Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Жарық жұлдыз


Текті сөздің төресі, данышпандық пен пәлсапаның мәйегі саналатын терме өнері қазақ халқының рухани тәрбие құралы екені даусыз. Тамыры терең, тарихы кенен Тұрмағамбет топырағынан жаратылған жүздеген азаматтар жыр-термені нақышына келтіре орындап, елдің даңқын асырды. Таланттар қатары жастармен толығып келеді. Домбыраны жанына серік етіп, жыр-терме өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандардың бірі, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы, оқу озаты – Құрманбекова Гүлдәрі.

zhzh

Талайды таң қалдырған таланттарға тәлім берген нағашы атасы, жырау Әбдіхалық Үмбетбаев пен жыр-термеден кенде болмаған туған атасы Әбдіқадыр Ақбасовтардан берілген қасиет болса керек, жеті жасында мектеп табалдырығын аттаған Гүлдәрі білімге құштарлығымен, жаңа дүниелер үйренуге деген қызығушылығымен ерекшеленіп, жастайынан өнерге жақын болды. Негізгі мектепті «Үздік куәлікпен» бітіріп, мектептің білім сапасы рейтингісінің жоғарылауына өз үлесін қосты.

Саусақтары икемге келе қоймаған бүлдіршінді қасиетті қара домбыраның әліппесімен таныстырған жүз шайырдың бірі Разақ Мыңжановтың қызы Эльмира Мыңжанова болатын. Ал «Асылдың сынығы» Рүстембеков Бидас ағайдан алған тәлімі, үйренген дүниелері өнерінің шыңдалуына, жиналған қауымның құлағының құрышын қандырып, жүрегіне нәр бере алатын деңгейге жеткізуіне зор септігін тигізді.

Қазіргі таңда «Тасберген жырау» үйірмесінің жетекшісі Кәрібаева Зәуре апай Гүлдәріні аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен өнер байқауларына қатыстырып, жыраулық өнердің сапалы кірпіші болып қалануына көңіл бөлуде. Зәуре апайдың тәрбиесі мен еңбегі жемісті болып, әрбір түскен бәйгеден Гүлдәрінің өнері оқ бойы озық шығып, қанжығасы майланып келеді.

Сырдың елін Сүлейлердің қара шаңырағына теңеп, халқын жырмен сусындатқан ақын, шежіресі Запа Дәулетбаевтың 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Ақтайлақ – Атамекенім» тақырыбындағы жыр кешіне белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталып, естелікке ақынның өлеңдер жинағын сыйға алды.

Тұрмағамбет ауылының өнерпаз қызы, жырау Гүлсара Байменованы еске алуға арналған жыраулар байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін ІІІ орынмен марапатталды.

Сыр елінің балалар шығармашылығын насихаттау, жас өнерпаздарды қолдау мақсатында өткізілетін облыстық «Бозторғай» байқауына қатысқан Гүлдәрі былтыр лауреат атанса, биыл үздік өнер көрсеткені үшін І орын алып, Дипломмен марапатталды, халықаралық байқауға жолдама алды.

ХҮІІІ «Менің туған өлкем» халықаралық балалар шығармашылығы конкурсында І орын алып, Дипломмен марапатталды.

Совет одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Төлегенова, Қазақстан Республикасының халық әртісі, бүкіл әлемге танымал хореограф Болат Аюханов төрелік еткен «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық өнер жарысында жүлделі ІІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

zhzh2

Бір басына бірнеше сырды жасырған Гүлдәрі жыраулық өнермен қатар бейнелеу өнерін де жақсы көреді. Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткен «Рәміздерім – мақтанышым», «Ғасыр індетінен сақтан», «Тәуелсіз елдің ұланы» атты байқауларына ұсынған шығармалары үздік танылып, жүлделі орындар иеленіп, Мақтау қағаздарымен, Дипломдармен марапатталды.

Озат үлгерімі, үлгілі тәртібі, қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген Гүлдәрі аудандық білім бөлімінің қолдауымен Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» РОСО-на демалуға жолдама алды. «Балдәурен» РОСО-нда ұйымдастырылған тоғызқұмалақ жарысынан Бас жүлдені, «Жас домбырашы», «Жас психолог» атағын жеңіп алды және тағы басқа іс-шараларда айрықша белсенділік танытты.

zhzh3

Жаңалыққа жаны құмар Гүлдәрі инновациялық-өнертапқыштық идеяларды анықтау және дамыту мақсатында өткізілген «ЭКСПО-2017» Тың жетістіктер жолы» тақырыбындағы «Үздік архитектуралық макет» номинациясы бойынша ІІ орын алып, Дипломмен марапатталды. Сонымен бірге «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «ӨМІР және ҒЫЛЫМ» атты IV Республикалық оқушылар конференциясына қатысып, ІІІ дәрежелі «Ғылымға қадам» Дипломымен марапатталып, бағалағы сыйлық иеленді.

zhzh4

Жақында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы ауылдың 50 жылдығы республика көлемінде атап өтілген мерейтойда атақты айтыскер ақындар, көмейінен жыр төгілген жыраулар, арыстанды арқасына өңгерген палуандар, талайды шаң қаптырған шабандоздар жиналды. Осы тойда Гүлдәрі де елдің ыстық ықыласына бөленіп, ақ батасын алды.

zhzh5

Болашақта таңдайтын мамандығы жыраулық өнер саласы болмаса да, домбыраны жанына серік етіп, барлық жерде жыраулық өнерді қолынан келгенінше дәріптеп жүремін деген Гүлдәрінің жүрек сөзі Тұрмағамбет ауылындағы жыраулар керуенінің көші жылдар жылжыған сайын ұзаққа ұшып бара жатқан әуедегі қаздай тізіліп ұзай беретінінің куәсі.

Болашағың бақытты, келешегің керемет, ғұмырың ғажайыпқа толы болып, Сыр бойының сәніне айналуыңа тілектеспін.

Бес өрімді бұрымы асқан қыпша белінен,

Айдай аппақ ажарлым, періштенің теңі ма ең?!

Гүлге оранған өмірді және дархан көңілді

Сыйға тартқай Жаратқан саған, жаным, кеңінен.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жас мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстар
  • Педагог портфолиосы
  • № 250 мектеп-лицейінің озат шығармашыл мұғалімдер орталығының атқарған жылдық жұмысы туралы есебі
  • Жаңа заманғы педагог
  • Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 14:24 уақытында

    Жарық жұлдыз болу, әлемге әйгілі болу бәріміздің арманымыз, қалауымыз. Өте керемет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.