен ауылдық балалардың да арасы жер мен көктей екен. Ауылдың балалары көп нәрсені түсіне бермегенмен, олардың сыйластықтары мол екен.

білім

Сабақты берместен бұрын, мен 3 жылдай басқа оқытушылардың сабақтарына кірдім. Олардан көп нәрсені үйрендім. Алғаш сабақ берген кезім. Басында жақсы болып кіргенмен, 1-2 минуттан соң қол-аяғым дірілдеп, өзімнен-өзім ұялдым. Бірақ 200 –ден студенттерді көріп бірден ес жидым. Ең алғаш кірген тобым орыс тобы еді. Лекциямды толығымен болғаннан соң, «Есть вопросы?» дегенім сол еді, сұрақтарды жаудырды. Сол кезімде өзімнен-өзім бір қанат алып, сұрақтарға мысал қосып жауап бердім.

Солардың арасынан бір студент шығып: «Вот настояший преподаватель, и это узбечка» деді. Мен күліп: «Нет, я не узбечка, а чистокровная казашка» дедім. Сол студенттермен мен төрт жыл бойына жұмыс жасадым. Ұстаздың еңбегі еленбейді екен, тек студенттерің ғана елейді екен. Солар қазір рахметін жаудырып, хабарласып, өздеріне де шақырып та жатады.

Сол кезде студенттермен жұмыс істеп отырып, көп нәрсені өзім де үйренетін едім. Еңбек ойлайсың бағаланбайды деп, бірақ ол балаларың арқылы көрінеді. Олардың жетістіктеріне қарап, сен де қуанып отырасың. Мысалға ағашқа су құйсаң ғана ол өседі ғойү Суыңды уақытылы құйып баптай алмасаң, одан жеміс те көрмейсің. Сусыз өскен жемісті тамырынан кестің бе, онда сол жеміс беруді бастап жатқан талыңыздың тұқымы желге ұшып тамырымен жойылады. Балаларды да қуаттандырып тұру керек. Олардың өзіне де жақсы бір сөзің керек.

Жас кезімізде білім берудің неше түрлі методикаларын, әдістерін қолданатынмын, қазір де кейбір жастардан ары білемін. Оларға мен үйретпесем, олардан әзірге ештеңе үйренбедім.

Ойыма бір оқиға орала кетті. Айтпасам шыдай алар емеспін.

«Іш киімің қисайып тұр ғой, не тәрбиешең қарамады ма?» деп бір кішкентай балаға әйел адам балабақшаның жанында дүрсе қойып жатыр. Сол кезде мен қатты таң қалдым. Ұсақ-түйектің бәріне тәрбиеші кінәлі ма? Іш киімін жөндеп кие алмаса, сол сөзді айтуымыз керек пе? Балабақшадан бастап мектептегі мұғалімдерге дейін ата-ана мен балалардың ығына жығып беріп отырған заңымыз ба? Рас, жоқ демеймін. Көзі көгеріп, таяқ жеп, шынашақтай баланы ұрып жатырған жағдайлар біздің қоғамда жоқ емес, бар.

Бірақ та «бір қарынды бір құмалақ шірітпеу керек». Қаншама ісіне адал, жақсы мамандар жүр. Білім саласы да оңай емес. Таныстарымнан «ой сенің апайыңды қойшы, жасама тапсырмасын, ватсаптан жазып жіберемін, немесе тапсырмасы көп, сендей адамды таппайды ол, сен өзіңнің біліміңмен алып отырсың» деген сөздерді көп естимін. Сол дұрыс па?

Сонау садиктен бастап, баланың ұстазға деген құрметін жойып жіберсеңіз, сыйластық жоқ жерден қандай жақсы білім күтесіз? Кезіндегі «ғалым да, шахтер де бас иген» ұстаздың қазіргі қоғамдағы орны осы екен. Айлығы шайлығына жетпей жүргені тіпті бөтен әңгіме.

Қазір дері ұстаз деген ұлағатты сөзді басқа  нәрсемен шатастырып алдық па? Әлде қазіргі заманның ата-аналары басқа ма? Әлде ұстаз қауымы басқа ма? Қайдам!? Бірақ әр кездері де ұстаз деген сөзді қадірлеп, қастерлеуіміз керек сияқты!

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Особенности казахского чаепития
  • Іс-әрекетті зерттеу,рефлексия
  • Жаңа форматтағы педагог
  • ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ
  • № 250 мектеп-лицейінің озат шығармашыл мұғалімдер орталығының атқарған жылдық жұмысы туралы есебі

комментария 48 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 в 15:53

    Бұл мәтінде автор өз ұстаздық жолын 19 жылдық тәжірибемен сипаттап, ұстаздық қызметке деген шынайы махаббатын білдіреді. Университетте білім алып, кейіннен өз студенттеріне білім беру жолында көптеген өзгерістерді көргенін айтып, қазіргі студенттердің өмірі мен ұғымының бұрынғыдан өзгере түскенін жазады. Студенттік шақтың өзгергені, сондай-ақ ауылдық және қалалық балалардың айырмашылықтары туралы ойлары өте терең. Қалалық және ауылдық балалардың дүниетанымы мен тәртібі арасындағы айырмашылықты атап өткен автор, ауылдық балалардың ерекшелігі ретінде олардың сыйластықтарын жоғары бағалайтынын атап өтеді.

    Ответить
  • Исмаилова Алма Ораковна 07.02.2024 в 10:35

    Ең тамаша да қиын еңбек ұстаздардың еңбегі

    Ответить
  • Зине 01.03.2022 в 09:55

    эссе жазуға болады екен мынаны оқып

    Ответить
  • Айгерим 03.02.2022 в 01:04

    Ұстаз деген ұлы тұлға.Барлық ұстаздарға бас иеміз.

    Ответить
  • Бекмолда Айгерім 19.12.2021 в 14:28

    Мақала өте жақсы жазылған.Ұстаз болу әрбір адамның арманына айналуы тиіс деп есептеймін.

    Ответить
  • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 в 01:01

    Мен де ұстазбын. Бала кездегі армандарымның бірі- дәл осы мамандық еді.Әрдайым ең алғашқы ұстазыма қарап, сабақ барысында тамсана қарап, өзімді елестететінмін.Сол бір кездер күні кеше секілді көз алдымда, санамда сайрап тұрғандай.Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтте тіпті ұстазымның жарқын жүзі мен мейірімге толы көздері жүрегімнің төрінде сайрап жатыр.Мені жетелеген арманыма қанат бітірген ұстаздарым жүз жасасын!!!!

    Ответить
  • Gulnaz 10.11.2021 в 21:40

    Мұғалім ардақты ұмытылмас,
    Өзіме бала күннен сырлас.
    Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
    Арманның асқарына ұмтылған жас! -деп Н.Әлімқұловтың бір ауыз өлең жолдарымен ұстаз орны әрқашан ерекше екенін көрсеткім келеді.

    Ответить
  • Айжан 17.10.2021 в 22:40

    Ұстаз ұлы есім

    Ответить
  • Айжан 17.10.2021 в 22:39

    Керемет ойға түйіп алатындай мағынада жазылған

    Ответить
  • Айгерим 17.10.2021 в 18:09

    Менде болашақ ұстазбын. Алдымда әді талай белестер күтіп тұрған сеземін.

    Ответить
  • Айгерим 06.09.2021 в 22:39

    Өзім алғашқы жылдары сенбі жексенбі күндері баратынмын мектепке. Қарауыл ағайлар ұрсатын,есік құлтанып тұрса забордан секіріп кіретінмін…. Ұстазбын. Мамандығыммен мақтанамын!

    Ответить
  • Фариза Маратова 26.08.2021 в 21:24

    Ұстаздарға мың алғыс!!! Менің анамда ұстаз!

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 16:13

    «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!»-дегендей әрқашан алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбек сіңіріп жетiстiкке жете берейік.

    Ответить
  • Айгерим 01.02.2021 в 23:10

    Ұстаз болу өте қиың. Сіздің жолыңызды маған берсін

    Ответить
  • гулшат 25.01.2021 в 19:33

    Менің ұстаздық еткеніме 6 жыл болды.Сіздің жолыңызды берсін

    Ответить
    • Алма 18.08.2021 в 09:02

      Ұстаз-ұлы тұлға деп бекер айтпаса керек. Сіздің жолыңызды берсін. Біраз жанға ой салдыңыз деп ойлаймын.

      Ответить
  • Перизат 16.01.2021 в 17:26

    Тамаша, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

    Ответить
  • САМАЛ 15.01.2021 в 16:15

    Ұстаз болу балалық шағымнан арманым еді. Арманым орындалды

    Ответить
  • Толғанай 07.01.2021 в 22:52

    Ұстаз-ұлы тұлға. Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермес мамандық. Ол үшңн өз мамандығыңды шынайы сүюің керек деп ойлаймын.

    Ответить
  • Гүлдана 05.12.2020 в 16:41

    Әрине ұстаз деген ұлы тұлға. Ұстаз болу үшін үлкен төзімділік керек. Менде оқуымды бітіріп алғаш ұстаздық жолымды қалада мектепте жұмыс жасаудан бастадым. Оңай болмады.

    Ответить
  • Жумамуратова Жулдыз 27.11.2020 в 17:50

    Қазақтың ұлы ақыны ұлы Хакім Абай айтпақшы «Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға»демекші мен өзім мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге сабақ беремін.Ұстаз қанша жайлы жүрегі кең болса бала да соған ыңғайлы сыңай танытып үйренсем екен білсем екен деп ұмтылып тұрады.

    Ответить
  • Гюзель 18.11.2020 в 16:55

    Мен жас маманбын 1ға толған жоқ ұстаз болғаныма. Сол ұстаз деген атқа лайық болғым келеді. Автордың жолын берсің

    Ответить
  • Айнур 09.11.2020 в 21:45

    Ұстаз мамандығы ең ұлы мамандық. Ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін

    Ответить
  • Алия 05.11.2020 в 19:05

    Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім Жүрегінде мәңгі қалсын бұл есім. Ұстаз болғаныма қатты қуаныштымын.

    Ответить
  • Алия 05.11.2020 в 19:02

    Өте керемет. Маған ұнады.

    Ответить
  • Рахметова Айтолқын 02.11.2020 в 23:36

    Осындай өткен шақтарыңыздың балғын бейнеге толы парақтарын тағы да бір еске ала отырып, ой елегінен өткізіп, сол қызықты жылдардың басты тұлғасы болып табылатын Өзіңізге мықты денсаулық, қажырлы қайрат, еңбегіңіздің зейнетін көріңізге тілектеспін.

    Ответить
  • Акерке 21.10.2020 в 17:07

    Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деген бекер айтылмаған. Қазіргі жағдайда онлайн сабақтар жүргізіп жатырмыз.

    Ответить
  • Сауле 16.10.2020 в 21:27

    Өте жаксы жасалған акпараттар. Барлығы керекти құралдар. Маган өте катты ұнады . Сиздерге шыгармашылык табыс тилеймин, окырмандарыныз көп бола берсин.

    Ответить
  • Айдана 09.10.2020 в 10:25

    Өте әсерлі… Ұстаздың бүгінгі жағдайын көрсетеді. Көп ата-аналарға оқу керек.

    Ответить
  • Амангелді 06.10.2020 в 00:50

    Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім
    Жүрегінде мәңгі қалсын бұл есім. Ұстаз болғаныма қатты қуаныштымын.

    Ответить
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 в 01:54

    Ұстаз деген ұлы есім ғой…. Аяулы сіз секіолді ұстаздарымыз аман болсын

    Ответить
  • Аяулым 24.09.2020 в 10:28

    Сәлеметсиздер ме! Өте жаксы жасалған акпараттар. Барлығы керекти құралдар. Маган өте катты ұнады . Сиздерге шыгармашылык табыс тилеймин , окырмандарыныз кооп бола берсин. Жарайсысыздар.

    Ответить
  • Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы 23.09.2020 в 18:52

    Ұстаз ұлағатты есім деп бекер айтылмаса керек. Барлығымыз ұстаздардан тәлім-тәрбие алғанбыз. Менің арманым — білікті ұстаз болу.

    Ответить
  • Жалын 14.09.2020 в 14:50

    Өте әсерлі жағдай.Бұндай жағдай бәріміздің басымыздан өткен.Балабакшадан бастаған еңбегіміз ары қарай университетке дейін жеткізе берсін!

    Ответить
  • Гулайша 19.08.2020 в 16:46

    Керемет туынды! Сіздің ұстаздық жолыңызға қарап қызығып отырмын. Қозғалған мәселеңізде ой қозғарлық…

    Ответить
  • Балнұр 09.08.2020 в 03:47

    Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.

    Ответить
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 в 19:43

    Ұстаздық еткен жалықпас,
    үйретуден балаға
    Ұстаз ана,ұстаз тұлға тәлім берер балаға.

    Ответить
  • Алтынганым 24.07.2020 в 17:13

    Салеметсіздерме! Ұстаз өмірінің аяғына диін біліммен баламен ата анамен барлық қоршаған ортамен байланысты жан. Ұстаз болу сырт көзге оңай көрінгенімен іс жүзінде өте қиын. Себебі айналадағы барлық мамандық атаулының иесін дайындаитын Ұстаз. Милі бастық болсын дəрігер, аспаз болсада. Сондықтан сіз айтқандай көпке топырақ шашпай ұлағатты ұстаздарымыздың барында қадірін білейік. Рахмет

    Ответить
  • Нигина Алимова 17.07.2020 в 00:45

    бұл мақаланың тақырыбы өте дұрыс таңдалған. себебі бүгінде ұстаз деген атақты қадір тұтып, оны мадақтайтындар саны азайып, оның орнына өздерінше заң қуғышсымақтар көбейіп кетті. ал шындығында сол адамдар дәл кәзіргі мына кунде өз баласына онлайн сабақты үйретуге уақытын қимай және оған қоса жүйкесіде шыдамай отыр.
    менде ұстазбын және әр балаға өз білгенімді үйрете алсам бақыттымын.

    Ответить
  • Кульжан Фазылова 03.07.2020 в 22:59

    Ұстаз болу өте қиын. әсіресе қазіргі заманда. ұстаздарға мың алғыс

    Ответить
  • Самал 21.06.2020 в 16:43

    Әрине ұстаз деген ұлы тұлға. Ұстаз болу үшін үлкен төзімділік керек. Менде оқуымды бітіріп алғаш ұстаздық жолымды қалада мектепте жұмыс жасаудан бастадым. Оңай болмады. Тәжірибем болмағасын көптеген үлкен ұстаздардың сабағына қатысып үйренуге тура келді. Қаланың ата-аналары да мұғалімге қарайды. Маған жас мамансыз деп көп әңгіме айтқан кездері де болды.

    Ответить
  • Индира 07.06.2020 в 14:42

    Узтаздык мамандыгын коп адамдар тандай бермейди. Себеби бул мамандыкка тозимдилик,сабырлылык,енбеккорлык т.б кабилеттерди кажет етеди. Сегиз кырлы,бир сырлы болуы кажет. Букил адам баласын осы устаздар тирбиелеп,билим наримен сусындаткан. Сол ушинде устаздарды аркашан кадирлей билейик!!!

    Ответить
  • Ербол 17.05.2020 в 15:42

    Ұстаздық білім беру керемет мамандық. Оқушыларға білім беріп тәлім тәрбие беретін маман иесі..

    Ответить
  • Ербол 15.05.2020 в 23:22

    Жақсы екен

    Ответить
  • Камалова К.Ж. 14.05.2020 в 16:02

    Ұлағатты ұстаздың оқушыға берері ең бірінші бұл тәрбие.Ұстаз деген ұлы есімге лайық ұстазымыз көп.Мақалпда әрбір оқушыға тәрбиеден бөлек мейірімділік, адамгершілік,сыйластық,сапалы білім бере алатынын айта кеткен

    Ответить
  • Айсулу 12.05.2020 в 15:43

    Ұстаз деген ұлы тұлға.Әрбір ұстаз өзінің мамандығын жетік білсе,оқушылардың қызығушылығын арттыратындай түрлі тапсырмалар беріп отырса.Оқушылар сізді және сіздің сабағыңызды жақсы көретін болады. Мұғалім деген әртіс және жан-жақты тұлға болу қажет. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар дамыған заманда оқушылардың қызығушылығы артпаса, кемімейді.Сабақта оқушыларды бос отырмайтындай етіп,түрлі-тапсырмалар дайындап келу шарт.Сонда ғана сіздің сабағыңыз керемет өтеді.Ал енді қазіргі оқушылардың тәртібі ол ортасы мен қоғамға байланысты. Біліммен қатар тәрбие бірге жүретінін ұмытпауымыз қажет.Мықты мұғалімді оқушылар мен ата-аналарда құрметтейтін болады.

    Ответить
  • Толқын Жұмабаева 10.05.2020 в 16:08

    Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.барлық ұстаздарға мың алғыс. Өте керемет жазылыпты.рахмет авторға.

    Ответить
  • Аружан 10.05.2020 в 01:05

    Ұстаз- деген ұлы есім ғой. Бұл өзі қуанышы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Білікті ұстаз болуда оңай емес. Оған көп күш-жігер,шыдам мен уақыт керек. Оқушыларың өзіңнен үлгі алатындай ұстаз болғанға не жетсін.)

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.